7билет
1сұрақТәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді. Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудық нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады. Мұғалім қандай адамды қалыптастыратынын дәл білуі керек. К.Д.Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады. "Тәрбие - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс" - деп Коменский тәрбие мақсатын төмендегі-дей негізгі элементтерге бөлді:• адамға барлық заттарды білгізу - "ғылыми білім";• заттардың және өзінің қожасы ету - "адамгершілік";• құдайға, заттарға құлшылық ету -"діни тәрбие";• тән саулығы - "денетәрбиесі".И.Г. Песталоцци тәрбиенің мақсаты балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту деген.Неміс педагогы А. Дистервег педагогикалық мәселелерді шешудегі сословиелік және шовинистік саясатқа қарсы күресіп, "Мектептің міндеті - адамзатты және өз халқын сүйетін саналы азаматтарды тәрбиелеу" - деген.К.Д. Ушинский тәрбиенің мақсаты қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды тәрбиелеу деген. Ол адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты қарастырады.П.П.Блонский тәрбие мақсаты балаға жалпы адамзаттың және ұлттың мәдениетті меңгеруге көмектесу, жеке тұлғаның жалпы адамзаттық идеалдарын қалыптастыру деген. А.С.Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық міндет қойып, педагогтардың жұмысын бақылауға алуға болатындығын атап көрсетті. Ол "Тәрбиенің негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту" - деген ұсынысты қолдады, В.А.Сухомлинский оны жүзеге асырды.Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби "Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі" - деді.Ы.Алтынсарин "өмірдің негізгі мәні — еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу - кісіліктің басты белгісі" - деген.Абай Қүнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік, маңтаншақтың, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады.М.Жұмабаев "Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден .ляззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы" - деп жазды
2сұрақ Зейін дегеніміз адам санасының белгілі бір объектіге бағытталып,оның айқын бейнелеуін қамтамасыз ететін психологиялық процесс.Зейін үш түрі бар:Ырықсыз зейін адам алдында мақсат қоймай ақ қоршаған ортадағы тітіркендіргіштердің әсерінен адам санасының белгілі бір объектіге еріксіз аударуы.Мысалы: өткір иіс,оқыс дыбыс,ашық түстер.Ырықты зейін адам өз алдына мақсат қойып,қандайда ерік жігер күшін жұмсап заттарға саналы түрде көңіл аударады.Мысалы: емтиханға дайындалу,сабаққа дайындалу.Үйреншікті зейін алғашқыда ырықсыз зейінді қажет ететін кейіннен автоматизмге айналатын зейін.Мысалы:машина жүргізу. Зейін – бұл психикалық іс-әрекеттің бағытталуы мен шоғырлануы. Осы әрекеттің таңдамалылығы мен сақталуы оның бағыттылығын танытса, ал сол әрекетті тереңдей танумен басқаларын елемеу – зейіннің шоғырлылығын білдіреді. Бұл анықтамадан болатын қорытынды - зейін өз өніміне ие емес, ол тек басқа психикалық үдерістердің нәтижелілігін көтеру қызметін атқарады.Зейін сана қызметінің іске асуын қамтамасыз ете отырып, сыртқы әсерлерді бөлшектейді, нақты сәттегі мәнді ықпал бірліктерін ажыратады және оларға аса жоғары аналитик-синтетикалық күштерді шоғырландырады. Осыдан сана айқын да анық деңгейге көтеріліп, қажетті бағыт-бағдар алады.У. Джемс зейіннің келесі түрлерін қарастырады: 1) сезімдік (сенсорлы) және ақыл-естік (интеллектуалды); 2) тікелей нақты, егер нысан өздігінен көңіл тартатын болса, және туынды (жанама); 3) ырықсыз не енжар, күш жұмсауды қажет етпейтін және ырықты (белсенді) – ерік қосумен болатын.Егер іс-әрекет адамды қызықтыратын болса, ырықты зейін үйреншікті зейінге өтеді де, енді ерік күші тіпті қажет болмай қалады. Ырықта зейін сияқты бұл зейін түрі белсенді сезімімен, мақсат бағдарлылығымен және ниеттілігімен ерекшеленеді. Аталған үш зейін түрлері өзара ауысып, іс-әрекет бабына, мақсатына орай қызмет жасауы мүмкін.
3сурак Жанр (французша genre, латынша generіs — түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. Жанрлық жіктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе құрайды. Мысалы, музыкадағы “ән”, “күй”, “романс”, “симфония”, т.б. жанрлар бейнелеу өнеріне тән емес, бейнелеу өнерінде “натюрморт”, “пейзаж ”, “портрет ” сияқты жанрлар болса, әдебиетте “айтыс ”, “жыр ”, “әңгіме”, “роман ”, “эпопея ”, т.б. жанрлар бар. Солай бола тұрғанмен барлық өнер түрі үшін ортақ жанрлық жіктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінше көрініс табады. Бұл үрдіс, яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оған көзқарас та біртекті емес. Бүгінгі біздің білетініміз кескіндеме жанрларының түрлері. Кескіндеме жанры 4 түрге бөлінеді: Живопись орындалу ерекшелігіне қарай бірнеше жанрға бөлінеді: маринистік жанр, анималистік жанр, тарихи жанр, батальдық жанр. Галерея – көркем шығармалар қоры жинақталған орын. Қазақстандық суретшілердің шығармалары, жалпы Қазақстан бейнелеу өнері туындылары жинақталған орын ең алғаш рет 1935 жылы Алматыда ашкан.Ол Қазақ Мемлекеттік көркемсурет галереясы деп аталды. 1976 жылы Қазақ қолөнер мұражайымен бірігіп, 1984 жылы оған Әбілхан Қастеев есімі берілді. Қазір Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік Бейнелеу өнері мұражайы деп аталды.Балалар, біздің галереямызда живописьтің түрлі жанрындағы шығармалар жинақталыпты.Алдын-ала берілген тапсырма бойынша оқушылар әр жанрға түсініктеме беріп, толықтырамын .Тарихи жанр – белгілі бір оқиғалар мен тарихи кезеңдер бейнеленген көркем шығармалар.Батальдық жанр – соғыс оқиғалары, Отан қорғау, жер қорғау көріністері бейнеленген көркем шығарма.Маринистік жанр – теңіз, көл, мұхит су әлемі табиғаты көріністері бейнеленген шығармалар.Анималистік жанр – жан-жануарларды бейнелеген көркем шығарма. Ол латынның «animal» (хайуанат) деген сөзінен шыққан.
8билет
1суракТәрбиенің принциптпері.Принцип дегеніміз - адамның іс-әрекетінде басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережесі. негізгі қағидалар:1. Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы.тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ождан мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу.Мектептің бүкіл іс-әрекеті, қоғамдық өмірі осыған қызмет етуі керек.2. Жас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу - балаларды ақыл-ой әрекетімен қатар іскерлік пен пысықтыққа машықтандыру, өнімді еңбек етуге бейімдеу, ата-ана мен бала, Тәрбиеші мен тәрбиеленуші, үлкен мен кіші арасынғы қарым-қатынасты өзара сенімге, қайырымдылыққа, имандылыкқа, бір-біріне сый-құрметпен қарауға негіздеу, тәрбие барысында психологиялық жайдарылық, үйлесімділік ахуал туғызу, жас азаматтың өзіне сенімін арттыру, қамқоршылық сезімін дамыту.3. Тәрбие барысында жеке тұлғаға қойылатын талап пен көрсетілетін құрметтің бірлігі.Тәрбиеленушіні құрметтеу және оған талаптар қою - баланың мықты және нашар жақтарын біліп, оның өсуіне қажетті жағдайлар жасау. Талап қоюдан оқушыға құрмет, күші мен қабілетіне сенім көрінеді. 4. Тәрбиелік ықпалдардық тізбектестігі, жүйелілігі, үздіксіздігі5. Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін есепке алу.Оқушылардың жеке ерекшелігі - денсаулығы, ақыл-ойы, адамгершілік қалыптасуы, сыртқы әсерлерге жауабы, қабылдауы, т.б. 6. Баланы ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу - тәрбие жұмысындағы жетекші принциптердің бірі. Мұны екі түрлі көзқарас тұрғысынан қарау керек. Бірі - ұжымдық тәрбие қоғамның негізгі қаруы. Бала берік ұйымдасқан, ынтымақты, өлеуметті, рухани таза ұжымда болуы қажет. Екіншісі - тәрбиеленушінің педагогтың ықпалымен, көзқарасымен шектеліп қалмауы.7. Тәрбие процесінде мұғалім, мектеп, отбасы және қоғамдық ұйымдардық күш-қуатын үйлесімді педагогикалық бірізділікке бағыттау.Тұлға өзін өмірде сирек кездесетін ерекше феномен деп қарайды. Бұл принцип мектеп мұғалімдерінің, отбасының және қоғамның педагогикалық күш-жігерінің бірлігі мен қызмет етуін қажет етеді.8.Өзін-өзі тәрбиелеуді көбіне ұнамсыз жайды сезініп, сонымен күресуден бастайды. Біреуі - бойындағы берекесіздіктен, екіншісі - дөрекіліктен, үшіншілері - тұйықтықтан, ұялшақтықтан арылғысы келеді. Мақсат қою, күш-жігер жұмсау, өзін-өзі бақылау мен өз ісіне талдау жасап отыру - өзін-өзі тәрбиелеудің міндетті элементтері.Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері:• Жеке міндеттеме • Өзіндік есеп беру • Өз іс-қылығына талдау -Өзіне баға беру
2сурак зейіннің әр түрлі теориясы бар. Зейіннің құрылымдық функциялар теориясына назар аударатын болсақ, зейін ақпаратты өңдейтін тазартқыш тәріздес ол сенсорлы жүйеге ақпараттар ағымы шектеу арқылы қорғайды. Теорияға сәйкес семантикалық ақпараттарды өңдеу ырықты зейін арқылы жүреді.Қазіргі кезеңдегі теорияда сенсорлы нышандарды интеграциялауда және белгілуде зейіннің таңдамалылығы жайлы теория ең жағымды. Бұл теория нейрофизиологиялық моделге сүйенеді. Осы нышандарға сүйене отырып бейнелі көру құрылымы қалыптасады. Н.Н. Ланге, табиғи зейінді түсіну арқылы ең танымал деген ойларды талдай келе зейін тұжырымдамасымен теориясын қосып бірнеше топтарға бөлді.1. Зейін қозғалушы бейімделудің нәтижесі ретінде. Мұнда адамдар ырықты түрде өз зейінін бір заттан екіншісіне ауыстыра алса онда зейін бұлшықеттердің қозғалысынсыз іске асыру мүмкін емес.2. Зейін сана сезімнің көлемінің шектеулі болуының нәтижесі ретінде. Сана сезімнің көлемі деген мағынаны тарқатпас бұрын И. Герберт және У. Гамильтанның ойынша қарқындысы аз болжамды ығыстырып тастай алады.3. Зейін эмоция нәтижесі ретінде. Бұл теория англиядағы психологтар ассоциация мүшелері арасында көптеген жақтастарын тапты. Мұнда жағдайдың эмоционалділігі зейінге әсер етеді дегеннанымға негізделген болатын. Мысалы Дж. Миляның мына ойы көпшілікке мәлім ол «Жағымды әсердің болуы ол оған деген аса зейін қою идеясымен тура» деген. 4. Зейін аперцепцияның нәтижесі. Индивидтің өмірлік тәжірибесінің нәтижесі. 5. Зейін жанның ерекше белсенді қабілеті тәріздес.6. Зейін жүйке тітіркенулерінің қозғышы ретінде осы болжамға сүйенсек зейін орталық жүйке жүйесін қоздырулардың ұлғаюымен байланысты.7. Жүйкенің әлсірсу теориясы. Зейіннің негізгі фактілерін түсіндіру арқылы физиологияның жүйке процесі келесі физиологиялық процесті тоқтатып тұрады немесе басып тастайды, осы арқылы сана сезімнің шоғырландыруы пайда болады.Зейін теориясының ішіндегі кеңінен таңымал Т. Рибо теориясы онда эмоция мен оны тудыратын фактілермен тығыз байланысты. Әсіресе эмрция мен ырықты зейінмен байланысты екенін айтты. Рибоның ойынша зейіннің шоғырлануы эмоциялық жағдайлармен тығыз байланысты деген.
Рибоның ойынша зейін ағзаның физиологиялық және физикалық жағдайының өзгеруімен байланысып отырады. Бұл физиология тілімен айтқанда зейін өзіндік жағдайлары демалу, қозғалу және ырықты немесе ырықсыз реакцияларға қатысты.Мысалы Д.Н. Узнадзенің ойынша зейін мақсат қойғыштықпен тығыз байланысты деп есептеген оның ойынша ішкі орнатулар зейіннің жағдайы деп ойлаған.Зейін жайлы өте қызықты тұжырымдаманы П.Я. Галперин де ұсынған. Оның тұжырымдамасы төмендегідей:Зейін бағдарлы-зерттеу әрекетінің және психологиялық әрекеттен құралған сәттердің бірі.Зейіннің негізгі қызметі-психолгиялық образдардың, әрекетердің мазмұнын бақылау. Әр адамның іс-әрекетінде бағдарлау, орныдау және бақылау бөлімдері бар. Аталғанның соңғысы зейін деп танылған.
Әрекетке қарағанда бақылау әрекеті немесе зейіннің арнайы нәтижелілігіне бағытталған.
Әрекет ақыл-ойға байланысты емес сонымен әрекет әрекетке тек ақыл-ойдікі ғана емес сонымен қатар қысқартылған жағдайда ғана зейіннің тәуелсіз әрекет ретінде байқалады.Егер зейінді психикалық бақылау әрекеті ретінде қарастыратын болсақ, онда барлық зейіннің әрекеттері мейлі олар ырықты немесе ырықсыз болсын оларды жаңа ақыл-ой әрекетінің қалыптасу нәтижесі болып табылады.Ырықты зейін алдын ала бағдарлама бойынша орындалатын зейіннің бақылау түрі
3СуракӨзін-өзі тану» бағдарламасының әдіс-тәсілдері:
Бағдарламаның мазмұны төмендегідей оқытудың дәс-түрлі және дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асырылады: «Шаттық шеңбері», «Әңгімелесу», «Әңгіме-леу», «Дәйексөз», «Ойын», «Тыныштық сәті», «Өзіммен-өзім», «Сергіту сәті», «Дәптермен жұмыс», «Шығармашылық жұмыс», «Ғажайып сөздер», «Қорытындылау», «Жүректен жүрекке».
«Шаттық шеңбері» болып табылады.«Шаттық шеңбері»-сабақтың бас кезінде қолданылатын әдістемелік тәсіл. Тәрбиеші балалармен бірге, барлығы бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасайтын шеңбер жасайды, әр түрлі ән айтып, өлең оқиды. «Шаттық шеңберінің» педагогикалық мәні - әрбір бала өзіне таныс үлкен достық шеңберіне қабылданғанын сезінеді, өзіне сенімі артып және өзгелердің де сеніміне ие болады.
«Әңгімелесу» — бұл балалардың тақырып мазмұнын түсінуіне мүмкіндік беретін дидактикалық тәсілдің сұрақтар мен жауаптар түріндегі қарым-қатынас нысаны. Балалар әңгімелесу әдісі арқылы тақырыптың мазмұнын саналы түрде меңгереді.«Әңгімелеу»- балалардың көркем әдебиет шығармаларын, өмірдегі жағдаяттар, өсиет-әңгіме, өлеңдерді, күнделікті тұрмыста кездесетін жеке әрекет-қылықтарын тыңдауда жетекші рөл атқаратын маңызды әдістердің бір түрі. «Дәйексөз»— балалардың танымдық белсенділігін арттыруға, оқу материалын эмоционалды - бейнелі қабылдауына ықпал ететін озін-өзі тану сабақтарының міндетті элементі болып табылады. Сабақтың дәйексөзі ретінде мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, афоризмдер алынады. Дәйек сөз ретінде алынып отырған халық мақал-мәтелдері, нақыл сөздер сабақта айтылатын негізгі ойды білдіреді.«Ойын»— балалардың танымдық қызығушылықтарын жандандыру және меңгерген ұғымдар мен іскерліктерін бекіту үшін ұсынылатын оқыту әдісі. Ойындар (іскерлік, сюжеттік-рөлді, қимыл-қозғалыс, дамытушылық) баланың ойлау, есте сақтау, қабылдау, қиял сияқты психикалық үрдістерінің дамуына көмектеседі. «Өзіммен-өзім»-бұл тәсіл баланың өзін және өзінің жүрегін тыңдай білуіне септігін тигізеді.Тәрбиеші баланың көңіл-күйін көтеру негізінде төмендегі мәселелерді ескеруі қажет: «Тыныштың сәті»-балаларға күн сайын бірнеше минут «тыныштыққа бой алдыра» білу өте маңызды. Бұл әрекетті кез-келген жерде және кез- келген уақытта жасап көруге болады. Балалардың ыңғайлы жағдайда отыруын ескертіп, қадағалап отыру керек. Арқаны тік ұстап еркін отырады. Бүкіл денені босаңсытып, қолды тізеге қояды. Ойды ізгілік күйге бейімдеу дегеніміз өзіне және жақындарына іштей игі тілек білдіру болып табылады.Толық тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы реттеледі, денесі жеңілденеді.Ол өз ойын жинақтай алу мүмкіндігіне ие болады, өзінің сезімі мен көңіл-күйін жақсы сезінеді.«Сергіту сәті» — шаршағанды ұмыттыруға, жалығуды болдырмауға, денеге түскен күшті төмендетуге қажетті өзін-өзі тану сабақтарының компоненті.Бұл жұмыс олардың белсенділігін арттыру үшін қолданылады.Сергіту жаттығулары бір әрекеттен басқа әрекетке ауысуға бағытталған қысқа ойындар түрінде жүргізіледі. Осы тәсілді қолдану топта жақсы көңіл-күй тудырады, ұқыптылықты, ұжымға топтасуға ықпал етеді. «Шығармашылық жұмыс»-өзін-өзі тану сабағының маңызды бөлігі. Сурет салу, макет, коллаж жасау әртүрлі нысанда өз бетінше және ұжымдық әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Шығармашылық тапсырмаларды орындаудағы негізгі мақсат- балалардың қызығушылығын туғызу, бір-бірімен қарым-қатынас жасай білуге үйрету, ойлау қабілеттерін қалыптастыру, өз іс-әрекетінің нәтижесін білуге баулу.«Ғажайып сөздер»- бұл әдістемелік тәсілде балаларға сабақ бойы айтып үйренген жақсы сөздер мен сөз тіркестерін айтқызып, үйренген адамгершілік құндылықтарын пысықтап, бекіту мақсатында пайдаланылады.Қорытындылау»-сабақтың соңында жасалған қорытындыда тақырыпқа байланысты негізгі ой жүйеленеді.«Журектен жүрекке» шеңбері - сабақ құрылымындағы негізгі міндетті әдістемелік тәсіл.
• тәрбиеші балалармен бірге көңіл-күйді көтеруге бағыттап қысқаша тақпақтар, өлеңдер айтады;• шеңбер құра отырып, сөз алмасу арқылы өз ой-пікірлерімен бөліседі, бірінің ойын бірі жалғастыруға жаттығады;•бет әлпеті, қимыл- қозғалыстары арқылы көңіл -күйлерін байқатуға үйренеді;бір-біріне жылы тілектерін шын жүректен ұсына отырып, мейірімді қарым-қатынастары орнығады.
9билет
