Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 нуска толық ответтері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.47 Mб
Скачать
  1. Әмір Темірдің Алтын Ордаға жасаған жорықтары.

Жауабы:

1379-1380 жылдары Алтын Орданың көптеген әмірлері Тоқтамыс жағына өтіп, оның билігін мойындайды. Алтын Орданың ханы болғаннан кейін, Тоқтамыс Сарай, Қажы Тархан Астрахань, Қырым мен Мамай Ордасын өзіне бағындырады. Қалыптасқан жағдай, Мамайдың 1380 жылы Куликов даласында орыс-қыпшақ әскерінен жеңілуіне себепкер болады . Осыдан кейін Тоқтамыс Әмір Темірге бағынуды қойып, дербес саясат жүргізе бастайды. Сонымен бір мезгілде ол Әмір Темірдің иеліктеріне шабуыл жасай бастайды.

Бұл оқиғалар қазақтың "Едіге батыр" эпосында жырланады. Жырда Тоқтамыс пен Темір арасындағы соғыстың басталуына қазақ биі мен батыры Едігенің тікелей қатысты екендігі айтылады. Моғолстан әмірлерімен күресті аяқтаған Әмір Темір әскерін сол кезде Дешті Қыпшақтағы Тоқтамысқа қарсы бағыттайды. Темір 1391 жылы 18 маусымда Құндыз түбінде Тоқтамыс әскерін талқандайды. Тоқтамысқа қарсы көтерілген жергілікті билеушілер (ішінде Едіге бар) Темірдің билігін мойындайды.

1393 жылы Тоқтамыс Алтын Ордадағы билігін қалпына келіреді. Ал Едіге би Ақ Орданың тағына Темір Құтлықты қояды. Темір Құтлық Әмір Темірдің саясатына тәуелді болады. 1395 жылы Солтүстік Кавказда Терек өзені бойында Тоқтамыс пен Темір әскері арасында шайқас болып, Тоқтамыс жеңіліс табады. Тоқтамыстың соңына түскен Әмір Темір орыс княздығы жеріне кіреді. Москваға барар жолда жаман түс көрген Темір оны жамандыққа жорып кері қайтады. Мауераннахрға қайтар жолда Темір Алтын Орданың Еділ бойы мен Қырымда орналасқан қалаларына, Астраханға өрт қояды.

2.1916 ж. көтеріліс жылдарындағы қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі.

Жауабы

Жетісу көтеріліс басшыларының бірі – Тоқаш Бокин үгіт жұмысына басшылық етті:

  • Соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді

  • Феодалдар тобының сатқындық рөлін әшкерелеп, патша жарлығын орындамауға шақырды.

Ол 1916 ж тамызда революциялық қызметі үшін қамауға алыны, түрмеде Ақпан төңкерісіне дейін отырды.

Жетісу көтерілісінің жетекшісінің бірі Бекболат Әшекеев бейбіт халықты ойрандалудан, көтерілісшілерді жазалаудан құтқару мақсатымен өкімет орындарына өз еркімен берілді. 1916 ж 9 қыркүйекте Бекболатты Боралдай асуында дарға асты.

Торғай көтерілісінің басшысы – сардарбегі Амангелді Иманов

  • Ұйымдаспаған көтерілісшілерден жүйелі әрі тәртіпті әскери организм құрды.

  • Қару өндіруді ұйымдастырды.

  • Көтерілісшілерді әскер өнеріне үйретті.

  • Көтерілісшілерді азық-түлікпен , аттармен қамтамас ететін тыл қызметін ұйымдастырды.

  • Мергендер жасақтарын құрды

  • Әскери сап құрып, калонамен жүргізді

Амангелді Торғай, Қостанай, Ырғыз, Ақтөбе уездерінің, ішінара Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілерінің басын біріктірді.

Амангелдінің серігі, атақты мерген – Кейкі батыр.

Торғай даласында бірге басшылық етіп, Амангелдінің дүниетанымдылығын қалыптастыруға зор ықпал еткен досы Әліби Жангельдин. Ол көтерілісшілердің «рухани көсемі» атанды.

3. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісшілер басып алған бекіністерді картадан көрсетіңіз.

Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісшілер

Жауабы:1841 ж Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісшілерСозақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін басып алды.

10-билет