Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 нуска толық ответтері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.47 Mб
Скачать

3. 1917 Жылдары құрылған саяси - демократиялық партиялардың құрылған аумақтарын карта бойынша белгілеңіз.

Жауабы:

1917 ж Түркістан федералистер партиясы. Түркістанда

1917 ж күзде Үш жүз партиясы Түркістанда

1917 ж Алаш партиясы Орынборда құрылды

12-билет

  1. Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған жорықтары.

Жауабы:

Әмір Темір өзінің Шағатай ұрпағының бұрынғы иеліктерінде бір орталыққа бағынған қуатты мемлекет құрмақшы болған мақсаттарына кедергі жасай алатын Моғолстанды әлсіретуді міндет етіп қойды. 1371 – 72 ж. Әмір Темір Моғолстанға әскер аттандырды. Бұл жорық кезінде Әмір Темір әскері Ыстықкөл өңіріндегі Сегізағашқа дейін жетіп, көп тұтқын мен мол олжа түсіріп қайтты. 1375 ж. жасалған жорық кезінде Әмір Темір әскері Талас алабы арқылы жүріп, Ілеге дейін жетті. Шарын өзені шатқалында Әмір Темір әскерінің Жаhангер бастаған алдыңғы қосынының Қамар Ад-Динмен шайқасы болды. Қамар Ад-Дин әскері осы шайқаста жеңіліс тауып, қашып құтылуға мәжбүр болды.

1376 жылдың көктемінде Әмір Темір Моғолстанға Қамар Ад-Динге қарсы 30 мың әскермен әмір Сасы Бұқа ханды, Әділ-шахты және басқа әмірлерін аттандырды. Бірақ әмірлері Моғолстанға жорық жасамай, Әмір Темірдің Хорезмге кеткенін пайдаланып, бүлік шығарады. Олар Моғолстанға Қамар Ад-Динге барып, оны Әмір Темірдің Мауераннахрда жоқтығын пайдалануға, сөйтіп Әмір Темірге қарсы қимылдарында өздерін қолдау үшін әскер жіберуге шақырды. Алайда, Мауераннахрға қайтып келген Әмір Темір Қамар Ад-Динді Нарын алқабында жеңіліске ұшыратты. Әмір Темір Қамар Ад-Динді 1377 ж. екі рет: біріншісінде – Қаратау етегінде, екіншісінде Шу алқабынан Ыстықкөлге баратын жолдағы Бұғым шатқалында талқандады. Әмір Темірдің 1383 ж. жасаған жорығы кезінде де Моғолстан әскері ойсырай жеңілді. Қамар Ад-Дин болса осы кезде Жетісудың солтүстігіне кетіп үлгерген еді. Ол кейіннен Дешті Қыпшақтағы Тоқтамыс ханға барып, онымен Әмір Темірге қарсы бірлесе күресуге келіседі.

1389 ж. Әмір Темір Моғолстанға жорығында жеңіске жетіп, 1390 ж Моғолстан Әмір Темірге толық тәуелділікке түсті.

2.1916 Жылғы Торғай облысындағы көтерілістің барысы, ерекшеліктері мен маңызы.

Жауабы:Торғай көтерілісі

Торғай көтерілісінің ерекшелігі

  • табанды болып, ұзаққа созылды

  • билік көтерілісшілердің қолына көшіп, бір орталықта жүргізілді

  • басқарудың тәртіпке келтірілген жүйесі болды.

Торғай облысындағы көтерілістің барысы

  • 1916 ж қыркүйек көтерілісшілер саны -20 мың

  • 26 қарашада – 50 мың-ға жетті

  • 1916 ж 22 қазан Амангелдінің басшылығымен 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Оған қарсы генерал Лаврентьевтің 9 мың адамдық жазалаушы тобы жіберілді. Амангелді қоршауды тоқтатып, жазалаушы әскерлерге қарсы қозғалады. Түнқойма пошта станциясы маңында жазалау отрядына шабуыл жасап, артынша көтерілісшілерді аман сақтау үшін қашыққа шегініп кетеді.

Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Амангелдінің штабына орналасқан Батпаққара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне көшті.

Торғай көтерілісінің басшысы – сардарбегі Амангелді Иманов

  • Ұйымдаспаған көтерілісшілерден жүйелі әрі тәртіпті әскери организм құрды.

  • Қару өндіруді ұйымдастырды.

  • Көтерілісшілерді әскер өнеріне үйретті.

  • Көтерілісшілерді азық-түлікпен , аттармен қамтамас ететін тыл қызметін ұйымдастырды.

  • Мергендер жасақтарын құрды

  • Әскери сап құрып, калонамен жүргізді

Амангелді Торғай, Қостанай, Ырғыз, Ақтөбе уездерінің, ішінара Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілерінің басын біріктірді.

Амангелдінің серігі, атақты мерген – Кейкі батыр.

Торғай даласында бірге басшылық етіп, Амангелдінің дүниетанымдылығын қалыптастыруға зор ықпал еткен досы Әліби Жангельдин. Ол көтерілісшілердің «рухани көсемі» атанды.

Тарихи маңызы

  • Қазақ халқының таптық санасы өсті

  • Қазақстан халықтары ұлттық мүделерінің ортақтығын тұңғыш рет ұғынды