Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 нуска толық ответтері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.47 Mб
Скачать

2.Хіх ғасырда Қазақстандағы жәрмеңкелердің әлеуметтік – мәдени салада атқарған қызметтеріне талдау жасаңыз.

Жауабы:

Жәрмеңкелерде сауда-саттық жасалып қана қойған жоқ. Олар алуан түрлі рулар мен халықтардың өкілдері бас қосып, пікір алысатын, байланыс жасап тұратын орнына да айналды.

Қазақ және орыс халықтары өкілдерінің өзара тамыр-таныстығы да осындай жәрмеңкелерден басталатын. Жәрмеңкелерде ірі-ірі спорттық шаралар, ат жарыстары, ұлттық ойын түрлері өткізіліп тұратын. Қазақтардың әр түрлі руларының, кейде тіпті барлық жүздерінің өкілдері күш сынасатын жарыстар да өткізілетін. Жәрмеңкеге жиналғандар түрлі спорт ойындары мен жарыстарды тамашалайтын. Ақындар айтысқа түсіп, бақ сынасатын.

Ірі-ірі жәрмеңкелерде қазақтың бүкіл әлемге танылған атақты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлы өнер көрсетті. Жәрмеңкелерде қазақтың Ақан сері, Балуан Шолақ, Жаяу Муса, Майра Шамсутдинова, Әсет Найманбайұлы, Әміре Қашаубайұлы сияқты көптеген сал-серілері мен ақындары да жиі-жиі болып тұрған.

Саяси өмірдегі оқиғалар шиеленісіп қыза түскен кездері жәрмеңкелер өкімет билігінің жоғары органына жазбаша шағым түрінде петициялар жолдайтын орын да болып табылды. Мәселен, 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде Әлихан Бөкейхановтың басшылығымен атақты Қарқаралы петициясы жазылды. Басты жәрмеңкелер:

1) Семей губерниясында – Қоянды, Баянауыл.

2) Ақмола губерниясында – Атбасар.

3) Ақтөбе уезінде – Ойыл, Темір.

4) Бөкей ордасында – Орда.

3. Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметін сипаттаңыз.

Жауабы:

Тұрар Рысқұлов (26 желтоқсан 1894, Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысы – 10 ақпан 1938, Мәскеу) – мемлекет қайраткері. Ол 1916 жылы Оңтүстік Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліске басшылық жасады. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін көктемде Рысқұлов Меркеге оралып, онда «Қазақ жастарының революциялық одағын» құрады.1917—1918 жылдары Әулиеатада белсенді саяси қызметімен көріне білді.1918 жылы Түркістан Республикасында құрылған Аштықпен күресетін Орталық Комиссияның төрағасы болып сайланады. 1919 жылы Т. Рысқұлов Мұсылман Бюросын ұйымдастырып, оны Түркістанның жергілікті халықтарының құқын қорғаушы ұйым (мемлекеттік құрылым) дәрежесіне дейін көтере білді.1920 жылы Түркістан Орталық Атқару комитетінің жергілікті халықтан шыққан тұңғыш төрағасы ретінде республиканың саяси-мемлекеттік егемендігі жолында табанды күрес жүргізді. 1920-1921 жж ол РСФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатында қызмет атқарып, осы комиссариаттың төрағасының орынбасары дәрежесіне дейін көтерілді. Комиссариатта жүріп бүкіл елдегі (РСФСР) жоғарғы оқу орындары (университеттер) жүйесіне басшылық жасады. Бұл жылдары оған болашақ диктатор — И. В. Сталинмен қызметтес болуға тура келген еді. 1922 жылы Т. Рысқұлов Түркістан Республикасы Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Түркістаннан біржола кетіп, 1924 жылы Коминтерннің өкілі етіп Монғолияға жіберіледі. 1926 жылы Рысқұлов Қазақстанға жіберіліп, Қазақ өлкелік БК(б)П комитетінің Баспа бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.Осы жылы «Еңбекші қазақ» газетінің бас редакторы болады.Түрксіб темір жолын салуда басшылық етеді. Ф.И. Голощекиннің «Қазақстанда кіші Қазан» төңкерісін жасау идеясына ашық қарсы шықты. Кеңестік ұжымдастыру саясатының зардаптарын жою, Қазақстандағы ашаршылықтың апатынан халықты құтқару жайында И.В. Сталинге нақты ұсыныстар жасады. Бірақ И.В. Сталин Рысқұловтан гөрі Ф.И. Голощекинге сенім артатындығын танытты. Рысқұлов қолынан келгенше ашаршылық тауқыметіне ұшырағандарға жәрдем көрсетуге талпынды. 1937 жылы 21 мамырда Кисловодскіде демалыста жүрген Рысқұлов «пантүрікшіл», «халық жауы» деген айыппен тұтқынға алынды. Кеңестік қуғын-сүргінге ұшыраған Рысқұлов Мәскеу түрмесінде жүрек ауруынан қайтыс болды.

9-билет