- •1. Қазақстан жеріндегі ежелгі тас дәуірі (хронологиясы, тұрақтары, еңбек құралдары) .
- •2. Ислам дінінің мәдениеттің дамуына тигізген әсері
- •3. Терминдердің мағынасын кесте бойынша толтырыңыз.
- •Қазақстан жеріндегі ежелгі тас дәуірі (хронологиясы, тұрақтары, еңбек құралдары) .
- •Ислам дінінің мәдениеттің дамуына тигізген әсері
- •3. Терминдердің мағынасын кесте бойынша толтырыңыз.
- •Ақпан революциясынан кейін құрылған саяси партиялар мен ұйымдарға талдау жасаңыз.
- •3.Тың және тыңайған жерлерді игерудің жағымды және жағымсыз жақтарын кесте бойынша толтырыңыз.
- •2.Әбілғазы Бахадүр шығармасының тарихи маңызын анықтаңыз.
- •1. Қазақ хандығының мемлекеттік - әкімшілік құрылымы.
- •2. Қазақстанда кеңес үкіметінің орнау ерекшеліктері.
- •3. 1917 Жылы құрылған партиялардың саяси қызметтерін салыстырыңыз.
- •1. Есім хан тұсындағы қазақ хандығы.
- •2. Тоқырау жылдарындағы Қазақстан ауыл шаруашылығының даму ерекшеліктері мен оны басқарудағы кемшіліктер.
- •3. Қазақстандағы «Әскери коммунизм саясаты» мен «Жаңа экономикалық саясаттың» нәтижелерін салыстырыңыз.
- •3. Қазақстандағы «Әскери коммунизм саясаты» мен «Жаңа экономикалық саясаттың» нәтижелерін салыстырыңыз.
- •1. Ноғай Ордасы (аумағы, қоғамдық құрылысы, этникалық құрамы, ыдырауы)
- •2. Хх ғ. 60-80 ж. Әлеуметтік демографиялық жағдай.
- •3. Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен келеңсіз жақтарын кесте бойынша толтырыңыз.
- •1. Қола дәуірінің ерекшеліктері.
- •2. Қазақ өлкесіндегі диаспоралардың қалыптасуы.
- •3. Индустрияландыру жүргізілген кезеңдегі орын алған қиындықтар мен нәтижелерін кесте бойынша толтырыңыз.
- •Моғолстан (саяси тарихы, этникалық құрамы).
- •2.Хіх ғасырда Қазақстандағы жәрмеңкелердің әлеуметтік – мәдени салада атқарған қызметтеріне талдау жасаңыз.
- •3. Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметін сипаттаңыз.
- •Әмір Темірдің Алтын Ордаға жасаған жорықтары.
- •3. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісшілер басып алған бекіністерді картадан көрсетіңіз.
- •Шығай хан тұсындағы қазақ хандығы.
- •2.Смағұл Сәдуақасовтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •Билердің қазақ қоғамындағы рөлі мен қызметі.
- •2.1916 Жылғы Жетісудағы көтерілістің ерекшеліктері және салдары.
- •3. 1917 Жылдары құрылған саяси - демократиялық партиялардың құрылған аумақтарын карта бойынша белгілеңіз.
- •Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған жорықтары.
- •2.1916 Жылғы Торғай облысындағы көтерілістің барысы, ерекшеліктері мен маңызы.
- •3. Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
- •2.Әбілхайыр ханның Ресей патшалағымен жүрізген келіссөздерінің мәні мен сипаты.
- •3. Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
- •Абылай хан (мемлекет қайраткері, саясатшы, дипломат)
- •3. Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.
- •Мөде тұсындағы Ғұн мемлекеті.
- •2.Патша үкіметінің 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс кезіндегі жазалау шараларына талдау жасаңыз.
- •1916 Ж қазан патша әкімшілігінің «Қырғыздарды көшіру туралы» шешім шықты.
- •Патша өкіметінің жазалаушы шараларының салдары.
- •3.Суреттегі оқиғаны сипаттаңыз.
- •Қазақстандағы этно - саяси бірлестіктердің қалыптасуы.
- •Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың тарихи портретін жасаңыз.
- •1920-1930 Жылдардағы Қазақстан мәдениетіне арналған кестені толтырыңыз.
- •Жауаптары:
- •Қазақстандағы этно - саяси бірлестіктердің қалыптасуы.
- •Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың тарихи портретін жасаңыз.
- •18 Билет
- •Жауаптары:
- •Алғашқы адамдардың еңбек құралдары мен тіршілігі.
- •Хх ғасырдың 30-шы жылдарындағы Қазақстан ғылымының дамуына талдау жасаңыз.
- •Қазақстанда ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға арналған кестені толтырыңыз. Жоғарыдағы кестеде!!!
- •Жауаптары:
- •«Жеті Жарғы» және оның қазақ қоғамындағы рөлі.
- •1917 Жылғы шілдедегі і жалпы қазақ сьезінің шақырылуының тарихи маңызына талдау жасаңыз.
- •М. Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі.
- •Қазақстандық Алтайдың ерте темір дәуірі: Берел қорғаны.
- •Бірінші орыс революциясы жылдарындағы Қазақстандағы қоғамдық – саяси қозғалыстың дамуына талдау жасаңыз.
- •М.Дулатовтың қоғамдық-саяси қызметіне баға беріңіз.
- •Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы.
- •Хіх ғасырдың екінші жартысындағы қазақ даласындағы мұсылман мектептері мен медресселердің жағдайы.
- •1917-1918 Жылдардағы Қазақстандағы ұлттық автономиялар кестесін толтырыңыз.
- •Жауаптары:
- •Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы.
- •Хіх ғасырдың екінші жартысындағы қазақ даласындағы мұсылман мектептері мен медресселердің жағдайы.
- •1917-1918 Жылдардағы Қазақстандағы ұлттық автономиялар кестесін толтырыңыз.
- •Жауаптары:
- •Наймандар, Керейлер, Жалайырлар.
- •Хх ғасырдың басындағы музыка өнері.
- •Жоғарыда!!!
- •Жауаптары:
- •Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің «Жылнамалар жинағы».
- •2.Хіх ғасырдың бірнші жартысында қазақ даласын зерттеген ғалымдар.
- •3.Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы жайлы кестені толтырыңыз. Жоғарыда!!!
- •Жауаптары:
- •1.Ежелгі темір дәуіріндегі Оңтүстік Қазақстан және Жетісу мәдениеті.
- •2.Қазақ акср-інің Қазақ кср-нен айырмашылығына талдау жасаңыз.
- •3.Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
- •Жауаптары:
- •Жетісудағы үйсін мәдениетінің ерекшеліктері.
- •Патшалық Ресейдің Қазақстанның оңтүстік аумағын жаулап алуының тарихи маңызы.
- •3. Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
- •Жауаптары:
- •1. Ортағасырлық Қазақстан тарихындағы қыпшақтардың саяси тарихы.
- •2.Жоламан Тіленшіұлы мен Саржан Қасымұлы бастаған көтерілістерді салыстыра отырып, талдау жасаңыз.
- •3.Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
- •Жауаптары:
- •1.Қазақстан аумағында Батыс Түрік қағанатының құрылуы.
- •2.Қасым хан мен Есім хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.
- •XVII ғ. Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы тұрақсыз болды:
- •3.Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
- •Жауаптары:
- •Төле бидің қазақ қоғамындағы рөлі.
- •Жанқожа Нұрмұхаммедұлы басқарған көтерілістің тарихи маңызы.
- •Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан жайлы кестені толтырыңыз.
- •Жауаптары:
- •Қ.А. Ясауидің «Диуани хикмет» еңбегі.
- •Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан экономикасының даму ерекшеліктері.
- •Ш.Құдайбердіұлының тарихта алатын орны.
- •Жауаптары:
- •Мухаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи –Рашиди» еңбегі.
- •Хх ғасырдың басындағы Қазақстандағы баспа ісінің дамуы.
- •Батыс Түрік қағанаты қағандарының жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
Жауаптары:
Төле бидің қазақ қоғамындағы рөлі.
1742 жылы Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына түсіп қалғанда, оны тұтқыннан босатуда Төле би белсенділік танытты. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Әбілқайыр хан мен Төле бидің Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатуға ықпал жасауын өтінгендігі айтылады. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастаған 90 адам елші боп барып, келіссөз жүргізіп, 1743 жылы 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Төле би ішкі және сыртқы саясатта сара бағыт ұстанды. Хандық пен мемлекет тұтастығын, тәуелсіздігін діттеп, жаугершілікте дұшпан қолында қалған қалалар мен жерлерді қайтаруға күш салды. 1734 жылы Ресей патшасы Анна Ивановнаға және 1749 жылы Орынбор губернаторы И.Неплюевке хат жолдап, бодандықты қабылдауға ризашылық танытты. Бұл сол тарихи кезеңде шарасыздан жасалған қадам болатын. Ол жоңғар шапқыншылығынан титықтаған халықтың жағдайын жақсартуды бірінші кезекке қойды. 1748 жылы орыс сауда керуені тоналғанда, бұған кінәлі Қойгелді батырды билер алқасына шақыртып, оған бұл шығынды жұрт көзінше өтеттіреді. 1748 жылы Әбілқайыр хан қаза тапқанда, оның баласы Ералы сұлтан әкесінің құнын даулап Төле биге шағымданады. Төле би Әбілқайырдың өлімі үшін айыпкерлердің Жеті жарғы заңына сәйкес жеті құн төлеуі туралы шешім шығарады. Ералы айыпкерлерден екі құн алып, төрт құнды кешіреді де, әкесін өлтіруге қатысушылардың бірі Сырымбет батырды жетінші құн орнына өз қолымен өлтіреді. Әбілқайырдың балалары бұған да тоқтамай, Барақ сұлтанның жауапқа тартылуын Төле биден сұрайды. Бас сауғалап қашып жүрген Барақ сұлтан Төле биге өзі келіп, жасаған ісі үшін сотқа тартуды сұрайды. Төле би билер сотына қазақ билерінің ішінен Барақ сұлтанның ұсынуы бойынша төрт белгілі биді (Жалған би, Сырлыбай би, Даба би, Қабек мырза) қатыстырады, өз тарапынан бірнеше биді шақырады. Билер алқасында Төле би Барақ сұлтанды ақтап алады. Төле би Әбілқайыр ханның өлімі үшін жеті адамның құнын кескенде де, Барақ сұлтанды ақтап алғанда да, туысы Қойгелді батырға тоналған орыс сауда керуенінің өтеуіне екі мың жылқы төлеуге билік шығарғанда да елдің елдігін бұзбауды, әлі келгенше халықтың тыныш жағдайын, тұтастығын сақтауды көздеді. Төле бидің бұл секілді еларалық сипаттағы билігімен қатар ұлыс ішіндегі дауларды шешкен билігінен де оның мемлекеттік деңгейдегі парасаттылығы, ойының саралығы мен ниет-тілегінің тазалығы танылады. Төле би хан, сұлтандардың, бектер мен билердің өзара қырқысының ұлт тәуелсіздігі мен бостандығына ешнәрсе бермейтіндігін сезініп, татулықты жақтады. Оны елге танымал “Елге бай құт емес, би құт” дейтін қанатты сөзі айқын аңғартады. Бізге келіп жеткен аңыз-әңгімелерде Төле бидің ұлт бірлігін нығайтуды барынша жақтағандығы айтылады. Сондай аңыз-әңгімелердің бірінде Төле би өз көңілін сұрай келген Қазыбек, Көкі, Мәлік, Ержан билердің еліңізге қандай өсиет қалдырасыз деген сұрағына былай деп жауап берген екен: “Жүзге бөлінгендердің жүзі қара. Руға бөлінгендердің құруға асыққаны. Атаға бөлінгендер адыра қалады. Көпті қорлаған көмусіз қалады. Хан азса, халқын сатады. Халық азса, хандыққа таласады”. Төле бидің артында кейінгі ұрпаққа жарық жұлдыздай жол көрсетіп, жөн-жоба сілтейтін көптеген өсиет сөздері қалған. Оның шешендік сөздері айтпақ ойының ұшқыр да тапқырлығымен, тап басатын көркем теңеулерінің дәлдігімен, тілінің өткір де айқындылығымен ерекшеленеді. Оның Данагүл есімді келінінің де есімі көпке танымал.
