Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3-денгей 300.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
298.83 Кб
Скачать

5. Қосымша зерттеу әдісін тағайындау

жауап

1. Ошақтық синдромдар:

- моторлық афазия элементтері;

- VII, XII жұп бас ми нервтерінің оң жақ орталық парезі;

-оң жақты орталық гемипарез.

2. Сол жақ сәулелі тәж аймағының бұзылысы

3.бас ми қан айналымының өтпелі бұзылысы, сол жақ орталық ми артериясы бассейнінде, жеңіл оң жақты гемипарез, сөйлеудің бұзылысымен. Фон: Гипертониялық ауру III, риск 4.

4. Бас миына КТ, экстракраниальді тамырлардың удзі, ЭКГ, жалпы және биохимиялық қан талдауы, холестерин және оның фракцияларын, глюкоза, фибриноген, протромбинді зерттеу

5. Емі:

- тромбоцитарлы антиагрегантытар (аспирин 150 м/сут.);

- эритроцитарлые антиагреганттар (пентоксифиллин 5 мл на 200 мл физ.ерітіндімен көктамыр ішіне тамшылатып);

- гемодилюция-рефортан 500мл, электролиттер ерітінділері – натрий хлор 0,9% 400мл, магний сульфат 25% 10мл, калий хлориді 4% 5,0;

- нейропротекция – цераксон 1000 мг физ.ерітіндімен көктамыр ішіне тамшылатып;

- коррекция АД – эналаприл 5 мг 2рет күніне

Екіншілік профилактика: гипотензивті джәне антиагрегантты ем, артық салмақпен күрес, гиперхолестеринемиямен ем.

Тапсырма №62

Гипертониялық аурумен ауыратын 69 жастағы науқаста кенеттен ұйқыдан оянғаннан кейін сол жақ көзінің көруі нашарлаған және сол жақ аяқ қолдарында әлсіздік дамыған.

Тапсырмалар:

1) синдромалды диагнозды атаңыз?.

2) зақымдалуы мүмкін болған қан тамырлық бассейнді атаңыз?

жауап

1) Оптико-пирамидты синдром.

2) сол жақ ішкі ұйқы артериясы

Тапсырма №63

Гипертониялық аурумен ауыратын 72 жастағы науқас гипотензивті емді уақытылы қабылдамайды. Бүгін таңда оң жақ қолында ыңғайсыздық пен ұю, бетінің ассиметриясы (оі жақ ауыз ұшбұрышының төмен түсуі) пайда болған.

Тапсырмалар:

1) синдромалды диагнозды атаңыз?.

2) зақымдалуы мүмкін болған қан тамырлық бассейнді атаңыз?

жауап

1) Брахио-цефальді синдром

2) сол жақ орталық ми артериясының қыртысты тармағы

Тапсырма №64

68 жастағы ер адам, ұзақ уақыттан бері шылым шегеді және гипертониялық аурумен ауырады. Таңда ұйқыдан оянғаннан соң сол жақ аяғында әлсіздік пен қюды сезінген. Кешкісін аяқтың әлсіздігі өршіген және сол жақ қолдың проксимальді бөлігінде ыңғайсыздық сезімі қосылған.

Тапсырмалар:

1)Зақымдалуы мүмкін болған қан тамырлық бассейнді атаңыз?

жауап

1) оң жақ алдыңғы ми артериясы

Тапсырма №65

Ұзақ уақыттан бері гипертониялық ауру, семіздікпен ауыратын науқаста кенеттен жоғарылаған артериялық гипертония фонында оң жақ аяқ қолдарында әлсіздік дамыған. Неврологиядық статусында оң жақты орталық гемипарез, сол жақ мимикалық бұлшықеттердің перифериялық парезі анықталған.

Тапсырмалар:

Синдромалды диагнозды және бас миында зақымдалған аймақты атаңыз?

Зақымдалуы мүмкін болған қан тамырлық бассейнді атаңыз?

жауап

Мийяра-Гублера альтернациялық синдромы. Варолий көпірінің сол жақ жартысы

Базилярлы артерияның бағаналық тармағы

Тапсырма №66

59 жастағы науқас жедел жәрдем бригадасымен әкелінде, көшеде кенеттен есін жоғалтып құлаған. Тексерген кезде: сопор, сол жақ ұрты тыныс алғанда «парусит», сол жақ аяғы сыртқа айналған. Сол жақта Бабинский симптомы оң. Желке бұлшықеттернің ригидтілігі анқталынады.

Тапсырмалар:

Зақымдалуы мүмкін болған қан тамырлық бассейнді атаңыз?

жауап

Оң жақ бас ми жарты шары. Субарахноидальді кеңістік. Оң жақ ішкі ұйқы артериясы бассейнінде

Тапсырма №67

60 жасар ер кісі, ЖИА, гипертониялық аурудың тұрақсыз түрімен ауырады. Жедел жірдем бригадасымен орталық гемипарез және оң жақты гемигипестезия, сол жақты птоз, сол жаққа қараған қылилық, қарашықтары S>D симптомдарымен әкелінді.

Тапсырмалар:

1) синдромалды диагнозды және бас миында зақымдалған аймақты атаңыз?

2) зақымдалуы мүмкін болған қан тамырлық бассейнді атаңыз?

жауап

1) Вебер альтернациялық синдромы. Төрттөмпешіктің сол жақ жартысы (ортаңғы ми).

2) Вертебро-базилярлы бассейн.

Тапсырма №68

65 жасар әйел, жүрекшелер жыбырының пароксизмалды түрімен ауырады. Стационарға келген кездегі симптомдары: оң жақ қолының орталық монопарезі, оң жақ тілдің орталық парезі, жекеленген моторлық афазия.

Тапсырмалар:

Зақымдалуы мүмкін болған қан тамырлық бассейнді атаңыз?

жауап

Сол жақ орталық ми артериясының қыртысты тармақтары

Тапсырма №69

57 жасар әйел, стационарға бас айналу, жүрудің қиындауымен тасымалданды. Неврологиялық статус: нистагм, Ромберг сынамасында тұрақсыздық, координаторлық сынамаларды жүргізгенде сол жақ аяқ қолдарында интенционды діріл.

Тапсырмалар:

1) топикалық диагнозды атаңыз?

2) зақымдалуы мүмкін болған қан тамырлық бассейнді атаңыз?

жауап

1) сол жақ мишықтың зақымдалуы

2) сол жақ вертебральді (мишықтық) артерия.

Тапсырма №70

Жасар ер кісі, жүрекшелер жыбырының пароксизмалды түрімен ауырады. Аяқ астынан екі көзі көрмей қалған. Тексергенде басқа неврологиялық симптомдар анықталмады.

Тапсырмалар:

1) топикалық диагнозды атаңыз?

2) зақымдалуы мүмкін болған қан тамырлық бассейнді атаңыз?

жауап

1) екі жақты шүйде бөлігі

2) базилярла артерия бифуркациясы

Тапсырма №71

Ұзақ уақыттан бері гипетониялық аурумен ауыратын 79 жасар әйел оң жақты гемиплегия, оң жақты гемигипестезия, сенсомоторлы афазиямен жан сақтандыру бөлімшесіне тасымалданды.

Тапсырмалар:

1)Зақымдалуы мүмкін болған қан тамырлық бассейнді атаңыз?

жауап

1) сол жақ орталық ми артериясы (негізінен бағана).

Тапсырма №72

Ер кісі 64 жаста. Таңда оянғанда көзін аша алмаған. Айнаға қарағанда оң жақ қабақтың түскенін көрген, қолымен көтергенде екі еселеп көру, қылилық байқаған. Сонымен қатар сол жақ аяқ қолларында әлсіздік байқаған.

Тапсырмалар:

1)синдромалды және топикалық диагнозды атаңыз?

2)Зақымдалуы мүмкін болған қан тамырлық бассейнді атаңыз?

жауап

1) Вебер альтернациялық синдромы. Төрттөмпешік деңгейінде ми бағаны оң жақ жартысы

2) оң жақ ертебро-базилярлы бассейн. Базилярлы артерияның бағаналық тармағы.

Тапсырма №73

58 жасар ер кісі. Гипертониялық ауру, қантты диабет 2 тип бойынга ауырады. Сол жақ аяқ қолдарының әлсіздігі, сол жақ көз кеңістігінің жартылай жоғалуы симптомдарының жедел дамуымен стационарға тасымалданды.

Тапсырмалар:

1) синдромалды диагнозды атаңыз?.

2) зақымдалуы мүмкін болған қан тамырлық бассейнді атаңыз?

жауап

Оң жақ ішкі капсуланың зақымдалуы

Оң жақ орталық ми артериясы.

Тапсырма №74

Қантты диабет 2 тип және гипертониялық ауру криз ағымымен ауыратын 75 жасар әйел кенеттен артериальді қан қысымың жоғарылауы фонында бас айналуын сезінген. Неврологиялық статуста: горизонтальді нистагм, сол жақты дисметрия , координаторлы сынаманы орындау кезінде– сол жақты интенционды тремор.

Тапсырмалар:

1) топикалық диагнозды атаңыз?.

2) зақымдалуы мүмкін болған қан тамырлық бассейнді атаңыз?

жауап

1) мишықтың сол жақ жарты шары

2) сол жақты вертебро-базилярлы бассейн. Мишықтық артерия.

Тапсырма №75

80 жасар науқас жедел дамыған оң жақ аяқпен қолдың проксималды бөлігін қамтыған гемипарез, зәрді ұстай алмау шағымдарымен неврологиялық стационарға тасымалданды.

Тапсырмалар:

Зақымдалуы мүмкін болған қан тамырлық бассейнді атаңыз?

жауап

Сол жақ алдыңғы ми артериясы

Тапсырма №76

Науқас 73 жаста. Жыбыр аритмияның пароксизмальді формасымен ауырады. Көрудің бұзылысы шағымдарымен келді. Неврологиялық статуста: орталық көру кеңістігінің сақталуымен оң жақты гомонимді гемианопсия, басқа неврологиялық симптомдар жоқ.

Тапсырмалар:

1) топикалық диагнозды атаңыз?.

2) зақымдалуы мүмкін болған қан тамырлық бассейнді атаңыз?

жауап

Сол жақ шүйде бөлігі

Сол жақ артқы ми артериясы

Тапсырма №77

56 жасар ер кісі. Өкпе туберкулезы бойынша ем алуда. Рифампицин және изониазид алады. Емдеуші дәрігерге аяқ қолдарының бармақтарының ұюына, құмырсқа жүргендей сезімдің болуына шағымданады. Консультацияға келген невролог аяқ қолдарының дистальді бөлігінің гипестезиясын анықтады. Неврологиялық статуста басқа белгілер анықталмады.

Тапсырмалар:

  1. Топикалық диагонзы қойыңыз?

  2. Клиникалық диагнозды койыңыз?

  3. Қосымша зерттеу әдістерін тағайындаңыз?

  4. Емдік жоспарды ұсыныңыз?

жауап

  1. Жоғарғы және төменгі аяқ-қолдардың перифериялық нервтердің көптеген зақымдалуы

  2. Жоғарғы және төменгі аяқ қолдардың токсикалық полинейропатиясы

  3. ЭНМГ

  4. Тиоктотты қышқыл препарттары мен В тобының витаминдерін қабылдау

Тапсырма №78

Науқас АІЖ ісіктеріне ота жасағаннан 3 аптадан кейін, цисплатин препараттарымен химиотерапия курсын бастады. 3ші курстан кейін суыққы өршитін аяқ қолдарында шаншу секілді сезіміне шағымданады. Дәрігер науқасқа шағымдарының немен байланысты екенін түсіндірді.

Тапсырмалар:

1) клиникалық диагнозды койыңыз?

2)қосымша зерттеу әдістері қажет пе?

3)науқасқа қандай кеңес беруге болады?

жауап

Жоғарғы және төменгі аяқ қолдардың токсикалық полинейропатиясы

ЭНМГ

Науқасқа аяқ қолдарын жылы ұстауын, химиотерапия курсы біткеннен кейін тиоктотты қышқыл препарттары мен В тобының витаминдерін қабылдауды ұсынуға болады.

Тапсырма №79

4 жасар баланың ата-анасы онда естудің төмендегенін бацқаған. 3 ай бұрын бала оң жақты орта ағымды іріңді отитті басынан өткізген. Аминогликозид тобының антибиотиктерімен вена ішілік ине және құлақ тамшылары түрінде емделген. ЛОР дәрігер ортаңғы құлақтың көзге көрінер патологияларын анықтамады, алайда сол жақ құлақта естудің бірден төмендегенін байқаған.

Тапсырмалар:

Топикалық диагноз қойыңыз?

Болжам клиникалық диагноз қойыңыз?

Қосымша зерттеу әдістері қажетпе?

Науқасқа қандай кеңес беруге болады?

жауап

1) оң жақ VIII жұп бас ми нерві

2) оң жақ есту нерсінің токсикалық невропатиясы.

3) Аудиграмма, бас миы МРТ, (вазоневральді конфликтті жоққа шығару үшін).

4) тиоктотты қышқыл препарттары мен В тобының витаминдерін қабылдауды ұсыну

Тапсырма №80

35 жасар ер кісі, жұмыссыз. Аурухананың қабылдау бөліміне келді. Жүрісінің бұзылысына шағымданады: табанның сыртқы жағымен басу, тік тұла алмау және жиі құлап түсуге. Ұзақ уақыт ішімдік ішкенін және үйде дайындап вена ішіне енгізу арқылы эфедрин қолданғанын айтады. Неврологиялық статуста: гипомимия, брадикинезия,табанның дистониясы, постуральды бұзылыстар. Науқас осы тақырып бойынша шұғылданып жатқан интерндерге тура келген және науқасты мртға түсірген. Мртде қыртыс асты ядроларында жарқырау («свечения» ) аймағы көрінген.

Тапсырмалар:

Синдромалды диагноз қоойыңыз?

Болжам клиникалық диагноз қойыңыз?

Ем тағайындаңыз?

жауап

1) Паркинсондық синдром және дистониялық гиперкинез.

2) созылмалы маргенцовкамен улану (марганцевкалық паркинсонизм).

3) Тетацин-кальций, унитиол, В тобының витаминдері.

Тапсырма №81

24 жасар ер кісі, түнгі клубтан аурухананың қабылдау бөліміне генерализацияланған құрысулы талмадан кейін әкелінген. Тексергенде: аяқ қолдарында көптеген / ескі және жаңа/ көктамыр ішілік иненің іздері, кома 1 ст., ЖЖЖ – 120 рет минутына., АҚҚ=160/100 мм с.б.б., t=380С. Екіжақты мидриаз. Сол жақты гемиплегия, терең рефлекстер S>D, Бабинский симптомы екі жақты оң мәнді, желке бұлшықеттерінің ригидтілігі, екі жақты Кернинг симптомы оң мәнді. Люмбальді пункцияда: ликвордың қысымы 300 мм с.б.б, барлық порциялары қанмен боялған.

Тапсырмалар:

1) Болжам клиникалық диагноз қойыңыз?

2) Қосымша зерттеу әдістері қажетпе?

3) ем тағайындаңыз?

жауап

1)Геморрагиялық инсульт, оң жақ гемисферада паренхиматозды-субарахноидальді қан құйылу типі бойынша. Жедел токсикалық энцефалопатия. Психостимуляторлармен улану. Генерализденген құрысулы талмадан кейінгі жағдай

2)Бас миы МРТ (КТ), МРТ ангиография, ЛП. Мониторинг ВЧД, АД. Биологиялық құйықтықтарды токсиндерге тексеру, (бірінші кезекте психостимуляторлар- кокаин, амфетамин және басқалар.).

3) ем жоспары:

А) АҚҚ мониторингі және стабилизациясы

Б) ми ісінуінің қайтару (маннитол 20%, глицерол 10%, басты жоғары ұстау, оксигенация)

В) ангиоспазмдың алдын алу (Ca канал блокаторлары – нимодипин)

Г) хирургиялық ем (по показаниям).

Д) базисты дифференцирленбеген ем

Е) инфузионды дезинтоксикациялық терапия

Ж)алда наркологта емделу\

Тапсырма №82

51 жасар науқас 20 жылдан бері элекрик болып жұмыс істейді. Соңғы жарты жылда жұмысын орындауға қиналған, қимылы баяулаған. Неврологиялық статус: бетперде тәрізді бет, бәсең монотонды сөйлеу, бұлшық еттің екі жақты ригидтілігі. Бас ми МРТ да патология анықталмады.

Тапсырмалар:

1)Топикалық диагноз қойыңыз?

2) болжам клиникалық диагноз қойыңыз?

3) қосымша зерттеу әдістері?

4)ем тағайындаңыз?

жауап

1) Базальді ганглии.

2) Екіншілік (марганцевкалық) паркинсонизм. Марганецтің организмге ұзақ әсерінен пайда болған токсическалық энцефалопатия

3) бас миына МРТ, қанда және зәрде марганецтің дәрежесін анықтау

4) марганецпен қатынасты үзу, тетацин-кальций, унитиол, В тобының витаминдері.

Тапсырма №83

49 жасар ер кісі (дүкенде жүк тасымалдаушы) емханаға жүрістің бұзылысына шағымданып келді. 2 күн бұрын жұмыста есін жоғалтқан, әрптестерінің айтуына қарағанда құрысу болған. Сол күні дәрігерге қаралмаған, жұмыс жерінде қонуға қалған. Науқастың сыртқы көрінісі өз жасынан үлкен көрінеді, көптеген тістері жоқ, аузынан ішімдіктің иісі шығады, киімі ұсқынсыз. Неврологиялық статуста Ромберг сынамасында тұрақсыз, екі жақты тізе-өкше сынамасын орындауда өрескел атаксия, басқа неврологиялық симптомдар жоқ.

КТ – мишық атрофиясы.

Тапсырмалар:

1) болжам клиникалық диагноз қойыңыз?

2) қосымша зерттеу әдістері қажет пе?

4) ем тағайындаңыз?

жауап

1) мишықтың алкогольді дегенерациясы.

2) жоқ

3) ем: ішімдіктерді қатаң түрде қолдануды бас тартудан басталады. Күндік режимді қалпына келтіру. Құрамында ақуыздармен витаминдері көп тағамдар. Сонымен қатар қосымша В тобының витаминдері, магний препараттары, ноонтроптар.

Тапсырма №84

58 жасар ер кісі 10 жылдан бері аймақтық дірілмен (тойтарушы балғамен) жұмыс істейді. Ішкі органдардың созылмалы аурулары жоқ. Дәрігерге қимыл қозғалыстың баяулауына, жүрісінің өзгергеніне ( қадамының қысқарғанына, кейде тоқтаудың қиындауына), жұмыс істеу барысында оң қол бармақтарының майда діріліне шағымданады. Дәрігер олиго-брадикинезияның жеңіл белгілерін, оң қол бармақтардың статикалық дірілін анықтаған.

Тапсырмалар:

1) топикалық диагноз койыңыз?

2) болжам клиникалық диагноз қойыңыз?

3) қосымша зерттеу әдістері қажет пе?

4) ем тағайындаңыз?

жауап

1) Экстрапирамидалық жүйе

2) Паркинсон ауруы

3) МРТ.

4) құрамында леводопа бар препараттар (наком, синемет, мадопар), КОМТ ингибиторлары (толкапон, энтакапон), комбинирленген препереттар (сталево), дофамин рецепторларының агонисті (мирапекс, проноран), МАО В ингибиторлары (селегилин), амантадин (мидантан, ПК-мерц), антихолинэргиялық дәрілер (циклодол, паркопан), симптоматикалық ем.

Тапсырма №85

Науқас 70 жаста. Созылмалы панкреатитпен ауырады. Тізе мен табанында қатты ауырсыну синдромдарының пайда болуына байланысты емханаға тексерледі. Нәтижесінде глюкозаның жоғарылауы анықталып, эндокринологиялық бөлімшеге госпитализацияланады. Әйелі соңғы бірнеше жыл бойы күніне 200-400 мл су ішетінін айтады. Дәрігерлер физикалық және лабораториялық зерттеуден кейін көп мүшелердің патологиясын анықтаған: бауыр циррозы, миокардиодистрофию, созылмалы панкреатит, екіншілік қантты диабет. Дәріген невролог Ахилл рефлексі мен табандағы гиперпатияларды жоққа шығарды.

Тапсырмалар:

1) топикалық диагноз койыңыз?

2) болжам клиникалық диагноз қойыңыз?

3) қосымша зерттеу әдістері қажет пе?

4) ем тағайындаңыз?

жауап

1)аяқ нервтерінің көптеген зақымдалуы

2) аяқтардың токсикалық полинейропатиясы.

3) ЭНМГ.

4) ішімдіктерді түрде қолданудан қатаң бас тарту, құрамында витаминдері көп тағамдар. Парентеральді түрде тиамин, және В тобының басқа да витаминдерін енгізу, фолий қышқылы ішке қабылдау, магний жетіспеушілігінің кррекциясы (магне-В6,). Бауыр зақымдалуы болса– гепатопротекторлы терапия: альфа-липой қышқылы (тиоктацид, берлитион, эспалипон, тиогамма), эссенциале, гепа –мерц және басқалар. Ауруды басу үшін антиконвульсанттар және антидепрессанттар. Айқын парездер кезінде нервті-бұлшық ет өткізгіштікті жақсартатын препараттар (прозерин, калимин), ФТЛ, физическалық жаттығулар.

Тапсырма №86

44 жасар ер кісі басынан ауыр затпен соққы алған және қысқа уақытқа есін жоғалтқан. Есін жиғанда қатты бас ауруына, жүрек айнуына шағымданады. Бірреттік құсу болған, соққы алған жағдай еснде жоқ. Жедел жәрдем бригадасымен келген. Тексергенде: ұйқышыл, сұрақтарды тек қайталағаннан кейін ғана жауап береді, бұйрықты дұрыс, бірақ баяу орындайды. Бабинский симптомы оң жақты оң мәнді. Эхоэнцефалоскопия кезінде мидың ортаңғы құрылымдардың солдан оңға 7 мм қозғалғаны анықталды. Бас сүйек рентгенографиясында сол жақ төбе бөлігі сүйегінің зақымдалуы.

Тапсырмалар:

1) ес бұзылысының түрі?