Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
педагогика 7-11.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
50.11 Кб
Скачать

10Билет

1суракЖеке адамның санасын қалыптастыру әдістері. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, байымдау - пікірін айту, баға беру, сендіру): •  этикалық әңгіме;•  әңгімелесу;•  пікірталас;•  лекциялар;•  өнеге;•  көндіру (суггестия). Сананы қалыптастыру әдістерінің синонимі - сендіру әдісі арқылы тәрбиеші оқушыға адам мінезіне қойылатын талаптар, еңбектің, басқа адамдармен қарым-қатынастың маңызы туралы айтып, оның дұрыстығына баланың көзін жеткізуге ұмтылады. Баланы жақсы сөз бен іске сендіру үшін мұғалім тілді қолданады. Беделді, мәдениетті, тәжірибелі мұғалімдердің сөзі оқушыға өтімді болады.•  Этикалық әңгіме - этикалық, эстетикалық мәселелерді оқушыға талдату. Мұғалім оқушылармен әңгімелескенде, олардың ойын тыңдап, онымен санасады, ынтымақтаса жұмыс істеп, адамның мінез-құлқына, жүріс-тұрысына қойылатын талаптарды бұзған оқушылардың іс-қылықтарын талдайды. Әңгімені бастауға себепші болатын балалардың теріс қылықтары. Мұғалім тәртіп бұзған оқушылармен жеке сөйлесіп, оның кателігін өзіне әдепті түрде түсіндіреді.Әңгіме тақырыбына байланысты техникалық құралдар қолданылады. Әңгіме мұғалімнің қысқаша сөзінен басталады. Ол оқушыларға мәселелі сипаттағы сұрақтар қойып, талдатып, қорытындылайды.• Пікірталас. Пікір білдіру, баға беру оқушының дүниеге сенімін арттырып, ондағы қателіктер мен кейбір адамдардың жалған көзқарастарымен күресуге үйретеді.Пікірталас оқушылардан ақыл-ой қызметін, сезім белсенділігін талап етеді. Мұғалім пікірталасты өткізбес бұрын оның тақырыбын, сұрақтарын тұжырымдап, жүргізушіні белгілеп, қолданылатын әдебиеттерді ұсынып, оқушыларды пікірталас ережелерімен таныстырады.• Түсіндіру. Бір топқа, жеке оқушыларға жаңа ережелер басқа адамды құрметтеу, өзін басқа кісінің орнына қою, т.б. түсіндіріледі. Партаны сызу, дөрекілік жасау теріс қылық екенін түсіндіре берудің қажеті болмағандыңтан басқа әдіс қолдану керек. Мұғалім адамшылық қасиет туралы баланың пікірін сұрап, оқушыны жақсы сапалардың қажеттігіне сендіріп, баланы теріс қылығы үшін ұялтып, түзелуге бағыттайды.•  Өнеге. Мұғалім оқушыларға әдебиеттегі және өмірдегі түрлі кейіпкерлерді  үлгі еткенде оқушы өзінің ішкі жан-дүниесіне үңгіле бастайды. Бала басқа адамға еліктегіш. Бастауыш сынып оқушылары барлық адамдарға еліктейді. Жеткіншектер өздері таңдаған адамдарына еліктейді. Балалар әдеби және тарихи кейіпкерлерге, құрбыларына, ересектерге, ата-аналарына, мұғалімдерге, бұқаралық ақпарат құралдарының, өнердің жас ұрпаққа үлгі ететін адамдарына еліктейді.• Сендіру. Мұғалім өз пікіріне баланы сендіргісі келіп, оған былай дейді: "Ақымақ - жаман адам, себебі ол өз ісіне есеп бермейді".Оқушыға сабаққа кешігудің зияндығын дәлелдеу үшін: "Бәріміздің ойымызды бөліп жіберетіндіктен, адамдардың кешіккені ұнамайды,", - дейді. Мәдениеттіліктің пайдасына оқушының көзін жеткізу үшін, мұғалім: "Суды стақанмен іш, шишаның аузынан ішуге болмайды", - дейді.Мұғалім балаға қарым-қатынастың маңызын ашу үшін: "Сен газетті үйіңе ұмытып кеткендіктен, сынып сағатымыз ойдағыдай өтпейді" - дейді. Диалог әдісін қолданатын мұғалім: "Мен осылай ойлаймын, сендер қалай ойлайсыңдар", - деп сөйлеседі. Пікірталас жұмыс барысында пайда болады немесе оны мұғалімнің өзі ұйымдастырады. Көркем шығармадан алған әсерін мұғалім оқушыға былай білдіреді: "Мына портреттегі адам екінші портреттегі адамға қарағанда сұлу"."Сенің ақылық бар ғой, жібірлеген құрбыңнан кешірім сұра", - деп, мұғалім балаға нұсқау береді. Ол жасырын тұрде болғандыңтан бала басқаша қабылдайды.Қоғамдың пікір. Балаларға тәрбиешінің қоятын талабы ең алдымен ұжымның талабы екендігін түсіндіру керек. Ұжымның талабы - жалпы қоғамдың пікірдің көрінісі. Қоғамдың пікір ұжымдағы іс-әрекетті ұйымдастыру және мінез-құлықты қалыптастырудың негізгі әдісінің бірі.Қоғамдың пікір ұжым мүшесінің, жекелеген топтардың іс-әрекетін, қылығын бағалауда қолданылады. Қоғамдың пікірдің негізгі нысандары - ұжым мүшелерінің жиналыста, жиындар да, митингіде, жергілікті баспасөзде және дөңгелек үстел басында, ашың әңгімеде, кемшіліктерді сынап, жаңа міндеттерді жүзеге асырудың жолдарын белгілеуі.

2сурак Түйсік заңдылықтар:

1. Адаптация – сезім органдарының өзгерген жағдайға бейімделуі. Сезім органдарының қоршаған ортаға бейімделуі өте зор. Адаптация құбылысы адамға таныс.

2. Түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды. Сезгіштік деңгейінің жоғарылауы екі сипатта көрініс береді: А.Р.Лурия 1) ұзаққа созылған, тұрақты ағзадағы қалыпты өзгерістерге байланысты; 2) уақытша, субъектті кейпіне, физиологиялық немесе психологиялық себептерге байланыстытосыннан болған әсерлерден туындайды.

3. Синестезия – грек сөзінен алғанда қосарласқан түйсік деген мағынаны білдіреді. Сырттан әсер еткен тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің бірінде ғана түйсік туғызып қана қоймайды, сол сәтте басқа түйсіктердің болуына жағдай жасайды. Мысалы, алманы көргенде оның түсін, көлемін қабылдайды, оның иісін сезіп, дәмін еске түсіреді. Немесе, адамдардың бірі қызғылт түстен жылылықты, ал көгілдір түстен суықтықты сезінеді. Яғни түйсіктердің қосарласып келуі болып табылады.

4. Сенсибилизация – сезгіштіктің артуын ғана көрсететін құбылыс. Яғни талдағыштардың өзара ықпалы әсерінен сезгіштіктің артуы.

Тітіркендіргіш әсерінің тоқтағанына қарамай, аз ғана уақыт болса да түйсіктің өз күшінде қалатын кездерін бір ізді образдар деп атайды. Бұлар көру, есту, иіс, тактиль түйсіктерінде жиі кездесіп отырады. Мысалы адам 2-3 секунд бойы көзін алмай шамға қараса, содан кейін көзін жұмса жарықтың ізін байқауға болады. Бір ізді образдың бұл түрі оң бір ізді образдар деп аталады. Қасымызға екі парақ қағаз алып, бірін ақ күйінде қалдырып, екіншісінің ортсына шаршылап қиылған қызыл қағаз жапсырайық. Бұдан кейін бұл қызыл қағаздан көз алмай 20-30 сикунд қарап отырып, көзімізді ақ қағазға аударсақ, оның бетінен көгілдір түстер көруге болады. Бұл теріс бір ізді образдар.

3суракОқыту әдісі дегеніміз-мұғалімнің оқушыларға білім мен тәрбие беру тәсілдері және оқушылардың білімді қабылдау барысындағы іс-әрекеттері – деп айтуға болады.Екі жақты бір-біріне тығыз байланысты және бір мақсатқа жету үшін жасалатын әрекеттер жиынтығы.Оқыту,білім беру көзі мен оқулықтың мазмұны міндетті түрде оқу бағдарламасында көрсетілген тақырыптар бойынша анықталады. “Дүниетануды” пән ретінде оқыту барысында алуан түрлі әдістер мен тәсілдердің қалыптасқандығы белгілі, және олардың кейбір ерекшеліктеріне байланысты төмендегідей топтастыруға болады.Оқушылардың білім қалыптастыру кезіндегі іс-әрекеттің сипаты.Мұғалімнің білім берудегі іс-әрекетінің сипаты.Білім алу көзі.Әдістерді жүйелеуде осы үш ерекшелік негізгі болып табылады.Дәстүрлі сабақ беру ежелден келе жатқан білім беру жүйесі.Осы орайда білім берудің негізгі классикалық әдістері үшеу екендігі белгілі, олар сөздік әдіс,көрнекілік және практикалық әдістер.Қазіргі заманның талабына сай білім берудің жаңа әдістерді де оқу-тәрбие жұмыстарында кеңінен қолданылуда.Оқыту әдістері ғылыми- таным әдістеріне байланысты,өйткені оқытуда ең басты оқушылардың танымдық іс-әрекеті.Ғылыми танымға қатысты бірсыпыра ережелер оқушылардың танымдық іс-әрекетінде қолданылатын оқыту әдістерінің ерекшелігін анықтайды.Бұл ережелер:оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді; оқыту әдістері практикамен теорияны жақындастырады; оқыту әдістері шындықты тануға әрекет жасайды;идея нақты өмір мәліметтерінен қорытылады.Осы ережелердің бәрі оқушылар көзқарасының қалыптасуының, таным қабілеттерінің дамуының негізі болады.“Әдіс”пен “тәсілдің” шекарасы өте жылжымалы, құбылмалы,сондықтан оның шекарасын анықтау өте қиын.Өйткені,әдіс кейде тәсілге, ал әдістемелік тәсіл оқыту әдісіне айналады. Мысалы:1.Егер мұғалім баяндау процесінде суреттерді демонстрациялап көрсетсе, онда демонстрация әдістемелік тәсілге жатады.2.Оқушылар зерттеу негізінде суреттермен танысып,тақырып бойынша нақты білім алса,онда суреттерді демонстрациялау әдіске, ал баяндау тәсілге жатады.3.Лабораториялық сабақтың мәнін және мағынасын анықтайтын әңгіме әдістерінде қолданылады.4.Егер оқушылар лабораториялық тапсырманы өз бетінше орындауға кіріссе, ал мұғалім сол дербес жұмыс процесінде тек әңгіме элементтерін қолданса, әңгіме тәсіл ретінде пайдаланылады.