Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕСТЫ 6 к.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.31 Mб
Скачать
  1. Аталғанның ішінде диагностика мақсатымен дәрігердің бірінші кезекте тағайындайтын ең лайықты зерттеу әдісі қандай?

* Электрокардиография

*+Өкпе рентгенографиясы

* Плевралды пункция

* Фибронхоскопия

* Манту сынамасы

#140

*! Бала С., 5 жаста, бір жылдан бері фтизиатрдың есебінде тұрады. Тәбеттің болмауына, жалпы селқостыққа шағымданады. Анамнезінен: 2 ай бұрын активті туберкулезбен ауыратын ағасымен бір рет қатынаста болған. Қарағанда: жағдайы ауыр, сопорда, айқын интоксикация белгілері, дене қызуы жоғары 390 дейін, ентігу. Тері жабындылары бозғылт, салмағы төмендеген. Аускультацияда өкпенің барлық аймақтарында бірлі- жарым құрғақ сырылдар, әлсіреген тыныс естіледі. ТМБ-на аңқа жығындысының бактериоскопиясы 3 рет теріс нәтиже берген.

Аталғандардың ішінде диагнозды дәлелдейтін ең ықтимал тексерулер қандай?

* ТМБ-рын анықтауда қақырықты көректі ортаға себу

* +G-xpert және Hаin test әдістерімен ТМБ-на тексеруі

* Қанның ПТР мен ИФТ және өкпенің рентгенографиясы

* Қанның жалпы сараптамасы және диаскинтестпен сынама

* Өкпенің компьютерлік томографиясы және Манту сынамасы

#141

*! 1 жас 10 айлық бала Ж. Бірнеше апта ішінде құсу, алғашқы күндері нәжісі болған, одан кейін – іш қатуы, анда-санда тырысулар, дене қызуы жоғары, сопорозды жағдай. Анамнезінен: туберкулезбен ауратын апасымен тұрақты емес қатынас, бала фтизиатр бақылауында болмаған.

Диагнозды дәлелдеу үшін қай дәрігердің кеңесі бірінші кезекте жүргізіледі?

* Педиатр * Хирург

*+Фтизиатр

* Невропатолог

* Инфекционист

#142

*! 1 жас 10 айлық бала Ш. Бірнеше апта ішінде құсу, алғашқы күндері нәжісі болған, одан кейін – іш қатуы, анда-санда тырысулар, дене қызуы жоғары, сопорозды жағдай. Анамнезінен: туберкулезбен ауратын апасымен тұрақты емес қатынас, фтизиатр бақылауында болмаған.

Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеуді дәрігер бірінші кезекте жүргізу керек?

* Үлкен дәретті ортаға себуі және копрограмма

* Жалпы қан және зәр сараптамасы

* Теріішілік Манту сынамасы

* Өкпенің рентгенографиясы

*+Жұлын-ми пункциясы

#143

*! 1 жас 10 айлық бала Ч. Бірнеше апта ішінде құсу, алғашқы күндері нәжісі болған, одан кейін – іш қатуы, анда-санда тырысулар, дене қызуы жоғары, сопорозды жағдай. Анамнезінен: туберкулезбен ауратын апасымен тұрақты емес қатынас, фтизиатр бақылауында болмаған.

Дәрігер педиатрдың осы жағдайдағы іс-әрекеті қандай болады?

* Неврология бөлімшесіне госпиталдау

* Фтизиатрды шұғыл кеңеске шақыру

*+Жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу

* Дәрігер инфекционистті шұғыл кеңеске шақыру

* Невропатолог дәрігерді шұғыл кеңеске шақыру

#144

*! Орталық жүйке жуйесінің зақымдалуымен 11 жасар В. науқаста жоғары дене қызуы үстінде тырысулар, орталық салданулар мен жартылай салданулар, белбеу тәрізді қатты ауру сезімі байқалады.

Осы жағдайда дәрігердің ең дұрыс іс-әрекеті қандай болады?

*+Тексерілуге және емделуге ауруханаға жатқызу

* Ауруды диагностикалау үшін жұлын пункциясын жасау

* Туберкулез зақымдалуын дәлелдеу үшін фтизиатрдың кеңесі

* Кемінде 2 антибактериальды препаратты жоғары дозада тағайындау

* Диагнозды дәлелдеу және емделу үшін шұғыл невропатологтың кеңесі

#145

*! Орталық жүйке жуйесінің зақымдалуымен 10 жасар Б. науқаста жоғары дене қызуы үстінде тырысулар, орталық салданулар мен жартылай салданулар, белбеу тәрізді қатты ауру сезімі байқалады.

Диагнозды дәлелдеу үшін қандай тексерулерді сіз бірінші кезекте жүргізесіз?

* Бас миы рентгенографиясы

*+Жұлын-ми пункциясы

* Бас миының МРТ-сы

* Бас миының УДЗ

* Бас миының КТ

#146

*! Орталық жүйке жуйесінің зақымдалуымен 12 жасар Г. науқаста жоғары дене қызуы үстінде тырысулар, орталық салданулар мен жартылай салданулар, белбеу тәрізді қатты ауру сезімі мазалайды.

Балада үрдістің ары қарай өршуі кезінде дамитын клиникалық форма қандай болады?

* Милиарлы туберкулез

*+Спинальды менингит

* Менингоэнцефалит

* Серозды менингит

* Базилярлы форма

#147

*! 17 жасар Т. жасөспірімде жөтел, өз мөлшерде қақырық, дене қызуы, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, қан түкіру мазалайды. Ауру 3 апта бұрын тұмаудан басталған, бронхиттен емделді, бірақ тиімді болған жоқ. Оң жақ жоғарғы бөлігінде әлсіз тыныс-алуда бірлі жарым майда көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенограммада: өкпенің оң жақ бөлігінде С1-3 жарықтану аймақтары мен инфильтратты көлеңке көрінеді, бөлікаралық плевра қалындаған.

Диагнозды дәлелдеу үшін қандай тексерулерді бірінші кезекте жүргізу керек?

* Екіншілік флораға қақырық сараптамасы

* Өкпенің компьютерлік томографиясы

*+ТМБна қақырық бактериоскопиясы

* Жалпы қан және зәр сараптамасы

* Өкпенің томографиясы

#148

*! 17 жасар Б. жасөспірімде жөтел, өз мөлшерде қақырық, дене қызуы, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, қан түкіру мазалайды. Ауру 3 апта бұрын суық тиюден басталған, бронхиттен емделді, бірақ тиімді болған жоқ. Оң жақ жоғарғы бөлігінде әлсіз тыныс-алуда бірлі жарым майда көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенограммада: өкпенің оң жақ бөлігінде С1-3 жарықтану аймақтары мен инфильтратты көлеңке көрінеді, бөлікаралық плевра қалындаған.

Дәрігердің қандай іс-әрекеті ең дұрыс болады?

* +Фтизиатрдың кеңесіне жіберу

* Пульмонологтың кеңесіне жіберу

* Науқасты емделуге жай ауруханаға жіберу

* Антибактериальды емнің екінші курсын жүргізу

* Тексеріліп диагнозды дәлелдеуге ауруханаға жатқызу

#149

*! 15 жасар науқас әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, тез шаршағыштыққа шағымданады, флюорографиялық тексергенде: сол өкпенің жоғарғы бөлігінде шенбер тәрізді 2,0 х 2,5 см мөлшері, қанықтылығы шамалы, шеттері анық гомогенді көлеңке табылған. Гемограммада: эритроциттер 3,8 х 1012 /мл, гемоглобин 126 г/л, лейкоциттер 8;9х109/мл, ЭТЖ – 20 мм/сағ.

Науқасқа диагноз қою үшін қолданылатын диагностикалық әдіс қандай?

* Бронхоскопия биопсиямен

* Қақырықтың цитологиясы

* Теріішілік Манту сынамасы

*+Қақырықтың микроскопиясы

* Өкпенің компьютерлік томографиясы

#150

*! 17 жасар студенттің флюорограммасында оң өкпесінің S2 бөлігінде қанықтылығы орташа интенсивті ошақтар анықталған. Қақырықтан туберкулез таяқшалары табылмаған.

Туберкулез үрдісінің белсенділігін анықтау үшін дәрігер қандай әдісті тағайындайды?

* Манту сынамасы

* Жалпы қан анализі

* Өпенің томографиясы

* ТМБ себу әдісімен зерттеу

*+Қақырықты G-xpert, Hain-test, Bactec әдістерімен зерттеу

#151

*!Студенттің флюорографиялық тексеру кезінде оң өкпенің S1 бөлігінде қанықтылығы шамалы ошақтар алғаш рет анықталған. Қақырықтан туберкулез таяқшалары табылмаған.

Диагнозды анықтау үшін ең ақпаратты болатын қандай тексеру әдісін дәрігер тағайындайды?

* Фибробронхоскопия

* Өкпенің спирографиясы

* Компьютерлік томография

* Tеріастылық Кох сынамасы

*+Қақырық бактерияоскопиясы

#152

*! Жасөспірім М., 16 жаста. ЖМК машинасымен ауыр жағдайда инфекциялық ауруханасына түсті. Дене қызуы жоғарылаған 39-400С дейін, тыныштық жағдайда ентігу, ылгалды жөтел, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі. Анамнезінен: туберкулезді науқаспен қатынаста болған, химиопрофилактика қабылдамаған. Жоғарыда аталған шағымдар соңғы 3 ай бойы мазалаған. Аускультацияда – өкпенің барлық аймақтарында ылғалды сырылдар. Рентгенограммада - бүкіл өкпеде ірі көлемді қосылған ошақтар және пішінсіз фокустар, әр жерде жарықтанулар. Өкпедегі өзгерістер «қарлы боран» тәрізді.

Қандай тексерулерді дәрігер бірінші кезекте жүргізеді?

* Өкпенің компьютерлік томографиясы

* Фибробронхоскопия және БШС зерттеу

*+ТМБ-на қақырықтың бактериоскопиясы

* Екіншілік флораға қақырықтың бактериологиясы

* ТМБ-на қақырықты G-xpert не Hain-tеst-ке жіберу

#153

*! 18 жасар науқас. Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі, өршу кезеңі диагнозымен арнайы ем қабылдаған. Кенеттен артқы сол жақ бүйірінде ауру сезімі пайда болды. Сонымен бірге құрғақ жөтел, ентігу, жүрек қағуы, суық тер бар. Тері жабындысы бозғылт, пульсы 100 рет/минутына, а.қ.қ. - 190/100 мм с.б. Жүрек тондары тұйықталған. Сол жағында дауыс дірілі жоқ. Перкуторлы дыбыс сол жағында қорапты. Аускультацияда тынысы бірден әлсіреген.

Диагнозды дәлелдегеннен кейін дәрігердің ең ықтимал іс-әрекеті қандай?

*+Хирургты кеңеске шақыру

* Плевральды пункция жасау

* Кардиологты кеңеске шақыру

* Невропатологты кеңеске шақыру

* Өкпенің рентгенографиясын жасау

#154

*! 17 жастағы Л. науқасының өкпе флюорографиясында сол өкпенің 3-сегментінде сақина тәрізді, шеті анық контурымен көлеңкесі анықталған. Қақырықта ТМБ-ры табылған жоқ.

Диагнозды дәлелдеу үшін бірінші кезекте науқасқа тағайындайындалатын зерттеу әдісі қандай?

* Фибробронхоскопия

*+Өкпенің томографиясы

* Компьютерлік томография

* Кеуде торы флюорографиясы

* Қақырықты көректі ортаға себу

#155

*! Науқас Д., 12 жаста, оң жақ кеудесінің ауру сезіміне, әлсіздікке, дене қызуының жоғарлауына шағымданады. Бозғылт, тәбеті төмен, оң жақ кеудесі тыныс алудан қалып отыр, дауыс дірілі оң жағында әлсіздеген. ІV-қабырғадан төмен перкуторлы дыбыс қысқарған, бірден әлсіріген тыныс, жүрек шекаралары солға ығысқан.

Диагнозды дәлелдеу үшін қандай тексерулерді сіз бірінші кезекте жүргізесіз?

* Теріішілік Манту сынамасы не диаскинтест

*+Кеуде торының аумақты рентгенограммасы

*Диагностика мақсатымен фибробронхоскопия

* Диагностика мақсатымен плевральді пункция

* Өпенің компьютерлік томографиясы

#156

*! Науқас Л., 12 жаста, оң жақ кеудесінің ауру сезіміне, әлсіздікке, дене қызуының жоғарлауына шағымданады. Бозғылт, тәбеті төмен, оң жақ кеудесі тыныс алудан қалып отыр, дауыс дірілі оң жағында әлсіздеген. ІV-қабырғадан төмен перкуторлы дыбыс қысқарған, бірден әлсіріген тыныс, жүрек шекаралары солға ығысқан. Туберкулезді бронхоаденитке байланысты: диспансерлік есепте турады.

Аурудың этиологиясын дәлелдеу үшін қандай тексерулерді сіз бірінші кезекте жүргізесіз?

*+Плевральды пункцияны

* Теріішілік Манту сынамасын

* Диагностикалық бронхоскопияны

* Кеуде торының рентгенографиясын

* Өкпенің компьютерлік томографиясын

#157

*! Фтизиатрда есепте тұрған науқас Р., 13 жаста, суықтағаннан соң кеудесінің оң жақ бүйірінде ауру сезімі, жоғары температура 39о, қалтырау, ентігу, ауру сезімімен жөтел, жүрек қағуы, жабысқақ тер, пульсы 100 рет/мин. соғуы, АҚҚ 120/80 мм с.б., жүрек тондарының тұйықталуы пайда болды. Оң жақ өкпеде 2 қабырғаға дейін тұйықталған дыбыс және сол жерде әлсіз тыныс анықталады.

Диагнозды дәлелдеу үшін қандай тексерулерді сіз бірінші кезекте жүргізесіз?

* Кох сынағын

* Манту сынағын

* Фибробронхоскопияны

* Плевральды пункцияны

*+Өкпе рентгенораммасын

#158

*! 18 жастағы науқас, Сол жақты ауруханадан тыс пневмония диагнозымен ауруханада болды. Кең спектрлі антибиотиктерді 15 күн бойы қабылдаған, бірақ оңтайлы әсері болмады. Айқын интоксикация белгілері, дене қызуы түспеді. Кеудесінде ауырлық сезімі пайда болды, қалыпты жағдайдағы ентігу, сол жақ бүйірінде жатқанын жайлы көрді. Рентгенде: өкпенің сол жағында 2 қабырғадан диафрагмаға дейін гомогенді, қанық көлеңке ішкі қиғаш контурымен анықталды. Кеуде аралығы оң жаққа ығысқан. Манту сынамасы – папула 21 мм. Отбасында әкесі туберкулезбен ауырған.

Бұл науқасқа диагнозды дәлелдеу ушін қандай тексерулерді жүргізу қажет?

* Өкпенің компьютерлік томографиясы, ИФТ, ПТР

* Eкіншілік флораға қақырықты көректі ортаға себу

*+Экссудаттың зерттеуімен плевральды пункция

* Қақырық жағындысының бактериоскопиясы

* Өкпе томограммасы, фибробронхоскопия

#159

*! Науқас 15 жаста. Фиброзды-кавернозды туберкулез, өршу сатысы диагнозымен ауруханада емделіп жатыр. Кенеттен артқы сол жақ бүйірінде ауру сезімі пайда болды. Сонымен бірге құрғақ жөтел, ентігу, жүрек қағуы, суық тер бар. Тері жабындысы бозғылт, пульсы 100 рет/минутына, а.қ.қ. - 190/100 мм с.б. Жүрек тондары тұйықталған. Сол жағында дауыс дірілі жоқ. Перкуторлы дыбыс сол жағында қорапты. Аускультацияда тынысы бірден әлсіреген.

Диагнозды дәлелдеу үшін дәрігердің бірінші кезекте тағайындайтын іс-әрекеті қандай?

* Плевралды пункция

*+Өкпенің рентгенографиясы

* Электро/ фонокардиография

* Диагностикалық торакоскопия

* БШС зерттеумен фибронхоскопия

#160

*! 6 жастағы қыз бала А., «ТМБ (теріс), инфильтрация фазасындағы кеудеішілік лимфа түйіндері туберкулезі» диагнозымен ауруханада 1 категория үлгісі бойынша емді қабылдаған. Анамнезінде - гипертензиялық синдром. 2 апта емнен кейін көз алмасында ауру сезімі пайда болды. Окулист кеңесі: көру аймақтары тарылған, көру нерві дискісінің ісінуі.

Осы жағдайда дәрігер қандай емді тағайындағаны ең дұрыс болады?

* Химиопрепараттардың бәрін жою, дезинтоксикация

* Гепатопротекторлар және дезинтоксикация жүргізу

*+Этамбутолды жою және А дәруменін тағайындау

* Химиотерапияны жалғастыру, қосымша дезинтоксикация

* Препараттардың дозасын азайту, В тобындағы дәрумендер

#161

*! 14 жастағы науқас К. Клиникалық диагнозы: сол өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ(+). 1 категория бойынша 1,5 ай мерзімінде 4 спецификалық препарат қабылдаған.

Ауруханада жатып емделу мерзімін дәрігер қанша уақытқа дейін жалғастырады?

*+Қақырықтан ТМБ-ның жойылуына дейін

* Ыдырау қуыстарының жабылғанына дейін

* Қазіргі уақытта шығарылуы мүмкін

* Инфильтраттың сорылуына дейін

* Клиникалық тәуір болғанша

#162

*! Науқас 16 жаста. Фиброзды-кавернозды туберкулез, өршу сатысы диагнозымен ауруханада емделіп жатыр. Кенеттен артқы сол жақ бүйірінде ауру сезімі пайда болды. Сонымен бірге құрғақ жөтел, ентігу, жүрек қағуы, суық тер бар. Тері жабындысы бозғылт, пульсы 100 рет/минутына, а.қ.қ. - 190/100 мм с.б. Жүрек тондары тұйықталған. Сол жағында дауыс дірілі жоқ. Перкуторлы дыбыс сол жағында қорапты. Аускультацияда тынысы бірден әлсіреген.

Диагнозды анықтағаннан кейін науқасқа бірінші кезекте дәрігердің тағайындайтын ең лайықты емдік шарасы қандай?

* седативті және жөтелді басатын препараттар

* плевралды пункция, содан кейін рентгеноскопия

* ауру сезімін және қан қысымын басатын дәрілер

* бұлшық етке қан қысымын төмендететін препараттар

*+төсектік қатаң тәртіп, шұғыл түрде хирургты шақыру

#163

*! Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің фиброзды-кавернозды туберкулезі диагнозымен науқас 4 категория бойынша 6 ай бойы емделген. Ем нәтижесінде бактерия бөлінуі тоқтаған, ыдырау қуысының өлшемі кішірейген.

Дәрігердің келесі ең ықтимал іс-әрекеті қандай?

* Жасанды пневмоторакс тағайындау

* Пневмоперитонеумді тағайындау

*+Химиотерапияны жалғастыру

* Эндобронхиалды емді қолдану

* Хирургиялық емге жіберу

#164

*! Өкпенің инфильтратты туберулезімен 14 жастағы С. науқасының 8 йлық емнен кейін жағдайы жақсарған, улану белгілері жойылған, рентгенде: инфильтраттың орынында бірен-саран фиброзды-ошақты өзгерістер анықталған. Қақырықта ТМБ-ры жойылған.

Емнің жалғастыру (сүйемелдеуші) фазасында науқас толығымен барлық дозаны қабылдамаса, ем нәтижесі қандай болады?

* Бұл жағдайдың ем нәтижесіне жағымсыз әсері болмайды

* Бактерия бөлінуі қайталанып, емі қолайсыз аяқталады

* Қолайсыз ем нәтижесімен хирургиялық емге жібереді

*+Қабылдаған дәрілерге резистенттілік пайда болады

* Ауру созылмалы формаға ауысады (хроник)

#165

*! Өкпенің инфильтратты туберулезімен 16 жастағы Ж. науқасының 3 йлық емінен кейін жағдайы жақсарған, улану белгілері азайған, рентгенде: инфильтраттың көлемі кішірейген, ошақтар сорылып кеткен. Қақырықта ТМБ-ры екі айдан кейін жойылған.

Емнің қарқынды фазасында науқас толығымен барлық дозаны қабылдамаса, ем нәтижесі қандай болады?

* Бұл жағдайдың ем нәтижесіне жағымсыз әсері болмайды

*+Бактерия бөлінуі қайталанып, емі қолайсыз аяқталады

* Қолайсыз ем нәтижесімен хирургиялық емге жібереді

* Қабылдаған дәрілерге резистенттілік пайда болады

* Ауру созылмалы формаға ауысады (хроник)

#166

*! Сол жақ өкпенің инфильтратты туберулезімен 15 жастағы Р. науқасының 2 йлық емінен кейін жағдайы жақсарған, улану белгілері азайған, рентгенде: инфильтраттың көлемі кішірейіп, ошақтардың саны азайған. Қақырықта ТМБ-ры екі айдан кейін жойылған.

Егерде науқастың емінде үзіліс болып қалса, келесі емдеу тәртібін дәрігер қандай белгіге байланысты өзгертеді?

* Туберкулезбен науқас түріне (тип)

* Үзіліске дейінгі емнің ұзақтылығына

* Туберкулез науқасының ауырлығына

* Туберкулездің клиникалық формасына

*+Соңғы қақырық жағындысының нәтижесіне

#167

*! 15 жасар С. науқасы өкпенің инфильтративті туберкулезінен 10 ай бойы арнайы ем қабылдағаннан кейін инфильтраттың орынында шеңбер тәрізді, өлшемі 3,0 х 3,0 см фокус тәрізді құрылым түзілді.Қақырықта ТМБ анықталмады.

Осы жағдайда ең ықтимал дәрігердің іс-әрекеті қандай?

*+Ота жасауға (сегментэктомия) жіберу

* Коллапсты терапияны тағайындау

* Физиотерапиялық емді тағайындау

* Эндобронхиалді емдеуді қолдану

* Химиотерапияны жалғастыру

#168

*! 14 жасар З. науқасы өкпенің инфильтративті туберкулезінен 4 ай бойы арнайы ем қабылдағаннан кейін инфильтраттың орынында шеңбер тәрізді өлшемі 4,0х3,5см құрылым түзілді.Қақырықта ТМБ анықталмады.

Осы жағдайда ең лайықты дәрігердің іс-әрекеті қандай?

* Эндобронхиалді емдеу

* Сегментэктомия жасау

*+Коллапсты терапия жасау

* Физиотерапиялық емдеу

* Химиотерапия жалғастыру

#169

*!Науқас Г., 12 жаста. Туберкулезге қарсы ауруханасында Біріншілік туберкулезді кешен, МБТ (теріс) диагнозымен 1 категория үлгісі бойынша ем қабылдап жатыр. 2 аптадан соң жылаушылыққа, қатты бас ауруына, бас айналуына, үйқысының бұзылуына шағымданады.

Осы жағдайда дәрігердің ең дұрыс іс-әрекеті қандай болады?

* Рифампицинді емнен алу, дезинтоксикация жүргізу

*+Изониазидті емнен алу, пиридоксинді тағайындау

* Пиразинамидті емнен алу, гепатопротекторды қолдану

* Стрептомицинді емнен алу, дезинтоксикация жүргізу

* Этамбутолды емнен алу, дәрумендерді тағайындау

#170

*! Бала М.Т., 11 жаста. Туберкулезді науқаспен қарым-қатынасқа байланысты фтизиатрдың бақылауында болған. Соңғы кездері мезгілмен дене қызуының көтерілуі, ентігу, жиі ұстамалы коклюш тәрізді жөтел мазалайды. Диагностика алгоритмі жүргізілді, мынадай диагноз қойылды: Біріншілік туберкулезді кешен, ателектазбен асқынған, ТМБ (оң), 1 категория, «Жаңа жағдай».

Осы балаға қарқынды фазасында дәрігер қандай химиотерапия үлгісін тағайындайды?

*+2 (4) НRZE

*5 (6) НRZЕ

*2 НRZЕS/ 1

*1 (4) НRZЕ

*2 НRZ

#171

* ! Бала Фадеев Р., 10 жаста. Туберкулезді науқаспен қарым-қатынасқа байланысты фтизиатрдың бақылауында болған, тағайындалған химиопрепаратты қабылдамаған. Соңғы кездері мезгілмен дене қызуының көтерілуі, ентігу, жиі ұстамалы коклюш тәрізді жөтел мазалайды. Диагностика алгоритмі жүргізілді, мынадай диагноз қойылды: Біріншілік туберкулезді кешен,, ателектазбен асқынған, ТМБ (оң), 1 категория, «Жаңа жағдай».

Осы балаға жалғастыру фазасында дәрігер қандай химиотерапия үлгісін тағайындайды?

* 5 Н3R3E3

* 4 НRZ

  • +4 (7)НR

* 5 НRZ

* 2 НRZ

#172

*! Әйел адам С.И., 17 жаста, терапевтке дене қызуының 37,5 – 38 0 С дейін көтерілуіне, ылғалды жөтелғе, қан түкіруіне шағымданады. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, жүдеу. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ. Өкпеде әлсіз тыныс, құрғақ және ылғалды сырылдар. Рентгенде: өкпенің барлық аймақтарында түрлі көлемді ошақтар, кейбір жерлерінде инфильтраттар, өкпенің ұштарында «мөр» тәрізді каверналар. Қақырық микроскопиясында және G-xpert – ТМБ (оң), рифампицинге төзімді.

Осы жағдайда фтизиатрдың тағайындайтын ең ықтимал емі қандай?

*1 категория үлгісі бойынша

*2 категория үлгісі бойынша

*СЕ 4 категория үлгісі бойынша

*+МЛУ ТБ 4 категория үлгісі бойынша

* ШЛУ ТБ 4 категория үлгісі бойынша

#173

*! 38 жасар Карабалаев С. отбасында 2 мектепке дейінгі балалар және 15 жасар жасөспірім бар. Үш апта бұрын оның әйелінде бактерия бөлінуімен Өкпенің Инфильтратты туберкулезі анықталды.

Осы жағдайда фтизиопедиатрдың контактта болғандарға тағайындайтын ең лайықты іс-шаралары қандай?

* науқасты туберкулез ауруханасына емделуге жібереді

* контактта болғандарды туберкулезге қарсы санаторияға жәбереді

* Диаскинтестпен сынама қойып химиопрофилактиканы тағайындайды

*+Манту/Диаскинтест, рентгенографияны жасап, 3А тобына тіркеуге алады

* Манту сынамасын, рентгенографияны жасап, содан кейін педиатрға жібереді

#174

*! Фтизиатрға 8 жасар Д. баланың анасы жолықты. Шағымдары: тәбеттің нашарлауы, терлегіштік. Дене қызуы белгісіз, салмағы қалыпты. Туберкулезбен ауыратын науқаспен қатынасты жоққа шығарады. Туберкулин сынамасы алғаш рет оң – папула 13 мм, Диаскинтест 8 мм. Объективті: 6 топ шеткі лимфа түйіндеріұлғайған. Рентгенде – өкпеде өзгеріс анықталмады.

Аталғандардың ішінде қандай іс-шараны дәрігер осы жағдайда қолданады?

* Екі аптаға антибактериальды терапия тағайындау

* Вираж бойыншахимиопрофилактика жүргізу

*+Қосымша тексерулер жүргізу үшін «0» тіркеу тобына алу

* Тексерілуге туберкулез ауруханасына жіберу

* Науқас категориясына байланысты химиотерапия

#175

*! 9 жастағы бала И. фтизиатрдың бақылауында шамамен 1 жылдай 3 А диспансерлік тіркеу тобында тұр. Активті туберкулезбен ауыратын анасымен қарым-қатынас. Кезекті тексеріс кезінде салмақтың азайғанына, ашуланшылыққа, үйқысының бұзылуына шағымданды. Объективті: интоксикация белгілері жоқ. Шүйде, шынтақ, шап, тізе асты шеткі лимфа түйіндері 2-3 көлемге дейін ұлғайған. Манту сынамасы алғаш рет оң – папула 15 мм. Рентгенде - өзгеріс анықталған жоқ.

Осы жағдайда фтизиатр қандай шара қолданады?

* Изониазид және этамбутолмен 3 ай химиоалдын алу

* Изониазидпен 3 ай химиоалдын алуды жүргізу

*+Қосымша тексеру - өкпе томограммасы, Диаскинтест

* Ауруханаға туберкулезден емделуге жіберу

* Қауіп-қатер тобында педиатрдың бақылауы

#176

*! Бала 5 жаста, перзентханада БЦЖ вакцинациясы жасалды – тыртығы 3 мм. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан. Туб.контакт анықталмады. Биылғы жылы 3 рет ЖРВИмен, осыдан жарты жыл бұрын жел шешегімен ауырып шықты.

Осы жағдайда педиатрдың ең лайықты іс-әрекеті қандай болады?

* Сауықтыру шипажайына жіберу

* Фтизиатрдың бақылауына жіберу

* Инфекционисттің бақылауына жіберу

* Диспансеризациясыз бақылауда қалтыру

*+Туберкулез бойынша қауіп-қатер тобына тіркеуге алу

#177

*! Бала 5 жаста. Фтизиатрдың кеңесіне жіберілді. перзентханада БЦЖ вакцинациясы жасалды – тыртығы 3 мм. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан –анасы жұмыссыз, әкесі 3 ай болды абақтыдан шыққанына. Туб.контакт анықталмады Осы жылы 5 рет ЖРВИмен, осыдан жарты жыл бұрын

жайылмалы пневмониядан емделген. Кезекті туберкулин диагностикасында Манту сынамасы оң – папула 15 мм болды, Диаскинтест – везикуло-некроз 17 мм. Шағымдары жоқ. Объективті: интоксикация симптомдары анықталмады. Рентгенде – патологиясыз, қалыпты.

Осы жағдайда педиатрдың ең лайықты іс-әрекеті қандай болады?

* Сауықтыру шипажайына жіберу

*+Химиопрофилактикаға туберкулез санаториясына жіберу

* Тексерілуге туберкулез ауруханасына жіберу

* Химиопрофилактиканы амбулаториялық жағдайда жүргізу

* Туберкулез диспансерінде 4 айға «0» есеп тобына тіркеуге алу

#178

*! 6 жастағы бала . Перзентханада БЦЖ вакцинасы жасалған – тыртығы 3 мм. Манту сынамасы – папула 19 мм.

Туберкулин сезімталдығының ең ықтимал сипаты және осы жағдайда педиатр қандай шара қолданады?

* Анергия, фтизиатрға жіберу

* Нормергия, фтизиатрға жіберу

* Гипоергия, педиатрдың бақылауы

* +Гиперергия, туберкулезге тексеру

* Параллергия, аллергологқа жіберу

#179

*! 13 жасар қыз бала Т., 1 категориямен 6 ай мерзімінде толық емдеу курсын қабылдаған. Диагнозы: ТМБ +, ыдырау сатысындағы өкпенің төменгі бөлігінің инфильтратты туберкулезі. Казіргі жағдайда туберкулез таяқшалары жойылған. Рентгенде: инфильтраттың орнында өкпенің фиброздануы және қанық ошақтар. Фтизиатр емдеу нәтижесін «Туберкулезден жазылған» деп тіркеген.

Ауруханадан шығарылғаннан кейін науқас әйелді қандай диспансерлік топта дірігер бақылайды?

* І-А топта

* І-Б топта

* +ІІ топта

* ІІІ-А топта

* ІІІ-Б топта

#180

*! 15 жастағы Л. Науқасы. «Оң жақ өкпенің инфильтративті туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ(+), қан түкіру, 1 категория» диагнозомен ауруханада емделгеніне 1 ай болды.

Туберкулезбен осы науқасқа дәрігер қандай ауру жағдайын белгілейді (2014 ж. №19 бұйрығына сәйкес)?

*+Жаңа жағдай

* Тәртіпті бұзу

* Қайталану

* Сәтсіз ем

* Басқалар