- •05_01_Каз_ Жалпы дәрігерлік тәжірибе
- •05_02_ Қаз_Ішкі аурулар ждт
- •05_02_Каз_ Детские болезни овп
- •05_04_ Хирургические болезни овп_каз
- •05_05_Каз_Психиатрия және наркология (ждт)
- •05_06_Неврология ждт_каз
- •05_07_Инфекционные болезни (овп)_каз
- •05_09_Акушерство и гинекология (овп)_қаз
- •05_10_Онкология (овп)_каз
05_07_Инфекционные болезни (овп)_каз
$$$001
Әйел, 40 жаста. Бір апта бойы ауырған. 3 күн бұрын қалтырап, басы ауырып, бұлшық еттері ауырған. Дене температурасы 390С дейін көтерілген. Ұйқысы бұзылып, қорқынышты түстер көрген. Қарап тексергенде: дене температурасы 39,90С, пульсы ритмді, жұмсақ минутына 102 рет, артериалды қан қысымы 90/60 ммс.бб. Терісі ыстық, беті сәл қызарған, склерасы инъекцияланған. Кеудесінде, аяғында, қолында розеолезды-петехиальды бөртпе, әсіресе кеудесінің бүйірінде, аяқ-қолдың ішкі беттерінде көп. Менингеальды белгілер айқын емес. Тіл треморы байқалады.
Төмендегі диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
А) Қызылша
В) Грипп
С) Менингит
+D) Бөртпе сүзек
Е) Вирусты энцефалит
$$$002
Ер адам, 35 жаста, мал сою цехіндежұмыс істейді. 3 күн бұрын шаршағыштықты, мойынында қышитын көпіршікше пайда болғанын байқаған.Қарап тексергенде: Дене температурасы 39,70С. Мойнында көпіршікше орнында жиектерінде көсіткіш тәрізді майда көпіршікшелері бар қара қотыр бар. Қотыр ортасы ауырсынусыз. Қотыр айналасында мойын және төс терісі ісінген. Тілі құрғақ, ақшыл жабындымен жабылған.
Қандай зерттеу ерте диагностикалау мақсатында МЕЙЛІНШЕ тиімді?
А) Жалпы қан анализі
В) Антраксинмен сынама
С) Қабықша бактериоскопиясы
+D) Иммунофлюоресценция реакциясы
Е) Бактериологиялық себінді
$$$003
Ер адам, 18 жаста, слесарь болып жұмыс істейді.Бас ауыруға, тез шаршауға, тітіркенгіштікке, тершеңдікке, аузын ашқанда қиналатынына, сол қолының үлкен саусағының тенеры аймағында жара орнындағы ауырсыну және жағымсыз сезімге шағымданады. 2 апта бұрын қашаумен жұмыс жасау барысында жарақат алған.Қарап тексергенде: тырысулар байқалған. Дене температурасы 390С, пульсі минутына 120 рет, жүрек тондары анық, қатты, іш бұлшық еттері кернелген.
Төмендегі диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
А) Сепсис
+В) Сіреспе
С) Перитонит
D) Фозергиль ауруы
Е) Травматикалық абсцесс
$$$004
Студент, 19 жаста, Гвинеядан. Жазғы демалыста отанына барып, қыркүйекте оқуға елге қайта оралған. Бас ауыруына, әлсіздікке, қалтырауға, дене температурасының 38,50С-ға дейін көтерілуіне шағымданады. Аспирин қабылдаған. Екінші күні өзін жақсы сезінген. Үшінші күннің екінші жартысында бірінші күндегідей ауырған. Қарап тексергенде: дене температурасы 38,80С. Тілі ылғал, аздап ақ жабындымен көмкерілген. Бауыры 14х10х9 см, көкбауыр қабырға доғасының астында пальпацияланады.
Төмендегі диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
А) ЖИТС
+В) Малярия
С) Құс тұмауы
D) Вирусты гепатит
Е) Белгісіз генезді қызба
$$$005
Ер адам, 25 жаста. Жиі құсуға, іш өтуге, ішінің ауыруына, дене қызуының көтерілуіне шағымданады. Жақында туған күнін атап өткен. Қарап тексергенде: дене температурасы 350С. Бет-әлпеті үшкірленген, терісі суық және ұстағанда жабысқақ, тургоры төмендеген, цианоз және акроцианоз байқалады. Кенет фонтанды құсу пайда болып, артынан тоникалық тырысулар болды. Тыныс алу
жиілігі минутына 40 рет, жүрек тондары тұйықталған, пульсі минутына 130 рет, артериальды қан қысымы 80/40 ммс.бб. Тілі құрғақ, сұр-ақ жабындымен көмкерілген. Іші ішке қарай кіріп кеткен. Нәжісі еріксіз, жасыл түсті көп мөлшерде.
Төмендегі диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
А) Аусыл
В) Дизентерия
С) Сібір жарасы
+D) Сальмонеллез
Е) Тағамдық токсикоинфекция
$$$006
Әйел, 38 жаста. Беліндегі және буындарындағы ауырсынуға, тершеңдікке, тітіркенгіштікке, жылауықтыққа, дене температурасының кешкі уақытта 37,50С-қа дейін көтерілуіне шағымданады. 1,5 жыл ауырады. Қарап тексергенде: алақан гипергидрозы анықталады. Қолтық астында және мойнында 0,5х0,5 см; 1,0х1,0 см көлемде тығыз, қозғалмалы көптеген лимфатүйіндер пальпацияланады. Сол аяқтың сирақ-табан буын аймағында қозғалатын, тығыз, овальды, көлемі 0,4х1,0 см болатын ауырсынусыз түзіліс бар. Бауыры 10х10х12см, тығыз-эластикалық консистенциялы, ауырсынусыз.
Қандай зерттеу МЕЙЛІНШЕ тиімді?
+А) Бюрне сынамасы
В) Қақырықтың бактериалды себіндісі
С) Жалпы қан анализі
D) Иммунофлюоресценция реакциясы
Е) Комплимент байланыстырушы реакциясы
