- •05_01_Каз_ Жалпы дәрігерлік тәжірибе
- •05_02_ Қаз_Ішкі аурулар ждт
- •05_02_Каз_ Детские болезни овп
- •05_04_ Хирургические болезни овп_каз
- •05_05_Каз_Психиатрия және наркология (ждт)
- •05_06_Неврология ждт_каз
- •05_07_Инфекционные болезни (овп)_каз
- •05_09_Акушерство и гинекология (овп)_қаз
- •05_10_Онкология (овп)_каз
05_02_ Қаз_Ішкі аурулар ждт
$$$001
Əйел, 31 жаста, жүрек қағуына, аздаған жүктеме кезіндегі ентігуге шағымданып келді. Қарап тексеруде: қолдарында діріл, көздері үлкен, шарасынан шығып тұр. Пальпацияда: қалқанша безі ұлғайған, консистенциясы қамыр тəрізді. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, жүректің соғу жиілігі минутына 140 рет. Артериалды қан қысымы 120/70 ммс.бб. Тиреотропты гормон 0,3 мЕд/л, бос тироксин Т4 28,3 пмоль/л. Электрокардиограммада синусты тахикардия 145 рет минутына.
Төмендегі препараттардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ тиімді?
А) Жүрекгликозидтері
+В) Бета-адреноблокаторлар
С) Кальций антагонисттері
D) М-холиноблокаторлар
Е) Калий каналының активаторлары
$$$002
Ер адам, 60 жаста, суық термен, мойын аймағына, екі қолға иррадиациаланатын, төс артындағы қатты ауыру сезімінен оянды. Нитроглицериннің 6 таблеткасын бес минуттық интервалмен қабылдаған, ауыру сезімі азайған, бірақ толық кетпеген. Қараптексеруде: пульс минутына 100 рет, ритмідұрыс, артериальдықанқысымы 100/80 ммс.бб, өкпенің төменгі аймағында қатаң тыныс, ылғалды сырылдар. Жүрек тоны тұйықталған, шу жоқ.
Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы МЕЙЛІНШЕ бірінші кезекте қолданылады?
А) Велоэргометрия
+В) Электрокардиография
С) Эхокардиография
D) Құрсақ қуысы ағзаларының ультрадыбыстық зерттеуі
Е) Кеуде қуысының рентгенографиясы
$$$003
Ер адам, 57 жаста, жүрек қағысына, бірден пайда болатын әлсіздікке, артериальды қан қысымының төмендеуіне шағымданып келді. Қарап тексеруде: жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек тондары тұйықталған. Жүректің соғу жиілігі минутына 183 рет. Артериальды қан қысымы 70/30 ммс.бб. Электрокардиограммада Р тісшесі анықталмайды, QRS >0,12 секунд, қарыншалық жиырылу жиілігі 180 рет.
Төмендегі болжама диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
А) Жүрекшенің дірілі
В) Синусты тахикардия
С) Жүрекше жыбыры пароксизмі
+D) Қарыншалық пароксизмальды тахикардия
Е) Қарынша үстілік пароксизмальды тахикардия
$$$004
Ер адам, 62 жаста, жүрек қағу ұстамасына, аздаған жүктеме кезіндегі ентігуге, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданып келді. Анамнезінде: 5 жыл бұрын миокард инфарктын бастан өткізген. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс емес. Жүректің соғу жиілігі минутына 150 рет. Артериалды қан қысымы 150/95 ммс.сб. Электрокардиограммада: синусты ритмнің QRS (0,13 секунд) комплексінің уақытынан ерте пайда болуымен, Р тісшесінің болмауымен, RS-T сегментінің және Т тісшесінің QRS комплексіне дискорданттылығымен, толық компенсаторлы паузамен үзіледі.
Төмендегі препараттардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ тиімді?
А) Дигоксин
+В) Кордарон
С) Лидокаин
D)Амлодипин
Е) Новокаинамид
$$$005
Студент, 19 жаста, Шри-Ланкадан келген. Дене температурасының субфебрильді көтерілуіне, саусақтарындағы сезімталдықтың бұзылысына, арықтауға, терідегі бөртпелерге, жүрек тұсындағы шаншып ауыруға, әлсіздікке, дене жүктемесінен кейін пайда болатын жүрек қағуға және ентігуге шағымданып келді. Қарап тексеруде: мойын веналарының ісінуі анықталады. Жүрек тондары тұйықталған, I және IV нүктеде желіс тәрізді ырғақ, систолалық шу анықталады. Бауыры қабырға доғасынан 5 сантиметрге шығып тұр, асцит, аяқтарында ісіну бар. Эхокардиограммада: сол жақ жүрекше 4,3 мм, оң жақ жүрекше 3,9 мм. Соңғы-систолалық өлшем 18 мм, соңғы-диастолалық өлшем 30 мм, эндокардтың айқын қалыңдауы, қақпақшалардың фиброзы, диастолалық дисфункция бар.
Төмендегі болжама диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
А) Субаортальды стеноз
+В) Рестриктивті кардиомиопатия
С) Дилатационды кардиомиопатия
D) Оң жақ қарыншаның аритмогенді кардиомиопатиясы
Е) Симметриялы гипертрофиялы кардиомиопатия
$$$006
Ер адам, 60 жаста, физикалық жүктеме кезінде пайда болатын, тыныштық жағдайында басылатын кеуде артындағы қысып ауыру сезіміне және оның мойын аймығына, екі қолға берілуіне шағымданып келді. Қарап тексеруде: пульс минутына 90 рет, ритмді, артериальды қан қысымы 145/95 ммс.бб. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс.
Велоэргометриямен сынама жүргізген кезде электрокардиограммадағы қай өзгеріс коронарлы жетіспеушілікті көрсетеді?
+А) ST сегментінің 2миллиметрден артық депрессиясы
В) Теріс Т тісшесінің реверсиясы
С) PQинтервалының ұзаруы
D) Жүрекшелік экстрасистолияның пайда болуы
Е) Гис шоғырының оң аяқшасының блокадасы
$$$007
Ер адам, 47 жаста,кеуде тұсындағы физикалық жүктемеге байланыссыз пайда болған күшті ауыру сезіміне шағымданып келді. Ауыру сезімі 3 сағат бұрын жүйке-психикалық күштемеден кейін пайда болған. Қарап тексеруде: бозарған. Жүрек тондары тұйықталған, ритмді. Электрокардиограммада: синусты тахикардия, PQ 0,14 секунд, V1-V3 әкетулерінде ST сегменті R тісшесінің ортасынан басталып, биік Т тісшесіне жалғасады. Тропонин I: 0,012 нг/мл. Жалпы қан анализінде: эритроциттер 4,2х1012/л, гемоглобин 141 г/л, лейкоциттер 6,8х109/л, эритроцитердің тұну жылдамдығы 11 мм/сағ.
Төмендегі болжама диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
+А) Миокардинфаркты
В) Тұрақты емес стенокардия
С) Күштемелі стенокардия
D) Қабырғааралық невралгия
Е) Аортаның ыдырауы
$$$008
Ер адам, 54 жаста, кәріжілік-білезік буындарындағы, алақан-саусақ буындарындағы ісінуге, күшті ауырсынуға шағымданып келді. Ауыру сезімі таңертең және түнде күшейеді, таңертеңгілік құрысу байқалады. Дене температурасы 38,60С. Қарап тексеруде: білезік буындарының симметриялы зақымдануы, сүйек шынтақ аймағына қарай ығысқан. Білезік буынының рентгенографиясында: буынаралық саңылаудың тарылуы, буын бетінде бірлі-жарым узорлар бар.
Төмендегі препараттардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ тиімді?
A) Купренил
+B) Метотрексат
C) Диклофенак
D) Циклофосфамид
E) Метилпреднизолон
$$$009
Созылмалы панкреатиттің диагностикасындағы МЕЙЛІНШЕ ақпаратты әдіс?
A) Эзофагогастродуоденоскопия
B) Құрсақ қуысы ағзаларының ультрадыбыстық зерттеуі
C) Асқазан сөлін зерттеу
+D) Ұйқы безінің компьютерлі томографиясы
E) Эндоскопиялы ретроградты холангиопанкреатография
$$$010
Ер адам, 25 жаста, бронхиальды демікпемен ауырады. Ентігуге, айқын әлсіздікке шағымданып, жедел жәрдем шақырған. Анамнезінде: тәулік бойы беротек 10 ингаляциясын қабылдаған, әсері болмаған. Жедел жәрдем дәрігері көк тамыр ішіне 10 мл 2,4% эуфиллин ерітіндісін енгізген. Қарап тексеруде: қозған, дене температурасы 36,70С, жүректің жиырылу жиілігі минутына 120 рет, тыныс алу жиілігі минутына 24 рет. Аускультацияда: тынысы әлсіреген, құрғақ сырылдар.
МЕЙЛІНШЕ біріншілік жедел жәрдем көмегі қандай?
А) Регидратация
B) Эуфиллин мөлшерін арттыру
C) Өкпені жасанды желдендіру
+D) Кортикостероидтарды беру
E) Симпатомиметиктердің мөлшерін арттыру
$$$011
Бойжеткен, 21 жаста, дәрігерге жылына 2-3 рет болатын жүрек қағу ұстамасына шағымданып келді. Ұстамалар әлсіздікпен, аяқ асты пайда болып, бірнеше минутқа созылып, өздігінен басылады. Қарап тексергенде: патологиялық өзгерістер анықталмады. Электрокардиограммада ритм синусты, дұрыс, PQ интервалы 0,09 секунд, QRS комплексі 0,11 секунд, V1 әкетуде R тісшесінің жоғары өрлейтін белінде дельта толқыны бар.
Төменде аталған патологиялардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
А) QT ұзару синдромы
+B) Вольф-Паркинсон-Уайтсиндромы
C) Синусты түйіннің әлсіздігі синдромы
D) Лаун-Генонг-Ливайн синдромы
E) Клерк-Леви-Критэско синдромы
$$$012
Бойжеткен, 18 жаста. Аздаған физикалық жүктеме кезіндегі тұншығуға, бас айналуға шағымданады. Балалық шағынан ауырады. Қарап тексеруде: диффузды цианоз, саусақ ұштары «барабан таяқшалары» тәрізді, жүрек шекарасы оңға кеңейген, эпигастральды аймақта оң жақ қарыншада систолалық пульсация. Аускультацияда: өкпе артериясында II тонның акценті және ажырауы, семсертәрізді өсіндіде қысқа систолалық шу, төстің сол қырында II қабырға аралықта диастолалық шу естіледі. Рентгенографияда: өкпе артериясы түбірінің шығып тұруы. Өкпе түбірінің кеңеюі, периферияда айқын тарылуы.
Төмендегі болжама диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
A) Үшжармалы қақпақша стенозы
B) Үшжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі
C) Туа пайда болған өкпе артериясының стенозы
D) Фалло тетрадасы
+E) Біріншілік өкпелік гипертензия
$$$013
Әйел, 35 жаста, артериальды қан қысымының 280/130 ммс.бб. көтерілуіне шағымданады. Жыл бойы артериальды қан қысымы ұстама тәрізді көтеріледі. Криздер үреймен, тахикардиямен, дірілдеумен, бұлшықеттің тартылуымен және көп мөлшерде зәр бөлумен аяқталады. Осындай криздердің бірінде гипергликемия анықталды 9,6 ммоль/л.
Төмендегі препараттардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ тиімді?
A) Магний сульфаты
B) Эналаприл
C) Верапамил
D) Клонидин
+E) Фентоламин
