Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЕСТЫ 6 к.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.31 Mб
Скачать

*Бала аурулары. Ревматология *2*40*

#11

*!7 жасар қыз. Баспадан 12 күн өткен соң екі тізесі ісініп, ауырды. Дене қызуы 38°С көтеріліп, 3 күннен кейін жазылды. Қарап тексергенде кардит белгілері. Кеудесі мен иығында сақина тәріздес (аннулярлык) эритема. ЭТЖ-45 мм/сағ. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

*дерматополимиозит

*жүйелі қызыл ноқта

*ювенильді идиопатиялық артрит

*жедел миокардит

*+ревматикалық қызба

#12

*!10 жасар бала. Кезекті баспадан кейін әлсіздік, субфебрилитет пайда болды. Жүрек шекарасы солға және жоғары ұлғайған. Жүрек ұшында I-үн әлсіреген, ұшында үрлеген систолалық шу, қолтық астына берілумен естіледі. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

*жедел миокардит

*үшжармалы қақпақшаның жетіспеушілігі

*қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі

*митральды қақпақшаның стенозы

*+жедел ревматикалық қызба

#13

*!12 жасар қыз бала. Оң тізе буыны ауырады, әлсіздік. Анамнезінде: жиі баспамен ауырады. Кезекті баспадан кейін: субфебрилитет, тізе буындарының артриті. Жүрек шекаралары солға қарай кеңіген. Жүрек ұшында I-үн әлсіреген, үрлеген тәрізді систолалық шу.

ДДҰ ұсынуы бойынша осы ауруға диагноз қою үшін міндетті түрде анықтау керек?

*ревматоидты фактор

*+антистрептолизин-О титры

*лактатдегидрогеназа

*тимол сынамасы

*жалпы белок және холестерин

#14

*! 12 жасар қыз бала. Оң тізе буыны ауырады, әлсіздік. Анамнезінде: жиі баспамен ауырады. Кезекті баспадан кейін: субфебрилитет, тізе буындарының артриті. Жүрек шекаралары солға қарай кеңіген. Жүрек ұшында I-үн әлсіреген, үрлеген тәрізді систолалық шу. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

*+ревматикалық қызба

*ЮИА, буындық вариант

*дерматополимиозит

*ЮИА, жүйелі вариант

*реактивті артрит

#15

*!Жедел симметриясыз артрит, әсіресе энтезопатияларжәне табан бурситтері, аяқ буындарының, хронологиялық зәр-жыныс немесе ішек инфекциясымен байланысты, екіжақты конъюнктивитпен жүретін буындық синдром қай ауруға тән?

*ювенильді идиопатиялық (ревматоидты) артритке

*+Рейтер ауруына

*ювенильді анкилоздаушы спондилоартритке

*Висслер-Фанкони синдромына

*ювенильді остеохондропатияға

#16

*!16 жасар жасөспірім. Тізе буынының төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданады. Қарағанда: үлкен сан сүйегінің бұдырлы аймағында ісінуі және басқанда ауырсынуы, қатты жерге тізесімен тұрғанда күрт күшейетіні анықталады. Рентгенографияда: үлкен сан сүйегі бұдырлы аймағының құрылымдық суретінің бұзылуы анықталады. Осы буындық синдром қай ауруға тән?

*ювенильдік идиопатиялық (ревматоидтық) артрит

*Рейтер ауруы

*ювенильді анкилоздаушы спондилоартрит

*Висслер-Фанкони синдромы

*+Осгуд-Шлаттер ауруы

#17

*!6 жасар ұл бала. Соңғы жылы буындардың таңертеңгі бойкүйездігі байқалады, төсектен тұрып, киіну қинайды. Обьективті: екі тізе, шынтақ, саусақ буындарының деформациясы, қозғалысы шектелуі байқалады. Ішкі ағзаларда өзгеріс жоқ. Буындардағы өзгерістерді бағалау үшін ең қажет зерттеу?

*+рентгенологиялық

*антропометриялық

*гистологиялық

*иммунологиялық

*бактериологиялық

#18

*!11 жасар ұл бала. Үлкен буынның ұзақ ағымды рецидивті моноартритпен қаңқа өсінің зақымы бар науқаста құйымшақ-мықын аймағының буынындағы ауырсынуымен буындық синдром қай ауруға тән?

*+ювенильді спондилоартрит

*бел-құйымшақ остеохондрозы

*ревматоидты артритке

*ревматизмдегі полиартритке

*Рейтер ауруына

#19

*!9 жасар ұл бала. Шағымы: буындардың таңертеңгі бойкүйездігі. Төсектен тұрып, киіну қинайды. Бір жыл бойы ауырады. Обьективті: жағдайы орташа ауыр. Саусақ фалангааралық буындарының деформациясы, қозғалысы шектелуі байқалады. Ішкі ағзаларда өзгеріс жоқ. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

*ревматикалық қызба

*Рейтер синдромы

*реактивті артрит

*+ювенильді идиопатиялық артрит *туберкуллезді полиартрит

#20

*! 3 жасар бала. t-39°С, қол-аяқтарында уртикарлы бөртпе, қол-аяғының кіші буындары ісінген. Жүрек үндері көмескі, жүрек ұшы мен 5-ші нүктеде систолалық шу. Өкпесінде: везикулярлық тыныс. Іші жұмсақ, бауыры және көкбауыры ұлғаймаған. ЖҚC: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

*жүйелі қызыл ноқта

*+ювенильді идиопатиялық артрит, жүйелі вариант

*ревматикалық қызба

*бруцеллезді артрит

*ювенильді идиопатиялық артрит, буындық вариант

#21

*!5 жастағы бала. Ауруы 4 ай бұрын екі тобық және оң жақ тізе буындарында ауру сезімі және таңертеңгілік бүйкүйездік, дене температурасы 37,5°С пайда болды. Перифериялық лимфа түйіндері ІІ дәрежелі, ауру сезімінсіз. Ішкі ағзалар өзгеріссіз. ЖҚА: Нв-115г/л, лейкоцит 15х109/л, ЭТЖ 27 мм/сағ. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

*ревматикалық қызба

*+ювенильді идиопатиялық артрит, буындық вариант

*Стилл ауруы

*ювенильді идиопатиялық артрит, жүйелі вариант

*реактивті полиартрит

#22

*! 8 жасар қыз бала, үш жасынан ауырады. Аурудың басында – оң тізе буыны артриті, 3 айдан соң сол тізе, шыбық-алақан буындарының артриті қосылды. Объективті: сол тізе, шыбық-алақан буындарының деформациясы, бүгілуі шектелуі, таңертеңгілік бүйкүйездік. Ішкі ағзалар өзгеріссіз. ЭТЖ 35 мм/сағ. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

*ревматикалық қызба

*Рейтер ауруы

*реактивті полиартрит

*+ювенильдік идиопатиялық артрит

*туберкуллезді полиартрит

#23

*!Ұл бала 6 жаста. Шағымдары: дене температурасы 37,5°С, мойындағы ауру сезімі. Таңертеңгілік жаттығуда басын қозғалтқан кездегі ауру сезімі 3 ай бұрын басталған Обьективті: жағдайы орташа ауырлықта. Катаральды белгілер анықталмайды. Ішкі ағзалар бойынша өзгеріссіз. ЖҚА : Нв-115г/л, лейкоциттер-15*109/л, ЭТЖ – 27 мм/ч.

ЮИАның қолайсыз болжамының нақты белгісі?

* тізе буындарының бұзылысы

*+ мойын омыртқа тұсының бұзылысы

* тізе буындарының бұзылысы

* аяқ-қолдардың майда тамырларының бұзылысы

* мойын буындарының бұзылысы

#24

*!5 жастағы бала. Ауруы үш ай ауырады. Шағымдары: екі тобық және оң жақ тізе буындарында ауру сезімі және таңертеңгілік бойкүйездік, дене температурасы 37,5°С. Объективті: жағдайы орташа ауыр. Ішкі ағзалар өзгеріссіз. Екі тобық және оң жақ тізе буындарының көлемі ұлғайған, сипағанда жылы, қозғалысы ауру сезіммен. ЖҚА: Нв-115г/л, лейкоцит 15х109/л, ЭТЖ 27 мм/сағ. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

* ревматикалық қызба

*+ювенильді идиопатиялық артрит, буындық вариант

* Стилл ауруы

* ювенильді идиопатиялық артрит, жүйелі вариант

* реактивті полиартрит

#25

*! 10 жасар ұл бала, 3 жылдан бері ауырады. Обьективті: жағдайы орташа ауыр.Тізе буындары шар тәрізді өзгерген, екі тобық және шынтақ буындарының қозғалысы шектелуі және ауыруы, таңертеңгі бойкүйездік байқалады. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

* реактивті артрит

* жүйелі қызыл ноқта

*+ ювенильді идиопатиялық артрит

* Рейтер ауруы

* бруцеллезді артрит

#26

*! 10 жасар ұл бала, 3 жылдан бері ауырады. Обьективті: жағдайы орташа ауыр.Тізе буындары шар тәрізді өзгерген, екі тобық және шынтақ буындарының қозғалысы шектелуі және ауыруы, таңертеңгі бойкүйездік байқалады. Ішкі ағзалар өзгеріссіз. Диагнозды дәлелдеу үшін қандай лабораториялық зерттеулер жүргізілуі қажет?

* жалпы қан сынағы

* С- реактивті белок

* LE-клеткалар

*+ ревматоидты фактор

* Райт-Хедельсон реакциялары

#27

*! 12 жасар қызда 1 ай бойы дене қызуының көтерілуі, әлсіздік. Обьективті: аяқ қолында, кеудесінде - экссудативті эритема; олар жазда суға түсіп, күнге қыздырынғаннан соң жарылған. Жүрек үндері көмескі, тахикардия. ЖҚС: эритроциттер– 2,8 *1012/л, Нв-96 г/л, лейкоциттер - 3,2*109/л, тромбоциттер – 120 мың. ЭТЖ-36 мм/сағ, антинуклеарлы фактор - титрі жоғарғы. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

* Висслера-Фанкони синдромы

* жедел миокардит

* жүйелі склероз

* жедел ревматикалық қызба

*+ жүйелі қызыл ноқта

#28

*! 10 жасар қыз бала. Қызбаға; шаштарының түсуіне, шынтақ және білезік буындарының қабынуына шағымданады. Объективті: теріде «көбелек» симптомы. Жүрек үндері тұйықталған, тахикардия. ЖҚС: лейкоциттер – 2,7*109/л, тромбоциттер- 110*109/л, ЭТЖ-38 мм/сағ.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

*+ жүйелі қызыл ноқта

* ювенильді идиопатиялық артрит

* түйінді полиартериит

* ревматикалық қызба

* дерматополимиозит

#29

*! 12 жасар ауруда 1 ай бойы дене қызуының 38°С көтерілуі, білезік буындарының қабынуы; беті мен мұрын айналасында қызыл дақ көлге суға түскеннен соң пайда болды. Стоматит, хейлит, шаш түсуі. Жүрек үндері тұйықталған, тахикардия. Өкпесінде везикулярлық тыныс. Іші жұмсақ, ауру сезімінсіз. ЖҚС: Нв-110г/л, лейкоциттер – 3*109/л, ЭТЖ-35 мм/сағ. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

*+жүйелі қызыл ноқта

* дерматомиозит

* ювенильный идиопатический артрит

* түйінді полиартериит

* системный склероз

#30

*! 7 жасар қыз бала. Шағымы: айқын әлсіздік, шаршағыштық, арықтау, боли в суставах. Объективті: беті мен мұрын айналасында эритематозды бөртпе, қышыну жоқ. Дене қызуы 38,2°С. Жүрек үндері тұйықталған, тахикардия. Өкпесінде: везикулярлық тыныс. Іші жұмсақ, ауру сезімінсіз. ЭТЖ-46 мм/сағ. Қанда: жоғары титрде LЕ-клеткалар, гематоксилин денешіктері. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

* дерматополимиозит

* системный склероз

* ювенильді идиопатиялық артрит

* +жүйелі қызыл ноқта

* түйінді полиартериит

#31

*!12 жастағы науқаста саусақ терілерінің атрофиясы, тырнақтары жұқарған, ақ дақтар көрінеді. Саусақ буындарының контрактурасы, қолдары тоңады. Қарап тексергенде: бет әлпеті маска тәрізді, ауызы толық ашылмайды. Ішкі ағзалар өзгеріссіз. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

* дерматополимиозит

* ювенильді ревматоидты артрит

* жүйелі қызыл ноқта

* түйінді полиартериит

*+жүйелі склероз

#32

*!10 жасар қыз баладағы аурудың көріністері: саусақтарының тері және тері асты клетчаткасының атрофиясы, бет әлпеті мимикасы бұзылған, кейде артралгия. ЖҚС айқын ауытқулар жоқ. ЭТЖ өзгермеген. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

* дерматитпен айқындалған дерматополимиозит

* ювенильді ревматоидты артрит, буынды түрі

* жүйелі қызыл ноқта, I дәрежесі

* түйінді периартериит, перифериялық түрі

*+ жүйелі склероз, акросклерозды түрі

#33

*!5 жастағы қыз. Ауырғанына 2 жыл болды. Қарап тексергенде ауызы толық ашылмайды, бет әлпеті маска тәрізді. Қастары, кірпіктері жоқ, шаштары жұқа, саусақтары жіңішкерген, «құс тырнақтары» сияқты иілген, контрактура. Қолдарының терісі атрофияға ұшыраған, суық. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

* дерматополимиозит

* ревматоидты артрит

* жүйелі қызыл ноқта

* Рейтер ауруы

*+жүйелі склероз

#34

*!12 жасар қыз бала. Шағымы: аяқ пен қолдарындағы ауру сезімі. Қарап тексергенде: көзінің айналасында қызғылт эритема. Пальпацияда балтыр және иық бұлшықеттерінің қатты ауру сезімі және қамыр консистенциялы, жүруі қиындықпен. Жүрек үндері тұйықталған, тахикардия. ЖҚС: Нв-115г/л, лейкоциттер – 4,7*109/л, тромбоциттер - 180*109/л, ЭТЖ-32 мм/сағ. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

*+дерматополимиозит

* жүйелі қызыл ноқта

* жүйелі склероз

* түйінді полиартериит

* аллергиялық дерматит

#35

*! 10 жасар қыз. Обьективті: жағдайы орташа ауыр. Екі қабағында қызғылт эритема. Пальпацияда аяқтарының бұлшық еттері ауру сезімді, қатты. Жүрек үндері анық, ырғағы дұрыс. Өкпесінде: везикулярлық тыныс. ЖҚС: Нв-115г/л, лейкоциттер – 5,7*109/л, ЭТЖ-28 мм/сағ. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

*+ дерматополимиозит

* жүйелі қызыл ноқта

* жүйелі склероз

* түйінді полиартериит

* үдемелі миопатия

#36

*! 8 жасар қыз балада – дисфагия, жалпы айқын бұлшықеттерінің әлсіздігі, периорбитальды ісінулер, гиперемия, фалангааралық буындарда эритема, проксимальды бұлшықеттер тығыздануы және ауру сезімі, дауысы қарлыққан, шашалады. Жүрек үндері тұйықталған, тахикардия. ЖҚС: Нв-110г/л, лейкоциттер – 3,5*109/л, ЭТЖ-40 мм/сағ. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

* ювенильді идиопатиялық артрит

* жүйелі қызыл ноқта

* жүйелі склероз

*+ дерматополимиозит

* псевдобульбарлы паралич

#37

*! 9 жасар қыз бала. Қарап тексергенде: эритема және периорбитальды ісінумен және айқын бұлшықет гипотрофиясымен, жайылган бұлшықет сіңір контрактурасымен, көптеген беткей кальцинаттар. Жүрек үндері тұйықталған, тахикардия. ОАК: Нв-110г/л, лейкоциты – 4,5*109/л, СОЭ – 45 мм/час. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

* жүйелі склероз

*+дерматополимиозит

* ювенильді идиопатиялық артрит

* түйінді полиартериит

* жүйелі қызыл ноқта

#38

*!8 жасар қыз балада – дисфагия, жалпы айқын бұлшықеттерінің әлсіздігі, периорбитальды ісінулер, гиперемия, фалангааралық буындарда эритема, проксимальды бұлшықеттер тығыздануы және ауру сезімі, дауысы қарлыққан, шашалады, кардиомегалия, тахикардия, гепатомегалия, ЭТЖ жоғары-50 мм/сағ. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

* ювенильді идиопатиялық артрит

* жүйелі қызыл ноқта

* жүйелі склероз

*+ дерматополимиозит

* псевдобульбарлы паралич

#39

*! 8 жасар қыз бала. Қарап тексергенде: жалпы гиперстезия,тершеңдік,кеудесінде тамырлық тор. Жүрек үндері анық, ырғағы дұрыс. Өкпесінде: везикулярлық тыныс. Іші қатайған, тітіркенген, ұру симптомы оң. ЖҚС: Нв-115г/л, лейкоциттер – 9,7*109/л, ЭТЖ-38 мм/сағ.ЖЗС: протенурия, микрогематурия, цилиндурия. Түйінді полиартериттегі бүйректің микроаневризмасын анықтау үшін ең қажет зерттеу әдісі:

* бүйректің УДЗ

*бел аймағының МРТ

*+ бүйректің ангиографиясы

* бүйректің рентгенографиясы

*қуықтың УДЗ

# 40

*! 15 жасар қыз бала. Шағымдары:дене қызуының 38С дейін көтерілуі,тәбет төмендеуі, аяқ-қолдарының шаншып және кернеп ауруы. Қарап тексергенде: жалпы гиперстезия, аяқ-қолдарының жергілікті жұмсаруы тамырлық тор және дистальды гангренамен. Түйінді полиартериттегі деструктивті-пролиферативті өзгерістерді анықтау үшін ең қажет зерттеу әдісі:

* қантамырларының УДЗ

*кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы

*ангиография

* қантамырларының катетеризациясы

*+органоспецификалық биопсия

#41

*!15 жасар қыз бала. Шағымдары:дене қызуының 38С дейін көтерілуі,тәбет төмендеуі, аяқ-қолдарының шаншып және кернеп ауруы. Қарап тексергенде: жалпы гиперстезия, аяқ-қолдарының жергілікті жұмсаруы тамырлық тор және дистальды гангренамен. Жүрек үндері анық, ырғағы дұрыс. Өкпесінде: везикулярлық тыныс. Іші қатайған, тітіркенген.ЖҚС: Нв-115г/л, лейкоциттер – 9,7*109/л, ЭТЖ-38 мм/сағ. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

*+ түйінді полиартериит

*дерматополимиозит

*жүйелі қызыл ноқта

*жүйелі склероз

*ревматикалық лихорадка

#42

*!8 жастағы науқаста қол және аяқ бұлшықеттерінің қатты ауыруы, соңғы 3 апта әлсіздік, артралгия. АҚҚ 160/120 мм с.б. Мезгіл-мезгіл қызба, дене салмағын 3 кг жоғалтқан. Сан аймағында айқын терідегі қан тамырлық өріммен жергілікті тіндердің жұмсаруы. Жүрек үндері анық, ырғағы дұрыс. Өкпесінде: везикулярлық тыныс. ЖҚС: Нв-115г/л, лейкоциттер – 9,7*109/л, ЭТЖ-28 мм/сағ. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

*+ түйінді полиартериит

*дерматополимиозит

*жүйелі қызыл ноқта

*жүйелі склероз

*ревматикалық лихорадка

#43

*!3 жастағы қыз балада 2 аптаға созылған қызба. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауыр, өзін сезінуі нашар. Тері қабаттары бозғылт, жалпы аяқ пен қол терісінің қабыршықтануы, тізе буынындағы ауру сезімі, ісіну, гиперемиясыз. Жақ асты лимфа түйіндері 2 есе ұлғайған, ауру сезімсіз және қозғалмалы. Жүрек үндері тұйықталған, тахикардия. Болжам диагноз: Кавасаки ауруы. Қандай прогностикалық даму ең жағымсыз?

* аорта аневризмасы

*+ коронарлы артерияның аневризмі

* бүйрек тостағаншаларының васкулиті

* төменгі боліктің гангренасы

* жүрек клапандарының қабаттануы

#44

*!3 жастағы қыз балада 2 аптаға созылған қызба. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауыр, өзін сезінуі нашар. Тері қабаттары бозғылт, жалпы аяқ пен қол терісінің қабыршықтануы, тізе буынындағы ауру сезімі, ісіну, гиперемиясыз. Жақ асты лимфа түйіндері 2 есе ұлғайған, ауру сезімсіз және қозғалмалы. Жүрек үндері тұйықталған, тахикардия. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

*ювенильді идиопатиялық артрит

*жүйелі қызыл ноқта

*Бехчет ауруы

*+Кавасаки ауруы

*Вегенер гранулематозы

#45

*!9 жасар балада антибактериалды терапияға төзімді 1 аптаға созылған қызба; іріңді емес билатеральды конъюнктивит; ауыз қуысының шырышты қабатының қабынуы; диффузды эритематозды бөртпе; мойындық лимфаденопатия. Бұл қай ауруға ЕҢ тән симптомокомплекс?

*Бехчет

*Вегенер

*+ Кавасаки

*Шенлейн-Генох

*Хортон

#46

*! Ұл бала 8 жаста. Дене температурасының 38,9*С жоғарылауына, ұзақ уақытқа созылған мұрыннан су ағуға, әлсіздік, тәбетінің төмендеуіне, тізе буынының ауру сезіміне шағымданады. 1 Апта бұрын ЖРВИ мен ауырған, ем қабылдамаған . ЖҚА: анемия, лейкоцитоз, ЭТЖ ның жоғарылауы. ИФА: Igм, IgG, Ig E жоғарылаған. ЖЗА: протенурия, микрогематурия, цилиндурия анықталады. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

*Кавасаки ауруы

*+Вегенер гранулематозы

*Бехчет ауруы

*жүйелі қызыл ноқта

*геморрагиялық васкулит

#47

*!Ұл бала 6 жаста. Дене температурасының 38*С жоғарылауына, ұзақ уақытқа созылған мұрыннан су ағуға, әлсіздік, тәбетінің төмендеуіне, тізе буынының ауруанемия, лейкоцитоз, ЭТЖ ның жоғарылауы. ЖЗС: протенурия, микрогематурия, цилиндурия анықталады. Болжам диагноз: Вегенера гранулематозы. Диагностикалауда қандай зерттеу әдісі ең ақпаратты?

*+нейтрофиль цитоплазмасындағы антиденені анықтау

*жалпы қан анализі

*жалпы зәр анализі

*тромбоцитті анықтау

*қанның биохимиялық анализі

#48

*!Ұл бала 13 жаста. 2 апта бұрын герпестік инфекциямен ауырғаннан кейінгі дене температурасының 38*С жоғарылауы сақталған және оң жақ тізе буынының ауру сезімі мен ісінуі, ауыз қуысы мен жыныс жолдарындағы көптеген ойық жаралар, тыныс алу кезіндегі кеудесіндегі ауру сезіміне шағымданады. Жүрек тондары анық, ритм дұрыс. Өкпесінде: қатаң тыныс. ЖҚА: Hb-136г/л, лейк-13х109 г/л, ЭТЖ-50мм/час, СРБ++++, Блюмберг симптомы оң (+).Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

*Кавасаки ауруы

*Вегенер гранулематозы

*+Бехчет ауруы

*дерматополимиозит

*геморрагиялық васкулит

#49

*!Ұл бала 6 жаста, 2 апта бойы ауыз қуысындағы және ұмадағы ойық жара, артралгия, жоғарғы температура мазалайды. Жүрек тондары анық, ритм дұрыс. Өкпесінде: қатаң тыныс. ЖҚА: Hb-126г/л, лейк-12х109 г/л, ЭТЖ-30мм/час, СРБ+++, Блюмберг симптомы оң. Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал?

*самай артериясының атеросклерозы

*алып клеткалы артериит

*такаясу аортоартерииті

*самай артериясының тромбозы

*+ Бехчета синдромы

#50

*! 12 жасар қыз бала. Оң тізе буыны ауырады, әлсіздік. Анамнезінде: жиі баспамен ауырады. Кезекті баспадан кейін: субфебрилитет, тізе буындарының артриті. Жүрек шекаралары солға қарай кеңіген. Жүрек ұшында I-үн әлсіреген, үрлеген тәрізді систолалық шу. Жедел ревматикалық қызбаның ағымының ауырлығы және оның болжамы байланысты :

* ревматикалық түйіндермен

* полиартритпен

*+кардитпен

* орталық жүйке жүйенің зақымдалуымен

* ЭТЖ жоғарылауымен