Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты ВОП каз 2017-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91.78 Кб
Скачать

05_04_ Хирургические болезни овп_каз

$$$001

Асқазан-ішек жолынан қан кетудің анағұрлым жиі себебі:

+A) Асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруы

B) Созылмалы эрозивті гастрит

C) Асқазанның қатерлі ісігі

D) Меллори-Вейс синдромы

E) Тоқ ішек дивертикулезы

$$$002

Ер адам, 22 жаста. Құрсақ қуысы мүшесінің жедел іріңді ауруы бойынша операция жасалған соң 5 күннен кейін дене температурасы 37,60С дейін көтерілді, дизурия, тұрақсыз нәжіс, тенезмдер пайда болды.

Төмендегі диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

A) Құрт тәрізді өсінді тұқылының дәрменсіздігі

B) Ішек өтімсіздігі

C) Инфекционды колит

D) Жедел пиосальпинкс

+E) Дугласов кеңістігінің абсцесі

$$$003

Ерадам, 54 жаста. Беліндегі және оң қабырға доғасы астындағы жеделауырусезіміне, жүрек айнуына, құсуға, нәжісінің кідіруіне, әлсіздікке, бас ауыруына, аузының кебуіне, қалтырауға шағымданады. Аурудың басталуын шайқалумен байланыстырады. Үздіксіз аунайбереді, ыңырсиды. Қарап тексеруде: терісі боз. Іші ауырады және оң қабырға доғасы астында тырысқан, ұрғылау симптомы оң, бүйректері пальпацияда ауырмайды. Жалпы қан анализі: эритроциттер – 4 х1012/л, лейкоциттер – 9х109/л, ЭТЖ 18 мм/сағ. Зәр анализінде: эритроциттер көру аймағында 10-15.

Төменде көрсетілген диагностикалық зерттеулердің қайсысы бірінші кезекте жасалады?

+A) Шолуурографиясы

В) Экскреторлы урография

С) Компьютерлік томография

D) Ультрадыбыстызерттеу

Е) Магнитті-резонансты томография

$$$004

Әйел, 36 жаста. Беліндегі және сол қабырға доғасы астындағы жедел ауыру сезіміне, жүрек айнуына, құсуға, нәжісінің кідіруіне, әлсіздікке, аузының кебуіне, қалтырауға шағымданады. Ауруын физикалық жүктемемен байланыстырады. Қарап тексеруде: Ыңырсып жатыр. Терісі боз. Іші сол қабырға доғасы астында ауырады және тырысқан. Ұрғылау симптомы оң. Пальпацияда бүйрегі ауырады. Қан анализі: эритроциттер 3,4х1012/л, гемоглобин 100 г/л, лейкоциттер 9,5х109/л, ЭТЖ 18 мм/сағ. Жалпы зәр анализінде: эритроциттер көру аймағында 10-15.

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

А) Асқазан жарасының тесілуі

В) Жедел панкреатит

С) Ішектің жедел өтімсіздігі

D) Жатырдантыс жүктілік

+E) Зәр-тас ауруы

$$$005

Әйел, 35 жаста. Мықын аймағындағы, аралықтағы қарқынды ауыру сезіміне, жиі кіші дәретке шыққысы келуіне, жүрек айнуына, нәжісінің кідіруіне, әлсіздікке, бас ауыруына, аузының кебуіне, қалтырауға шағымданады. Қарап тексеруде: Терісі боз. Мықын аймағы ауырады, оң жақтағы бұлшықеттері тырысқан. Жалпы қан анализі: эритроциттер – 3,5 х1012/л, лейкоциттер – 9х109/л, ЭТЖ 25 мм/сағ. Жалпы зәр анализі: белок 0,066%, бірен-саран цилиндрлер, жаңа эритроциттер және тұздар. Бүйректің шолу рентгенограммасында: түбекше деңгейінде димаетрі 1см көлеңке анықталды.

Төмендегі емдеу əдістерінің қайсысы МЕЙЛІНШЕ тиімді ?

+А) Соққы толқынды литотрипсия

В) Теріарқылы нефролитотомия

С) Эндоскопиялық əдіс

D) Лапаротомиялық əдіс

Е)Консервативті ем

$$$006

Әйел, 40 жаста. Әлсіздікке, сүйектерінің ауыруына, аузының құрғауына, шөлдеуге, жүрек қағуына, полиурияға, бас айналуына, ұйқысының бұзылуына, терінің қышуына шағымданады. Қарап тексергенде: боз, бұлшықеттері қаусаған, беті, белі, аяқтары ісінген. Артериальды қан қысымы 190/115 мм.сбб. Қан анализі: эритроциттер 2,3х1012/л, гемоглобин 87 г/л, лейкоциттер 9х109/л, ЭТЖ 38 мм/сағ. Қандағы кальций-11,2мг/%. Зәр анализі: белок-1,2‰. Бүйрек рентгенограммасы: екі жақты жұлдызшалы көлеңкелер анықталады. Рентгенограммада: түтікті сүйектердің эпифиздері бұдырлы, жұқарған, деформацияланған.

Төменде көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

А) Зәр-тас ауруы

+В) Гиперпаратиреоз

С) Саркоидоз

D) Педжетауруы

E)Миеломды ауру