Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 нуска толық ответтері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.47 Mб
Скачать

3.Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы жайлы кестені толтырыңыз. Жоғарыда!!!

24-билет

  1. Ежелгі темір дәуіріндегі Оңтүстік Қазақстан және Жетісу мәдениеті.

  2. Қазақ АКСР-інің Қазақ КСР-нен айырмашылығына талдау жасаңыз.

  3. Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.

Жауаптары:

1.Ежелгі темір дәуіріндегі Оңтүстік Қазақстан және Жетісу мәдениеті.

Жетісу сақ қорғандарының ішіндегі ең көрнектілерінің бірі – Есік қорғаны. Есік қорғаны б.з.б. V- ІV ғасырда салынған. Ол Алматы қаласының шығысында 50 шақырым жерде, Іле Алатауының баурайында орналасқан. Қорған 40-тан астам обадан тұрады. Есік қорғанына археологиялық қазба жұмыстары 1969-1970 жылдары жүргізілді. Оның диаметрі 60 метр, биіктігі 6 метр. 1970 жылы археолог Кемал Ақышев Есік қорғанындағы қабірден 17-18 жас шамасындағы шошақ бөрікті сақ ханзадасының мүрдесін ашты. Бұл адам тарихқа «Алтын адам» деген атпен енді. Ханзаданың бас киімінде 150 түрлі жануарлар мен құстардың бейнесі өрнектелген. Бас киімде бейнеленген қанатты аттар – күн қозғалысын білдіреді. Қабірдің ішінен 4000-нан астам заттар табылған. Ол заттардың ішіндегі ең ерекшесі – 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс тостаған және «аңдық стильде» өрнектелген ағаш қынды қанжар – ақинақ. Б.з.б. V- ІV ғасырға жататын Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауындағы Желшалғыр тауының етегінде, Шылбыр қойнауында орналасқан. Бұл қорым үлкен, орташа және шағын 31 обадан тұрады. Олардың ішіндегі ең ірісі - Үлкен Бесшатыр обасы. Бұл қорғандар - «патша қорғандар» деп аталады. Өйткені бұл обаларда патша сияқты ең беделді, ең даңқты адамдар жерленген. Бесшатыр обаларынан семсер – ақинақтар, қола ұшты жебелер, темір пышақтар, шаш түйрегіштер, ақық моншақтар табылды. Оңтүстік Қазақстандағы сақ тайпаларының ең көне ескерткіштері Түгіскен мен Ұйғарақ қорымдары. Олар Арал теңізінің шығыс жағында орналасқан. Бұл ескерткіштердің салыну мерзімі б.з.б. VІІІ-V ғасырға жатады. Обаларды қазу барысында сыртын жылтыратқан ұзын мойынды қыш ыдыстар, үш қырлы жебе, ат ауыздықтары, ер-тұрман әбзелдері көптеп табылды. Сонымен қатар, обалардан табылған заттардың ішінде аң бейнесінде жасалған металл бұйымдар жиі кездеседі. Оның ішінде арыстан бейнесі көп табылған. Ғалымдардың болжауынша Түгіскен, Ұйғарақ ескерткіштерін массагет тайпалары қалдырған. Арал өңірінде кездесетін сақ тайпалары ескерткіштеріне Шірік-рабад, Бәбіш-молда, Баланды жатады.

2.Қазақ акср-інің Қазақ кср-нен айырмашылығына талдау жасаңыз.

3.Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.

1917 жылы қазан төңкерісінен кейін елдегі қалыптасқан саяси жағдайға байланысты әрі қарай не істеу қажеттілігін анықтап алу үшін ұлттың интеллигенция басшылары - Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов және т.б. ұйымдастыруымен Орынборда 1917 жылдағы 5-13 желтоқсанда II Бүкіл қазақ съезі болды. Оған Қазақстанның барлық облыстарынан өкілдер қатысты. Съезде: Сібір, Түркістан автономиясы және Оңтүстік- Шығыс одағы туралы, қазақ-қырғыз автономиясы, милиция, ұлт кеңесі, ұлт қазынасы, муфтилік мәселесі, халық соты, ауылды басқару және азық-түлік мәселелері қаралды. Елдегі саяси қиын кезеңде халықты аман сақтау үшін «уақытша халық кеңесі» түріндегі Алашорда үкіметін құрды. Ұлт кеңесі құрамына 25 адам кірді. Алашорда үкіметінің төрағасы - Ә.Бөкейханов, ал астанасы – Семей қаласы болды. «Алаш» партиясы бағдарламасы 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде жарияланды. Бағдарламаның 10 тарауында мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, дін ісі, сот, ел қорғау, салық, ғылым-білім үйрету, жер мәселесі қамтылған. Таптық емес, ұлттық мүддені жоғары қойған «Алаш» партиясының белсенді саяси қайраткерлері – қазақты ұлттық дербес мемлекетке біріктіріп, ел еткісі келді. Сөйтіп, «Алаш» көшбасшысы - Ә.Бөкейханов бастаған зиялылар – ұлттық идея, ұлттық тұтастық қана мемлекет қалыптастыруға апаратын тура жол екенін көрсетті. Алашорда үкіметі – 1917 жылдың желтоқсанынан – 1920 жылдың наурызына дейін ресми билік құрды. Сонымен қатар 1917 жылғы қарашадан – 1917 жылғы ақпан айы аралығында М.Шоқай басқарған Түркістан автономиясы өмір сүрді. М.Шоқай шетелге эмиграцияға кеткенмен Алаш қозғалысы 1939 жылға дейін «Жас Түркістан» журналы арқылы жалғастырды. М.Шоқайдың «Біз – құл болып тұра алмаймыз. Біз ұлт азаттығымызды аламыз» - деген сөзі барлық Алаш қайраткерлерінің ойымен үндеседі. Әлихан Бөкейханов бастаған Алашорда үкіметінің идеясын қуаттаған Күнбатыс Алашорда үкіметі – Ойыл уәлаятының уақытша үкіметі 1918 жылғы 18-21 мамыр күнінде құрылып, төрт айдай өмір сүріп, қыркүйек айында таратылды. Оның жетекшілері – Ж.Досмұхамедұлы, Х.Досмұхамедұлы, Д.Күсіпқали т.б. болды. Олар мемлекет құрылымын, шекарасын белгілеп құрамына 30 қазақ болыстарын кіргізіп, өзінің рәмізі жасыл түсті жарты ай белгісі бар туын көтеріп, Жымпитыда земство банкін ашып, өз ақшасын шығарып, өзінің әскерін құрады. Ресейлік үлгідегі Ойылда юнкерлер мектебін, Жымпитыда прапорщиктер мектебін ашады. Жанша Досмұхамедұлы мен Халел Досмұхамедұлы Орталық Алашорданың атынан Мәскеуге барып, В.И. Ленинмен және И.В. Сталинмен жүзбе-жүз кездесіп, алаш автономиясын мойындау жөнінде келіссөз жүргізгені белгілі. Ж.Досмұхамедұлы Мәскеудегі Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысып, ресей мұсылмандарының атқару органы – Шура-и-исламның шешімімен осы органның төрағасының орынбасары болып сайланды. Ол Санкт-Петербургтың көпшілік кітапханасындағы Құран Кәрімнің алғашқы, толық нұсқасын В.И. Лениннің тікелей араласуымен алып, Орынбор, Уфа арқылы Ташкентке жеткізеді. Алаш зиялылары қоғамдық-саяси өмірді европалық-демократиялық саяси құндылықтарға негіздеуді мақсат тұтқанымен түрік, ислам әлемінен де қол үзбеген. Қазақстанның оңтүстік өңірінен шыққан Түркістан автономиясының басшылары М.Тынышбаев, М.Шоқай бастаған зиялылар тобы 1917 жылы наурызда құрылған «Шура- и-ислами» партиясына да кіреді. Ислам дінінің Түркістанмен Орта Азияның жергілікті халқының санасына берік орныққанда партия оларды біріктіруші фактор ретінде таныды. Жалпы қазақ съездерінде мектептерде дін негіздерін оқытуды жақтаған алаш зиялыларының көрегендігін 1918-1920 жылы Алашорданың Торғайдағы әскери бөлімін басқарған А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Сейдәзім Қадырбаев т.б. азамат соғысы кезінде елді, халықты аман алып қалуда қажырлы еңбек етті. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Р.Марсенов 1918 жылы Шәуешекке барады. Ондағы мақсат – аласапыранында үркіп, Қытайға көшіп кеткен елдің жағдайын білу, көнсе елге қайта көшіру және Алашорданың ауқымын сол жақтағы елге де ұлғайту болады.

25-билет

  1. Жетісудағы үйсін мәдениетінің ерекшеліктері.

  2. Патшалық Ресейдің Қазақстанның оңтүстік аумағын жаулап алуының тарихи маңызы.

  3. Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.