Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-30 Есеп.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
313.27 Кб
Скачать

Келесі сұрақтарға жазбаша түрде жауап беріңіз:

  1. Клиникалық синдромдарды анықтаңыз, негізгісін көрсетіңіз (түсіну 20%)

  2. Анықталған синдромдарға негізделе отырып болжамды диагноз қойыңыз (анализ 10%, қолдану 10%)

  3. Лабораторлы-аспаптық зерттеу жоспарын құрыңыз және алынған нәтижені талдаңыз

  4. Дифференциалды диагностика жүргізіп, клиникалық диагнозды негіздеңіз.(анализ20%)

  1. Емдеу жоспарын құрыңыз, амбулаторлы емдеу кезеңіне ұсыныс көрсетіңіз (анализ 10%, қолдану 10%)

Кілттік сөздер: Джейн Эксперт , туберкулез, макрота,манту сынамасы.

20Клиникалық есептің жауабы

  1. Жөтел синдромы (2 аптадан аса жөтелу,жөтелгенде кеуде тұсының ауырсынуы), арнайы емес қабыну синдромы (жалпы әлсіздік,тез шаршау,салмақ жоғалту), жалпы интоксикация синдромы.

  2. Синдромға сәйкес аурулар: өкпе туберкулезі.

Осы шағымдар пайда болғаннан бастап науқаста бірінші кезекте өкпе туберкулезіне күдіктенуге болады. Өмір анамнезінде көңіл аударатын ақпарат жоқ.

Қарап тексергенде шағымдарға сәйкес симптомдар анықталады.

Болжам диагноз: Оң өкпенің жоғары бөлігінің туберкулезі, ТМБ- теріс I санат, жаңа жағдай.

Аурудың аты

Ажыратпалы белгілері

Жедел бронхит

-Жөтел

-Қақырық (үздіксіз іріңді қақырық)

- аускультацияда өкпеде қатқыл ысқырықты тыныс естіледі

Лимфасаркома

Инфильтративті форма-лимфа түйіндерінің ұлғаю.

Казеозды –некротикалық форма лимфа түйіндерінің некрозы және жыланкөз пайда болумен жүреді.

Индуративті форма- зақымдалған лимфа түйіндерінің тыртықты тығыздалуы.

Толқын тәрізді лихорадка, тері қабаты сары түске боялады, қышиды, көкбауыр үлкейеді.

Рентгенде «Дымовая труба» симптомы байқалады.

Орталық рак

Ірі бронхтардың қабырғасына қарай өседі.

Бронхтар ісікпен тығындалып өкпе ателектазы дамиды.

Осы аймақта пневмония, типті абсцестер пайда болады.

Бронх саңылауы ісікпен бітеліп ентігу дамиды.

Пневмония дамуы себебінен дене қызуы жиі көтеріледі.

Пневмония

Аяқ астынан температураның жоғарылауы, жөтел ылғалды қақырықпен, ауа жетіспеушілік сезімі, тері жамылғысының гиперемиясы, мұрын –ерін үшюұрышының цианозы.

Тыныс алуға қосымша бұлшықеттердің қатысуы. Аускультацияда крепитатция және майда көпіршікті ылғалды сырылдар.

4.Тексеру жоспары: ЖҚА, ЖНА, ЭКГ, кеуде құысының шолу рентгенографиясы, Джейн эксперт,өкпе томограммасы.

Қан анализінде қабыну өзгерістері анықталады- ЭТЖ жоғарылауы, лейкоцитоз,эозинофилия.

Кеуде құысының шолу рентгенографиясы: оң өкпенің жоғарғы бөлігінде интенсивті гамогенді дақ байқалады,тамыршалары ұлғайған,синустары бос.

Томограмма қорытындысы: оң өкпенің жоғарғы бөлігінде инфильтративті көлеңке байқалады,тармақшалары ұлғайған. Синустары ұлғаймаған.

Джейн эксперт : ТМБ + оң, риф. сезімтал.

Клиникалық диагноз.

Негізгі: Оң өкпенің жоғары бөлігінің инфильтративті туберкулезі, ТМБ- теріс I санат, жаңа жағдай.

5.Науқасқа төсектік режим, тыныштық қалыпты сақтау көрсетілген. Туберкулез анықталуына байланысты арнайы химиопрофилактика тағайындалады. Симптоматикалық, дезинтоксикациялық ем.

Клиникалық жағдайлардың шешімі

Бағалау критерийлері

№ Бағалау критерийлері Өте жақсы Жақсы Қанағат-лық Қанаңғат-лықсыз

4 3 2 0

1 Клиникалық синдромдарды ажыратыңыз, жетекші синдромды айқындаңыз

Дұрыс анықтады және барлық синдромдарға патогенетикалық анықтама берді, жетекші синдромды айқындады.

Дұрыс анықтады және барлық синдромдарға патогенетикалық анықтама берді(негіздеме бере алмады), жетекші синдромды айқындады.

Дұрыс анықтады және барлық синдромдарға патогенетикалық анықтама берді(негіздеме бере алмады), жетекші синдромды айқындай алмады.

Дұрыс анықтай алмады және барлық синдромдарға патогенетикалық анықтама бермеді(негіздеме бере алмады), жетекші синдромды айқындамады.

2 Айқындалған синдромдарға байланысты болжамды диагноз қойыңыз

Анықталған синдромдарды есепке алып, синдромдарды негіздеп , жетекші синдромға байланысты ауруларды анықтап , дифференциалды диагностика жүргізді.

Анықталған синдромдарды есепке алып, синдромдарды негіздеп , жетекші синдромға байланысты ауруларды анықтап , дифференциалды диагностиканы дұрыс жүргізе алмады.

Анықталған синдромдарды есепке алып, синдромдарды негіздеп , жетекші синдромға байланысты ауруларды анықтап , дифференциалды диагностика жүргізбеді.

Синдромдарды анықтай алмады, синдромдарды негіздей алмады , жетекші синдромға байланысты ауруларды анықтап , дифференциалды диагностика жүргізбеді. Неправильно определил круг синдромосхожих заболеваний, не смог провести дифференциальную диагностику

3 Лабораторлы-аспапты зерттеу жоспарын құрастырыңыз және қорытындыларын интерпретациялаңыз

Лабораторлы-аспапты зерттеу жоспарын толық құрастыра алды, мамандар кеңесі клиникалық хаттамаларға сай, зерттеу қорытындыларын дұрыс интерпретациялады.

Лабораторлы-аспапты зерттеу жоспарын толық құрастыра алды, мамандар кеңесі клиникалық хаттамаларға сай, зерттеу қорытындыларын қателіктермен интерпретациялады.

Лабораторлы-аспапты зерттеу жоспарын толық емес құрастырды, зерттеу қорытындыларын қателіктермен интерпретациялады.

Лабораторлы-аспапты зерттеу жоспарын толық құрастыра алмады, мамандар кеңесі клиникалық хаттамаларға сай емес , зерттеу қорытындыларын интерпретацияламады. .

4 Дифференциалды диагнозтика жүргізіңіз,клиникалық диагнозды негіздеңіз

Болжамды диагноз және зерттеу қорытындыларына негізделіп,диагностикалық критерийлерге байланысты клиникалық диагнозды негіздеді.

Болжамды диагноз және зерттеу қорытындыларына негізделіп,диагностикалық критерийлерге байланысты клиникалық диагнозды толық емес негіздеді.

Болжамды диагноз және зерттеу қорытындыларына қателікпен негіздеп,диагностикалық критерийлерді негіздей алмады. Не смог провести обоснование клинического диагноза

5 Емдеу жоспарын құрастырыңыз , амбулаторлы ем тағайындаңыз

Негізгі және ілеспелі ауруларды ескеріп,дәрілердің фармакокинетикасы мен фармакодинамикасын есепке алып , ем жоспарын дұрыс құрастырды,дәрілердің топтары мен мөлшерлерін клиникалық хаттамамен сәйкес құрастырды.

Негізгі және ілеспелі ауруларды ескеріп,дәрілердің фармакокинетикасы мен фармакодинамикасын есепке алып , ем жоспарын дұрыс құрастырды,дәрілердің топтары мен мөлшерлерін дұрыс емес атады.

Ем жоспарын құрастырды , дәрілік топтарды атады , бірақ басқада артық дәрілерді емге қосты(полипрагмазия).

Ем жоспарын дұрыс құрастырмады, дәрілік топтардың әсер ету механизмін және диагнозды ескермей препараттар тағайындады.

МАКСИМАЛЬДЫ ҰПАЙ– 20 ¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬______________________________________

Қабылдаған доцент, оқытушы_______________

ЧЕК ЛИСТ

«Фтизиатрия» пәні бойынша

Интерн шифры_______________________________

№ Бағалау критерийлері Өте жақсы Жақсы Қанағат-лық Қанаңғат-лықсыз

4 3 2 0

1. Клиникалық синдромдарды ажыратыңыз, жетекші синдромды айқындаңыз

2. Айқындалған синдромдарға байланысты болжамды диагноз қойыңыз

3. Лабораторлы-аспапты зерттеу жоспарын құрастырыңыз және қорытындыларын интерпретациялаңыз

4. Дифференциалды диагнозтика жүргізіңіз,клиникалық диагнозды негіздеңіз

5. Емдеу жоспарын құрастырыңыз , амбулаторлы ем тағайындаңыз

МАКСИМАЛЬДІ ҰПАЙ – 20

ҰПАЙ ¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬______________________________________

Қабылдаған доцент, оқытушы_______________

Бакалавриаттар үшін

I. Билеттер – минимум 20

1. Сұрақ .

2. Сұрақ .

3. Тапсырма.

Әр түрлі таұырыптарда сұрақтар құрастыру, бакалаврлардың біліктілігін пайыздық үлесте бағалау, тесттер құрастыру.

Тапсырма қысқа, орташа қиындықта.

Құрастыру ережесі- этаппен.

НЕМЕСЕ

II. МҮМКІН: бір тапсырма, интернатураға сияқты ,бірақ бакалаврияттың біліктілігінің пайыздық үлесі 5 курс- есте сақтау 10%, түсіну 30%, қабылдау 60%.

III. Есептердің және билеттердің жауаптарының эталоны.

IV. Бағалау критерийлері.

V. Кілттік сөздер.

VI. Чек-листтер.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Шымкент медицина инситуты

Дипломнан кейінгі білім беру факультеті

Жұқпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасы

Клиникалық ситуация №21

Науқас У, 15жас 6 ай, салмағы 45кг,облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің қалалық бөлімшесіне келесі шағымдармен түсті: жалпы әлсіздік, тәбеті төмендеген.

Жанұяда 2 бала 2ші. Өсіп ұлғаюы жасына сәйкес. Әлеуметтік жағдайы орташа отбаынан шыққан. Жұқпалы ауруларға қарсы екпелерді өз уақытында алып келген.

Науқас бұрын туберкулезбен ауырмаған. Профтексеруде анықталған. Флюраграфиядан 25.01.2017ж №51457 өтіп туберкулезге күдікті деп табылған. Кеуденің аумақты рентгенограммасында 26.01.2017ж Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің пневмониясы.

Науқас бұрын туберкулезбен ауырмаған, туб қатынаста болмаған. БЦЖ-5мм. Тубынамасы 2004- теріс, 2005-теріс, 2006-папула -7мм, 2007-теріс. 08.09.2009-Г5мм(гиперемия), 2012-папула 11мм, 2013-Г6мм(гиперемия), 2014-4мм, 2015 папула 4мм, 2016-Г10мм(гиперемия). Химиопрофилактика қабылдамаған, Себебі 2006ж манту сынамасы-03.03.06ж –папула 7мм болған кезде учаскелік дәрігер фтизиатр кеңесіне жібермеген.

Рентген тексеруі:Обз. Рентген гр кл № 2366 08.12.12ж ақауы жоқ.

Науқастың жалпы жағдайы түскенде қанағаттанарлық. Тері жамылғысы және көзге көрінетін шырышты қабаты қалыпты түсте . Шеткі лимфа бездері ұлғаймаған. Өкпесінде аускультативті визикулалық тыныс, сырыл жоқ. ТАЖ 18 рет мин. Жүрек тондары тұйықталған , ритмді. Пульс 76 рет мин. Тілі ылғалды таза. Іші жұмсақ, пальпациялағанда аурсынусыз. Бауыры ұлғаймаған, талағы ұлғаймаған. Ұрғылау симптомы екі жақтада теріс мәнді. Үлкен және кіші дәреті қалыпты, перифериялық ісіктері жоқ. Менингиалды белгілері жоқ.

ЖҚА:Hb -131гр/л., Эр.-4,5*10¹² , ЭТЖ-5мм/сағ.

ЖЗА: салыст. тығыздығы -1010, ақуыз- жоқ .

Кеуде қуысының рентгенограммасы : №419 16.02.17ж, томаграмма өкпе түбірі арқылы №450 22.02.17ж- динамика жоқ.

Бак тек №992 30.01.17ж-31.01.17-оң нәтиже. НRES препараттарына сезімталдық анықталған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]