Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 нуска толық ответтері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.47 Mб
Скачать

3. Суретке қарап отырып, оқиғаны сипаттаңыз.

Жауабы:

1931-1933 жылдардағы ашаршылық(«Ұлы жұт») ─ Қазақстан тарихындағы ең зұламат кезеңдердің бірі . Негізінен жас балалар мен әйелдер қырылғандықтан оның демографиялық зардабы ауыр болды.Қазақтардың сан жағынан өсуін қатты тежеді. Кейіннен асыра сілтеушіліктің шын мәні “қызыл қырғын”, “голощекиндік геноцид”(Геноцид - қандай да бір ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топтың өкілдерін түгелдей немесе жекелеп қасақана қырып-жоюды білдіреді) деген тарихи атқа ие болды. Сол кездегі өлкелік партия комитетінің І хатшысы Ф.И.Голощекин болған. Әсіресе, Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы халықты есеңгіретіп кетті. Салдарынан Қазақстанда сталиндік-голощекиндік реформа, содан туындаған шаруалардың жекеменшігін тәркілеу мен жою, бас көтертпес ет, астық т.б. ауылшаруашылығы өнімдері салықтары, көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын жаппай және күшпен отырықшыландыру науқандары болып өтті. 2, 1 млн. адам қырылды. 1 млн-нан астам қазақ республикадан тыс жерлерге көшірілді.

14-билет

  1. Абылай хан (мемлекет қайраткері, саясатшы, дипломат)

Жауабы:

АБЫЛАЙ ХАН (Әбілмансұр) (1711-1781) - ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен күштерін біріктіріп, жауға қарсы соғысқа шыққан. 1771 жылы Әбілмәмбет дүние салған соң, Абылай орта жүздің ханы болып сайланды. Абылай тек орта жүзге ғана емес, ұлы жүз бен кіші жүзде де ықпалын жүргізді. Сыртқы саясатта қазақ елінің дербестігін сақтауда және оның қорғаныс қабілетін нығайтуда, аса үлкен тарихи рөл атқарды. Көршілес елдермен экономикалық байланысты, сауда-саттықты күшейтті. Россия үкіметі, Қытай мемлекеті, Жоңғар, Бұхар, Хиуа хандары Абылай тұсында қазақ елімен қызу қарым-қатынас жасады. XVIII ғасырда қазақ жерін жаулап алмақ болған Жоңғар хандығы мен Манчжур-Қытай империясына қарсы күресте үш жүздің басын қосып, күшін біріктірді. XVIII ғасырдың орта шенінде жоңғарлар шет жағалап басып алған қазақ жерлерін толық азат ету үшін Абылай көптеген шешуші шаралар қолданды. Ол Орыс және Қытай мемлекеттері арасында дипломатиялық саясат жүргізді. Қытай мен жоңғар хандығы сияқты екі бірдей күшті жауға қарсы күресте Россияға арқа сүйеп, онымен одақтас болды. Осы тарихи маңызы зор шаралар қазақ халқының бұдан былайғы емірінде прогрессивтік рөл атқарды. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген.

2.ХХ ғ. басындағы ұлт – азаттық қозғалысындағы қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі.

Жауабы:

Қазақ өлкесіне капиталистiк қатынастардың енуi, патша үкiметi

отарлық езгiсiнiң күшеюi халықтың ұлттық сана-сезiмiнiң өсуіне

жеткiздi. Қазақ қоғамындағы ұлттық қозғалыс әр түрлi топтан

тұрды. Олардың негiзгi бөлігін Петербург пен Мәскеу, Қазан,

Томск, Варшава т.б. қалалардағы жоғары оқу орындарын бiтiрiп

келген ұлт зиялылары құрады. Ұлт зиялыларының саяси-идеялық

көзқарастарын «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетi айқын бiлдiрдi.

«Айқап» журналы Мұхамеджан Сералиннiң редакторлығымен

1911–1915 жылдары шығып тұрды. Журналды шығаруға Ж. Сейдалин,

С. Торайғыров, Б. Қаратаев, Б. Майлин, С. Сейфуллин және т.б.

белсене қатысып, мақалалар жазды. Журнал беттерiнде жарияланған

мақалаларда патша үкiметiнiң жүргiзiп отырған отаршылдық

саясаты әшкереленді. Сонымен қатар қазақ даласында ағарту мен

бiлiм беру iсiн, тауар-ақша қатынастарын дамыту, аграрлық мәселені

шешу проблемалары қарастырылды. «Айқап» журналы отырықшы

өмір салтын қалыптастыру, аграрлық мәселеге зор мән бердi.

1913–1918 жылдары шығып тұрған «Қазақ» газетi либералдемократиялық

бағыттағы ұлт зиялыларының көзқарастарын бiлдiрдi.

Газет редакциясында ұлт-азаттық қозғалыс eөnaiaadi Ә.Бөкейханов

А. Байтұрсынов, М. Дулатов және басқалар қызмет еттi. Ұлт көшбасшылары

патша үкiметiнiң меншiгiне қаратып алған жерлердi

қазақтарға қайтаруын талап еттi, жердi сатуға қарсы шықты.

Ресейдегi демократизмнiң жалғыз көрінісі Мемлекеттiк Думаға қазақ

даласынан сайланған депутаттар – Ә. Бөкейханов, Ш. Қосшығұлов,

А. Бiрiмжанов, Т. Нұрекенов, М. Тынышбаев, Б. Қаратаев, Т. Аллабергеновтер

Дума мiнбесiн пайдаланып қалуға тырысты. Олар қазақ

қоғамын эволюциялық жолмен дамытуды жақтады.

Ресей империясының қол астында отарлық езгiде жаншылған

халықтардың ХХ ғасырдың басындағы азаттық күресiнiң өрбуіне

– түрiкшiлдiк, исламшылдық идеялары елеулi әсер еттi. Бұл идеялар

түркi халықтары мен мұсылман жамағатын бiрлiкке, өзара

байланыстарын нығайтуға шақырды. Түрiкшiлдiк идеясының

көшбасында И. Гаспринский тұрды. Қазақтың бiрқатар зиялылары

М. Шоқай, М. Тынышбаев т.б. бұл идеяны қолдады.

ХХ ғасырдың басында Ресей империясының Бiрiншi дүниежүзiлiк

соғысқа тартылуы, оның өзіне ғана емес, ұлттық шеткерi аймақ-

тарының езiлген халықтарына да ауыртпалық әкелді.