- •2. Топикалық диагноз.
- •4. Клиникалық диагноз.
- •5. Ем тағайындау және ауру болжамы.
- •2. Топикалық диагноз.
- •4. Клиникалық диагноз.
- •2. Топикалық диагноз.
- •3. Клиникалық диагноз.
- •2. Топикалық диагноз.
- •4. Клиникалық диагноз.
- •3. Ликвордағы лимфоцитарлы плеоцитоз қабынудың серозды екенін білдіреді.
- •2. Топикалық диагноз.
- •4. Клиникалық диагноз.
- •2. Топикалық диагноз.
- •3. Ликвор анлизіне сипаттама.
- •4. Клиникалық диагноз.
- •Қосымша тексеру әдістері
- •Қосымша тексеру әдістері
- •Топикалық диагноз
- •Қосымша тексеру әдістері
- •Топикалық диагноз
- •Қосымша тексеру әдістері
- •Топикалық диагноз
- •Қосымша тексеру әдістері
- •Топикалық диагноз?
- •Топикалық диагноз?
- •5. Қосымша зерттеу әдісін тағайындау
- •2) Топикалық диагноз?
- •4) Клиникалық диагноз?
- •2) Клиникалық диагноз?
- •5) Клиникалық диагноз?
- •Топикалық диагноз?
- •Топикалық диагноз?
- •Клиникалық диагноз?
- •2. Топикалық диагноз?
- •Топикалық диагноз?
- •Клиникалық диагноз.
- •Топикалық диагноз?
- •Клиникалық диагноз?
- •Топикалық диагноз?
- •Топикалық диагноз?
- •2) Клиникалық диагноз?
- •2) Топикалық диагноз?
- •4) Клиникалық диагноз?
- •2. Топикалық диагноз?
- •2) Топикалық диагноз?
- •3) Клиникалық диагноз?
- •1.Клиникалық диагноз?
- •2) Топикалық диагноз?
- •3) Клиникалық диагноз?
2) Топикалық диагноз?
3) Клиникалық диагноз?
5) Ем жоспарын түзіңіз.
Жауап:
1) Есеңгіреу 2 дәреже.
2) Сол жақ маңдай-төбе аймағы.
3) КТ, МРТ бас миы, офтальмоскопия, невролог және нейрохирург кеңесі.
4) ЖБМЖ. Бас –ми ісігі, бас ішілік гематома.
5) Хирургиялық: бас сүйек декомпрессивті трепанациясы, гематоманы алып тастау.
№261
Ер адам 59 жас, ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілді, көшеде бірден құлап қалған, есін жоғалтқан, тонико-клоникалық тырысулар болған. Қараған кезде беті гиперемияланған, сұрақтарға жауап бермейді, көзін тек қан қатты дыбыстарға және тітіркендірген кезде ашады, желке бұлшықеттерінің ригидтілігі, екі жақта симптом Керниг оң мәнді..
Сұрақ:
1) Ес бұзылысы қандай типі?
2) Қандай көмек көрсетуге болады?
3) Жедел жәрдем бригадасының әрекеті?
4) Қандай зерттеу әдістері жеткіліксіз?
5) Алғашқы болжам диагноз қойыңыз?
6) Ауруханада емдеу тактикасы?
Жауап:.
1) Сопор.
2) Жарақат және аспирацияның алдын алу: бүйірімен жату, басты фиксациялау, тіс протездерін алып тастау, қысып тұрған киімдерді босату.
3) Тынысты, АҚ, ТАЖ бақылауда ұстау, керек болғанда интубация.
4) Клиникалық қан анализі, қандағы глюкоза деңгейін анықтау, электролит, невролог кеңесі, бас-ми КТ, офтальмоскопия, ЭКГ.
5)ОНМК ишемиялық типте(субарохнаидалды қан құйылу)
6) Негізгі ауруын емдеу, бас-ми ісінуінің алдын алу(нимотоп, маннитол) су-электролиттік балансты, қышқыл-сілтілі тепе-теңдікті қалыпты ұстау.
№262
Зейнеткер70 жаста, поликлиникада эндокринолог қабылдауында. Айналасындағылардың байқауынша әйел тежелген , сұрақтарға қиын жауап береді, кейіннен бірден есін жинап алады, отырған қалпында бүйірімен отырады. Анамнезінде: ұзақ уақыт қант диабеті 2 типімен ауырады. Соңғы күндері жалпы әлсіздікке, жүрек айнуға, ыстықтауға, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Қарағанда: ессіз, терісі құрғақ, тынысы жиі, шулы, көзі ашылмайды, тітіркендіруге бұлшықеттері тоникалық жиырылады, терең рефлекстер төмендеген, екі жақты патологиялық рефлекстер, менингелды белгілер жоқ, қанда глюкоза деңгейі 41 ммоль/л.
Сұрақтар:
1) Ес бұзылысы қандай типі?
2) Қандай көмек көрсетуге болады?
3) Жедел жәрдем бригадасының әрекеті?
4) Қандай зерттеу әдістері жеткіліксіз?
5) Алғашқы болжам диагноз қойыңыз?
6) Ауруханада емдеу тактикасы?
Жауап:
1) Кома 2 дәреже (терең).
2) Жарақат және аспирацияның алдын алу: бүйірімен жату, басты фиксациялау, тіс протездерін алып тастау, қысып тұрған киімдерді босату.
3) Тынысты, АҚ, ТАЖ бақылауда ұстау, керек болғанда интубация.
4) Клиникалық қан анализі, қандағы глюкоза деңгейін анықтау , невролог кеңесі, бас-ми КТ, офтальмоскопия, ЭКГ.
5) Қант диабеті 2 тип, декомпенсация. Диабеттік кома.
6) Егер қанда натрий қалыпты болса, 0,9% натрий хлор ерітіндісін в/і немесе б/і инсулин 10-12 ЕД әр1- 2 сағат сайын. Гликемия 14 ммоль/л болғанда натрий хлор изотоникалық ерітіндісін 5 % глюкоза ерітіндісімен араластырып в\і. су-электролиттік балансты, қышқыл-сілтілі тепе-теңдікті қалыпты ұстау.
№263
Ер адам 43 жаста, ауруханаға үйден ессіз күйде жеткізілді. Туыстарының айтуынша: ұзақ алкоголь қабылдайды. Соңғы кезде эмоциональды тұрақсыз( эйфория, қорқыныш сезімі, апатия) уақытша туыстарын ұмытып қалады, бүгін құрысу болған. Жедел жәрдем шақырғанда науқас қозғыш болған, айқайлап қашуға ұмтылған, агрессивті мінез көрсеткен. Қолдарында тремор, атаксия байқалған. Кейіннен тежеліп, ұйқышыл болды. Қарағанда: терісі сарғыш, көптеген петехиалды қан құйылулар, сұрақтарға жауап бермейді, сіңір рефлекстері төмен, оралды автоматизм белгілері оң, симптом Бабинский екі жақтада оң мәнді. Менингеальды белгілер жоқ.
Сұрақ:
1) Ес бұзылысы қандай типі?
2) Қандай көмек көрсетуге болады?
3) Жедел жәрдем бригадасының әрекеті?
4) Қандай зерттеу әдістері жеткіліксіз?
5) Алғашқы болжам диагноз қойыңыз?
6) Ауруханада емдеу тактикасы?
Жауап:
1) Кома 1 дәреже .
2) Жарақат және аспирацияның алдын алу: бүйірімен жату, басты фиксациялау, тіс протездерін алып тастау, қысып тұрған киімдерді босату.
3) Тынысты, АҚ, ТАЖ бақылауда ұстау, керек болғанда интубация.
4) Клиникалық қан анализі, ЖЗА, сүт қышқылы, кетон, бауыр және ұйқы без функциясын, іш қуысы УДЗ, қандағы глюкоза деңгейін анықтау , невролог кеңесі, бас-ми КТ, офтальмоскопия, ЭКГ.
5) Созылмалы бауыр жеткіліксіздігі, декомпенсация сатысы. Дисметаболикалық энцефалопатия, құрысулық синдром. Дисметаболикалық кома.
6) негізгі ауруды емдеу, детоксикациялық терапия, су-электролиттік балансты, қышқыл-сілтілі тепе-теңдікті қалыпты ұстау.
№264
Науқас 53 жаста, шағымдары: бірден дамитын бас айналуға, жүрек айну, құсу, сол жақ құлағында шу, тепе-теңдік бұзылуы. Ұстама еш себепсіз өздігінен дамыған. Анамнезінде: ұстама 3 жылдан бері мазалайды. Қарағанда: ЛОР органдарынан бұзылыс жоқ. вестибулярлы функциясын тексергенде сол жақта спонтанды горизантальды нистагм 3-ші дәреже, заттарды көрсетуге оң жақ қолы қиналады, қашықтықтан сыбырлап сөйлеу сол жақта1,5 м, оң жақта 6,0 м.
Сұрақ:
Болжам диагноз қойыңыз?
Диагнозды қоюға қажет зерттеу әдістері?
Жауап:
1. Кохлеовестибулярлы неврит:
а) аудиологиялық, вестибулометриялық, отоневрологиялық зерттеу;
б) мойын бөлімі омыртқасының рентгенографиясы.
в) РЭГ, доплерография;
г) Емдеу: гемодинамиканы және тамыр тонусын , микроциркуляцияны жақсартатын препараттар, ЛФК, диета.
№265
Науқас 54 жаста гипертензия ауруымен зардап шегеді, 3 жыл бойы тұрақты жүрісінің бұзылуы мазалап келген, кейде қатты күшейетін кейде баяулайтын сол жақ құлаққа шу естілуге, сол жақта естудің нашарлауы 3 –типі, дыбысты қабылдау бұзылысы, отоскопияда барабан өзгермеген.
Сұрақ:
Жоғарыда аталған симптомдарды қалай түсіндіруге болады?
Қандай ем қолданады?
Жауап:
Негізгі ауруына байланысты шағымдар дамуда.
Гипертониялық аурудың және бас-ми қантамырларының атеросклерозының емі.
№266
26 жастағы науқас екі құлақтада естудің нашарлауы мен шуға шағымданады. 3 жыл бұрын босанғаннан кейін естуі нашарлағанын айтады., содан бері біртіндеп өрістеген. Шулы дыбыстарды жақсы естиді. Тексергенде: А5 есту тесігі кеңейген,бөгде зат жоқ, екі құлақтада кондуктивті типте бұзылған, вестибулярлы функцияда зақымдалу жоқ.
Сұрақ:
Сіздің диагнозыңыз?
Емдеу әдісін анықтаңыз?.
Жауап:
1. Отосклероз.
2. Операция – стапедэктомия, стапедопластика.
№267
Науқас 38 жаста, дәрігерге бас айналу, жүрек айну, тепе-теңдік бұзылысы, екі жақ құлақтада естудің төмендеуі, шуға шағымданып келді. Бұл симптомдар пневмонияны мономицинмен емдегеннен кейін пайда болған. Лор органдары жағынан патологиялық өзгерістер жоқ. отоскопияда –М- оң жақ және сол жақта қалыпты, аудиологиялық зерттеуде- дыбысты қабылдау типі бойынша есту бұзылысы. Вестибулярлы анализатор қызметін тексергенде- оң жақта спонтанды нистагм, Ромберг кейпінде жүргенде сол жақа ауытқиды
Сұрақ:
Сіздің диагнозыңыз?
Емдеу әдісін анықтаңыз?.
Жауап:
1.Токсикалық постмедикаментозды кохлеовестибулярлы неврит.
2. Емі: дезинтоксикациялық, тамыр кеңейтуші, ісінуге қарсы терапия
№268
Науқас 40 жаста, сурдокабинетке соңғы 9 айдың ішінде естудің нашарлауына шағымданып келді. 2 ай бұрын жедел плевритпен ауырған. Сол аралықта 15 күн бойы канамицин иньекциясын алған. Емнен кейін құлақта шу пайда бола бастаған, естудің төмендеуі , жүрісінің бұзылуын байқаған.
Қарағанда: Лор органдарында патология жоқ. Естуді тексергенде екі жақта дыбысты қабылдау бұзылысы типте зақымдалған. Вестибулярлы аппаратты тексергенде екі жақ лабиринттің функциясының нашарлауы.
Сұрақ:
Сіздің диагнозыңыз?
Дәрігердік тактика қандай болады?
Жауап:
1. Токсикалық постмедикаментозды кохлеовестибулярлы неврит.
2. Емі: дезинтоксикациялық, тамыр кеңейтуші, ісінуге қарсы, витаминотерапия терапия
№269
Науқас 62 жаста, гипертониямен зардап шегуші, 1 жыл алдын қатты ашуланып жүйкесі бұзылуына байланысты сол құлағында бірден естуі нашарлаған осы уақытқа дейін осы құлағында есту төмен болған.
Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Пульс аздап түскен. АҚҚ 180/100 мм.с.б.
АД және АС- барабан өзгермеген. Оң жақ құлағы сыбырлауды 5 м қашықтықтан естиді, сол жақ тек қана қатты дыбыстарды. Аудиометрде-оң жақта қалыпты, сол жақта-дыбыс қабылдаудың бірден төмендеуі. Вестибулярлы функция анықталмайды.
Сұрақ:
1.Сіздің диагнозыңыз?
2. Қосымша зерттеу диагностикасы?
3.Емдік тактикаңыз?
Жауап:
1. Сол жақты кохлеарлы неврит, гипертоникалық ауру 2 дәреже, церебральді атеросклероз.
2.Емі: гипертониялық аурудың емі, склерозға қарсы ем, ішкі құлақта микроциркуляцияны жақсартатын, витаминотерапия
№ 270
Металлдан жасалған стол шығаратын заводта жұмыс жасайтын ер адамда достары әзілдесіп қатты металлды балғамен столды ұрған кезде ер адамда бірден кереңдік дамыды. Лор органдарын тексергенде: патологиялық белгілер жоқ. Аудиограммада екі құлақтада есту жоқ.
Сұрақ:
1.Сіздің диагнозыңыз?
2. Емі.
Жауап:
1.Жедел екі жақты жарақаттық кохлеарлы неврит.
2.Емі: тамыр кеңейтуші, дезинтоксикациялық, ісінуге қарсы, витаминді терапия.
№271
Науқас 42 жаста оң жақ құлағында естудің төмендеуіне, төмен ырғақты шуға шағымданады. Соңғы 5 жылдан бері ауырады. Күнделікті жүргенде бас айналу, 2-3 сағатқа созылатын жүрісінің өзгеруі мазалап келген. Ұстамадан тыс кезде науқас өзін сау сезінеді. 2 жыл бұрын ұстама кезінде оң жақ құлақта шу естіліп, есту қабілеті нашарлады.
Аудиограммада оң жақты нейросенсорлы кереңдік 2 дәреже.
Вестибулярлы зерттеуде: ЭНГ жасырын ЭВР оң жақ лабиринтке таралуы.
Сұрақ:
Сіздің диагнозыңыз?
Емі.
Жауап:
Меньер ауруы.
Емі: тамыр кеңейтуші, дезинтоксикациялық, ісінуге қарсы, витаминді терапия.
№272
Науқас 36 жаста, 3 жылдан бері сол жақ бетте ауырсыну мазалайды. Ауырсыну тұрақты, ұзақ, ақырындап үдеуші, сол жақта үшкіл нервтің 3-ші тармағы аймағында. Жылына бірнеше рет күшейетін ауырсыну мазалайды, біртіндеп үдеп ақырындап азаяды. Анамнезінде томенгі жақтың жарақаты. Объективті: соматикалық жағынан сау, сол жақта төменгі жақ нерві шығатын тесік үстін пальпациялағанда ауырсыну, гипестезия. Беті симметриялы. Тілі ортаңғы сызық деңгейінде. Карбамазепинмен сынама 200 мг күніне 3 рет енгізу нәтижесі жоқ.
Сұрақ:
Клиникалық диагноз қойыңыз және түсіндіріңіз?
Карбамазепинмен сынама неге әсерсіз болды.
Карбамазепинмен терапия жалғастыру қажет пе?
Емі.
Жауап:
Үшкіл нервтің перифериялық генезді 3-ші тармағының невропатиясы.
Бұл патологиялық процесс ОЖЖ қатысы жоқ, тітіркендіргіш әсер етсе патологиялық ошақ дамымайды.
Жоқ.
Физиоем (ИРТ, магнитотерапия),В тобының витаминдері, антидепресанттар.
№ 273
Науқас, 22 жас тұмаудан кейін оң жақ төменгі жақ маңайында ұстама тәрізді ауырсынуға, 2-3 секундқа созылатын ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну сөйлегенде, жуынғанда, шайнағанда күшейеді.
Неврологиялық статус: 5 нервтің 3-ші тармағы нүктесінде ауырсыну. Басқа неврологиялық белгілер жоқ. Бас-ми МРТ-сы өзгеріссіз.
1. Клиникалық синдромдарды ажыратыңыз.
2. Топикалық диагноз қойыңыз.
3.Клиникалық диагноз қойыңыз.
4. Қосымша зерттеу әдістерін тағайындаңыз.
5. Ем жоспарын және ары қарайғы науқастың жағдайын қалай бақылаймыз?
Жауап:
1. Үшкіл нервтің 3-ші тармағының шығатын аймағындағы невралгиялық синдром.
2. Оң жақты үшкіл нервтің 3-ші тармағының зақымдалуы.
3. Инфекциялық генезді үшкіл нервтің 3-ші тармағының оң жақты невралгиясы.
4. Бас-ми МРТ-сы.
5. Құрысуға қарсы терапия-финлепсин 200 мг күніне 2 рет, дозасын біртіндеп жоғарылатып отырады.
№274
Науқас 35 жаста, оң жақ бет жартысында күйдіретін жоғары және төменгі жаққа таралатын ауырсынуға шағымданып келді. Ауырсынулық ұстама 1-3 сек созылады. Ауырсыну шайнағанда, сөйлегенде күшейеді. Біріншілік ауырсынуы 3 ай бұрын гриппен ауырғаннан соң дамыды.
Неврологиялық статуста: оң жақта 5 нервтің 2-3 тармағы нүктесінде ауырсыну. Беттегі ауырсыну аймақтары оң жақ мұрын қанаты маңайында және ауыздың шырышты қабаты бойында.
Басқа неврологиялық симптоматика жоқ.
Сұрақтар:
а) Сіздің топикалық диагнозыңыз?
б) Клиникалық диагноз қойыңыз?
в) Науқасқа қандай ем тағайындауға болады?
Жауап:
Үшкіл нервтің 2-3 тармағының оң жақты тітіркенуі.
Үшкіл нервтің 2-3 тармағының невралгиясы.
Қабынуға қарсы препараттар, антиконвульсанттар.
№275
Жасөспірім 16 жаста мектепте физкультура сабағында басынан соққы алып құлап қалды. Бірнеше секундтай ессіз күйге түсті. Кейіннен бас айналу, бас ауру, қысқа уақытты құсу болған. Стационарға 1 сағаттан кейін алып келді. Тексеру кезінде науқас травма алғанын білмейді, бас ауруға, бас айналуға, жүрек айнуға шағымданады.
Неврологиялық статус: бұзылыс анықталмады. Бас миы рентгенограммасында патологиялық өзгеріс жоқ.
А. Алғашқы клиникалық диагнозыңыз?
Б. Қосымша зерттеу әдістері.
Жауап:
Оң жақ алдыңғы ортаңғы қатпар зақымдалуы.
КТ, МРТ.
№276
Ер адам 27 жаста, автомобильмен жол апатын басынан өткізген. Апат кезінде көлікте болған, басынан соққы алған. Жарақаттан кейін 5 минуттай есін жоғалтқан, кейіннен аздап құсу болған. Стационарға жарақаттан 1 сағаттан кейін жеткізілді.
Тексеру барысында науқас бас ауру, бас айналу, жүрек айнуға шағымданады, жарақатын есіне түсіре алмайды.
Неврологиялық статус: уақытқа және орынға ориентация сақталған. Менингеальды симптомдар жоқ, екі жақты спонтанды нистагм, сол жақта сіңір рефлекстері әлсіреген, сол жақта Бабинский оң мәнді.
Рентгенологиялық зерттеуде-оң жақта маңдай сүйегінде сызықтық сыну байқалады.
1. Алғашқы болжам диагноз қандай?
2. Қосымша зерттеу әдістерін жаса?
Жауап:
Сол жақ алдыңғы орталық және маңдайдың артқы 3-ші қатпары зақымдалуы..
КТ, МРТ.
№277
Ер адам 30 жаста ауруханаға жедел жәрдем бригдасымен әкелінді, көшеде көлік қағып кеткен. Тексеру кезінде науқас психомоторлы қозған, орынға, уақытқа ориентация сақталған.
Неврологиялық статус: желке бұлшықетінің ригидтілігі, екі жақтада симптом Керниг оң мәнді, екі жақта спонтанды горизонтальды нистагм, басқа белгілер жоқ. КТ –да маңдай аймағында ми заты тығыздығының патологиялық төмендеуі, дислокация жоқ.
