Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 нуска толық ответтері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.47 Mб
Скачать

18 Билет

  1. Алғашқы адамдардың еңбек құралдары мен тіршілігі.

  2. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы Қазақстан ғылымының дамуына талдау жасаңыз.

  3. Қазақстанда ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға арналған кестені толтырыңыз.

Күштеп ұжымдастырудың мәні

Күштеп ұжымдастырудың салдары

Ұжымдастыру науқаны қатал террор жағдайында, жергiлiктi

жердiң ерекшелiктерi мен дәстүрлері есепке алынбастан, алдын ала ойластырылған дайындықсыз, әкімшіл-әміршіл шаралармен жүргiзiлдi. Ұжымдастыру жөніндегі iс-шаралар ауылдың дәстүрлі

тұрмыс түрiн талқандауға бағытталды, тарихи қалыптас қан ұлттық көшпелі өмірдің негiздерi жойылды.

Аштықтан 2 млн 100 мың қазақ

қырылды. Ауыл шаруашылығының құлдырауы. Жеке шаруаны жою. Шаруалар

көтерілісі.Халықтың жаппай

қоныс аударуы. Азық-түлiк проблемасының ушығуымен 1932–1933 жылдарда жаппай

аштық орын алды. Мемлекет азық-түлiк өндіруді бақылаусыз билеу мүмкiндiгiн алып, iс жүзiнде азық-түлiк салғырты қалпына келтiрiлдi.

Жауаптары:

  1. Алғашқы адамдардың еңбек құралдары мен тіршілігі.

Алғашқы адамдар қарапайым еңбек құралдарын пайдалануды

үйренген соң, табиғатқа тәуелділігі азая бастады. Әуелде олар

баспана жасауды,тамақ пісіруді білмеді. Жаңбыр мен жабайы

аңдардан қашып, үңгірлерді паналады. Жер бетінде, ағаш, бұта

басындағы өсіп тұрған әр түрлі жеміс-жидектерді терді.Жеуге жарамды тамырларды қазып алды.Құстардың жұмыртқаларын жинап қорек етті.Мұндай кәсіп терімшілік деп аталады. Бірлесіп тамақ табу мен жабайы жануарлардан қорғану үшін топтанып жүрді. Ертедегі адамдардың мұндай ұжымы адамдар тобыры деп аталады. Алғашқы қауымдағы адамдардың келесі кәсібі аң аулау болды, олар негізінен мамонттарды, бизондарды, маралдар мен жабайы жылқыларды,үңгір аюларын аулады. Аңдарды үркітіп, жарға қарай куатын. Үркіткен аңдар адамдардан қорқып,терең жарға құлады. Алғашқы жасалған құралдардың ұзындығы 20 сантиметрге, салмағы 1 киллограмға дейін жетті. Жануарлардың терісін тазалайтын, етін боршалайтын тас шапқылар мен қырғыштар жасалды. Жамбыл облысынан табылған палеолит дәуірінің бес мыңнан аса еңбек құралдарының бәрі қашау мен үшкір заттар. Неолитте тас өндеу неғұрлым биік деңгейге көтерілді. Бұл кезеңде адамдар тасты жылтыратып тегістеуді үйренді, еңбек құралдарының жаңа түрлерін – дәнүккіш, келі, балта, қайланы т.б. ойлап тапты.

  1. Хх ғасырдың 30-шы жылдарындағы Қазақстан ғылымының дамуына талдау жасаңыз.

1932 жылы КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы құрылып, ол 1938 жылы жанынан түрлi бағыттағы ғылыми-зерттеу институттары (ҒЗИ) ашылған КСРО ҒА-ның Қазақ филиалына айналды.1932 жылы республикада 12 ғылыми-зерттеу инс титуты,15 тәжірибе станциясы, 186 тiрек пунктi, зертханалар, су және ауа

райын бақылау станциялары болды. Егер 20-жылдары республикада Одақтың орталық аймақтарынан келген ғалым-академиктер

жұмыс iстесе, 30-жылдары жергiлiктi ғалымдар да қалыптаса

бас тады. Профессор ғылыми атағы аса көрнектi қазақ тарихшысы

С. Асфендияровқа берiлдi. Дегенмен де қазақ ғалымдары көп болған

жоқ. 1936 жылы ҚазМУ-дегi 42 оқы тушының 8-i ғана қазақ едi.

Осындай жағдай басқа жоғары оқу орындарында және ғылыми зерттеу

институттарында да болды. 1939 жылғы санақ бойынша

Қазақстанда 430 мыңнан астам адам ой еңбегiмен айналысқан,

олардың 27454-iнiң жоғары бiлiмi болған.