- •Мазмұны
- •1 Жоғары сынып оқушыларымен сыныптан тыс жұмыс жасаудың теориялық негізі
- •1.1 Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыруды теориялық-әдістемелік тұрғыда зерттеу
- •1.2 Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері
- •1.3 Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру ерекшеліктері
- •1.4 Жоғарғы сынып оқушыларымен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері
- •1.5 Жоғарғы сынып оқушыларымен өмір сүру қауіпсіздігі бойынша сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыру маңыздылығы
- •2 Өмір сүру қауіпсіздігі бойынша сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыру
- •2.1 Өмір сүру қауіпсіздігі бойынша глоссарий
- •2.2 Өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері
- •2.3 Төтенше жағдайлар және оның классификациясы
- •Адамның мекендеу ортасының қауіптіліктері
- •Халықты зақымдаушы факторлардан қорғау
- •2.6 Халықты қорғау құралдары
- •2.7 Жарақаттанған және зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету
- •Өмір сүру қауіпсіздігі бойынша сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыру
- •3.1 Жоғары сынып оқушыларына арналған «Өмір сүру қауіпсіздігі» бойынша тақырыптық жоспар
- •3.2 «Табиғи және техногенді сипаттағы тж халықтың іс әрекеті» тақырыбындағы сабақ жоспары
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиет тізімі
1.5 Жоғарғы сынып оқушыларымен өмір сүру қауіпсіздігі бойынша сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыру маңыздылығы
Оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздық шығармашылық қызметінің дамуы көбінесе сыныптан тыс жұмыстар барысында жүзеге асады.
Сабақтан тыс жұмыс оқу жұмысын толықтырып, материалды оқушыға терең түсіндіруге, шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында ұйымдастырылады.
Дәстүрлі сыныптан тыс жұмыс түрлеріне:
үйірме;
факультативтік курстар;
экскурсия;
олимпиада;
әртүрлі қызықты кештер мен сайыстар;
ғылыми жұмыстарды жатқызуға болады.
Осындай сыныптан тыс іс-шалаларды жүзеге асыру арқылы оқушылардың өмір сүру қауіпсіздігі сұрақтарына қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттін дамыту, сонымен қатар қауіпсіз және қолайлы өмірсүру жағдайын жасау, төтенше жағдайларда қауіпсіз және қолайлы шешімдерді болжаумен қабылдай білу, бірінші медициналық көрсету, халық пен өндірістік персоналды апаттық жағдайлар салдарында заманауи құралдар қолдана отырып қорғау сұрақтары қарастырылады.
Тәрбие жұмысының негізгі бөлігі болып саналатын сыныптан тыс жұмыстар – баланың өмірге қажетті әлеуметтік ортадағы тәжірибесі мен қоғамдық құндылықтарды қабылдауын қалыптастырады.
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар бір-бірімен барлық жағынан қарым-қатынаста болады. Әртүрлі сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар өзінің жаңа қабілеттерін ашып қана қоймай, ұжымдасып жұмыс істеуге үйренеді.
Сыныптан тыс жұмыстарды оқушылардың белгілі бір уақыт ішінде алған білімдерін тәжірибелерін ескере отырып ұйымдастыру қажет.
Экологиялық кеш – бұл сыныптың немесе үйірменің жыл бойы атқарған жұмыстарының нәтижесін көрсетудің өзіндік формасы.
Өмір сүру қауіпсіздігі бойынша викториналар – бұл өзінше ойын іспеттес. Викториналарды үйірме жұмыс кезінде немесе сыныптар арасындағы жарыс түрінде өткізуге болады.
Іскерлік (экологиялық) ойындар – оқушылар өздерін меңгерген білімі мен дағдысын қолдана отырып нақты мәселені шешуші түрінде шынайы рөл ойнауға мүмкіндік беретін, белсенді оқыту әдісі.
Ситуациялық ойындар – оқушылардың кез-келген алдына қойылған ситуацияны шеше алу мүмкіндіктері.
Қоршаған ортаны қорғау сұрақтары бойынша диспуттар – бұл сыныптар арасындағы өзара сұрақтар мен жауаптар ойыны.
Сынып сағаты. Экология, қоршаған ортаны қорғау, өмір сүру қауіпсіздігі бойынша білімдерін, дағдыларын дамыту, мәдени құндылықтарды меңгеру жолындағы барлық жас топтарының шығармашылық қызметтерінің белсенді түрде бағыттауға негізделеді.
Байқау – бұл оқушының белгілі бір ғылымға, спортқа, өнерге деген қызығушылығын арттыру немесе ең жақсысын таңдау мақсатында жекелей немесе ұжымдық үздіктерді анықтау үшін тиімді. Көрмелерді экология, қоршаған ортаны қорғау, өмір сүру қауіпсіздігі сұрақтарына байланысты ұйымдастыруға болады.
Үйірме – бұл сыныптан тыс жұмыстың ең белсенді әрі тиімді формаларының бірі.
Олимпиадалар – барынша қабілетті оқушыларды анықтау, олардағы алға қойған мақсаттарына жетудегі табандылықты шыңдау, өзіндік еңбектену дағдысын қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
Пәндік апталықтар, декадалар, айлықтар. Бұлар пәнге қызығушылық тудыруда және пәнаралық байланысты нығайтуда аса маңызды.
Ауызша журнал – оқушыларға керекті жеке тақырыптар бойынша ақпаратты, мәліметтерді, ауызша хабарламаларды безендірілген беттер түрінде жеткізуге мүмкіндік беретін сыныптан тыс жұмыс формасы.
Өмір сүру қауіпсіздігі бойынша факультатив сабақтарының негізгі мақсаты оқушылардың экология, қоршаған ортаны қорғау саласында білімдерін тереңдету кеңіту, оқушының қызығушылығын дамыту, қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыстар атқаруға талғамдары мен қызығушылықтарын ояту, шығармашылықтары мен белсенділіктерін тәрбиелеу мен дамыту болып табылады.
Мектептегі баспа. Қабырға газеті атты сынаптан тыс жұмыс формасы барын бәріміз білеміз. Қабырға газетін жасап шығару үшін үйірме болуы міндетті де емес. Кейде қабырға газеті оқушылардың назарын аудару, қызықтыру және тарту үшін үйірме жұмысын ұйымдастыру алдында жасалады.
Соңғы кезде баспа шығармашылығының желілік түрі кең етек алуда. Жоғарыда аталған баспа шығармашылық формасы Интернетте ұсыныла алады. Жаңа ақпараттық технологиялар мазмұны мультимедиялар мен гипермедиялар арқылы жасалатын бейнегазет тәрізді шығармашылық түрін де дамытуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда өмір сүруге лайық жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мектепте оқытылатын пәндер бойынша оқушының шығармашылық қабілетін дамытатын әртүрлі сабақтан тыс жұмыстардың бірі – оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру болып табылады және ғылыми – зерттеу жұмысының мазмұны мен өткізілу формасын оқытушылар қадағалауы тиіс.
Егер сыныптан тыс уақытта өмір қауіпсіздігі бойынша іс-шара ұйымдастырылатын болса, болашақта оқушылар өмір қауіпсіздігі негіздері бойынша келесідей құзыреттіліктерге ие болады деген ойдамыз:
адамның мекендеу ортасының жағымсыз факторлары, олардың әсер ету салдары, оларды сәйкестендіру және адамдарды қорғауды қамтамасыз ету принцптері, нысандардың жұмыс істеуінің тұрақтылығын арттыруды зерттеу әдістері, ТЖ болжау және апаттардың, табиғи апаттардың салдарын жоюға әзірлігін анықтайтын модельдерді әзірлеу туралы түсінігі болуы қажет;
ҚР негізгі заңдарын және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысындағы нормативтік заңдарды; зиянды және зақымдаушы факторлардың адам үшін анатомия-физиологиялық салдарын, қорғау тәсілдерін; ТЖ дағы шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру жолдары мен тәсілдерін; төтенше жағдайларды болжау және олардың салдарын жою әдістерін білу керек;
қауіпсіздік пен экологиялықты арттыру бойынша шараларды әзірлеу, құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысуды жасай білулері керек;
қауіпсіздік облысында, әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану, жалпы кәсіптік және арнайы ғылымдар, ойлау мәдениеті және өзінің кәсіптік қызметінің нәтижелерін баяндау облысында білім мен ілімді тиімді пайдалану дағдылары болуы керек;
заңды және нормативтік-құқықтық база, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысында техникалық және жобалық құжаттаманы құрастыру мәселелерінде құзыретті болу керек.
өмір сүру ортасында адамның тіршілік қауіпсіздігінің теориялық негіздері, тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық және нормативті-техникалық негіздері, төтенше жағдайларды бағалау әдістерін және олардың салдарын жою, төтенше жағдайлар кезінде шаруашылық нысандарының тұрақтылығын арттыру жолдары мен әдістерін меңгеру;
зақымдану ошағының техникалық есептерін жүргізе білу;
өндірістің техникалық үрдістерін және өндірістік қызметтің экологиялығын және қауіпсіздігін жоғарлату бойынша қажетті шараларды түсіну;
травмалық, зиянды және зақымдаушы факторлардың адамға анатомия-физиологиялық салдары туралы түсіне білу, травматологиялық зақымдану, аса қауіпті инфекциялық аурулар белгілерін ажырата білу және алғашқы медициналық көмек көрсете білу керек;
қауіпсіз және зиянсыз жағдайдағы тіршілік әрекетін құру үшін қажетті теориялық және тәжірибелік дағдыларды үйренеді; қауіпсіздік бойынша қазіргі заман талаптарына сай технологиялық процестер мен жаңа техниканы жобалауға; студенттерге соғыс және бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерді, халықты қорғау әдістерін, қазіргі заманғы зақымдау құралдарының қолдану кезінде, табиғи апаттар, авариялар салдарын жою кезіндегі құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздерін оқыту; зақымдау ошағына сипаттама беру; құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздерін анықтау; ТЖ салдарынан халықты қорғау әдістеріне сипаттама беру; химиялық және радиациялық барлау құралдарымен таныстыру және олардың жұмыс істеу тәртібі мен таныстыру.
