Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ishki_aurulardan_biletter.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41.08 Кб
Скачать

Билет № 1

1.Эндокардит, этиология, потогенез, емі?

2.Науқас 47 жаста, жалпы өршуші бұлшық еттің әлсіздігі, бетінің, қолдарының, кейде денесі түгелімен ісінуі, шаштарының түсуі, жыныстық функцияларының бұзылысы, дауыс тембірінің жіңішке болып өзгеруі, есту қабілетінің төмендеуі. Объективті: науқас адинамикалы, мәңгіреу, терісі бозғылт-сары түсті, ұстағанда салқын, беті ісінкі, қабақтары шығыңқы. Аяқ қолдары ісінген. Шашы күңгірт, сынғыш, түскіш, қаста да. Сөйлеуі баяулаған. Даусы бәсең, қатаң. Есте сақтау қабілетінің төмендеуі мен өзі-өзіне сын қояалмауы көзге түседі. Мұрынмен дем алуы қиындаған, өкпесінде тыныс әлсізденген.Жүрек тондары тұйықталған, экстрасистолалар (15-20 сағатына). АҚҚ 100/60 мм.сын.бағ. Миопатия, бұлшықеттік күштің төмендеуі, нейропатия көрінеді. Қанда Т3, Т4 құрамы төмендеген.

Диагноз қойыңыз.

Ем тағайындаңыз.

Жауабы: Орта дәрежелі біріншілік гипотиреоз. Емі α-тироксин 100-125 мкг тәулігіне 1 рет,тәуліктік мөлшерін күнделікті Т43 қарай, әр 4 аптада 25-50мкгға ұлғайтып отырамыз, қалқанша безі жетіспеушілігінің толық компенсация сатысына дейін.

Билет № 2

1.Атеросклероз: этиологиясы, потогенезі, клиникалық көрінісі, емі?

2. 50 жастағы науқас дисфагиямен түсті,рентгенологиялық зерртеу нәтижесінде өңештің құрсақ бөлігінің асимметриялық тарылуы, өңеш қабырғасы тегіс емес , тістелген тәрізді ,өңештің тарылған бөлігінде қабырғасы қалыңдаған регидті , перисталтикасы жоқ, қатпары тегістелген тарылу аймағының үстінде өңештің супрастениялық астениялық кеңейген.Зақымданған аймақ жұтынғанда және дене қалпын өзгерткенде ығыспайды.Өңештің абдоминальді бөлігі ұзарған , асқазанда газдық (ауалық) көпіршік сақталған .Ацетилхолиндік және карбохолиндік тест сынағы теріс.

Болжама диагноз?

Жауабы:Өңеш рагы. Эзофагоскопия биопсиямен жасау керек

Билет № 3

1. Стенокардия: этиологиясы, потогенезі, клиникалық көрінісі, емі?

2. Стационарға 35 жастағы науқас жатқызылды, шағымдары іштің жоғарғы бөлігінде жедел белдемелі ауыру сезімі, көп ретті тоқтаусыз өтпен құсу. Ауру сезімі 6 сағат алдын қабылдаған көп мөлшердегі алкоголь мен майлы тамақтан кейін пайда болған. Жағдайы орташа ауырлықта, тері түсі қалыпты,ылғалды. ЖСЖ -94 рет минутына.АҚ-110/80 мм.сын.б.б. Іші ісінбеген, эпигастрий аймағы және сол жақ қабырға астында жедел ауыру сезімі,алдыңғы құрсақ қабырғасының бұлшықеттерінің ригидтілігі анықталады. Щеткин- Блюмберг симптомы теріс. Пастернацкий симптомы екі жағынан да теріс. Іштің төменгі аймақтарында перкуторлы дыбыстың тұйықталуы анықталмайды. Перистальтика әлсіз. Стул болмады, газдары кетпеген. Несеп шығару бұзылмаған.

Сіздің диагнозьщыз?

Жауабы: Жедел панкреатит.

Билет № 4

1. Аритмиялар: этиологиясы, потогенезі, клиникалық көрінісі, емі?

2.64 жастағы науқасты қол басыны дисталды фалангааралық буындарының ауыруы мен ісінуі, баспалдақпен түскендегі тізе буындарының ауыруы мен қытырлауы, сол жақ тізе буынының ауырсынуы тыныштық күйде де басылмауы мазалайды. Таңертеңгі құрысу ұзақтығы 15 минут. Өзін 12 жылдан бері аурумын деп есептейді. Сауушы болып жұмыс істеген.

Объективті: дене салмағы артық. Жүрісі сау жағына қарай қисайып жүреді. Қолдың II және IV саусақтарының фалангааралық буындарының дисталды бөлігінде қабыну белгілерімен (ісіну, гиперемия) Геберден түйіндері байқалады. Тізе-сан буындарының қозғалысы шектелмеген. Сол жақ тізе асты буынын қолғалту симптомы оң. Қозғалған кезде тізе қақпағының ауырсынуы. Аздап бүгіп тұрған кезде аяқтары 1 минуттың ішінде ауырсынады.

Сіздің диагнозыңыз.

Сіздің тактикаңыз