- •Мазмұны
- •1 Жоғары сынып оқушыларымен сыныптан тыс жұмыс жасаудың теориялық негізі
- •1.1 Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыруды теориялық-әдістемелік тұрғыда зерттеу
- •1.2 Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері
- •1.3 Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру ерекшеліктері
- •1.4 Жоғарғы сынып оқушыларымен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері
- •1.5 Жоғарғы сынып оқушыларымен өмір сүру қауіпсіздігі бойынша сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыру маңыздылығы
- •2 Өмір сүру қауіпсіздігі бойынша сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыру
- •2.1 Өмір сүру қауіпсіздігі бойынша глоссарий
- •2.2 Өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері
- •2.3 Төтенше жағдайлар және оның классификациясы
- •Адамның мекендеу ортасының қауіптіліктері
- •Халықты зақымдаушы факторлардан қорғау
- •2.6 Халықты қорғау құралдары
- •2.7 Жарақаттанған және зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету
- •Өмір сүру қауіпсіздігі бойынша сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыру
- •3.1 Жоғары сынып оқушыларына арналған «Өмір сүру қауіпсіздігі» бойынша тақырыптық жоспар
- •3.2 «Табиғи және техногенді сипаттағы тж халықтың іс әрекеті» тақырыбындағы сабақ жоспары
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиет тізімі
2.3 Төтенше жағдайлар және оның классификациясы
2.3.1 Төтенше жағдайлардың түрлері мен шығу себептері
Тіршіліктің қандайда бір түрі болмасын ол қауіпті болып есептелінеді. Қауіпті жағдайлардың жасырынды болу себебінен, оның уақыт пен кеңістік ішінде қай жерде болуы мүмкін екендігінің белгісіздігінен оның болу ықтималдылығы әр уақытта сақталады. Қауіптіліктің болу ықтималдылығының нақты жағдайға өткізетін жағдай себеп деп аталады. Себептер белгілі де, белгісіз де болуы мүмкін, бірақ олар іс жүзінде барлық уақытта бар болып тұрады.
Себеп – төтенше жағдайды іске қосатын механизм. Сонымен қауіптіліктің болу ықтималдылығы себептің салдарынан нақты жағдайға көшіп, төтенше жағдай деп аталатын оқиғаны туғызады, ал ол жағдай қоғам үшін әр түрлі қолайсыздықтар әкеледі (адамдардың өлімі мен ауыруы, көптеген материалдық нұсқан болуы және т. с. с.).
Төтенше жағдай дегеніміз – сырттай қарағанда күтілмеген, тосыннан болған және оның әсерінен жүйелі түрде қалыптасқан процестер немесе құылыстардың кенет бұзылуына әкеліп соқтыратын және сонымен қабат тұрғындардың тіршілігіне, экономикасына, әлеуметтік орта мен табиғатқа бірталай кері әсерін тигізетін жағдай.
Себептерді білу, оларды ұқсастығына қарай жүйелеу (топтастыру) ТЖ-ны болдырмау шараларына жатады. Қауіпті жағдай кезінде адамдар саналы түрде тіршілікті қауіпсіздендіретін бұрыннан белгіленген шараларды іске асырады.
Төтенше жағдайлардың түрлері мен шығу себептері. Әрбір ТЖ-ның өзіндік физикалық мәні, тек өзіне байланысты туу себептері, қорғаушы күштері, өрістеу сипаты, адамға және ол өмір сүретін ортаға әсер ету ерекшеліктері болады. ТЖ осы себептеріне байланысты түр-түрге бөлінеді.
Шығу себептеріне байланысты ТЖ мынадай түрлерге бөлінеді: табиғат зілзалалары, техногендік апаттар, антропогендік және экологиялқ апаттар (бұлардың бәрі бейбіт кездегі ТЖ) және әлеуметтік-саяси соқтығыстар.
Табиғат зілзалалары дегеніміз бұл төтеншелік ерекшеліктері бар, халықтың едәуір топтарының қалыптасқан тұрмысының бұзылуына, адамдар шығынына, материалдық құндылығы бар заттардың жойылуына әкелетін табиғаттың қауіпті құбылыстары мен процестері.
Техногендік апаттар деп өндірістік процестердің күрделі бұзылуына, жарылыстарға, өрт ошақтарының шығуына, үлкен аймақтардың радиоактивтік, химиялық немесе биологиялық залалдануына, көп адам өмірінің зақымдануына (өлімге ұшырауына) апаратын машиналардың, механизмдердің және агрегаттардың жұмыс істеуі кезінде кенет істен шығып қалуын айтады.
Антропогендік және экологиялық апаттар деп адамдардың шаруашылық тіршілігінен туындаған антропогендік фактордардың әсерінен биосфера сапасының өзгеріп, адамдарға, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне, қоршаған ортаға тұтастай кері әсерін тигізуін айтады.
Әлеуметтік-саяси соқтығыстар деп – бұл мемлекеттер арасындағы қайшылықты ең ауыр жолмен (осы заманғы қаруларды қолдана отырып) шешудің түрін айтады.
Таралу жылдамдығына байланысты ТЖ мынадай түрге бөлінеді: кенет болатын ТЖ (жер сілкінісі, жарылыс), екпінді ТЖ (өрт, улы заттардың асып төгілуі), бір қалыпты ТЖ (су тасқыны, вулканның атқылауы), созылыңқы ТЖ (қуаңшылық, эпидемия, топырақтың бүлінуі, көл мен теңіздің суалуы).
Таралу аумагына байланысты ТЖ мынадай түрлерге бөлінеді: шектелген, жергілікті, өңірлік, өңіраралық (ұлттық), жаһандық.
Шектелген ТЖ-ның салдары ШЖО (зауыт, фабрика) көлемінде шектеліп, сол мекеменің өз күшімен жойылады.
Жергілікті ТЖ-ның жайылу мөлшері бір елді-мекен, бір немесе бірнеше әкімшілік аудан немесе облыс көлемінде орын алады, оның салдарын жою облыс қаржысы мен күшінің есебінен жүзеге асырылады.
Өңірлік ТЖ-ның салдары бірнеше облыс немесе экономикалық ауданмен шектеліп, республика күші мен қоры есебінен жойылады
Өңіраралық (ұлттық) ТЖ-ның салдары бірнеше экономикалық аудандардың көлемін қамтиды, бірақ мемлекет шегінен аспайды. Бұндай ТЖ салдарларын жою мемлекеттің өз күші мен қорының, көбінесе басқа мемлекеттердің көмегін қабылдай отырып іске асырылады
Жаһандық ТЖ-ның салдары бір мемлекеттің шегінен шығып, басқа да мемлекеттерге тарайды. Бұл зардаптар әр мемлекеттің өз күші мен қорының және халықаралық бірлестіктерді де күші мен қоры есебінен жойылады.
Бұл жоғарыдағы айтылған ТЖ-ның түрлері тек шартты түрде екендігін есте ұстау қажет, өйткені олар кейбір жағдайда араласып жатады. Мысалы: топырақтың көшуі, шөлге айналуы, орман өрті мен шымтезектің жануы, т. с. с. тек табиғат құбылыстарымен қатар адам тіршілігінің әсерінен болатын жағдайлар.
Зардап ошағы. ТЖ-ның қауіпті және зиянды фактілері орын алған аумақ сол өзіндегі ел тұрғындарымен, жануарлары мен, үй және құрылыстарымен, инженерлік тізбектері және коммуникацияларымен бәрін қоса зардап (залал) ошағы деп аталады.
Зардап ошағы жай және күрделі болып бөлінеді.
Жай зардап ошагы деп – ТЖ-ның тек бір ғана түріне байланысты пайда болған зардап ошағын айтады. Мысалы: қопарылысқа немесе өртке байланысты болған ошақтар.т.б
Күрделі зардап ошагы деп – ТЖ-ның бірнеше түріне байланысты пайда болған зардап ошағын айтады. (мысалы: химия зауытында болған жарылыстар бұдан басқа өрт шығарады, айналасындағы ортаға улы заттарды бөледі, т. с. с.).
ТЖ-дан ойдағыдай қорғану олардың шығу себептері мен шығу жағдайларын білуге байланысты.
ТЖ-ның негізгі шығу себептері
- Гравитация, жер шарының айналуынан немесе температура айырмашылығы салдарынан лезде өтетін табиғат процестері.
- Металл конструкциялары мен қүрылыстардьщ ескеруіне келтіретін немесе коррозияға түсіретін және олардың физикалық- механикалық көрсеткіштерін төмендететін табиғаттың сыртқы факторлары.
- Құрылыстардың өндірістегі және жобалау кезіндегі жіберілген ақаулары (ізденіс және жобалау кезіндегі қате, сапасы төмен құрылыс материалдары мен конструкциялары (құрылымдар) және құрылыс жұмыстары; құрылыс және жөндеу жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік техникасын бұзу).
- Құрылыс материалдарына өнеркәсіп өндірісінің технологиялық процесінің әсері (жоғарғы температура, діріл, минералдық майлар мен эмулсиялардың, дисперсиялардын әсері).
- Құрылыстар мен қазандықтың, химиялық процестердің, шахтадағы көмір шаңы мен метанның, ағаш өңдеу кәсіпорындарындағы ағаш шаңының және де т. с. с. жарылыс туғызатын өндірістердегі технологиялық процестерді пайдаланудың ережелерін бұзушылығы.
- Әскери тіршіліктің әр түрлі көріністері.
ТЖ өзінің өту барысында бірнеше сатылардан өтеді. Мысалы: ТЖ-ның ең алғаш пайда болуы мен ынталана өсу сатыларында өндірісте жағымсыз жағдайлар көбейіп шоғырлана түседі, құрал-жабдықтардың жұмыс кезінде тоқтап қалуы көбейеді, оны жүргізетін адамдар көп қателіктер жібереді, т. с. с. жағдайлар болады. Ал сол жағдайлардың шарықтау шегіне жеткен кезде халық пен қоршаған ортаға жайсыз тиетін, энергия мен заттың белгілі бір мөлшері агрегаттардан босанып шығып кетеді. ТЖ-ның бір ерекшелігі оның тізбекті сипат алуында. Мысалы, жоғарыда айтылған ТЖ-ның шарықтау шегіне жеткен сатысында алғашқы ынталана өсу кезінде басталған қирату факторлары энергиямен толыққан, уланған, биологиялық белсенді бөліктердің қосылуы арқасында бірнеше есе күшейеді.
ТЖ-ның өшу сатысы уақыт есебімен алатын болса ол қауіптілік көзінің шектелуінен бастап (ТЖ-ны шектеу) оның тура және жанама салдарларының әсерінен болған зардапты (залалды) толық жойғанға дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Бұл сатысының ұзақтығы жылдарға, ондаған жылдарға созылуы мүмкін.
2.3.2 Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар
Табиғат зілзаласы дегеніміз – бұл төтеншелік ерекшелігі бар тұрғындардың едәуір топтарының қалыптасқан тұрмысының бұзылуына, адамдар шығынына, материалдық құндылығы бар заттардың жойылуына әкелетін табиғаттың қауіпті құбылыстары мен процестері.
Табиғат зілзалаларына мыналар жатады: жер сілкінісі, су тасқыны, сырғыма, опырылма, қар көшкіні мен қар басу, сел, дауыл мен құйын, өрттер. Табиғат зілзалаларына қуаңшылық, ұзақ жауған нөсер жауын, күшті тұрақты аяз, эпидемия, эпизоотия, эпифитотия, орман мен ауыл шаруашылық зиянкестерінің жаппай таралуы да жатады.
Табиғат зілзалалырынан зардап шекен адамдардың саны айтарлықтай болуы мүмкін, ал зақымдау сипаты алуан түрлі. Адамдар бәрінен көбірек су басудан (жалпы зиянның 40 %), дауылдан (20 %), жер сілкінісінен (15 %), қуаңшылықтан (15 %) азап шегеді.
Жер сілкінісі деп жер қыртысы немесе жер мантиясының жоғарғы қабатының кенеттен сөгілуі мен жылжуының салдарынан пайда болып, сонан кейін үлкен қашықтықтарға берілетін жер дүмпулері мен тербелістерін айтады. Жер сілкінісі техтоникалық не жанартау себептерінен болады. Жер сілкінісінің шыққан жері жер сілкінісінің ошағы деп аталады, бұл ошақта жерде жинақталған энергияның көп мөлшері бөлініп шығады. Ошақтың кіндігін гипоцентр (гипорталық) деп атайды да, оның жер үстіндегі проекциясын эпицентр (жер сілкінісінің кіндігі) дейді. Жер сілкінісі кезінде гипоцентрден жан-жаққа қарай серпімді сейсмикалық толқындар тарайды. Бұл толқындар қума және көлденең толқындар түрінде болады да жер бетіне шыққан соң беттік толқын түріне айналып жан-жаққа үлкен аумаққа тарайды. Күшті жер сілкіністерінде жер топырағының тұтастығы бұзылады, үйлер мен құрылыстар қирайды, коммуналдық-энергетикалық тізбектер, қатынас коммуникациялары мен байланыс желілері істен шығады, сумен қамтамасыз ету және канализация желілерінің зақымдануына, КӘУЗ тарайтын химиялық кәсіпорындағы, АЭС-тағы атмосфераны РЗ улайтын апаттарға себеп болады, адамдар шығыны да болуы мүмкін. Сонымен қатар жер сілкінісі опырылма, көшкін, сел, цунами, су тасқыны (бөгеттердің қирауынан), өрттер (мұнай сақтағыштар мен газ өткізгіштердің зақымдануынан) сияқты табиғат зілзалаларының тууына себеп болады. Жер сілкінісі кезінде әртүрлі дыбыстар (гүріл-сарыл) қосарлана шығады, бұл дыбыстар күшті сілкініс кіндігінің қашықтығына байланысты болады. Жер сілкінісі жер шарында күн сайын, ал ылына барлығы 100 000 шамасында болады. Алайда барлық жер сілкіністері қауіпті емес, олардың тек бірнеше ондағаны ғана қиратушы.
Жер сілкінісінің негізгі сипаттамасы мыналар: ошақ тереңдігі, магнитуда және жер бетіндегі энергия қарқыны.
Жер сілкінісінің ошағының тереңдігі (ауқымы) әдетте 10 км-ден 30 км-ге дейін, кейбір жағдайда одан да көп болуы мүмкін.
Магнитуда жер сілкінісінің жалпы энергиясын сипаттайды және эпицентрден 100 км қашықтықта сейсмограмма бойынша өлшенген топырақтың микронмен есептелген ығысуының ең үлкен амплитудасының логарифімін көрсетеді. Магнитуда (М) Рихтер шкаласы бойынша 0-ден 9-дейін (ең күшті жер сілкінісі) аралығында өзгереді. Оның әр бірлікке артуы топырақтағы тербеліс амплитудасының он есе өскенін және энергияның 30 есе артқанын білдіреді. Мысалы, М = 7 жер сілкінісінің топырақ ығысуы М = 5 болған жағдайдағымен салыстырғанда 100 есе артық, сонымен бірге жер сілкінісі энергиясы 900 есе артады.
Жер бетіндегі энергия қарқыны баллмен өлшенеді. Ол ошақ тереңдігіне, магнитудаға, эпицентр қашықтығына жердің геологиялық құрылысына және тағы да басқа факторларға байланысты. Біздің елде жер сілкінісінің энергия қарқынын өлшеу үшін 12 баллдық МSК-64 шкаласы қолданылады.
Жер сілкінісінің кейбір мәліметтері 2 – кестеде келтірілген.
Шартты түрде жер сілкінісі әлсіз (1–4 балл), күшті (5–7 балл) және өте күшті (8 балл және жоғары) болып бөлінеді. 4 баллдық жер сілкінісінде заттардың жеңіл қимылдағаны байқалады; ал 6 баллда ғимараттардың жеңіл зақымдалуы орын алады; 9 баллда тас үйлер күшті зақымдалады және қирайды; 11 балл кезінде жер бетінде үлкен жарықтар, опырылмалар пайда болады; 12 балл кезінде өзен арналарының өзгеруін бақылауға болады.
Кесте 1
Магнитуда Рихтер бойынша |
Әлемдегі жер сілкінісінің 1 жылдағы орташа саны |
Жер сілкінісінің ұзақтығы, с |
Жердің қатты сілкінуіне ұшыраған ауданның радиусы, км |
8,0 – 8,9 |
15 |
30 – 90 |
80 – 160 |
7,0 – 7,9 |
140 |
20 – 50 |
50 – 120 |
6,0 – 6,9 |
9001 |
10 – 30 |
20 – 80 |
5,0 – 5,9 |
900 |
2 – 15 |
5 – 20 |
4,0 – 4,9 |
8000 |
0 - 5 |
0 – 15 |
Жер сілкінісінен қорғану үшін елдің әр аймақтарында күні бұрын сейсмикалық қауіпті аймақтар анықталынады, яғни сейсмикалық ауданға жіктеу жүргізіледі. Сейсмикалық аудандарға жіктеу картасында, әдетте, МSК-64 шкаласы бойынша 7–8 балл шамасындағы жер сілкінісі болатын облыстар белгіленеді. Сейсмикалық қауіпті аудандарға ғимараттар, құрылыстар және басқа объектілерді тұрғызған кезде және қайтадан жарақтағанда барлық нормалар мен ережелердің қатаң орындауды талап етуден бастап қауіпті өндірістерді (химиялық зауыт, АЭС және т. б.) тоқтатуға дейінгі әр түрлі қорғаныс шаралары қарастырылады.
Сонымен, жоғарыда көрсеткеніміздей жер сілкінісінің қарқындылық баллдары мен магнитуда мәндері бір-біріне сәйкес келмейді екен. Магнитуда мен баллдың мөлшерлердің бір-бірімен ара-қатынасы жер сілкінісі ошағының тереңдігіне байланысты болады. Мысалы, магнитудасы бірдей екі жер сілкінісінің қайсысының ошағының тереңдігі аз болса, сонысының жоғарыдағы қарқындылық күші басым болады.
Ал өмірдегі күнделікті жағдай да бұларды салыстыру үшін Шебалиннің кестесін (кесте 2) пайдалануға болады.
Кесте 2
Магнитуда мәндері |
4,0 |
5,0 |
6,0 |
7,0 |
8,0 |
|||||
Жер сілкінісі ошағының тереңдігі, (км) |
3 |
5-10 |
5 |
10 |
10 |
20 |
15 |
30 |
25 |
40 |
МSК-64 шкаласы бойынша қарқындылық мөлшері, балл |
VII |
VI |
VIII |
VII |
VIII–IX |
VII–VIII |
IX–X |
VIII–IX |
X–XI |
IX–X |
Су тасқыны деп әр түрлі себептер (көктемгі қардың еруі, қатты жауын мен нөсер, өзендегі мұздардың арнаға симауы, бөгеттің бұзылуы, судың қатты жел әсерінен болатын ағысы және т. б.) салдарынан болатын өзендегі, көлдегі, су қоймасындағы су деңгейінің көтерілу нәтижесінде үлкен аумақтың уақытша су астында қалуын айтады. Су тасқыны жер сілкінісінің нәтижесінде де болуы мүмкін. Су тасқыны тек табиғаттың салдарынан ғана емес (нөсерлі жауы, қардың еруі, цунами) адамдардың да әр түрлі іс-әрекетінің (гидротехникалық құрылыстардың қирауы – бөгеттер, су қоймалары) нәтижесінде де болады. Су тасқыны ауыр табиғи апаттарға жатады.
Су тасқыны орасан зор материалдық нұсқан келтіріп, көптеген адамдар өліміне себепкер болады.
Су тасқынының тікелей материалдық нұсқаны болып тұрғын үйлер мен өндірістік ғимараттардың, автомобиль және темір жолдарының, электр желісі мен байланыс жүйелерінің, мелиоративтік тораптардың зақымдануы мен қирауы, малдар мен ауыл шаруашылығы дақылдарының жойылуы, шикізаттың бұзылуы; жанармай, азық-түліктер, жем-шөп, тыңайтқыш және т. с. с. шығыны болып табылады.
Су тасқыны электр кабельдері мен өткізгіштердің және канализация құбырларының бұзылуына, сондай-ақ жер астында орналасқан электр, теледидар, телеграф кабельдерінің топырақтың бір қалыпты емес шөгуінен істен шығуына себеп болады.
Су тасқынын болжауға, уақытын анықтауға болады. Мұны анықтау – құтқару шараларын ұйымдастыру мен едәуір шығынды төмендетуге ықпал жасайды.
Су тасқынымен күресудің негізгі бағыты болып өзендегі судың ең көп мөлшерін жан жаққа ағызып тарату арқылы азайту болып табылады (орман қорғайтын жолақтар отырғызу, беткейге көлденең жер жырту, жағалау маңайындағы су қорғайтын өсімдіктер жолақтарын сақтау, беткейлерді террастау және т. б.)
Сонымен қатар жаңбыр мен еріген суларды жинау үшін сайларды, әртүрлі тоған сияқты орындарды тұрғызу да тиімді болып есептеледі. Орташа және ірі өзендер жағдайындағы бірден-бір тиімді әдіс – су тасқыны ағынын су қоймасы көмегімен реттеу.
Сонымен бірге су тасқынынан қорғану үшін ертеден келе жатқан әдіс-бөгеттерді тұрғызу кең қолданылады. Судың бір орынға жиналып қалу қауіпін жою үшін өзен арналарының жекелеген бөліктерін түзету, тазарту, тереңдету жұмыстары және мұздарды бұзылудан 10–15 күн бұрын арнайы жарылыспен бөлшектеу жүргізіледі. Зарядтарды мұздың қалыңдығынан 2,5 есе тереңдікке орналастыру тиімді. Өзен тасудан 15–25 күн бұрын мұз қабатына тұз қосылған, ұнтақталған шлактарды себу де сондай нәтиже береді.
Мұздардың бір орынға жиналып қалу аймағы 3–4 м аспаған жағдайда, оларды өзен мұзжарғыштармен жояды.
Сырғыма деп әртүрлі себептермен (тау жыныстарының жаңбыр және дер асты суларымен шектен тыс ылғалдануынан беріктігінің әлсіреуі, адамдардың жөнсіз әрекетері, жиі дүмпулердің т. б.) бұл ауырлық күшінің әсерінен тепе-теңдіктің бұзылуы нәтижесінде тау жыныстарының массасының беткей бойымен төмен қарай сырғып жылжуын айтады.
Сырғымалар еңкіштігі 20° одан артық барлық беткейлерде және жылдың кез-келген уақытында байқалуы мүмкін. Олар тау жыныстарының жылжу жылдамдықтарымен (баяу, орташа және тез) ғана емес, өзінің әсер ету аймағының шамасымен де бөлінеді. Тау жыныстарының баяу қозғалуының жылдамдығы жылына бірнеше ондаған сантиметр, орташа жылдамдығы – сағатына не тәулігіне бірнеше метр және тез болған жағдайда – сағатына ондаған және одан да артық километр шамасында болады.
Тез жылжуға – суммен қатты материал араласқандағы пайда болған сырғыма – ағыстар, сондай-ақ қар және қар-тас көшкіндері де жатады. Тек жылдам сырғымалар ғана адам шығынын тудыратын апаттың (катастрофаның) себебі болуы мүмкін.
Сырғыма кезіндегі жылжитын тау жыныстарының көлемі бірнеше жүздеген текше метрден миллиондаған, тіпті миллиардтаған текше метр шамасына дейін жетеді.
Сырғымалар елді мекендерді қиратуы, ауыл шаруашылығы жайлымдарын жоюы, карьерлерді пайдаланғанда және пайдалы қазбаларды шығарғанда қауіп тудыруы мүмкін. Сонымен қатар байланыс тораптарын, туннельдерді, құбырларды, телефон және электр жүйелерін, су шаруашылығы құрылыстарын, ең бастысы бөгеттерді қиратып, істен шығарады. Сонымен бірге олар жасанды көлдің пайда болуынада себеп болып, су тасқынын туғызуы мүмкін, қорыта айтқанда, ШЖО-ға әкелетін нұқсаны орасан зор.
Сырғымадан қорғанудың тиімді әдісі - оның алдын алу. Осы шаралар жиынтығы арасынан жоғары беттегі суларды жинап бұру, рельефті жасанды әдіспен өзгерту (беткейге түсетін салмақты азайту), беткейлерді тірегіш қабырғалар көмегімен бекіту сияқты жұмыстарды атаған жөн.
Қар көшкіндері – өте көп жауған (бірнеше күн) қардың әсерінен қардың ілінісу күші белгілі бір шектен асқасын, қар массасының (гравитация ) тау баурайымен жылжуы, Бұл қыс кезінде тау ішінде болатын апаттарының бірі. Қар көшкіні сырғымаға жатады және оның пайда болу себебі де соған ұқсас. Қар көшкіні қар қиыршықтары мен ауаның қоспасынан тұрады. Ірі қар көшкіндері 25–60° беткейлерде пайда болады. Сусыма шөп өскен беткейлер сең қауіпті болып келеді. Бұталар, ірі тастар және басқа да кедергілер көшкіннің пайда болуын тежейді. Ормандарда қар көшкіні өте сирек пайда болады.
Көшкіннен қорғану белсенді және белсенді емес түрде болуы мүмкін. Белсенді емес қорғану жағдайында көшкінге бейім беткейлерді пайдаланбау мүмкіндігін қарастырады не қоршау қалқандарын орнатады. Белсенді қорғану әдісіне, қауіпсіз көшкіндерді жасанды түрде тұрғызу үшін беткейлерді әдейі атқылап, қар жиынтығының қауіпті шамасының жиналуына осылайша кедергі жасайды.
Мұз қату – ауа-райы температурасының кенет төмендеп, жердің және заттардың бетіне мұздын қатуы. Мұз қату жағдайы әуе қатынасына өте қатерлі, антенна – мұнара құрылыстарына көп зиян тигізеді, автокөлік жолдарында көк тайғақ пайда болады, электр күшімен жүретін көліктердің троллейбус, трамвай, электр пойызы) жоландағы жоғарғы жақтағы электр желілеріне мұз қатады. Бұрынғы кезде халық көшпенділік өмір сүрген кезде мұндай мұз қатулар мал қырғынына ұшыратып, елге жұт әкелген.
Қар басу – ұзақ қалың жауған қар. Қар басу мал шаруашылығына үлкен шығын әкеледі, кейде толығымен елді мекендерге, автокөлік пен темір жолдардағы қалыптасқан тіршілікті бұзуға әкеледі.
Сел – су деңгейінің күрт көтерілуі бұзылған тау жыныстарының көбейген кездегі (10 %-дан 75 %-ға дейін) қоспаларының салдарынан тау өзендерінің арналарында кенеттен пайда болатын уақытша тасқын.
Сел қатты толассыз жауған нөсер жауыннан, сырғыма мұздақ немесе маусымды қардың күрт ери бастауынан, сондай-ақ өзен арнасына сырғыған топырақ пен шөп-шаламның көп түсуі (жердің еңістілігі 0,08–0,1-ден кем болмаған жағдайда) салдарынан пайда болады.
Сел өзеннің құрамы жағынан балшық пен тас араласқан лайлы, су мен тас араласқан және су мен ағаш араласқан селдер деп, ал физикалық түрлері жағынан байланыссыз және байланысты деп бөлінеді. Байланыссыз селдерді жасайтын – қатты заттар қосылыстары бар су, ал байланысты селдер – судың негізгі массасы ұсақ дисперсиялық бөлшектермен байланысқан топырақ қоспасынан болады.
Сел жай тасқындарға қарағанда әдетте ағыл-тегіл емес, бөлек-бөлек толқындар түрінде қозғалады. Селдің бір олғы ағызындыларының көлемі жүздеген мың, ал кейде, тіпті, миллион текше метрге дейін жетеді, домалата ағызатын тас кесектерінің көлемі (көлденеңінен) 3–4 м, салмағы 100–200 тоннадан асады. Аумағы үлкен әрі қозғалысы жылдам болғандықтан селдер жолдары, ғимараттарды жыртылған жерлерді және т. б. бүлдіреді.
Селдің пайда болу жолдары алуан түрлі. Дегенмен, тәжірибеде сел тасқындары көбінесе, негізінен нөсердің жиі жаууынан, сырғыған топырақ пен шөп-шаламның үйіліп қалуынан, су бетіндегі ағынның күшеюінен пайда болатынын көрсетіп жүр.
Жер қыртысының шөгінділер қорына байланысты сел бассейндерін екі түрге бөледі: біріншісі үлкен сел тасқындарын тудыра алатындай едәуір мөлшерде бос борпылдақ шөгінділер. Екіншісі борпылдақ бос шөгінділер сел жүріп өткен кезең аралығында құрайды.
Дауыл – бұл күші Бофорт шкаласы бойынша 12 балл, яғни жылдамдығы 32,6 м/с (117,3 км/саг) болатын жел. Тынық мұхиттын Орталық Американың жағасына жақын маңайда пайда болған тропикалық циклондарды да дауыл деп атайды. Қиыр Шығыста және Индия мұхиты аумағындағы дауылдар (циклондар) тайфун деп аталады. Тропикалық циклондар кезінде желдің жылдамдығы 50 м/с жиі асады. Циклондар мен тайфундар, әдетте нөсер жаңбырлармен қоса жүреді.
Цунами – су астындағы және жиектегі күшті жер сілкінісінің және жанартаулардың атқылауы нәтижесінде пайда болатын теңіздегі гравитациялық толқындар. Цунами толқындары үлкен жылдамдықпен (50–1000 км/сағ) таралады. Толқындардың пайда болатын жеріндегі биіктігі 5 м дейін болуы мүмкін, бірақ жағаға жақындаған кезінде кенет тежелуінің нәтижесінде олардың биіктігі 10 м жетуі мүмкін, ал рельефі қолайсыз учаскелерде (сына тәрізді шығанақ, өзен сағасы және т. б.) 50 м және оданда асып кетуі ықтимал.
Өрттер – бұл адам өміріне қауіп төндіретін, материалдық құндылықтарды жоятын бақыланусыз қалған жану процесі.
Өрттер – қауіпті табиғат зіл-заласы болып табылады. Олар қуаңшылық кезде ормнда, шым тезектерде және елді-мекендерде пайда болуы мүмкін.
