- •Мазмұны
- •1 Жоғары сынып оқушыларымен сыныптан тыс жұмыс жасаудың теориялық негізі
- •1.1 Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыруды теориялық-әдістемелік тұрғыда зерттеу
- •1.2 Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері
- •1.3 Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру ерекшеліктері
- •1.4 Жоғарғы сынып оқушыларымен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері
- •1.5 Жоғарғы сынып оқушыларымен өмір сүру қауіпсіздігі бойынша сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыру маңыздылығы
- •2 Өмір сүру қауіпсіздігі бойынша сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыру
- •2.1 Өмір сүру қауіпсіздігі бойынша глоссарий
- •2.2 Өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері
- •2.3 Төтенше жағдайлар және оның классификациясы
- •Адамның мекендеу ортасының қауіптіліктері
- •Халықты зақымдаушы факторлардан қорғау
- •2.6 Халықты қорғау құралдары
- •2.7 Жарақаттанған және зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету
- •Өмір сүру қауіпсіздігі бойынша сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыру
- •3.1 Жоғары сынып оқушыларына арналған «Өмір сүру қауіпсіздігі» бойынша тақырыптық жоспар
- •3.2 «Табиғи және техногенді сипаттағы тж халықтың іс әрекеті» тақырыбындағы сабақ жоспары
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиет тізімі
2.2 Өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері
Адам өзінің кез келген әрекетінің қауіпті екенін сезеді. Бірақта соңғы он жылдықтарда ғылыми-техникалық прогресстің келеңсіз салдарын, кері әсерлерін (табиғи процестердің тепе-теңдігінің бұзылуы, көптеген адам шығындарымен болып жатқан техногенді аппатар мен күйреулер, аурулардың жаңа түрлерінің пайда болуы және қалыптасқан түрлерінің асқынуы және т. б.) қауіптілік түсінігін едәуір арттырады. Соның салдарынан адамның әрекетінде «тіршілік қауіпсіздігі»аталатын ғылым саласымен оның қолданыс аясы туындады. Пәннің оқытудың міндеті адамның өзін қоршаған ортамен әрекеттесуінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің теориялық және іс жүзіндегі негіздері және халықты әр түрлі табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау болып табылады.
Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидасы, бастапқы постулаты потенциалды қауіптерді болдырмау және алдын алу болып табылады. Осыған байланысты пәннің негізгі міндеттері айқындалады:
адамның тіршілігі және іс-әрекеті жағдайының сапасын өмір сүру ортасының тиімді (комфортты) жағдайындай болуын қамтамасыз ету және тұрақты ұстау;
өмір сүру ортасына әсер ететін зиянды және қауіпті факторларды анықтау және соны бағалау (идентификациялау);
адамды және оның өмір сүру ортасын зиянды және қауіпті факторлардың нормативтік жіберілетін шектерден асатын әсерлерден қорғау;
қауіпті және зиянды факторлар әсерлердің кері салдарын жою;
бұл міндеттерді атқару мамандардан тіршілік қауіпсіздігінің негіздерін білуді, зиянды және қауіпті факторлардың әсерлері жөнінде теориялық білімді талап етеді.
Қауіп – тіршілік қауіпсіздігі туралы ғылымның басты ұғымы. Осыған байланысты бірқатар тіршілік қауіпсіздігі теорияларының негізгі аксиомалары қалыптастырылады.
Бірінші аксиома: «Материалдық әлем потенциалды қауіпті». Бұл аксиома материалдық әлемнің барлық компонеттері, біріншіден, технологиялық қондырғылар мен технологиялық дұрыс шешімдер мен нәтижелерден басқа қауіптерді тудыру қабілетіне ие болып табылатындығын айқындайды. Онымен қоса, адамның дұрыс әрекеті немесе оның әрекетінің нәтижесі жаңа қауіптердің туындауына әкеледі. Тек техника мен технология ғана емес, сонымен қатар адамдардың дұрыс емес әрекеттері де қауіпті болады.
Екінші аксиома: «Егер заттар мен энергия ағымы немесе қауіп көздерінен ақпараттар олардың жол берілген шектерінің мәндерінен асса, онда қауіптер бар.
Нұсқандардың жоқ болауы шартымен белгіленген ағымдардың шекті жол берілген мәндері қауіпсіз жағдайда орналасқан қорғау объектісінің ең жоғарғысы болып табылады. Шекті жол берілген ағымдарды мөлшерден асыру қорғалынып жатқан нысанды жаңа сападағы, қауіпті жағдайға ұшыратады.
Үшінші аксиома: «Егер қауіп көздері мен қорғау объектілері болу координаттары бойынша кеңістікте және уақытта дәл келсе, онда қауіп жүзеге асады».
«Қауіп» түсінігінің анықтамасында қауіпті ағымдардың шығу көздерінен қорғалатын объектіге берілуінің координаттары мен уақытының сәйкес келуінің қажеттілігін көрсету формалды түрде жоқ. Бірақ бұл талап етілмейді де, себебі, адамды, адамдардың қоғамын қоршаған бүкіл материалдық әлем қауіпті. Басқаша айтқанда, адамға және басқа да материалдық объектілерге қатысты туындау мүмкіндігі әрқашан және барлық жерде бар.
Төртінші аксиома: «Қауіп көздері олардың әсер ететін аймағындағы барлық қорғау объектілеріне зиянды әсер етеді».
Сонымен, қауіптер тек қорғау объектілеріне ғана тән талдау қабілетіне ие емес. Мысалы, егер шығу көзінің ағымдары адамға да, биосфера компонентіне де қауіпті болса, онда оларға нұсқан бір мезгілде болады. Егер адамның жол берілген әсер деңгейі жоғары, яғни ШЖКадам > ШЖКбиосфера болса, онда әсер ету тек биосфера компоненттеріне және т. б.үшін қауіпті болады.
Бесінші аксиома: «Қауіптердің әсері қорғау объектісінің зиянымен қоса жүреді».
Жарақаттау қауіпі бар факторлардың әсері кенеттен адамдардың жарақаттануы мен өліміне, өзімен бірге көптеген материалдық шығындар әкелетін қоршаған орта мен техносфераның ошақтық қираулармен қатар жүреді.
Зиянды факторлардың әсерлері, әдетте ұзаққа созылады. Ол адамдардың денсаулығына зиянды әсер етеді, кәсіби және өңірлік ауруларға алып келеді. Зиянды факторлар табиғи ортаға әсер етіп, флора мен фаунаның дегродациясына алып келеді, биосфера компонентінің құрамын өзгертеді.
Зиянды заттардың концентрацияларының жоғары болуы немесе энергия ағымының жоғары болуы зиянды факторларды әсер ету сипатына қарай жарақаттану қауіпі бар әсер етулерге жақындатуы мүмкін. Мысалы, ауа, су, азықтағы уытты заттардың жоғары концентрациялары улануға әкеледі.
Алтыншы аксиома: «Қауіп-қатерлерден объектіні қорғау олардың шығу көздерінен шығатын ағымдарды шығу көзімен объектінің өзара әсерлесу уақытын азайту, ара қашықтықтарын ұлғайту және қорғаныс шараларын қолдану арқылы техникамен қол жеткізуге болады».
Бұл аксиоманың негізінде техносферадағы адам өмір тіршілігінің қауіпсіздігін (ӨТҚ) қамтамасыз ету саласындағы ғылыми жұмыстары мен тәжірибелік шешімдерінің негізгі кезеңдерін тұжырымдауға болады.
Адамдардың ӨТҚ саласындағы қажетті білімі мен ілімі болмаған жағдайда қауіп-қатерлермен кез келген іс-әрекеттер сферасында дұрыс жұмыс жасауы және қорғаныс құралдарын сәтті пайдалануы мүмкін емес болады. ӨТҚ мәселелері бойынша халық пен қызметкерлерді алты мамандандырылған дайындықтан өткізуге қол жеткізу – қазіргі қоғамның ғылыми-тәжірибелік мәселелерінің маңыздысының бірі болып табылады.
Жетінші аксиома: «Адамдардың қауіп-қатер әлеміндегі және олардан қорғану тәсілдерінен компоненттігі – адамдардың тіршілік қауіпсіздігіне қол жеткізудегі қажетті шарты».
ТҚ теорияларының аксиоматикасына сүйене отырып, ӨТҚ талаптарына жауап беретін, тіршілік аймағын құрудағы ғылыми-тәжірибелік әрекеттердің негізгі кезеңдерін айқындауға болады.
Адамның туғаннан өмір сүруге бостандыққа және бақытты болуға құқығы болады. Өзінің өмір сүруге демалысқа, денсаулығын сақтауға, қолайлы қоршаған ортаға, қауіпсіздік және еңбек гигиенасының талаптарына сай жағдайда еңбек етуге құқы тіршілік әрекеті кезінде іске асырады. Адамның бұл құқықтары Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілген.
Өмір тіршілігі – адамның күнделікті іс-әрекеті, демалысы, күн көру тәсілі.
«Адам – өмір сүру ортасы» жүйесіндегі әрекеттесу негіздері. Адамның өмір сүру ортасымен және құрамдас бөліктерінің өзара әрекеттесуі жүйенің бөліктерінің өзара зат массаларының, оның қосылыстарының, энергияның барлық түрлерінің және ақпараттар ағымының берісуіне негізделген. Ю.Н.Куражковский тіршіліктің сақталу заңына сай: «Тіршілік тірі денелер арқылы заттар энергиялар және ақпараттар ағымы қозғалысы нәтижесінде ғана болуы мүмкін».
Адам үшін бұл ағымдар өзінің тамаққа, суға, ауаға, күн энергиясына, қоршаған орта жөнінде мәліметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажет. Адамның өзі де тіршілік кеңістігінде механикалық, интеллектуалдық энергия, биологиялық процесстер қалдықтары түрінде қалдық ағымдары жылу энергиясы ағымы және т. б. ағымдары бөліп отырады. Заттар мен энергия ағымдарымен араласуы адамның қатысуынсыз жүретін процесстер үшін де тән. Табиғи орта біздің планетамызға күн энергиясының ағымының енуін қамтамасыз етеді, сосын нәтижесінде өсімдік және жануарлар әлемінің массалар ағымының биосфераға абиотикалық заттар ағымының (ауа, су және т. б.) әртүрлі энергиялар ағымының, сонымен қатар табиғи тылсым құбылыстардың табиғи ортаға бөлінуіне ықпал етеді.
Техносфера үшін шикізаттың барлық түрлерінің, энергия, өнімдердің көптүрлі ағымдары тән: қалдықтар ағымы (атмосфера бөлінулер, су қоймаларына тасталынулар, сұйық және қатты қалдықтар, әртүрлі энергетикалық әсерлер). Қалдықтар оларды жою мүмкіндігінің болмағандығы және өндірістің қосалқы әсеріне сәйкес туындайды. Кез келген шаруашының атқарған жұмыстарда қалдықтар мен қосалқы эффектілер туындайды, оларды жоюға мүмкіндік жоқ, тек физико-химиялық бір түрінен басқа түріне ауыстыруға болады немесе кеңістікке ауыстырылады. Техносфера өрт-жарылыс, құрылыс конструкцияларының қирауы, көліктегі апаттар т. б. кезінде күтпеген жерде едәуір мөлшерде массалар мен энергия бөлуге қабілетті.
Әлеуметтік орта адамға жеке тұлға ретінде қажетті ағым түрлерінің барлығын қолданады және бөліп отырады, сонымен қатар білім беруде, қоғамды басқаруда басқа қоғамдық формациялармен қатынастарында ақпарат ағымдарын туындатады. Әлеуметтік орта табиғи және техногенді әлемді алмастыруға бағытталған, қоғамдағы келеңсіз құбылыстарды қалыптастыруға темекі шегу, алкаголь, есірткі қолдану т. б. с. с. ағымдардың барлық түрлерін дайындайды.
Заңнамалық актілер мен ережелер.
«АҚ және ТЖ саласындағы Заңдар». Осы Заң Қазақстан Республикасында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша қоғамдық қатынастарды реттейді (қазақ және орыс тілдерінде, көлемі – 176 бет).
Мазмұны:
Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының «Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылар мәртебесі туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының «Өндірістік қауіпті нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының «Терроризммен күрес туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының «Төтенше жағдайлар туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының «Әскери жағдайлар туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мен қорғаныс туралы» Заңы.
