- •Мазмұны
- •1 Жоғары сынып оқушыларымен сыныптан тыс жұмыс жасаудың теориялық негізі
- •1.1 Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыруды теориялық-әдістемелік тұрғыда зерттеу
- •1.2 Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері
- •1.3 Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру ерекшеліктері
- •1.4 Жоғарғы сынып оқушыларымен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері
- •1.5 Жоғарғы сынып оқушыларымен өмір сүру қауіпсіздігі бойынша сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыру маңыздылығы
- •2 Өмір сүру қауіпсіздігі бойынша сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыру
- •2.1 Өмір сүру қауіпсіздігі бойынша глоссарий
- •2.2 Өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері
- •2.3 Төтенше жағдайлар және оның классификациясы
- •Адамның мекендеу ортасының қауіптіліктері
- •Халықты зақымдаушы факторлардан қорғау
- •2.6 Халықты қорғау құралдары
- •2.7 Жарақаттанған және зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету
- •Өмір сүру қауіпсіздігі бойынша сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыру
- •3.1 Жоғары сынып оқушыларына арналған «Өмір сүру қауіпсіздігі» бойынша тақырыптық жоспар
- •3.2 «Табиғи және техногенді сипаттағы тж халықтың іс әрекеті» тақырыбындағы сабақ жоспары
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиет тізімі
1.2 Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері
Мектептегі тәрбие жұмысының негізгі бөлігі болып саналатын сыныптан тыс жұмыстар – баланың өмірге қажетті әлеуметтік ортадағы тәжірибесі мен қоғамдық құндылықтарды қабылдауын қалыптастыру.
Сыныптан тыс жұмыстар келесі мәселелерді шешуге бағытталған:
а) Балада жағымды «Мен» – тұжырымын қалыптастыру, бұл келесі факторларға байланысты:
өзіне басқа адамдардың жақсы көзқараста екендігіне сенімділігі;
өзінің белгілі тақырып немесе қызметті меңгеретініне сенімділігі;
өзінің маңызды орын алатынын сезінуі.
Жағымды «Мен» – тұжырымы баланың өзіне, өзін бағалауға, жеке тұлға ретінде қалыптасып дамуында оң әсер етеді.
Түрлі формадағы сыныптан тыс жұмыстар баланың күнделікті сабақта байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады.
Сыныптан тыс жұмыстың әртүрлі болуы баланы өзіне сенімділігін, өзін дұрыс бағалауын, өз іс-әрекетін бақылауын қалыптастырады. Сонымен қатар, әр түрлі жұмыстар баланың іс-тәжірибесі мен дағдысын, адамдар қызметінің әртүрлілігі туралы білімі мен біліктілігін арттырады.
б) Ұжымдық жұмыс жасау тәжірибесі мен серіктестік дағдысын қалыптастыруға жағдай туғызу. Оқу үрдісінде сыныптан тыс жұмыстарға қарағанда ұжымдасып жұмыс істеу мүмкіндігі аз. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар бір-бірімен барлық жағынан қарым-қытынаста болады. Әртүрлі сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар өзінің жаңа қабілеттерін ашып қана қоймай, ұжымдасып жұмыс істеуге үйренеді.
в) Әлеуметтік қызметтер қажеттіліктерін қалыптастыру. Бұл тікелей әртүрлі қызметтер түрімен танысуға байланысты. Сыныптан тыс жұмыстарды қоғам қажет ететін түрлі қызметтерді ұйымдастыру мүмкіндігі бар, бұл жағдай әсіресе теріс долға түскен жасөспірімдердің көбеюімен көкейкесті болып тұр.
г) Әлемтанудағы адамгершілік, эмоционалдық, еріктілік компоненттерін қалыптастыру. Сыныптан тыс жұмыстарда рухани адамгершілік қасиеттер мен құндылықтарды дәріптеу жақсы жолға қойылады. Ол оқушыларды өнермен байланыстырады.
д) Танымдық қызығушылықтарын дамыту. Сыныптан тыс жұмыстардың бұл міндеті оқу үрдісіндегі және оқудан тыс іс-әрекеттердің біртұтас екендігін білдіреді, өйткені сыныптан тыс жұмыстар оқу үрдісіндегі тәрбие жұмысы сонымен қатар оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Сыныптан тыс жұмыстағы оқушылар қызығушылығын тәрбиелеу маңызды мәселелердің бірі – мамандық таңдау мен еңбекке, кәсіпке баулуды шешеді.
е) Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру. Қазіргі кезде келеңсіз жағдайлардың алдын алуда баланың бос уақытын педагогикалық ұйымдастыру қажет. Оқушылар тәртібі олардың бос уақытын қалай өткізетіндігіне байланысты екендігі анықталған. Үлгермеуші оқушыларды сыныптан тыс жұмыстарға тарту олардың оқуына кедергі келтіреді деген ұғым дұрыс емес. Қайта сол оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға көмектесу қажет.
1.3 Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру ерекшеліктері
Оқыту сабақтарына қарағанда, сыныптан тыс жұмыс ерікті негізде өткізіледі. Оның бірінші ерекшелігі, міне осында. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты өз беттерімен әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уақытта өз қалаулары бойынша көп болып және жеке атқаратын жұмыстарға қатысады. Демек, еріктілік, ең алдымен сыныптан тыс сабақ түрлерін еркін таңдап алуды білдіреді. Педагогтар және оқушылар ұжымдарының міндеті – сыныптан тыс жұмысқа оқушылардың ешқайсысын қалдырмай, түгел тарту. Мұны әрине, ешқандай мәжбүрлеусіз атқаруы керек. Бірақ, оқыту сабақтарынан балалардың өз бетімен кетуіне жол беруге болмайды.
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың екінші ерекшелігі оның міндетті бағдарламалар көлеміне байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы негізінен алғанда оқушылардың ынталары мен талап-тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты болады. Пәндік және басқа үйірмелердің бағдарламалары шамалық бағдарлық күйде болады. Осы бағдарламалардың және методикалық нұсқаулардың негізінде үйірмелердің жетекшілері нақты жағдайларды және оқушылардың ықылас қалауын ескере отырып жұмыс жоспарын жасайды. Бұл сыныптан тыс жұмыстың мазмұны анағұрлым икемді, мектеп оқушыларының ынтасы мен тілек-талаптарына сай келетіндей етуге мүмкіндік береді.
Оның үшінші ерекшелігі жас шамасы әр түрлі оқушыларды қамтитындығында. Мектеп хорының немесе оркестрінің, көркем-өнерпаздар үйірмелерінің және спорт ұжымдарының жас шамалары әр түрлі болып келетін кұрамы сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруға және өткізуге кедергі бола алмайды. Керісінше, әр түрлі сыныптардың оқушыларын біріктіре отырып, сыныптан тыс сабақтар бүкіл мектеп ұжымының топтаса түсуіне себепші болады. Әр түрлі сыныптың оқушыларын біріктіретін үйірмелерде ересектеу балалардың өзінен кішілерге қамкорлық жасауларына, жолдастық өзара көмекті өрістетуге жақсы жағдай туғызылады.
Сыныптан тыс жұмыстың төртінші ерекшелігі онда өз бетімен айналысудың басым болуынан көрінеді. Үйірмелерде, спорт ұжымдарында, көркемөнерпаздар ұжымдарында балалардың өз беттерімен жұмыс істеулеріне кең мүмкіндіктер беріледі. Оны, әрине, педагогтар бағыттап отырды, бірақ оқыту сабақтарынан ерекшелігі – оны негізінен мектеп оқушыларының өздері ұйым-дастырады. Сыныптан және мектептен тыс сабақтарға басшылық жасау инициатива мен дербестікті дамытумен үйлестіріледі. Оқушы ересектеу болған сайын оның инициативалылығы мен дербестігі толығырақ жан-жақты көрініс береді. Олар әр түрлі үйірмелерге, клуб типтес бірлестіктерге қатысушылар ролінде ғана емес, сабақтан тыс істерді ұйымдастырушылар ролінде де көзге түседі. Жоғары сынып оқушылардың бастауыш және орта сыныптардың оқушыларын біріктіретін үйірмелерге және студияларға жетекшілік етуі де жиі кездеседі.
Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс тәрбие жұмысының бесінші ерекшелігінің мәні ондағы қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Егер біраз уақыт бұрын сыныптан тыс жұмыста өзара сөйлесу және көңіл көтеру формалары басым болып келсе, қазір ол коғамға пайдасы мол бағытқа не болып келеді. Соның нәтижесінде ол мектеп оқушыларына, әсіресе жоғары сыныптарды кәсіптік бағдар берудің өте маңызды да ықпалды құралы ретінде көрініп отыр.
Оның алтыншы ерекшелігі – формалар мен әдістердің сан алуандығы. Сыныптан тыс сабақтардың барлық формалары мен әдістерін санап шығу өте қиын және мүмкін емес. Ең алдымен, өнерпаздар клубтарын және ғылыми қоғамдарды құруды көрсеткен жөн. Қоғамға пайдалы іс-әрекеттерді ұйымдастырудың, мектеп оқушыларының мәдени дүниетанымын көтерудің формалары алуан түрлі бола түсті.
Өкінішке орай, сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда әлі де болса айтарлықтай кемшіліктер кездеседі. Қейбір мектептер үшін бұл жұмыстың жеке бағыттарын ғана дамыту тән болып отыр. Мәселен, кейде педагогтар мен оқушылар ұжымдары өз күш-жігерін дене тәрбиесін немесе эстетикалық тәрбиені ұйымдастыруға ғана бағыттайды. Енді біреулерінде енбекке тәрбиелеуге, ғылыми-техникалық шығармашылықты дамытуға ғана баса назар аударылады. Кешенді түрде тәрбиелеу – балалардың жан-жақты дамуын талап етеді. Сыныптан тыс жұмыстың бір бағытын арттыру оқушылардың ынтасы мен бейімділіктерінің жан-жақты дамуын тежейді, баяулатады. Педагогтар ұжымдарының кезек күттірмейтін міндеттерінің бірі – мектеп ұжымдары іс-әрекеттерінің барлық негізгі бағыттарын дамытуды қамтамасыз ететін жүйе құру.
Кейде сыныптан тыс жұмысқа оқушылардың барлығы емес, белсенді балалар ғана тартылады. Басқалары, ең алдымен қиын мінезді балалар, сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылған әсер ету өрісінен тыс қалады. Ал алдыңғы қатарлы мектептердің тәжірибесі болса, мұндай балаларды сыныптан тыс қызықты жұмысқа тартуда, оларды қайта тәрбиелеуге, сабақтан тыс уақытта бірлескен ұжымдық іс-әрекетке деген ынтаны арттыруға көмектеседі. Тәрбиені комплексті түрде жүргізуді жүзеге асыру оқушылардың ешқайсысын қалдырмай, бәрін сынып жұмысының түрімен қамтуды көздейді.
Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс жұмыстың жетінші ерекшелігі – оның бұқаралығы. Ол табиғатты, техниканы өнерді сүйетін жеке балаларды ғана емес, барлық оқушыларды қамтиды. Оның бұқаралық формалары топтық және жеке-дара сабақтармен толықтырылып отырады.
