Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 нуска толық ответтері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.47 Mб
Скачать
  1. Ш.Құдайбердіұлының тарихта алатын орны.

ҚҰДАЙБЕРДИЕВ Шәкәрім (1858-1931) - ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор, аудармашы. Шәкәрім есімі оқырмандарға XX ғасырдың соңғы онжылдығында қайта оралды. Оның шығармашылығы жөнінде айтылмауының бірнеше себептері (Абаймен туыстық жақындығы, Кеңес өкіметіне деген салқын көзқарас танытуы) болды. Шәкәрімнің әкесі Абайға аға болып келетін. Ерте жетім қалған ІПәкәрім Абайдың қамқорлығында болды. Жан-жақты терең білім, араб, парсы, түрік және орыс тілдерін меңгеру Шөкерімге тек кана өдеби еңбектер ғана емес, тарихи, философиялык та-қырыптардағы еңбектер жазуға мүмкіндік берді. Ол батыс философтары Огюст Кант, Артур Шопенгау-эр т. б. еңбектерімен танысып, олардың философия-лык көзкарастарын ой елегінен өткізді. Шәкәрім шығармашылығы қазақ әдебиетіндегі өзіндік жаңа кұбылысқа айналды. Ақын әрі прозаик ретінде ғасырлар межесіндегі қазақ қоғамының өмір бейнесін көлемді түрде айқын бейнелеп, адамның ішкі дүниесіне терең талдау жасай білді. Оған дәлел - «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартай-Айсұлу» поэмалары мен 1988 жылы ғана жарық көрген «Әділ-Мәрия» романының кейіпкерлері. Поэмаларында адамдар арасындағы үнемі болатын күрделі қарым-қатынастар мәселесі, ғашықтардың қайғылы тағдырлары суреттеледі. Шәкәрім табиғат көріністерін суреттеудің шебері, кайталанбас стилі бар жазушы болды. Шәкәрім шығармашылығындағы тұрақты күрделі такырып жазушы мен қоғамның өзара қарым-қатынасы мәселесіне арналды. Ақын әдебиеттің міндетін адамның жан-жақты жетілуі мен адамгершілік идеалдарды сіңіре отырып, өмірді жақсартуға, қоғам мүдделеріне қызмет ету деп түсінді. 1930 жылы ол: «Өз ағайындарына деген жүрек жылуы, акыл-ойы, ар-намысы бар адамдар бірін-бірі қырып-жойып, бір-біріне жауыздық жасап өмір сүре алмайды» деген көреген жолдар жазып қалдырды. Ақын-ойшыл өмір ақиқатын танып-білуге ұмтылды. Бүл оның барлық шығармаларынан аңғарылып тұрады. Оның сан-салалы шығармашылық мұрасында Хафиз, Физули, Гарриет Бичер-Стоу, Пушкин, Толстой т. б. ақындар мен жазушылардың шығармаларынан жасаған аудармалары елеулі орын алады. Шәкәрім Құдайбердиев 1931 жылы Шыңғыс-тау тауына таяу жерде НКВД офицерінің қолынан қаза тапты.

30-билет

  1. Мухаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи –Рашиди» еңбегі.

  2. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы баспа ісінің дамуы.

  3. Батыс Түрік қағанаты қағандарының жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.

Қағандар

Жүргізген саясаты

Тардуш қаған

Шығыс түріктерді басып алуды, екі қағанатты қайта қосуды жүзеге асыруға тырысты.

Шегу қаған

Шегуй хан тұсында Батыс Түрік қағандығының саяси экон. жағдайы жақсарды. Қағандық батыста өз шекарасын кеңейтіп, 627 — 630 жылы грузин, армян, парсы әскерлерін талқандады. Бірақ Шығыс Түрік қағандығының құлауына байланысты ол Кавказға ұлы Бөрі шадты қалдырып, өзі шұғыл түрде ордасына оралды. Ш. х. билеген кезең Батыс Түрік қағандығының ең күшейген тұсы болды.

Тон қаған

Ордасын Мыңбұлақ (Цянь-цюань) деп атайтын жерге көшіреді. Әскерін жүз мыңнан асырып, теле тайпасын бағындырып, Иранды жаулап алуға қол жеткізді. Қол астындағы иеліктерге жаңа басшылар тағайындап, оларға сылифа (елтебер) деген титул берді. Сылифалардың іс-әрекетін қадағалап отыруды арнайы белгіленген ақсүйектерге тапсырды. Қытай императорымен жақсы қарым-қатынас орнатып, оған қымбат сыйлықтар жіберіп тұрды және онымен Шығыс Түрік қағандығына қарсы бірлесе күресу жөнінде келісім жасады.