Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 нуска толық ответтері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.47 Mб
Скачать
  1. М. Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі.

Мұстафа Шоқай (1890–1941) – аса көрнекті

саяси, қоғам және мемлекет қайраткерi, публицист,журналист, гуманист, демократ. 1917 жылдың

ақпанына дейiн Мемлекеттiк Думадағы мұсылман

фракциясының Түркiстан жөніндегі iстерi бойынша

хатшысы болып iстедi. Петербургтен Түркiстанға

қайтып оралған соң либерал-демократиялық азаттық

қозғалыс басшыларының бiрi болды. 27 жасында ол бүкiл Түркiстандағы

ұлт-азаттық қозғалыстың басшыларының бiрiне айналды.

Түркiстан (Қоқан) Республикасының құрылуымен қорғаныс министрi,

Үкiмет төрағасының орынбасары,төрағасы қызметтерiн атқарды. Қазан революциясына

қарсы болды. Қоқан автономиясы қуып таратылған соң шет елге

эмиграцияға кеттi. Антикеңестiк оппозицияның көректі өкілі болды. Шетелде

журналдар шығарып тұрды. Өзiнiң көптеген мақалаларында, әсіресе

«Кеңестердiң билiгiндегi Түркiстан» атты кiтабында большевиктер партиясы

мен Кеңес үкіметінің Қазақстан мен Орта Азия республикаларындағы әлеуметтік-

экономикалық және ұлт саясатын сынға алды.

Мұстафа Шоқай Орта Азия мен Қазақстан халықтарының ежелгi әрі

бай мәдениеті мен тарихын насихаттаған ағартушы болды. Ол орыс әдебиетінің

бiлгiрi саналып, ағылшын, француз, немiс, түрiк және араб тiлдерiн

тамаша меңгердi. Ол бүкiл өмірін Орта Азия мен Қазақстан халықтарының

ар-абыройы, шындығы жолындағы күреске арнады, оның жаны мен жүрегi

өc туған халқымен әрдайым бiрге болды.

Қоқан Республикасы талқандалған соң Грузия мен Түркия арқылы

қашып, Германияға, Берлинге келiп орналасты. Ол мұнда Ресейлiк мұ-

сылман эмигранттардың ұйымын басқарды, ғылыми жұмыспен айналысып,

«Еңи Түркiстан» мен «Яш Түркiстан» журналдарын басып шығарып тұрды.

1940 жылы маусымда М. Шоқайды фашистер тұтқындап, Компьен лагерiне

жабылды. 1941 жылы желтоқсанда Берлинде жұмбақ жағдайда қайтыс

болды.

20-билет

  1. Қазақстандық Алтайдың ерте темір дәуірі: Берел қорғаны

  2. Бірінші орыс революциясы жылдарындағы Қазақстандағы қоғамдық – саяси қозғалыстың дамуына талдау жасаңыз.

  3. М.Дулатовтың қоғамдық-саяси қызметіне баға беріңіз.

  1. Қазақстандық Алтайдың ерте темір дәуірі: Берел қорғаны.

Шығыс Қазақстанныңерте темір дәіуірінің б.з.б. 5-4 ғасырлар аралығын қамтитын кезеңін Берел кезеңі деп атайды.Берел кезеңі деп аталуы Қатонқарағай ауданындағы Берел қорымына байланысты өойылған. Бұл қорымнан 40тан астам обалар табылған. Ішіндегі ең үлкенінің биіктігі 9 метр.

Бұл оба жерленген адам астау-саркофагқа салынған.Қабір жанынан 16 аттың қаңқасы шықты. Аттар әр қатарда 4 аттан 4 өатар болып орналастырылған.Обаға аттармен қоса ер-тұрман да қоса көмілген. Ат әбзелдері алтынмен қапталған.Берел обасында тайпа көсемі, ру ақсақалы, ерекше беделді адам, бай немесе батыр жерленген болуы керек.

Берелдің кіші обаларынан бөренеден қиыстырып жасаған сандықшаға жерленген адамдар да табылды. Адаммен қоса бұл обаларға аттары да бірге көмілген.

Берел мәдениетінің бір ерекшелігі ─ жайпақ түпті қыш ыдыстардың таралуы болып табылады.Ыдыс жасаудың екі түрі бар. Оның бірі ─ мойны қусырылып, кейде тік болып келетін құмыралар, ал екіншісі ─ жатаған, жайпақ көзелер.

Берел кезеңінің соңында қола заттар азайып, темірден жасалған заттар көбейді.1998-1999 жылдары археолог-ғалым З.Самашевтің жүргізген қазба жұмыстары кезінде нөмірі 11 оба толық ашылып,ғаламат олжа табылды. Оба үйіндісі сопақша балып, оның төбесі төмен қарай ойысып, шөгіп кеткен. Өорым шұңқырынан тік төртбұрышты етіліп қиюластырма жасалған қима қабір табылды, онда үлкен балқарағайдан ойылып жасалған астау табыт қойылыпты. Астау табытқа 45 жастағы ер адам мен одан егделеу әйел жерленген екен. Ғалымдар радиологиялық әдіспен мәйіттердің б.з.б. 294 жылы жерленгенін анықтады. Мәйіттер айрықша сән-салтанатпен киіндіріліп қойылған. Қаңқа сүйектің әр жерінде киім-кешектің шірінді қалдықтары сақталған.

Обадан 13 жирен жылқы табылған.Сәйгүліктердің ат-әбзелдері ғана емес,жылқылардың терісі,жүні мен еті тұтастай сол күйінде сақталған.Тіпті жылқылардың ішкі құрылысы мен жеген жемшөбіне дейін бұзылмаған.Әр жылқының кекілінен құйрығына дейін алтынмен апталып, күміспен күптелеген әбзелдері бар.