Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 нуска толық ответтері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.47 Mб
Скачать

2.Қасым хан мен Есім хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.

Қасым ханның ішкі саясаты:

1)Хан өзінің қасқа жолымен елдегі жағдайды түзеп, мемлекетті күшейтіп алды;

2)Қазақтардың негізгі этникалық аудандарын Қазақ хандығына біріктіріп, бір орталықтан басқару жүйесін жетілдірді.

3)Ұлыс басшылығына ел басқаруға қабілетті адамдарды сайлады;

4)ХVІ ғасырда Қасым хан ұлан байтақ қазақ жерінің айтарлықтай бөлігін өз қол астына қаратты.

5)Қасым хандығының орталығы бастапқы кезде Сығанақ қаласы болды.

Қасым ханның сыртқы саясаты:

1)Орта Азия хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығымен, Ресеймен сада-саттық және дипломатиялық байланыс жасады.

2)Моғол ханы Саид ханның Шығыс Түркістанға көшіп кетуі қасымның Жетісудағы билігінің нығаюына себеп болды.

3)ХVІ ғасыр басында қасым ханның сыртқы саясатының басты бағыты Сырдария бойындағы қалаларды қаратып алу жөніндегі күрес.

Есім хан саясаты (Шығайдың баласы, 1598-1628 ж.ж) саясатының ерекшелігі:

1)Барлық қалаларымен қоса Түркістан аумағы Қазақ хандығына қосылды

2)Осы кезден бастап Ташкент қаласы 200 жылдай қазақтардың иелігінде болды

3)Оңтүстік Қазақстандағы отырықшы-егіншілік аймақтар Қазақ хандығының жері болып есептелді.

4)„Есім ханның ескі жолы“ атты әдет-ғұрып ережелері жинағын шығарды. Заңда:

Әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті

Әскер тәртібін бұзушыларға жазаны ауырлатты

Ескі құқықтық заңдар мен ғұрыптарды сақтады.

XVII ғ. Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы тұрақсыз болды:

1)Хандық іштей бөлшектеніп, феодалдық қақтығыстар күшейді

2)Үш жүздің әрқайсысы жеке хан сайлауға көшті

3)Оңтүстікте іс жүзінде екі хан билігі орнады

Есім хандығы, астанасы – Түркістан қаласы. Тұрсын-Мұхаммед хандығы, ордасы – Ташкент. Тұрсын-Мұхаммед (1613-1627ж.ж.) өз атынан ақша шығарып, салық жинап отырды. Есім хан ойраттардан хандықтың шекарасын қорғай жүріп, Тұрсын-Мұхаммедтің іс-әрекеттеріне шыдамдылықпен қарады. Бұхардың ханы Иманкули екі ханның өзара жауластығын пайдаланып, Ташкентті тартып алуға тырысты. Қазақ хандарының арасында алауыздық күшейіп, 1627 ж. Есім хан Тұрсын-Мұхаммедті өлтіреді.

3.Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.

Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 18 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп, Д.Қонаевтың орнына тағайындауы түрткі болды. 17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л.И.Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.

18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.

Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар.

28-билет

  1. Төле бидің қазақ қоғамындағы рөлі.

  2. Жанқожа Нұрмұхаммедұлы басқарған көтерілістің тарихи маңызы.

  3. Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан жайлы кестені толтырыңыз.

Қазақстандағы Азамат соғысының ерекшеліктері

Азамат соғысының салдары

Қазақстан аумағындағы майдандар

Өлке өнеркәсіп орындарының,темiр жолдардың жеткiлiксiздiгiмен,халықтың аздығы, аумақта төрт казак әскерлерінің болуымен ерекшелендi. Күштердiң арасалмағы Кеңес өкіметі үшiн қолайсыз едi. Сыртқы шекаралардың жақындығы (Синьцзян) Қызыл Армияның жауларына шекаралас аудандарда әскери базалар құруды жеңiлдеттi. Сонымен қатар орасан үлкен аумақта майдандардың шашырап орналасуы және майданның бiрыңғай шебiнiң болмауы әскери операцияларды үйлестiрудi қиындатты.

Азамат соғысы мыңдаған адам өмірін қиды, кейбiреулерi отандарынан мүлдем айырылды. Экономиканың Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнен басталған құлдырауы күшейе түстi. Әр түрлi аудандардың, халық шаруашылығы салаларының, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының, қала мен деревняның арасындағы экономикалық байланыстар бұзылды. Азық-түлiк пен ең қажеттi бұйымдардың тапшылығы өткір сезiлдi, қағаз ақша (рубль) құнсызданды.Қазақстанда көмір өндіру,мұнай өндіру бірнеше есеге қысқарды.

Ақтөбе (немесе Солтүстік Түркістан), Орал және Жетісу майдандары