Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты ВОП каз 2017-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91.78 Кб
Скачать

05_01_Каз_ Жалпы дәрігерлік тәжірибе

1 Жедел өкпе абсцессінің бронхқа ашылусыз қалыптасу кезеңінде қандай әдіс МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

А) Өкпе резекциясы

В) Пневмотомия

С) Плевральды қуыс пункциясы

D) Торакопластика

++Е) Антибиотиктер

2 Ер адам, 44 жаста, слесарь, ентігудің үдеуіне, аз өнімді жөтелге шағымданады. Анамнезінде көп жылдан бері темекі шегеді. Темекі шегуші индексі айына 25 қорап. Аускультацияда кезінде шашыранды құрғақ сырылдар естіледі. Шолу рентгенограммасында: өкпе алаңының мөлдірлігі жоғарылаған. Диафрагма тегістелген және төменге жылжыған, жүрек көлеңкесі кішірейген. Қабырғалар көлеңкесі қалыптыға қарағанда горизонтальды орналасқан. Тоғыз қабырғаның алдыңғы кесіндісі көрінеді.

Диагнозды нақтылау үшін аталған зерттеулердің қайсысы МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

А) Эхокардиография

++В) Спирография

С) Бронхография

D) Иммуноглобулин Е

Е) Жалпы қақырық анализі

3 Ер адам, 62 жаста, шамалы физикалық жүктеме кезінде айқын ентігуге, үнемі іріңді қақырықпен жөтелге шағымданады. Қарап тексергенде: Беті цианозды. Тыныс алу жиілігі минутына 22 рет. Кеуде қуысы бөшке тәрізді, перкуссияда өкпеде қораптық дыбыс, аускультацияда барлық өкпе алаңында ысқырықты сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс. Пульсі минутына 90 рет. Артериальды қан қысымы 120/70 ммс.бб.

Аталған диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?

А) Өкпе туберкулезі

В) Бактериалды пневмония

С) Өкпе қатерлі ісігі

+D) Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

Е) Бронх демікпесі

4 Ер адам, 57 жаста, құрғақ жөтелге, дене температурасының 37,60С дейін жоғарылауына және жалпы әлсіздікке шағымданады. Рентгенограммада сол өкпенің 6-шы сегментінде көлемі 5х6 см горизонтальды деңгейде сұйықтығы бар ыдырау қуысы анықталды. Қуыс қабырғалары қалыңдаған, контуры тегіс емес.

Аталған зерттеулердің ішінде МЕЙЛІНШЕ бірінші кезекте?

А) Спирография

+В) Өкпе томографиясы

С) Өкпе бронхографиясы

D) Тынысалу ағзаларын радиоизотопты зерттеу

Е) Тынысалу ағзаларын ультрадыбысты зерттеу

5 Ер адам, 39 жаста, көп мөлшерде іріңді қақырықпен жөтелге, жалпы әлсіздікке шағымданады. Қақырық көбіресе таңертең бөлінеді, кейде қан жолақтарымен. Қарап тексергенде: Бойы 175 см. Салмағы 65 кг. Қолының саусақ ұштары «барабан таяқшалары» түрінде қалыңдаған және тырнақтары «сағат әйнегі» тәрізді. Кеуде қуысы деформацияланған. Перкуссияда перкуторлы дыбыстың жауырын асты аймақтан бастап қысқаруы, аускультацияда тынысы әлсіреген, түрлі калибрлі ылғалды сырылдар анықталады. Рентгенограммада: өкпе суретінің деформациясы және торлылық, ателектаз аймақтары анықталады.

Аталған диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?

А) Өкпе туберкулезі

В) Өкпе абсцессі

С) Бактериалды пневмония

+D) Бронхоэктатикалық ауру

Е) Өкпе катерлі ісігі

6 Әйел, 31 жаста, шаршағыштыққа, тәбетінің төмендеуіне, еттеккір циклының бұзылысына, терісінің қышынуына, дене қызуының 380С дейін жоғарылауына шағымданады. Қарап тексергенде: беті, алақандары гиперемияланған. Тері жабындыларда қасыну іздері бар, склерасы сарғайған, кеудесінде, мойынында қантамырлық жұлдызшалар, тізесінде ұсақ геморрагиялық бөртпелер анықталады. Бауыры қабырға доғасынан 5 см шығып тұр, шеті ауыру сезімімен, тығыз эластикалық консистенциялы. Жалпы қан анализі: эритроциттер 3,96х1012/л, Нв 90 г/л, лейкоциттер 6,3х109/л, тромбоциттер 105х109/л. Тимол сынамасы 14,4 ед, ПТИ 60%, холестерин 7,8 ммоль/л, билирубин 120 мкмоль/л, тікелей 88 мкмоль/л, АЛТ 138 Ед/л, АСТ 141 Ед/л, сілтілі фосфатаза 26 Ед/л.

Қандай препаратты тағайындау МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

+А) Преднизолон

В) Миелоксикам

С) Хлорзаксозон

D) Лефлуномид

Е) Месалазин

7 Әйел, 40 жаста, терісінің қатты қышынуына, 2 жыл ішінде 20 кг арықтауына шағымданып келді. Қарап тексергенде: Тамақтануы төмен. Тері жабындылары мен склерасы сарғайған. Қабағында ксантелазмалар. Табаны мен тізе терісінің «пергаменттілігі», қасыну іздері бар. Курлов бойынша бауыр өлшемдері: 12x10x10 см. Жалпы қан анализі: Hb 98 г/л, эритроциттер 2,7x1012/л, лейкоциттер 7,8x109/л, тромбоциттер 137,0x109/л. ЭТЖ 36 мм/сағат. Жалпы белок 7,8 г/л, холестерин 7,8 ммоль/л, креатинин 150 мкмоль/л, жалпы билирубин 182 ммоль/л, тікелей 162 ммоль/л, АЛТ - 52 Ед/л, АСТ - 48 Ед/л, cілтілі фосфатаза 720 Ед/л.

Аталған диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?

А) Бауыр рагы

+В) Бауыр циррозы

С) Вирусты гепатит

D) Бауырдың альвеолярлы эхиноккозы

Е) Вильсон-Коновалов ауруы

8 Ер адам, 53 жаста, сол аяғындағы үнемі қатты ауыру сезіміне шағымданып келді. Өмір анамнезінен: бір жыл бұрын миокард инфаркты болған, жыпылық аритмиясы бар. Қарап тексергенде: сол табаны мен тізесінің тері жабындысы жоғарғы үштен біріне дейін бозарған, ұстағанда салқын, «мәрмәр» суретімен. Ісінулер жоқ, саусақ буындарында активті қозғалыс сақталған, тізе асты және табан артерияларында пульсация жоқ.

Аталған диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?

А) Облитерлеуші атеросклероз

+В) Сан артериясының тромбоэмболиясы

С) Облитерлеуші эндоартериит

D) Такаясу ауруы

Е) Түйінді периартериит

9 Ер адам, 30 жаста, ісінуіне, әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: Бетінің ісінуі мен бозаруы, белі мен аяқтарында массивті ісінулер. Артериалды қан қысымы 190/120 мм с.бб. Іші жұмсақ, пальпацияда ауыру сезімімінсіз. Жалпы зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы 1010, белок 0,6 г/л, эритроциттер 50-60 көру аймағында, цилиндрлер: гиалинді, дәнді. Жалпы қан анализі: Нв 120 г/л, эритроциттер 3,9х10/л, лейкоциттер 8,3х109/л, ЭТЖ 20 мм/сағат. Креатинин: 200 мкмоль/л. К - 5,3 ммоль/л, Na- 150 ммоль/л, Са - 2,2 ммоль/л, Cl - 97 ммоль/л. АСЛ-О- 320 ед.

Аталған диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?

А) Бүйрек рагы

В) Бүйрек амилоидозы

С) Бүйрек туберкулезі

+D) Жедел гломерулонефрит

Е) Тубулоинтерстициалды нефрит

10 Ер адам, 50 жаста, әлсіздікке, бас ауыруына, жүрек айнуына, тері қышынуына шағымданады. 20 жылдан астам уақыт ауырады, бел аймағында кезеңдік ауырсынулар. Қарап тексергенде: тамақтануы төмен, тері жабындылары сарғыш реңмен бозарған, аяқ-қолдарында және денесінде қасыну іздері бар. Артериалды қан қысымы 160/100 мм с.бб. Жалпы қан анализі: Hb 82 г/л, эритроциттер 2,6х1012/л, лейкоциттер 9,2х109/л, ЭТЖ 18 мм/сағат, гематокрит 26%. Жалпы зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы 1005, лейкоциттер 6-7 көру аймағында, эритроциттер 0-1 көру аймағында. Зимницкий сынамасы: күндізгі диурез - 300 мл, түнгі диурез - 480 мл, салыстырмалы тығыздығының ауытқуы 1002-1007.

Аталған диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?

+А) Созылмалы пиелонефрит

В) Созылмалы гломерулонефрит

С) Бүйрек амилоидозы

D) Несеп-тас ауруы

Е) Подагралық нефропатия

11 Әйел, 36 жасты. Оң жоғарғы қабағындағы түзіліске шағымданады. Түзіліс 3 ай бұрын пайда болған. Қарап тексергенде: бұршақ тәрізді, терімен жабыспаған тығыз ауырсынусыз түзіліс пальпацияланады. Конъюнктива жақтан шамалы кеңейген қан тамырлар торымен қоршалған сары түсті құрылым көрінеді.

Аталған диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?

А) Жұқпалы моллюск

В) Себореялық кератоз

С) Невус

D) Актиникалық кератоз

+Е) Холазион

12 Ер адам, 69 жаста, маңдай аймағындағы жараланған терілік түзіліске шағымданады. Түзіліс бірнеше жыл бұрын пайда болған. Түзілістің жайлап өсуін айтады. 4 ай бұрын түзіліс аймағында біртіндеп үлкейетін кішкентай жара пайда болған. Қарап тексергенде: маңдай аймағында тері бетінен шығып тұрған, ортасында жарасы бар беткей 1,5х2,5 см түзіліс анықталды. Мойын лимфа түйіндері ұлғаймаған.

Аталған диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?

+А) Базальды жасушалы тері рагы

В) Жалпақ жасушалы карцинома

С) Кератоакантома

D) Аденокарцинома

Е) Меланома

$$$013

Ер адам, 38 жаста, қыжылға, қышқылмен кекіруге, ауыздағы қышқыл дәмге, тамақтан кейін басылатын үнемі сыздап ауыру сезіміне шағымданады. 15 жылдан астам уақыт темекі шегеді, жиі алкоголь қабылдайды. Ретсіз тамақтанады. Қарап тексергенде: Бойы 182 см, дене салмағы 68 кг. Тілі қалың ақшыл-сары жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, кепкен, пилородуоденальды аймақта терең пальпацияда ауыру сезімді. Фиброгастродуоденоскопияда: асқазанның шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, шырышпен жабылған. Қатпарлары ошақты гиперплазия көріністерімен қалыңдаған, ирелеңдеген.

Аталған диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?

А) Аутоиммунды гастрит

В) Реактивті гастрит

С) Созылмалыхолецистит

+D) H-pylori ассоциирленген гастрит

Е) Асқазан ойық жарасы

$$$014

Әйел, 45 жаста, тамақ қабылдағаннан кейінгі эпигастрий аймағындағы ауырлық және кернеу сезіміне, тәбетінің төмендеуіне, әлсіздікке, іш өтумен алмасатын іш қатуларға шағымданады. Қарап тексергенде: тілі ылғалды, ақ жабындымен жабылған, емізікшелері тегістелген. Іші жұмсақ, төс асты аймағында сәл ауыру сезімі. Жалпы қан анализі: Нв 106 г/л, эритроциттер 3,2 х1012/л, Түсті көрсеткіш 1,0, ретикулоциттер 1%, лейкоциттер 6,4х109/л, ЭТЖ 16 мм/сағат. Қандағы липаза 175 ед/мл. Асқазан шырышы анализі: базальды секреция HCL0,8 ммольл, күшейтілген секреция HCL1,2 ммоль/л. Рентгеноскопия: шырышты қабат катпарларының айқын тегістелуі, асқазанның үлкен иіні қырлық сызық деңгейінде.

Аталған диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?

+А) Аутоиммунды гастрит

В) Созылмалы дуоденит

С) H-pylori ассоциирленген гастрит

D) Асқазан ойық жарасы

Е) Созылмалы панкреатит

$$$015

Ер адам, 45 жаста, жиілігі күніне 5-6 рет ішінің төменгі бөлігіндегі дефекация алдындағы қатты толғақ тәрізді ауыру сезіміне шағымданады. Сұйық нәжіс, кейде қан жолақтарымен, әлсіздік, дене температурасының 37,50С дейін жоғарылауы. Тәбеті төмендеген, ауырған уақыттан бері 10 кг арықтаған. Қарап тексергенде: тілі түбірінде кір жабындымен жабылған, қебіңкі. Іші кепкен, оң төменгі квадрантта ауыру сезімі. Соқыр ішікті пальпациялағанда шұрылдау. Жалпы қан анализі: гемоглобин 90 г/л, эритроциттер 3,5х1012/л, лейкоциттер 7,2 х109/л, ЭТЖ 17 мм/сағат.

Қандай препаратты тағайындау МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

А) Миелоксикам

В) Омепразол

С) Мебендазол

D) Фуразолидон

+Е) Сульфасалазин

$$$016

Әйел, 48 жаста, бас айналумен, көз алдында «торлардың» пайда болуымен, жүрек айнумен, бір реттік құсумен жүретін шүйде аймағындағы солқылдатып қатты бас ауыруына шағымданады. Қарап тексеруде: қозған, беті мен мойынының гиперемиясы анықталады. Пульс симметриялы, кернелген, жиі, минутына 92 рет. Артериалды қан қысымы оң жақтан 195/100 мм с.бб., сол жақтан - 200/100  мм с.бб. Жүрек шекаралары: сол жақтан – сол бұғана ортаңғы сызығынан 2,0 см сыртқа қарай ығысқан. Жүрек тондары дауысты, ритмді, аортада II тон акценті. Ісінулер жоқ. Көз түбі: артериялардың тарылуы, веналар тамырларының ирелеңдеуі.

Қандай препаратты тағайындау МЕЙЛІНШЕ дұрыс?

+А) Небиволол

Б) Периндоприл

C) Индапамид

D) Амлодипин

Е) Моксонидин

$$$017

Қыз, 14 жаста, дене температурасының 38,50С дейін жоғарылауына, бел аймағындағы, ішіндегі ауыру сезіміне, жиі ауырсынулы зәр шығаруға шағымданады. Анамнезінен: созылмалы тонзиллит, тістерінің кариесі. Жалпы қан анализі: эритроциттер 4,5х1012/л, гемоглобин 111 г/л, лейкоциттер 10,2х109/л, ЭТЖ 42 мм/сағат. Жалпы зәр анализі: түсі - лайлы, белок - 0,09 г/л, салыстырмалы тығыздығы 1015, рН 5.0, лейкоциттер 50-55 көру алаңында, эритроциттер 0-1 көру алаңында, тұздар++, бактериялар +++.

Қандай болжам диагноз МЕЙЛІНШЕ ықтимал?

+А) Жедел пиелонефрит

В) Жедел цистит

C) Жедел гломерулонефрит

D) Жедел аппендицит

Е) Жедел вульвовагинит

$$$018

Бала, 13 жаста, дене шынықтыру сабағы кезінде жүректегі ауырсыну сезімін, қызу, бас ауыруын сезінген. Қарап тексергенде: Артериалды қан қысымы 130/90 мм с.бб., тері жабындысы бозарған. Жүрек тондары анық, ритмді, жүрек жиырылу жиілігі минутына 92 рет, аортада екінші тон акценті. Физикалық дамуы жасына сәйкес.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?

А) Артериалды гипертония

+В) Нейроциркуляторлы дистония

С) Ревматикалық қызба

D) Кардиомиопатия

Е) Ревматикалық емес кардит

$$$019

Бала, 9 айлық, тәбетінің төмендеуіне шағымданып келді, туылғаннан емшек емеді, қосымша тамақтар кеш енгізілген, соңғы айда 200,0 г салмақ қосқан. Қарап тексергенде: тері жабындылары мен шырышты қабаттары таза, бозарған. Жалпы қан анализі: гемоглобин 92 г/л, эритроциттер 4,2х1012/л, Түстік көрсеткіш 0,7, лейкоциттер 7,2х109/л, ЭТЖ 12 мм/сағат.

Аталған зерттеу әдістерінің қайсысын МЕЙЛІНШЕ бірінші жасаған дұрыс?

А) Жалпы белок

В) Копрограмма

C)Коагулограмма

D) Жалпы зәр анализі

+Е)Сарысулық темір

$$$020

Бала, 6 айлық, салмақты аз қосуына, жылағанда және мазасызданғанда ентігуге шағымданып келді. Қарап тексергенде: тері жабындылары таза, бозарған. Аускультацияда: 1 тон әлсіреген, төстен оң жақта 2 қабырғааралықта дөрекі «қырналған» систолалық шу естіледі. Рентгенограммада: жүрек көлеңкесінің белі айқындалған, ұшы диафрагмадан көтерілген және оң контуры бойымен жоғарылаушы аорта кеңейген. Электрокардиография: ЖЭО солға ығысқан, сол қарынша гипертрофиясы көрінісі.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал?

А)Фалло тетрадасы

В) Аорта коарктациясы

C)Эбштейн аномалиясы

+D) Аорта сағасының тарылуы

Е) Қарыншааралық перде ақауы

$$$021

Ұл бала, 8 жаста, майлы тамақ жеген соң болатын оң жақ қабырға астындағы сыздап ауыру сезіміне, кекіруге, жүрек айнуға шағымданып келді. Қарап тексергенде: тері және шырышты қабаттары таза, түсі қалыпты. Іші жұмсақ, Кер нүктесінде ауырсыну. Жалпы қан анализінде: гемоглобин 125 г/л, эритроциттер 4,1х1012/л, лейкоциттер 7,9х109/л, ЭТЖ 12 мм/сағатына. Бауыр мен өт қабының ультра дыбысты зерттеуінде: өттің тұрып қалуы, өт қабының иілуі .

Төмендегі препараттардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ тиімді?

А) Ферталь

+В) Холосас

C) Церукал

D) Мотилиум

Е) Домперидон

$$$022

Ұл бала, 13 жаста, шаршағыштыққа, әлсіздікке, дене температурасының үш күн бойы 38,50С-қа дейін көтерілуіне, тізе буындарындағы ауырсынуға шағымданып келді. Анамнезінен: екі апта бұрын баспамен ауырған. Қарап тексергенде: тері және шырышты қабатары таза, бозарған. Перкуссияда: Жүрек шекарасы 1,0 см солға жылжыған. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шуыл, жүректің соғу жиілігі минутына 98 рет. Артериальды қан қысымы 120/80 ммс.бб. Жалпы қан анализінде: эритроциттер 4.5х1012/л, гемоглобин 111 г/л, лейкоциттер 9,7х109/л, СОЭ 25мм/сағат.

Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы МЕЙЛІНШЕ маңызды?

А) Сиал қышқылы

В) С-реактивті белок

C) Фибриноген

D) Электрокардиограмма

+Е)Антистрептолизин О

$$$023

Ұл бала, 6 жаста, дене температурасының бес күн бойы 38,50С-қа дейін көтерілуіне, мұрынынан қан кетуге, денесіндегі бөртпеге шағымданып келді. Анамнезінен: үш ай бұрын левомицетин қабылдаған. Қарап тексеруде: тері жабындылары бозарған, таза, ішінде петехиальді бөртпелер, гепатоспленомегалия. Жалпы қан анализінде: эритроциттер 2,5х1012/л, гемоглобин 65 г/л, түстік көрсеткіш 0.9, лейкоциттер 3,1х109/л, таяқшаядролы 1%, сегменттіядролы 22%, лимфоциттер 70%, ЭТЖ- 55 мм/сағатына. Миелограммада бласттар 0,5%, лимфоциттер 61,3%, мегакариоциттер 0, миелокариоциттер 2,5х109/л.

Төмендегі зерттеулердің қайсысы диагнозды нақтылау үшін МЕЙЛІНШЕ тиімді?

А)Коагулограмма

+В) Трепанобиопсия

С)Эхокардиограмма

D)Электрокардиограмма

Е) Кеуде қуысы ағзаларының УДЗ-сы

$$$024

Қыз, 16 жаста, шағымдары жоқ. Бұрын диспансерлік есепте тұрмаған, жасына сай өсіп жетілуде, тұқымқуалайтын аурулары жоқ. Жыныс ағзалары әйел типі бойынша дамыған. Профилактикалық қаралу кезінде қанда глюкоза деңгейінің 6,3 ммоль/л екені анықталды.

Төмендегі зерттеулердің қайсысы диагноз қою үшін МЕЙЛІНШЕ бірінші кезекті?

А)Инсулинге антидене

+В) Жүктемемен глюкоза

С)Дегидратациялық тест

D)Гликемиялық профиль

Е)Гликирленгенгемоглобин

$$$025

Қыз, 7 айлық, емшек емеді, салмағы 7200 кг, еңбектемейді, отырмайды. Анамнезінен: кіндік қалдығының кеш түсуі, сарғаюдың ұзаққа созылуы. Қарап тексеруде: салыстырмалы денесі ұзын, аяқ-қолы қысқа, мойыны қысқа, көз саңылаулары кішкентай. Электрокардиограммада: QRS тісшелерінің вольтаждарының төмендеуі, жүректің соғу жиілігі 100 рет минутына. Білезік-алақан буынының рентгенограммасында: сүйектенудің баяулауы.

Төмендегі зерттеулердің қайсысы диагнозды нақтылау үшін МЕЙЛІНШЕ тиімді?

+А) Тиреотропты гормон

В)Тиреопероксидазаға антидене

C) Қалқанша бездің УДЗ-сы

D) Кариотипті анықтау

С) Эхокардиография