Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕСТЫ 6 к.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.31 Mб
Скачать

* Фтизиатрия *2*80*

#21

*! Астана қаласының №16 қалалық емханасына педиатр Крылова Н. өкпе рентгенографиясынан кейін туберкулезге күдікті адамды фтизиатр кеңесіне жіберді.

Аймақты терапевт науқастың белгілерін қандай журналға тіркеу қажет?

  • 14-е

  • 10- е

  • +15- е

  • 05- е

  • 30- е

#22

*! Туберкулезге қарсы күресу диспансерінде фтизиатр диагностикалық алгоритмді жүргізді. Науқасты тексерілуге және емделуге жібірер алдында дәрігер алдын-ала оның келісімін алуға міндетті.

Науқастың емделуге берген ақпараттандырылған келісімі қандай формада белгіленеді?

*+ТБ 14 * ТБ 12 * ТБ 15 * ТБ 16 * ТБ 17

#23

*! 4 жастағы қыз бала. Перзентханада БЦЖ вакцинасы жасалған – тыртығы 5 мм. Туберкулезді науқаспен қарым-қатынасы анықталмаған. Улану белгілері жоқ. Манту сынамалары: 1 жаста – 11мм, 2 ж. – 9 мм, 3 ж. – 7 мм, 4 ж. – 3 мм.

Осы жағдайда туберкулин сезімталдығының ең ықтимал нәтижесі қандай?

*+поствакциналық аллергия

* параллергиялық реакция

* инфекциялық аллергия

* өкпе туберкулезі

* БЦЖит

#24

*! 1 жас 4 айлық балаға туберкулинді Манту сынамасы жүргізілген – папула 7 мм. Аймақты фтизиатрға кеңеске жіберілді.

Аталған болжама диагноздардың ішінде ең ықтималы қандай болады?

*+вакциналаудан кейінгі аллергия

* парааллергиялық белгі

* инфекциялық аллергия

* токсикалық аллергия

* жұқпалы аллергия

#25

*! 1 жастағы бала К. Перзентханада БЦЖ вакцинасы жасалған – тыртығы 5 мм. Манту сынамасы – папула 10 мм. Туберкулезді контакт анықталмады. Шағымсыз. Интоксикация белгілері жоқ. Объективті қарағанда – ағзалар мен жүйелер бойынша – патологиясыз.

Осы жағдайда болатын туберкулин сезімталдығының ең ықтимал нәтижесі қандай?

*+Поствакциналық аллергия

* Алғашқы инфицирлену

* Туберкулезді жұқтыру

* Жасырын микробизм

* Туберкулез ауруы

#26

*! 7 жастағы бала. Перзентханада БЦЖ вакцинасы жасалған – тыртығы 5 мм. Туберкулезді науқаспен қарым-қатынасы анықталмаған. Улану белгілері жоқ. Манту сынамалары: 1 жаста – 10 мм, 2 жаста – 8 мм, 3 жаста – 5 мм, 5-7 жастарында – теріс.

Баланың ерте жастарында (1-3ж.) болған туберкулин сезімталдығының ең ықтимал сипаты қандай?

* өкпе туберкулезі

* инфекциялы аллергия

* параллергиялық реакция

*+поствакциналық аллергия

* БЦЖ вакциналаудан кейінгі асқыну

#27

*! Бала Р. перзентханада жапондық БЦЖ вакцинасымен егілген. 2 айдан кейін анасы сол жақ қолтық астында «грек жаңғағы» тәрізді ісікті байқаған. Аймақты дәрігер үйге шақырылды. Баланы қараған кезде жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы қалыпты. Сол жақ қолтық астында ортасы жұмсарған, көлемді лимфа түйіні анықталды. Бұл жерде тері жабындылары айқын қызарған, ауру сезімінсіз.

Осы жағдайда Ең ықтимал болжам диагнозы қандай?

*+БЦЖ екпесінен кеінгі лимфаденит

* Бейспецификалық іріңді лимфаденит

* Спецификалық туберкулезді лимфаденит

* Лимфогранулематоз кезіндегі лимфаденит

* Туберкулезге қарсы иммунитеттің қалыптасуы

#28

*! 1 жастағы бала. Перзентханада БЦЖ вакцинасы жасалған – бірақ сол жақ йықта БЦЖ тыртығы анықталмады. Манту сынамасы – папула 10 мм.

Туберкулин сезімталдығының ең ықтимал сипаты қандай?

*+Алғашқы инфицирлену

* Параллергиялық белгі

* Вакциналық аллергия

* Жасырын микробизм

* Өкпе туберкулезі

#29

*! 3 жастағы бала Л. Перзентханада БЦЖ вакцинасы жасалған – тыртығы 5 мм. Туберкулезді науқаспен қарым-қатынасы анықталмаған. Улану белгілері жоқ. Манту сынамалары: 1 жаста – 8 мм, 2 жаста – теріс, 3 жаста –13 мм.

Аталғандардың ішінде туберкулиндік сезімталдықтың сипатын ең дұрыс көрсететін қайсысы?

* Анергия

*+Нормергия

* Гипоергия

* Гиперергия

* Параллергия

#30

*! Бала Ф., 3 жаста, салмағы азайған, қозғыш, коньюнктивит, отит, жөтел ұзақ уақыт мазалайды, шеткі лимфа түйіндері ұлғайған. Ентігуі жоқ, температура субфебрилді, өкпенің сол жақ жоғарғы бөлігінде перкуторлы дыбыс тұйық, аускультативті - әлсіз тыныс. Рентгенде - өкпенің сол жақ (С1-2) бөлігінде әлсіз, анық емес контурымен инфильтратты көлеңке. Сол жақ өкпе түбірі кеңейген, құрылымсыз, контуры анық емес. Манту сынамалары: 1 жаста – 4 мм, 2 ж. – теріс, 3 ж. – 15 мм.

Тексеру кезіндегі Манту сынамасының ең ықтимал нәтижесі қандай болады?

* Динамикадағы сынама өлшемінің бір қалыпта болуы

* Динамикадағы сынама өлшемінің бірте бірте өсуі

*+Сынама нәтижесінің алғаш рет күрт оң болуы

* Сынама өлшемінің теріс болуы

* Сынама өлшемінің сөнуі

#31

*!Бала 10 жаста, жедел отитпен ауырғаннан кейін жақ асты лимфа түйіндерінің түрлі көлемді (1-3,5 см) үлкейгені анықталды. Олар қатты ауру сезімімен, түсі қып-қызыл, пальпацияда ыстық, қызбалы, ортасы жұмсарған.

Аталған лимфадениттердің ішінде осы науқаста сипатталған қай формасы?

* Қатерлі ісікті

* Tуберкулезді

* Қатерсіз ісікті

*+Бейспецификалық

* Зоонозды инфекция

#32

*! Бала Н., 9 жаста. Басқа тұрақты мекен-жайынан келді. Ата-анасы маскунемдер, бала олармен бірге бір пәтерде тұрады. Аймақтық емханада балаға Манту сынамасы қойылды - папула 15 мм. БЦЖ тыртығы 3 мм, ревакцинация 7 жасында өткізілмеген. Туберкулин сезімталдығының динамикада өзгеруі жөнінде мәліметер жоқ. Баланың даму тарихы жоғалтылған.

Ең ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

* Туберкулезбен инфицирлену

*+Гиперергиялық реакция

* Жергілікті туберкулез

* Алғашқы жұқтырылу

* Туберкулезді улану

#33

*! 7 жастағы бала Е. Фтизиатрға қаралуға келді. Улану белгілері айқын. Шеткі лимфа түйіндері 4 тобында ұлғайған. Активті туберкулезі бар анасымен қатынаста болғаны анықталды. Манту сынамасы – алғашқы рет оң. Рентгенде – өзгеріс анықталған жоқ.

Ең ықтимал болжам дигнозыңыз қандай?

*+Tуберкулезді қатынас, алғашқы анықталған жұқтырылу

* Tуберкулезді қатынас, инфекция жұқтырылмаған

* Tуберкулезді жұқтыру, анергиялық белгі

* Tуберкулезді қатынас, өкпе туберкулезі

* Tуберкулезді қатынас, күмәнді белгі

#34

*! 6 жастағы балада 3 ай бойы интоксикация, мезгілмен жөтелу. Перифериялық лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталады (7 тобында II өлшемде). Өкпедегі физикальді белгілері – қатаң дыбыс, сырыл жоқ. Жүрек үндері ритмді, аздап тұйықталған. Рентген суретінде – оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде көлеңке жарықтану аймақтарымен, сол жақ өкпе түбірі кеңейген шеті анық емес. Жүрек нормада. Манту сынамасы – 20 мм, Диаскинтест 20 мм, осыдан 1 жыл бұрын Манту сынамасы теріс болған.

Аталғанның ішінде ең ықтимал болатын диагноз қандай?

* Спецификалық казеозды пневмония

* Екі жақты деструкциялы абсцестік пневмония

* Біріншілік туберкулезді кешен, себілу сатысы

*+Біріншілік туберкулезді кешен, ыдырау сатысы

* Кеудеішілік лимфа түйіндері туберкулезі, ыдырау сатысы

#35

* ! Бала тұмаумен ауырғаннан кейін интоксикация, кератоконьюнктивит белгілері жойылмады, 5 топ шеткі лимфа түйіндері 2-3 көлемге дейін ұлғайған. Физикальды белгілер: өкпеде перкуторлы дыбыс анық, өкпелік; аускультацияда – тыныс везикулярлы, сырылсыз. Гемограммада: эритроциттер 4,2 х 1012, гемоглобин 130 г/л, лейкоциттер 10,9 х 109, т/я – 3, с/я 64, лимфоциттер – 18; эозинофилдер - 5; моноциттер - 10; ЭТЖ 12 мм/сағ. Рентгенограммада – оң жақ өкпенің жоғары бөлігінде қанықтылығы әлсіз, гомогенсіз, жайылмалы контурымен аймақты көлеңке анықталады, ол кеңейген құрылымсыз өкпе түбірімен қосылған.

Аталған диагноздың ішінде қайсысы осы жағдайда Ең ықтимал болады?

*Ателектазбен асқынған туберкулезді бронхаденит

*+Оң жақ өкпенің біріншілік туберкулезді кешені

*Ауруханадан тыс ошақты-қосылған пневмония

*Ауруханадан тыс оң жақ қосылған пневмония

*Ауруханадан тыс оң жақты плевропневмония

#36

*! Бала С., 9 жаста. Жалпы селқостық, субфебрильді дені қызуы, жиі отит және кератоконьюнктивиттер шағымдарымен тексерілді. Рентген суретінде: оң жақ өкпенің С1 инфильтратты өзгеріс көрінеді. Ол үлкейген трахеобронхиалды лимфа түйіндерімен жол арқылы байланысып жатыр.

Ең ықтимал болжам диагнозы қандай болады?

* Кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі

*+Біріншілік туберкулезді комплекс

* Инфильтративті туберкулез

* Деструкциялы пневмония

* Ошақты-косылмалы пневмония

#37

*! Бала тұмаумен ауырғаннан кейін интоксикация, кератоконьюнктивит белгілері бар, шеткі лимфа түйіндері – 5 топқа дейін ұлғайған. Рентгенограммада - өкпеде инфильтрат, өкпе түбірімен жол арқылы байланысқан.

Ең ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

*+Біріншілік туберкулезді кешен инфильтрация фазасында

* Біріншілік туберкулезді кешен кальцилену фазасында

* Біріншілік туберкулезді кешен тығыздалу фазасында

* Біріншілік туберкулездік кешен сорылу фазасында

* Біріншілік туберкулезді кешен себілу фазасында

#38

*! Бала Ю., 3 жаста, салмағы азайған, қозғыш. Коньюнктивит, отит, жөтел ұзақ уақыт мазалайды, шеткі лимфа түйіндері ұлғайған. Ентігуі жоқ, температура субфебрилді, өкпенің сол жақ жоғарғы бөлігінде перкуторлы дыбыс тұйық, аускультативті - әлсіз тыныс. Рентгенде - өкпенің сол жақ (С1-2) бөлігінде әлсіз, анық емес контурымен инфильтративті көлеңке. Сол жақ өкпе түбірі кеңейген, құрылымсыз, контуры анық емес. Жалпы қан анализінде: эритроциттер – 4,2х10 12 г/л, НВ – 120 г/л, лейкоциттер – 8,9; нейтрофилдер – 39 (т/я -3, с/я – 36); лимфоциттер – 44; эозинофилдер – 5, моноциттер – 12; ЭТЖ 12 мм/сағ.

Қан көрсеткіштерінің ең сенімді сипаттамасы қандай?

* Лимфоцитоз, моноцитоз, эозинофилия, ЭТЖ жылдамдатылған

* Лейкоцитоз, нейтрофилез, эозинофилия, ЭТЖ жылдамдатылған

*+Лимфопения, моноцитоз, эозинофилия, ЭТЖ жылдамдатылған

* Лимфоцитоз, моноцитопения, эозинофилия, ЭТЖ жылдамдатылған

* Лимфопения, эозинофилия, тромбоцитопения, ЭТЖ жылдамдатылған

#39

*! Ер бала В., 11 жаста, туберкулез ауруханасында келесі диагнозбен жатыр: Біріншілік туберкулезді комплекс, инфильтрация фазасы, ТМБ (-). Емдеу үлгісі 1 категория бойынша – төрт химиопрепараттарды қабылдайды.

Төрт айлық емнен кейін науқаста туберкулез үрдісі өршіген жағдайда болатын рентгендік суреттемесі қандай?

* өкпеде инфильтрат, кеңейген құрылымсыз түбірмен қосылған

* өкпе түбірімен байланысқан қанықтылығы орташа өкпедегі көлеңке

* өкпеде түрлі көлемді ошақтар, түбірде тығыздалған лимфа түйіндері

* өкпеде фокус тәрізді көлеңке, түбір құрылымсыз, жалпақ, дөңестелген

*+өкпеде сақина тәріздес көлеңке, кеңейген құрылымсыз түбірмен байланысқан

#40

* ! Ер бала Р., 8 жаста, туберкулез ауруханасында келесі диагнозбен жатыр: Біріншілік туберкулезді комплекс, инфильтрация фазасы, ТМБ (-). Емдеу үлгісі 1 категория бойынша – қарқынды фазада төрт химиопрепараттарды қабылдайды, жалғастыру фазасында – изониазид пен рифампицин.

Туберкулез ағымының оңтайлы жағдайында 8-10 айлық емнен кейін болатын рентгендік суреттеме қандай?

*+өкпеде кальциленген Гон ошағы, түбірде кальцинаттар

* өкпеде инфильтрат, кеңейген құрылымсыз түбірмен қосылған

* өкпе түбірімен байланысқан қанықтылығы орташа өкпедегі көлеңке

* өкпеде фокус тәрізді көлеңке, түбір құрылымсыз, жалпақ, дөңестелген

* өкпеде сақина тәріздес көлеңке, кеңейген құрылымсыз түбірмен байланысқан

#41

*! Балаға қойылған клиникалық диагноз: Біріншілік туберкулезді комплекс, инфильтрация фазасы, ТМБ (теріс). Туберкулин сынамасы – алғаш рет оң папула 12 мм.

Осы жағдайда ең лайықты дұрыс науқастың категориясы және түрі (тип) қандай болады?

*+1 категория, жаңа жағдай

* 1 категория, сәтсіз ем

* 2 категория, рецидив

* 4 категория, МЛУ ТБ

* 4 категория, ШЛУ ТБ

#42

*! Балаға қойылған клиникалық диагноз: Біріншілік туберкулезді комплекс, ыдырау фазасы, ТМБ (+ оң), бронх туберкулезімен және диссеминациямен асқынған.

Осы жағдайда ең лайықты дұрыс науқастың категориясы қандай болады?

* 3 категория

*+1 категория

* 2 категория

* 4-В категория

* 4-Г категория

#43

*! Бала А., 13 жаста, рентгенологиялық әдіспен тексерген кезде өкпе түбірінің екі жағынан бронхопулмоналды лимфа түйіндері кальци тұздары шөгінділерімен анықталған.

Аталғандардың ішінен ең ықтимал болжама диагнозы қандай болады?

* саркоидоз

*+туберкулез

* мононуклеоз

* лимфогранулематоз

* кеуде аралығының ісігі

#44

*! 10 жасар бала С., емханада Манту сынамасы қойылды, нәтижесі - папула 16 мм. Фтизиатрға жіберіліп, тексерілді. Туберкулезбен ауыратын науқаспен қарым-қатынас анықталған жоқ. Интоксикация белгілері жоқ. Тері жабындылары қалыпты, таза. БЦЖ тыртығы 4 мм. Микрополиадения симптомы оң. Рентгендік тексеру кезінде: сол жақ өкпе түбірі кеңейген, құрылымсыз, контуры анық емес, негізгі бронх саңылауы тарылған.

Аталғанның ішінде Ең ықтимал алдын ала диагнозыңыз қандай?

*+КІЛТТ, инфильтратты форма

* КІЛТТ, деструкциялы форма

* КІЛТТ, әктену формасы

* КІЛТТ, ісікті форма

* КІЛТТ, кіші форма

#45

*! 10 жасар балаға емханада Манту сынамасы қойылды, нәтижесі - папула 11 мм. Фтизиатрға жіберіліп, тексерілді. Туберкулезбен ауыратын науқаспен қарым-қатынас анықталған жоқ. Интоксикация белгілері жоқ. Тері жабындылары қалыпты, таза. БЦЖ тыртығы 2 мм. Микрополиадения симптомы оң. Рентгендік тексеру кезінде сол жақ өкпе түбірінде бронхопульмоналды лимфа түйіндерінің кальци тұзы жиналған конгломераттары табылды, негізгі бронх саңылауы тарылған.

Аталғанның ішінде Ең ықтимал алдын ала диагнозыңыз қандай?

* КІЛТТ, инфильтрация фазасы

* КІЛТТ, сорылу фазасы

*+КІЛТТ, әктену фазасы

* КІЛТТ, ыдырау фазасы

* КІЛТТ, себілу фазасы

#46

*! Оң нәтижелі Манту сынамасы бойынша 8 жасар ер балаға профилактикалық тексеруді жүргізгенде оң жақ түбірде ұлғайған лимфа түйіндері анықталды. Түбір кеңейген, анық контурымен, құрылымсыз. Микрополиадения симптомы бар, кератоконъюнктивит. Манту сынамасы 17 мм.

Аталғанның ішінде Ең ықтимал алдын ала диагнозыңыз қандай?

* Инфильтратты бронхоаденит

*+Ісікті бронхоаденит

* Лимфогрануломатоз

* Кіші бронхоаденит

* Бек саркоидозы

#47

*! Бала туберкулез таяқшаларын жұқтыру - диагнозымен фтизиатрдың есебінде тұр. Соңғы айларында субфебрилді температура, жиі ЖРВИ болады. Рентгенограммада – өкпе түбірлері кеңейген, құрылымсыз, лимфа түйіндері анық көрінбейді.

Туберкулездің ең ықтимал клиникалық формасы қандай?

*+Кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, кіші түрі

* Кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, ісік тәріздес түрі

* Кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, инфильтратты түрі

* Кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, деструкциялы түрі

* Кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі, казеозды-некрозды түрі

#48

*!Балаға инфильтрация фазасындағы кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі диагнозы қойылды.

Рентгендегі ең ықтимал өзгерістер қандай болады?

* Өкпе түбірі кеңейген, құрылымсыз, контуры анық, шығыңқы

* Өкпе түбірлері симметриялы кеңейген, түбір маңында ошақтар

* Өкпе түбірі кеңейген, фибродалған, кальциленген лимфа түйіндері

* Өкпе түбірлері екі жақты кеңейген, құрылымды, өкпе суреті қалыпты

*+Өкпе түбірлері кеңейген, құрылымсыз, контуры анық емес, жайылмалы

#49

*! 15 жасар жасөспірімге профилактикалық тексеру кезінде екі жақты бронхопульмоналды лимфа түйіндерінің перифокалды инфильтратсыз ұлғаюы, айқын контурларымен анықталды. Жағдайы қанағаттанарлық, шеткі лимфа түйіндері ұлғаймаған. Манту сынамасы 3 мм.

Ең ықтимал алдын ала қойылған диагнозыңыз қандай?

* Лимфогрануломатоз

* Кіші бронхоаденит

*+Бек саркоидозы

* Лимфосаркома

* Мононуклеоз

#50

*! Ер бала туберкулезді науқаспен қарым-қатынасқа байланысты фтизиатрдың бақылауында болған, тағайындалған химиопрепаратты қабылдамаған. Соңғы кездері мезгілмен дене қызуының көтерілуі, ентігу, жиі ұстамалы коклюш тәрізді жөтел мазалайды. Оң өкпенің жоғарғы бөлігінде перкуторлы дыбыс қысқарған, сол жерде таныстың әлсіреуі дем шығаруының қиындауымен естіледі. Рентгенде: Оң өкпенің жоғарғы бөлігінде қанық гомогенді күнгірттену, түбірде ұлғайған лимфа түйіні, кеудеаралық оң жаққа ығысқан.

Осы жағдайда Ең ықтимал болжама диагнозы қандай болады?

* Ателектазбен асқынған БТК

*+Ателектазбен асқынған КІЛТТ

* Бронх туберкулезімен асқынған КІЛТТ

* Экссудативті плевритпен асқынған БТК

* Экссудативті плевритпен асқынған КІЛТТ

#51

*!Бала туберкулезбен инфицирленуіне (күрт оң Манту сынамасы) байланысты фтизиатрдың бақылауында болған, химиопрофилактика тағайындалған. Соңғы бір аптадай болды - дене қызуының көтерілуі, дем алған кезде оң жақ бүйірде ауыру сезім, ентігу. Оң өкпенің төменгі және бүйір аймақтарында перкуторлы дыбыс тұйық, сол жерде таныстың едәуір әлсіреуі. Пульмонология бөлімшесіне госпиталданды. Рентгенде: оң жақ түбірде ұлғайған бронхопулмоналды топтағы лимфа түйіні, оң өкпенің төменгі бөлігінде қанық гомогенді күнгірттену, диафрагма контуры көрінбейді, кеудеаралық сол жаққа ығысқан.

Осындай жағдайда Ең ықтимал болжама диагнозыңыз қандай болады?

* Ателектазбен асқынған БТК

* Ателектазбен асқынған КІЛТТ

* Бронх туберкулезімен асқынған КІЛТТ

* Экссудативті плевритпен асқынған БТК

*+Экссудативті плевритпен асқынған КІЛТТ

#52

*! Ер бала 5 жаста, педиатрға келіп қаралды. Шағымдары: 38,30 С дейін температура, мезгілмен қалтырау, әлсіздік, түңгі тершендік, аз мөлшерде шырышты қақырықпен жөтел, бір рет қан түкіру, дауыстың қарлығуы, жұтқан кезде ауру сезім. Анамнезінен – соңғы 2,5 айдың ішінде жағдайы нашарлаған. Туберкулезбен ауыратын атасымен контакт, ол фтизиатрдың есебінде тұрады. Объективті: жүдеу, перкуссияда – жауырын арасында дыбысы тұйық, аускультативті – бұғана асты аймақта әлсіз тыныс және құрғақ сырылдар.

Осы жағдайда Ең ықтимал болжама диагнозы қандай болады?

* Ошақты бронхопневмония

* Идиопатиялық өкпелік гемосидероз

*+Өкпенің диссеминирлік туберкулезі

* Бек саркоидозы, диссеминирлі форма

* Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит

#53

*! Ер бала Г, 4 жаста, дәрігерге қаралғандағы шағымдары: жоғары температура, әлсіздік, ентігу. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Сопорозды, жүдеу, өкпенің барлық аймақтарында әлсіз тыныс, бірлі-жарым құрғақ сырылдар. Анамнезінен – 2 айдан астам ауруханада емделіп жатқан туберкулезбен ауыратын ағасымен контактта болған.

Осы жағдайдағы Ең ықтимал болжам диагнозыңыз қандай болады?

* Деструкциялы пневмония

* Кандидозды пневмония

* Жедел обструкциялы бронхит

* Екі жақты ошақты пневмония

*+Жедел диссеминирлі туберкулез

#54

*!Науқас Т.К., 16 жаста. Жедел көмек көлігімен инфекциялық ауруханаға Грипп. Пневмония? - диагнозымен жеткізілді, бөлімшеге бірден жатқызылды. Рентгендік зерттеуде: екі жақты өкпенің тұтас диссеминациясы анықталды. Шұғыл түрде ТМБ-на қақырық бактериоскопиясы жүргізілді – көп молшерде таяқшалар анықталды.

Төменде аталғандардың ішінде ең ықтимал болжам диагнозы қандай?

  • +Диссеминирлік туберкулез

  • Инфильтративті туберкулез

  • Казеозды пневмония

  • Ошақты туберкулез

  • Өкпе туберкулемасы

#55

*! Науқасты дауыстың қарлығуы, жұтқан кездегі ауру сезімі мазалайды.

Рентгендік зерттеуде: екі жақты өкпенің тұтас диссеминациясы анықталды. Әр түрлі көлемдегі және қоюлығындағы ошақтар, өкпенің жоғарғы бөліктерінде жұқа қабатты «мөр» тәрізді қуыстар (2,0 х 2,0 см) перифокалды қабынусыз.

Осы жағдайдағы Ең ықтимал болжама диагнозы қандай болады?

* Фиброзды-кавернозды туберкулез

*+Диссеминирлік туберкулез

* Ошақты бронхопневмония

* Бек саркоидозы, 2 стадия

* Кавернозды туберкулез

#56

*! Қыз бала И.Г., 17 жаста, терапевтке қаралуға келді. Шағымдары: 38,30 С дейін температура, жалпы әлсіздік, жөтеліңкіреу, тәбеттің нашарлауы. Жағдайы ауыр, жүдеу, ентігу. Тері жабындылары құрғақ, бозғылт. Физикалды өзгерістер анықталмады. Рентгенде: өкпеде екі жақтан ұсақ, тары тәрізді, қосылуға бейімсіз әлсіз ошақтар.

Осы жағдайда Ең ықтимал болжама диагнозы қандай болады?

  • Өкпенің метастатикалық қатерлі ісігі

* Жеделдеу диссеминирлі туберкулез

*+Жедел диссеминирлі туберкулез

  • Фиброзды-кавернозды туберкулез

  • Өкпенің кандидомикозы

#57

*! Қыз бала В.В., 12 жаста, педиатрға келіп қаралды. Шағымдары: 37,5 - 380 С дейін температура, ылғалды жөтел, қан түкіру. Жағдайы ауыр, жүдеу, ентігу. Тері жабындылары құрғақ, бозғылт. Физикалды өзгерістер; әлсіз тыныс, құрғақ және ылғалды сырылдар. Рентгенде: өкпеде екі жақтан түрлі көлемді ошақтар, қосылып инфильтратқа айналады, өкпенің ұштарында «мөр» тәрізді жіңішке қабатты қуыстар.

Осы жағдайдағы Ең ықтимал болжама диагнозы қандай болады?

  • Өкпенің метастатикалық қатерлі ісігі

*+Жеделдеу диссеминирлі туберкулез

  • Фиброзды-кавернозды туберкулез

* Жедел диссеминирлі туберкулез

  • Өкпенің кандидомикозы

#58

*!Бала П.О., 11 жаста – ауырғанына 1 ай болды. Қосымша тексерулерден кейін ауруханаға жатқызылды, Орталық жүйке жүйесінің туберкулезы бойынша емді қабылдап жатыр. Шағымдары қатты бас ауруы, фонтан тәрізді құсық,. Қарап тексергенде: бала арық, шашыранды қылилық, анизокория, диплопия, птоз.

Ступорда, сұрақтарға дұрыс жауабын бермейді. Көз қарашығының жарыққа реакциясы бар. Менингеалды симптомдар оң: жүйке бұлшық ет ригидтілігі, Керниг симптомы. Ликворограммада: цитоз 400, лимфоциттер 90%, нейтрофилдер 10%, белок 2,5%0, қант 1,4 м/моль; хлоридтер 100 м/моль.

Осы жағдайдағы Ең ықтимал болжама диагнозы қандай болады?

* Менингоэнцефалит

* Серозды менингит

* Цереброспиналды менингит

*+Менингиттің базилярлы формасы

* Диссеминирлі ТБ, менингеалды форма

#59

*!Қабылдау бөлімшесіне есі жоқ, мезгіл-мезгіл тырысуы, құсуы, сол жақты гимипарезі бар бала әкелінді. Анасының айтуы бойынша бала 1 айдан астам тұмаумен ауырып емделген. Осыдан 1 жыл бұрын әкесінде өкпе туберкулезі анықталып емделді, бірақ ауруханадан кейін фтизиатрда қаралмаған. Сол кезде баласын тексергенде Манту сынамасы – папула 10 мм болған, бірақ ата-анасы фтизиатр қаралуына барудан бас тартқан.

Сіздің ең ықтимал алдын ала диагнозыңыз қандай?

* Полиомиелит * Іріңді менингит * Миға қан құйылу * Серозды менингит *+Туберкулезді менингит

#60

*!Қабылдау бөліміне туберкулезді менингитке күдікті бала түсті.

Жұлын сұйықтығындағы қандай өзгерістер диагнозды дәлелдейді?

* Цитоз 7, лимфоциттер – 100%, белок – 0,33, қант 2,8, хлоридтер 120 м/моль *+Цитоз 200, лимфоциттер 80%, белок 0,9, қант 1,1; хлоридтер 100 м/моль * Цитоз 1000, нейтрофильдер 100%, белок 1,0, қант 1,6; хлоридтер 130 м/моль * Цитоз 1000, лимфоциттер 100%, белок 0,9, қант 1,9; хлоридтер 120 м/моль * Цитоз 500, лимфоциттер 50%, белок 0,9, қант 2,6; хлоридтер 120 м/моль

#61

*! 1 жас 10 айлық бала Ц. Бірнеше апта ішінде құсу, алғашқы күндері нәжісі болған, одан кейін – іш қатуы, анда-санда тырысулар, дене қызуы жоғары, сопорозды жағдай. Анамнезінен: туберкулезбен ауратын апасымен тұрақты емес қатынас, фтизиатр бақылауында болмаған.

Сіздің ең ықтимал болжам диагнозыңыз қандай болады?

*+Туберкулезді менингит

* Серозды менингит

* Iріңді менигит

* Тұмау (грипп)

* Mи абсцесі

#62

*!Орталық жүйке жуйесінің туберкулезді зақымдалуымен 12 жасар А. науқаста жоғары дене қызуы үстінде тырысулар, орталық салданулар мен жартылай салданулар, белбеу тәрізді қатты ауру сезімі байқалады.

Аталғанның ішінде туберкулездің қандай клиникалық формасына тән белгілер?

* ӨДТ менингеальды формасы

* Милиарлы туберкулез

* Спинальды менингит

*+Менингоэнцефалит

* Базилярлы форма

#63

*!Орталық жүйке жуйесінің туберкулезді зақымдалуымен 5 жасар А. науқаста менингеальды симптомдары оң, Труссо дақтары, парестезиялар байқалады. Ликворограммада: цитоз 350, лимфоциттер 90%, нейтрофилдер 10%, белок 2,1, қант 1,6; хлоридтер 100 м/моль.

Осындай үрдісте орталық жүйке жуйесінде дамитын ең ықтимал морфологиялық өзгерістер қандай болады?

* +Жұмсақ ми қабатының серозды-фибринозды қабынуы

* Эндо-периартериит келесі ми затының жұмсаруымен

* Бульбарлы нервтерінің қабынуы (9, 10, 12 жұп)

* Жұлынның және оның қабаттарының қабынуы

* Ми негізінің спецификалық зақымдалуы

#64

*!Орталық жүйке жуйесінің туберкулезді зақымдалуымен 11 жасар П. науқаста менингеальды симптомдары оң, Труссо дақтары, парестезиялар байқалады. Ликворограммада: цитоз 350, лимфоциттер 90%, нейтрофилдер 10%, белок 2,1, қант 1,6; хлоридтер 100 м/моль.

Баладағы ең ықтимал болжам диагнозы қандай?

* Менингиттің базилярлы формасы

*+Менингиттің серозды формасы

* Спинальды лептопахименингит

* ӨДТ менингеальды формасы

* Менингоэнцефалит формасы

#65

*!Орталық жүйке жуйесінің туберкулезді зақымдалуымен (серозды форма) 11 жасар О. науқаста менингеальды симптомдары оң, Труссо дақтары, парестезиялар байқалады. Ликворограммада: цитоз 350, лимфоциттер 90%, нейтрофилдер 10%, белок 2,1, қант 1,6; хлоридтер 100 м/моль.

Үрдістің өршу кезінде, шамамен 7-10 күннен кейін болатын ең ықтимал клиникалық белгілері қандай?

* Клоникалық-тоникалық тырысулар, бұлшық еттерінің қатаюы

* Шеткі парез бен паралич, еріксіз үлкен-кіші дәреттің кетуі

* Патологиялық үйқышылдық, мезгілмен құсуы, бас ауруы

* Кома жағдайы, орталық салданулар мен парездер

* +Ступор жағдайы, бас-ми нервтерінің қабынуы

#66

*! 17 жасар Д. жасөспірімде жөтел, өз мөлшерде қақырық, дене қызуы, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, қан түкіру мазалайды. Ауру 3 апта бұрын суық тиюден басталған, бронхиттен емделді, бірақ тиімді болған жоқ. Оң жақ жоғарғы бөлігінде әлсіз тыныс, бірлі жарым майда көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенограммада: өкпенің оң жақ бөлігінде С1-3 жарықтану аймақтары мен инфильтратты көлеңке көрінеді, бөлікаралық плевра қалындаған.

Ең ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

* Плевропневмония

* Қосылмалы пневмония

* Деструктивті пневмония

* Көпсегменттік пневмония

*+Инфильтративті туберкулез

#67

*! 16 жасар жасөспірімде профилактикалық флюорографияда алғашқы рет өкпенің оң жақ бөлігінде (С2 ) қанық (тығыз) және қанықтылығы орта ошақтар табылған. Бактериоскопиялық әдіспен қақырықтан туберкулез микобактериялары табылған жоқ.

Ең ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

*+Фиброзды-ошақты туберкулез

* Инфильтративті туберкулез

* Жұмсақ-ошақты туберкулез

* Өкпе туберкулемасы

* Ошақты пневмония

#68

*! 14 жасар науқас М. әлсіздікке, тез шаршағандыққа, тәбеттің төмендеуіне шағымданады. Флюорографиялық тексеруде сол өкпенің жоғарғы бөлігінде өлшемі 2,0х2,5 см шеңбер тәрізді, орташа интенсивті, гомогенді, шеттері анық көлеңке табылған. Гемограммада: эритроциттер 3,8 х 1012/л, гемоглобин 126 г/л, лейкоциттер 8;9 х 109/мл, ЭТЖ – 16 мм/сағ. Қақырықтан туберкулез таяқшасы бактериоскопиялық әдіспен табылмады.

Алдын-ала қоятын болжам диагнозыңыз қандай?

* Перифериялық рак

* Өкпенің эхинококкы

* Сегментарлы пневмония

*+Өкпенің туберкулемасы

* Өкпенің ошақты туберкулезі

#69

*! 17 жасар студент Ч. Р.-дің флюорографиялық тексеруінде оң өкпесінің S1 бөлігінде әлсіз және қанықтылығы шамалы шеттері анық емес ошақтар. Аз мөлшердегі қақырықпен жөтел мазалайды. Анамнезінде: 2 жыл мерзімінде шылым шегеді. Өткен жылдағы флюорографиясы патологиясыз. Қақырықтан туберкулез таяқшасы табылмады. Туберкулез ауруханасында емді қабылдап жатыр.

Сіздің қойған ең ықтимал клиникалық диагнозыңыз қандай?

*+Инфильтрация фазасында оң өкпенің ошақты туберкулезі, ТМБ(-)

* Тығыздалу фазасында оң өкпенің ошақты туберкулезі, ТМБ(-)

* Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтратты туберкулезі, ТМБ(-)

* Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулемасы, ТМБ(-)

* Өкпедегі фиброзды-ошақты қалдықты өзгерістер

#70

*! Өкпенің инфильтратты туберкулезінің ем нәтижесінде, инфильтрат орынында өлшемі 3,0 х 3,5 см шеңбер тәрізді көлеңке жан-жағында бірлі-жарым фиброзбен рентгенологиялық әдіспен анықталған.

Аталғанның ішінде осы науқаста емнен кейінгі ең ықтимал аурудың нәтижесі болатыны қайсысы?

* Фиброзды-ошақты туберкулез

* Инфильтратты туберкулез

* Кавернозды туберкулез

*+Өкпе туберкулемасы

* Ошақты туберкулезі

#71

*! 16 жастағы науқас М. Қақырығында қан араласқан жөтелге, әлсіздікке, дене қызуының жоғарлауына шағымданады. Бозғылт, азған, перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Оң жақ жауырын аралығында өкпе дыбысы қысқарған. Сол жерде әлсіз тыныс. Қақырығында ТМБ табылмаған. Аумақты шолу рентгенограммада: оң жак өкпенің S1 бөлігінде өлшемі 4 см, гомогенсіз, контуры анық, шеңбер тәрізді, бір шетінде ай тәрізді жарықтануымен фокус анықталады. Өкпе түбірінде әктенген лимфа түйіндері.

Сіздің қойған ең ықтимал болжама диагнозыңыз қандай?

* Өкпенің ретенциялы кистасы

* Шеңбер тәрізді инфильтрат

*+Өкпенің туберкуломасы

* Өкпенің асперигиломасы

* Өкпенің шеткі обыры

72

*! 16 жасар О.Р. науқаста Сол өкпенің жоғарғы бөлігіндегі инфильтратты туберкулезі, ТМБ (+), ыдырау сатысы - деген диагноз қойылды. 5 жасында туберкулезбен ауырып, жазылған.

2014 ж. №19 бұйрығына сәйкес жіктелу бойынша туберкулездің қандай ауру жағдайына дәрігер осы науқасты тіркейді?

*+Рецидив

* Жаңа жағдай

* Қолайсыз ем

* Үзіліспен ем

* Созылмалы жағдай

#73

*! 14 жасар Е. науқастың өкпе рентгенограммасында оң өкпенің жоғарғы бөлігінің 1-2-3 сегменттерінде шеті анық емес, гомогенсіз көлеңке көрінген. Өкпенің төменгі бөліктерінде әлсіз және қанықтылығы орташа ошақтар.

Аталғанның ішінде сипатталған рентгендік өзгерістер туберкулездің қандай клиникалық түріне сәйкес болады?

* Бронх-лобулярлы инфильтрат

*+Бұлт тәрізді инфильтрат

* Бөлікаралық инфильтрат

* Жоғарғы бөлікті лобит

* Кавернозды туберкулез

#74

*! Жасөспірім ЖМК машинасымен ауыр жағдайда инфекциялық ауруханасына түсті. Дене қызуы жоғарылаған 39-400С дейін, тыныштық жағдайда ентігу, ылгалды жөтел, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі. Анамнезінен: туберкулезді науқаспен қатынаста болған, химиопрофилактика қабылдамаған. Жоғарыда аталған шағымдар соңғы 3 ай бойы мазалаған. Аускультацияда – өкпенің барлық аймақтарында ылғалды сырылдар. Рентгенограммада - бүкіл өкпе алаңдарында ірі көлемді қосылған ошақтар және пішінсіз фокустар, әр жерде жарықтанулар. Өкпедегі өзгерістер «қарлы боран» тәрізді.

Ең ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

* Инфильтратты туберкулез

* Арнайы емес пневмония

* Өкпенің гемосидерозы

*+Казеозды пневмония

* Өкпенің саркоидозы

#75

*! 14 жастағы К. науқаста: ТМБ (+), ыдырау және себілу фазасындағы инфильтративті туберкулезі анықталған. Қақырығында қан талшықтары пайда болды, тәулікте 10 мл көлемге дейін қанды қақырық бөлінді.

Науқаста асқынудың қай түрі дамыған?

* Үрдістің өршуімен өкпенің ыдырауы

*+Өкпенің ыдырауы және қан түкіру

* Өкпенің ыдырауы және қан кету

* Өкпелік тіннің ыдырауы

* Өкпелік қан кетуі

#76

*! 16 жастағы Н. науқаста: ТМБ (+), ыдырау және себілу фазасындағы инфильтративті туберкулезі анықталған. Қақырығында қан талшықтары пайда болды, тәулікте 10 мл көлемге дейін қанды қақырық бөлінді.

Науқаста бұл асқынудың даму себебі қандай?

* Өкпе артериясының тамырларының жарылуы

*+Қан тамырлары өткізгіштігінің жоғарлауы

* Бронхиалды артерияның жарылуы

* Ыдырау қуыстарына байланысты

* Қосымша жарақаттар бар

77

*! 17 жасар науқаста кенеттен артқы сол жақ бүйірінде ауру сезімі пайда болды. Сонымен бірге құрғақ жөтел, ентігу, жүрек қағуы, суық тер бар. Тері жабындысы бозғылт, пульсы 100 рет/минутына, а.қ.қ. - 190/100 мм с.б. Жүрек үндері тұйықталған. Сол жағында дауыс дірілі жоқ. Перкуторлы дыбыс сол жағында қорапты. Аускультацияда тынысы бірден әлсіреген.

Сіздің ойыңызша науқастың жағдайы неге байланысты күрт нашарлаған?

* Cтенокардияның дамуына

* Миокард инфарктінің дамуына

* Экссудативті плевриттің қосылуына

*+Спонтанды пневмоторакспен асқынуына

* Қабырға аралық невралгияның қосылуына

#78

*! Өкпенің инфильтратты туберулезімен 15 жастағы науқастың 8 йлық емнен кейін жағдайы жақсарған, улану белгілері жойылған, рентгенде: инфильтраттың орынында жіңішке қабатты сакина тәрізді көлеңке, көлемі 2 х 2 см, айналасында бірен-саран фиброзды-ошақты өзгерістермен анықталған. Қақырықта ТМБ-ры жойылған.

Туберкулездің ең ықтимал клиникалық формасы қандай?

* Өкпе туберкуломасы

* Қалдықты өзгерістер

*+Кавернозды туберкулез

* Инфильтратты туберкулез

* Фиброзды-кавернозды туберкулез

#79

*! Науқас 2 жыл бойы кавернозды туберкулезбен диспансерлік есепте тұрған. Кезекті тексерістен өткенде, рентгенде: оң жақтағы 6-сегментте орналасқан ыдырау қуысы көрінбеген, бұрыңғы кавернаның орынында орташа және қарқындылығы жоғары, анық шеттерімен ошақты көлеңкелер байқалған. Қақырықта ТМБ-ры табылған жоқ.

Осы жағдайдағы ең ықтимал ем нәтижесі қандай болады?

* Тазартылған қуыс

* Ошақты туберкулез

* Өкпе туберкулемасы

*+Қатты тығыз, ошақтар

*Кавернозды туберкулез

#80

*! 18 жастағы жасөспірімнің өкпе флюорографиясында сол өкпенің 3-ші сегментінде сақина тәрізді, шеті анық контурымен көлеңке анықталған. Қақырықта ТМБ-ры табылған жоқ.

Ең ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

* Ошақты туберкулез

* Диссеминирлі туберкулез

*+Кавернозды туберкулез

* Инфильтратты туберкулез

* Фиброзды-кавернозды туберкулез

#81

*!Науқас Т, 17 жаста. Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфильтративті туберкулезі (лобит) диагнозымен арнайы химиотерапияны 4 ай бойы қабылдаған, бірақ клиникалық-ренгенологиялық динамикасы байқалмады. Рентгенограммада: оң өкпенің көлемі кішірейген, жоғарғы бөлігінде қалың қабырғалы пішінсіз қуыс, айналасында айқын фиброз және тығыз ошақтар. Өкпе түбірі жоғары қарай тартылған, кеуде аралығы оң жаққа ығысқан. Сол өкпе ошақты көлеңкесіз, таза.

Ең ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

* Казеозды пневмония

* Кавернозды туберкулез

* Цирротикалық туберкулез

*+Фиброзды-кавернозды туберкулез

* Созылмалы диссеминирлі туберкулез

#82

*! Науқас Д., 12 жаста, оң жақ кеудесінің ауру сезіміне, әлсіздікке, дене қызуының жоғарлауына шағымданады. Бозғылт, тәбеті төмен, оң жақ кеудесі тыныс алудан қалып отыр, дауыс дірілі оң жағында әлсіздеген. ІV-қабырғадан төмен перкуторлы дыбыс қысқарған, әлсіріген тыныс, жүрек шекаралары солға ығысқан. Туберкулезді бронхоаденитке байланысты диспансерлік есепте турады.

Ең ықтимал болжам диагнозыңыз қандай болады?

* Cпонтанды пневмоторакс

*+Туберкулезді экссудативті плеврит

* Өкпе бөлігінің не сегментінің ателектазы

* Бейспецификалық экссудациялық плеврит

* Оң жақты коста-диафрагмалы құрғақ плеврит

#83

*! Фтизиатрда есепте тұрған науқас суықтағаннан соң кеудесінің оң жақ бүйірінде ауру сезімі, жоғары температура 39о, қалтырау, ентігу, ауру сезімімен жөтел, жүрек қағуы, жабысқақ тер, пульсы 100 рет/мин. соғуы, АҚҚ 120/80 мм с.б., жүрек тондарының тұйықталуы пайда болды. Оң өкпеде 2 қабырғадан төмен аймағында тұйық дыбыс және сол жерде – тынысы әлсіз.

Ең ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

* Mиокард инфаркты

*+Экссудативті плеврит

* Cпонтанды пневмоторакс

* Қабырға аралық невралгия

* Kоронарлық қан айналымының жедел бұзылясы

#84

*! 5 жастағы балада мойын және жақ асты лимфа түйіндерінің «орман жаңғағы» тәрізді үлкейгені анықталды. Олар ауру сезімінсіз, азғана жылжымалы, ортасы жұмсарған. Бала инфекция ошағынан – әкесі туберкулезге қарсы ауруханасында емделіп жатыр. Бала фтизиатрда тексерілмеген және есепке алынбаған.

Бірінші кезекте бұл қандай лимфадениттің клиникасы деп ойладыңыз?

* Лимфогранулематозді

* Бейспецификалық

* Мононуклеозді

*+Tуберкулезді

* Қатерлі ісікті

#85

*! 8 жастағы балада мойын лимфа түйіндерінің «тауық жұмыртқасы» тәрізді үлкейгені анықталды. Олар ауру сезімінсіз, азғана жылжымалы, ортасы жұмсарып айқын қызарған, сол жерден «ірімшік тәрізді» бөлінділер көрінеді. Бала инфекция ошағынан – әкесі туберкулезге қарсы ауруханасында емделіп жатыр. Бала фтизиатрда тексерілмеген және есепке алынбаған.

Аталғанның ішінде ең ықтимал осы жағдайда болатын диагноз қандай?

* Туберкулезді лимфаденит, инфильтративті форма

* Туберкулезді лимфаденит, фиброзды-казеозды форма

* Туберкулезді лимфаденит, казеозды-некрозды форма

*+Туберкулезді лимфаденит, казеозды-жаралы форма

* Туберкулезді лимфаденит, индурациялық форма

#86

*! 11 жастағы балада оң жақ қолтық асты лимфа түйіндерінің 3 х 4,5 см көлемде үлкейгені анықталды. Олар ауру сезімінсіз, азғана жылжымалы, консистенциясы жұмсақ-эластикалық, флюктуациясы жоқ. Бала инфекция ошағынан – әкесі туберкулезге қарсы ауруханасында емделіп жатыр. Бала фтизиатрда тексерілмеген және есепке алынбаған.

Аталғанның ішінде ең ықтимал осы жағдайда қойылатын диагноз қандай?

*+Туберкулезді лимфаденит, инфильтративті форма

* Туберкулезді лимфаденит, фиброзды-казеозды форма

* Туберкулезді лимфаденит, казеозды-некрозды форма

* Туберкулезді лимфаденит, казеозды-жаралы форма

* Туберкулезді лимфаденит, индурациялық форма

#87

*! 16 жасар жасөспірімде шап аймағындағы лимфа түйінінің «тауық жұмыртқасы» тәрізді үлкейгені анықталды. Ол ауру сезімімен, азғана жылжымалы, ортасы жұмсарған. Сол жердегі тері жабындысы қып-қызыл. Бала 6 жасында кеудеішілік лимфа түйіндері туберкулезімен ауырған, фитизиатрдың бақылауынан 2 жылдан соң шығарылды, содан кейін туберкулезге тексерілмеді.

Аталғанның ішінде ең ықтимал осы жағдайда болатын диагноз қандай?

* Туберкулезді лимфаденит, инфильтративті форма

* Туберкулезді лимфаденит, фиброзды-казеозды форма

*+Туберкулезді лимфаденит, казеозды-некрозды форма

* Туберкулезді лимфаденит, казеозды-жаралы форма

* Туберкулезді лимфаденит, индурациялық форма

#88

*! 14 жастағы науқас, «Ауруханадан тыс сол жақты пневмония» диагнозымен ауруханада болды. Кең спектрлі антибиотиктерді 15 күн бойы қабылдаған, бірақ оңтайлы әсері болмады. Айқын интоксикация белгілері, дене қызуы түспеді. Кеудесінде ауырлық сезімі пайда болды, қалыпты жағдайда ентігу, сол жақ бүйірінде жатқанын жайлы көрді. Рентгенде: өкпенің сол жағында 2 қабырғадан диафрагмаға дейін гомогенді, қанық көлеңке ішкі қиғаш контурымен анықталды. Кеуде аралығы оң жаққа ығысқан. Манту сынамасы – папула 21 мм. Отбасында әкесі туберкулезбен ауырған.

Ең ықтимал болжам диагнозы қандай?

*+Экссудативті плеврит

* Инфильтративті туберкулез

* Ошақты-қосылған пневмония

* Плевритпен асқынған пневмония

* Aтелектазбен асқынған пневмония

#89

*! Екінші типті қант диабетімен ауыратын науқаста Оң өкпенің S6 бөлігінде инфильтратты фазасындағы туберкулема анықталған. Қақырықтан МБТ табылмаған.

Қандай туберкулезге қарсы химиопрепаратты қантты диабеті бар туберкулезбен науқасқа қолдануға дәрігер тыйым салады?

* Изониазид

* Рифампицин

*+Этамбутол

* Стрептомицин

* Пиразинамид

#90

*! 15 жасар науқаста флюорографиялық тексеруде өкпенің С2 бөлігінде әлсіз және қанықтылығы шамалы ошақты көлеңкелер анықталды. Терапевтте қант диабетімен тіркеуде тұрғанына 5 жыл болды. Улану белгілері орташа. Манту сынамасы – 17 мм. Бактериоскопиялық әдіспен бронх шайынды суынан туберкулез микобактериялары табылған (ТМБ оң). Науқас колледж жатақханасында тұрады.

Ең ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

*+Ошақты туберкулез инфильтрация фазасында

* Ошақты туберкулез тығыздану фазасында

* Фиброзды-ошақты қалдықты өзгерістер

* Ошақты туберкулез сіңірілу фазасында

* Өкпенің инфильтративті туберкулезі

#91

*! 15 жасар колледж оқушысының флюорографиялық тексеру кезінде оң өкпесінің S1 бөлігінде әлсіз және қанықтылығы шамалы шеттері анық емес ошақтар анықталды. Аз мөлшерде қақырықпен жөтел мазалайды. Терапевттің диспансерлік есебінде « Бронхиалды астма» диагнозымен тұр. Анамнезінде: 3 жыл мерзімінде шылым шегеді, туб.контакт анықталмады. Өткен жылғы флюорографиясы патологиясыз. Қақырықтан туберкулез таяқшасы табылмады.

Қойылатын ең ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

* Перифериялық рак

* Ошақты пневмония

* Созылмалы бронхит

*+Өкпенің ошақты туберкулезі

* Бронх-лобулярлы инфильтрат

#92

*! 16 жастағы науқас аймақты терапевтке мынадай шағымдарымен қаралған: дене қызуы 38о-қа дейін көтерілген, салмақ жоғалту, жөтел қақырықпен. 6 ай бойы өзін ауру сезінуде. Соңғы флюорографияны жасағаннан бері 1,5 жыл өткен. Бала анасымен бірге қалалық СПИД – орталығында бақылауда «АИТВ-инфекциясы» диагнозымен тіркеуде тұр, АРВ терапия қабылдайды. Объективті: интоксикация айқын. Рентгенде: фиброз салдарынан оң жақ өкпе жоғарғы бөлігінің көлемі кішірейген, оның тұсында пішінсіз, перифокальды инфильтрациямен ыдырау қуыстары және бронхогенді себінді ошақтар байқалады.

Ең ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

* Ошақты туберкулез

* Диссеминирлі туберкулез

* Кавернозды туберкулез

* Инфильтратты туберкулез

*+Фиброзды-кавернозды туберкулез

#93

*!Науқас Тоқаев Б., 14 жаста. Анамнезінен: туберкулезбен ауырғанына 5 жыл болды. Туберкулездің тұрақты формасымен ауыратын анасымен контактта болған. Былтыр «Асқазан ойық жарасы» ауруы бойынша қалалық ауруханада емделген. Бала алғашқыда I категория үлгісімен емделді, үрдістің өршуіне байланысты 5 айдан соң емі II категория бойынша жалғастырылды. Төрт химиопрепаратқа төзімділік анықталды - Н, R, Е, S, сондықтан 4 категорияға ауыстырылды.

Сәтсіз емнің ең ықтимал себебі қандай?

* Уақытылы химио алдын алудың жүргізілмеуі

*+Туберкулездің мультирезистентті формасы

* Туберкулездің өршуі, қайталануы (рецидив)

* Дұрыс емес жүргізілген спецификалық ем

* Ошақтағы сапасыз жүргізілген жұмыс

#94

*! Науқас И., 16 жаста. Туберкулезге қарсы ауруханасына «Ыдырау және себілу фазасындағы өкпенің жоғарғы бөліктерінің инфильтратты туберкулезі, ТМБ (оң)» диагнозымен 2 категория үлгісі бойынша ем қабылдап жатыр. 1 аптадан соң қышыну, терісінің ашуы, бөртпелер, құлағында шуыл пайда болып, есту қабілеті төмендеді.

Сіздің ойыңызша жанама әсерін берген химиопрепарат қандай?

* Этамбутол

* Изониазид

* Рифампицин

* Пиразинамид

*+Стрептомицин

#95

*!Науқас бала В., 6 жаста. Туберкулезге қарсы ауруханасында Біріншілік туберкулезді кешен, МБТ (теріс) диагнозымен 1 категория үлгісі бойынша ем қабылдап жатыр. 2 аптадан соң қатты бас ауруы, бас айналуы, үйқысының бұзылуы мазалайды.

Осы клиникалық белгілер ең жиі қандай химиопрепараттың жанама әсері болады?

* Этамбутол

*+Изониазид

* Этионамид

* Рифампицин

* Стрептомицин

#96

*!5 жастағы қыз бала, «ТМБ (теріс), инфильтрация фазасындағы кеудеішілік лимфа түйіндері туберкулезі» диагнозымен ауруханада 1 категория үлгісі бойынша емді қабылдаған. Анамнезінде: гипертензиялық синдром. 2 апта емнен кейін көз алмасында ауру сезімі пайда болды. Окулист кеңесі: көру аймақтары тарылған, көру нерві дискісінің ісінуі.

Көрсетілген клиникалық белгілер қандай химиопрепараттың жанама әсері болады?

* Изониазид

* Канамицин

*+Этамбутол

* Рифампицин

* Пиразинамид

#97

*! 16 жастағы науқас П., аймақты терапевтке мынадай шағымдарымен қаралған: дене қызуы 38о-қа дейін көтерілген, салмақ жоғалту, жөтел қақырықпен. 6 ай бойы өзін ауру сезінуде. Соңғы флюорографияны жасағаннан бері 1,5 жыл өткен. Объективті: интоксикация айқын. Рентгенде: фиброз салдарынан оң жақ өкпе жоғарғы бөлігінің көлемі кішірейген, оның тұсында пішінсіз, перифокальды инфильтрациямен ыдырау қуыстары және бронхогенді себінді ошақтар байқалады.

Туберкулезбен науқасқа осы жағдайда дәрігердің қолданатын ең лайықты

спецификалық емі қандай?

*+1 категория үлгісі бойынша

* 2 категория үлгісі бойынша

* 3 категория үлгісі бойынша

* 4 категория МЛУ үлгісі бойынша

* 4 категория ШЛУ үлгісі бойынша

#98

*!Бала емханасында Манту сынамасы жасалынды – нәтижесі 14 мм папула. Бұрын бұл балаға сынама жасалмаған. Фтизиатрдың кеңесінде. Шағымдары: түңгі терлегіштік, мазасыз үйқы, ашуланшылық. Туб.контакт анақталмады. Интоксикация белгілері жоқ. Жалпы қан сараптамасы қалыпты. Рентгенде патогиялық өзгеріссіз. Қосымша тексерулерде Диаскинтест сынамасы қойылды – нәтижесі 12 мм папула.

Осы жағдайда аталғандардың ішінде ең ықтимал болжама диагноз қандай?

* Гиперергия түрінде туберкулезбен инфицирлену

*+Алғашқы анықталған ТМБ-ның жұқтырылуы

* Алғашқы анықталған гипоергиялық реакция

* Созылмалы ағымдағы біріншілік туберкулез

* Параллергиялық реакция

#99

*! Балаға «Туберкулез инфекциясын алғаш рет жұқтыру» диагнозы қойылды. Фтизиатрдың есебіне алынды.

Фтизиатрдың диспансерде бақылайтын ең лайықты тобы қандай?

*+ІІІ-Б есеп тобы

* ІІІ-А есеп тобы

* І-Б есеп тобы

* 0 - есеп тобы

* ІІ есеп тобы

#100

*! Бала У., 3 жаста, салмақ тастаған, қозғыш, коньюнктивит, отит, жөтел ұзақ уақыт мазалайды, шеткі лимфа түйіндері ұлғайған. Ентігуі жоқ, температура субфебрилді, өкпенің сол жақ жоғарғы бөлігінде перкуторлы дыбыс тұйық, аускультативті - әлсіз тыныс. Рентгенде - өкпенің сол жақ (С1-2) бөлігінде әлсіз, анық емес контурымен инфильтративті көлеңке. Сол жақ өкпе түбірі кеңейген, құрылымсыз, контуры анық емес. Манту сынамалары: 1 жаста – 8 мм, 2 ж. – теріс, 3 ж. – 15 мм.

Тексеру кезіндегі туберкулин сезімталдығының ең ықтимал сипаты қандай?

* Теріс анергиялық белгі

*+Гиперергиялық белгі

* Нормергиялық белгі

* Оң анергиялық белгі

* Гипоергиялық белгі