- •Мазмұны
- •1 Жоғары сынып оқушыларымен сыныптан тыс жұмыс жасаудың теориялық негізі
- •1.1 Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыруды теориялық-әдістемелік тұрғыда зерттеу
- •1.2 Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері
- •1.3 Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру ерекшеліктері
- •1.4 Жоғарғы сынып оқушыларымен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері
- •1.5 Жоғарғы сынып оқушыларымен өмір сүру қауіпсіздігі бойынша сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыру маңыздылығы
- •2 Өмір сүру қауіпсіздігі бойынша сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыру
- •2.1 Өмір сүру қауіпсіздігі бойынша глоссарий
- •2.2 Өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері
- •2.3 Төтенше жағдайлар және оның классификациясы
- •Адамның мекендеу ортасының қауіптіліктері
- •Халықты зақымдаушы факторлардан қорғау
- •2.6 Халықты қорғау құралдары
- •2.7 Жарақаттанған және зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету
- •Өмір сүру қауіпсіздігі бойынша сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыру
- •3.1 Жоғары сынып оқушыларына арналған «Өмір сүру қауіпсіздігі» бойынша тақырыптық жоспар
- •3.2 «Табиғи және техногенді сипаттағы тж халықтың іс әрекеті» тақырыбындағы сабақ жоспары
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиет тізімі
1 Жоғары сынып оқушыларымен сыныптан тыс жұмыс жасаудың теориялық негізі
1.1 Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыруды теориялық-әдістемелік тұрғыда зерттеу
Көптеген зерттеушілер сыныптан тыс жұмыстың кез-келгені тәрбиелік әлеуметтік балалар мен жасөспірімдердің танымдық қызығушылықтарын қанағаттандырып, оларды одан ары қарай дамытудағы мүмкіндіктерін ашуға жұмыстар жүргізген. Айталық, З. А. Барышникова, А. А. Бордай, Н. В. Добрецова, И. И. Кинев, К. Н. Травинин, А. С. Хоптяр т.б. балалар мен жасөспірімдердің танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін тәрбиенің тиімділігін арттыру жолдарын қоршаған табиғи, әлеуметтік және мәдени орта мүмкіндіктерін барынша пайдалану жағдайларымен байланыстырып қарастырады.
Балалардың жеке даралық (дербес) шығармашылығын дамыту мәселелеріне Э. Б. Абдуллин мен Л. М. Целищева зерттеулер жүргізеді. Авторлар мезгілдік бірлестіктердегі саз өнеріне балалардың қызығушылықтарын ояту мен музыкалық білім дарыту және дамытуда ажыратылымды амалды пайдаланып оқытуды ұйымдастырудың мүмкіндіктері мен тиімділіктерін ашады. Балалардың жаппай-көпшілікті музыкалы-эстетикалық тәрбиесінде сыныптан тыс жұмыстың мектептер, мәдени ағарту мекемелері жүргізген жұмыс әдістері қарастырылады. Авторлардың жасаған көптеген ұсыныстары жаппай-көпшілікті ұйымдар т.б. мекемелер жұмыс тәжірибелерінде мақұлдаудан өтіп қолданысқа алынады.
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында оқушылардың еңбек тәрбиесі мәселесіне теориялық-әдістемелік тұрғыда жүргізілген зерттеулерде кездеседі.
Айталық, Б. Н. Буттов оқушыларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту арқылы олардың белсенді ұстанымын тәрбиелеу процесін қарастырады.
Автор мұнда сыныптан тыс жұмыстың мынадай негізгі бағыттарын бөліп көрсетеді:
а) қоғамдық пайдалы жұмыс: өндірісті еңбекпен әртүрлі нысандарда абаттандыру;
б) өзіне-өзі қызмет көрсету шаралары. Осы жұмыстардың тәрбиелілік тиімділігі дәйектелді.
А. П. Жильцов ауылдық жердегі оқушылардың жақсы еңбек пен демалысын ұйымдастыру, қоғамдық пайдалы жұмыс әдістері мәселені бірінші болып зерттеу жұмысын жүргізеді.
А. П. Сперанский оқушыларды сыныптан тыс жұмыстарда политехникалық тұрғыдан дайындау міндеттерін қарастырады.
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында балалардың ойын элементтерін пайдалану мәселесі де арнаулы зерттеу нысанына айналады. Мәселен, зерттеуші В. А Шмаков шығармашылдық сюжетті-рөлді ойын түрлерін жетілдіріп оларды жазғы жұмыс тәжірибелеріне қолдануды жүзеге асырады.
Тәрбие жұмыстары мен еңбек міндеттерінің өзгеше ерекшеліктері; лагерлердегі педагогтар құрамы (мектеп оқытушылары қатарынан басымдықтағы жасақталуы), жұмыс түрлерінің күрделенуі мен әуестенушілік, лагерлердің жарым жартылай (бірен-саран) өз шығындары, өздері өтеушілік, өзін-өзі басқару, өзгеше салт жолдарды пайдалану, жас шамаларына қарай және соған лайықты теория әдістерін пайдалану мәселелеріне П. Н. Дербенов, Н. Г. Ничкало, А. Н. Тубельский, В. Г. Ижицкий, М. Р. Углицкая т.б. зерттеу жұмыстарын жүргізген.
Өткен ғасырдың соңғы он жылдықтар аралығында Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы елдерінің ғалымдары сыныптан тыс жұмыста бірқатар жұмыстар орындалған. Ол еңбектерде сыныптан тыс жұмысының мынадай бағытары қарастырылған:
– сыныптан тыс жұмыстардың қалыптасу даму тарихындағы ерекшеліктер (Н. К. Беспятова, А. Т. Малый, Л. П. Матковковская, М. Б. Коваль, Б. И. Каюмов, Ф. А. Фрадкин, В. А. Капранова);
– сыныптан тыс жұмыстар қызметін басқаруды жетілдіру (Грекова О.);
– сыныптан тыс жұмыстар қызметі арқылы оқушы жасөспірімдердің қоғамдық саяси белсенділігін дамыту (И. Н. Цымбалюк, Л. Ю. Садыкова, Н. А. Антыгина, М. Куранов, Н. И. Меняев);
– сыныптан тыс еңбек тәрбиесі (Ю. Г. Палория, А. И. Ковалева, Л. И. Каучукова, Н. А. Запорожец, М. А.Углицкая);
– сыныптан тыс жұмыстардағы адамгершілік тәрбиесі (Л. А. Оралова, Қ. Т. Әтемова, И К. Тен, И. Н. Минибаева);
– Мектептен тыс мекемелер мен әлеуметтік тәрбие мекемелері арасындағы өзара ықпалдасудың (П. Д. Георгива, Г. И. Миячев, С. А. Михайлович, Р. П. Виркус) педагогикалық проблемалары олардың кейбір шет елдік тәжірибелері-зерттелген бағыт;
– атеистік тәрбие проблемалары (А. И. Пак) эстетикалық тәрбие (А. С. Каргин, Л. И. Шалахов );
– өз бетінше білім жетілдіру мен әуесқойлық тәрбиесі (Л. Ю. Каразян, В. В. Политова, Л. Г. Садыкова ) Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы елдерінің ғалымдарының жүргізген осы зерттеу жұмыстарындағы бағыттарды үш топқа бөліп қарастыруға болады. Олар:
– сыныптан тыс тәрбие жұмысы тарихын зерттеу бағыты;
– сыныптан тыс тәрбие түрлері салаларына жүргізілген, яғни сапалық тұрғыдағы зерттеулер. Мұндай жұмыстарда сала бойынша жетістіктерді асыра дәріптеу орын алған, яғни жұмыстың бұл бағытында жеткен жетістіктерге арналған еңбектер очерк сипатында орындалған;
– сыныптан тыс жұмыстар қызметін басқару яғни оның теориялық мәселелерін зерттеуге жүргізілген еңбектері;
– сыныптан тыс жұмыстарда тәрбие қызметі жүйесін балалардың субъективті ұстанымына қарай олардың және дербес болмысымен санасып, азаматтық тұлғалық саналылығын, физикалық және рухани жетілуін олардың жеке даралық қызығушылықтарын ескере отырып, дамыту мақсатын анықтауға қажетсінеді;
– сыныптан тыс жұмыс формаларының әр алуандылығы мен типтері балалар мен олардың ата-аналар мұқтаж- мүдделерін қамтамасыз етуге себепші болып олардың шығармашылық қабілеттерінің ашылу мен дамуына толық жағдай қалайды.
Ұйымдастырушылық құрылымдардың бейімделгіштігі тұрақты және мезгілді бірлестіктерді т. б. құруға және алуан түрлі клубтық ормаларды пайдалануға мүмкіндік береді.
Балалар мен үлкендердің өзін-өзі басқаруы ұжымдық шығармашылық тәрбие негізінде қосымша білім беру ұйымдары жұмысы мазмұны жанданады. Ұлттық, аймақтық шарттармен табиғат факторларын ескеру балалардың талаптауларымен салауатты-сауықты т. б. қызметтерін ұштастырудың сапалық кепілі болып табылады.
Сыныптан тыс жұмыстағы тәрбие іс-әрекеттерін басқаруды дамыту балалар мен ересектердің шығармашылық ынтымақтастығы қатынастары негізінде және оны өзін өзі басқарумен ұштастыру арқылы іске асады.
Ал енді Қазақстандағы мектептен тыс тәрбие жұмысының (мектептен тыс мекемелердің) қалыптасып даму мәселелеріне тоқталатын болсақ Қазақстан Республикасы тәжірибесінен олардың қалыптасуымен даму жолының тарихи-педагогикалық проблемасына арналған Л. К. Ибрашева мен Н. М. Сагитова, А. П. Романовтардың ғана еңбектері бар авторлар республикадағы сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының қалыптасуы мен даму және жетілдіру тарихының ғылыми негізін жасауға салалық тұрғыдан іздену жұмысын жүргізген Қазақстандық алғашқы ғалымдар. Авторлар республикадағы қалыптасқан ерекшелік жағдайға сай сыныптан тыс тәрбие жұмысының пайда болу, қалану, даму жолдарын, кезеңдерін айыра отырып, осы мекемелер кызметтеріне сипаттама береді.
Қазақстандық ғалымдар арасынан бұрынғы қоғамдық құрылымның әр түрлі тарихи даму кезеңдерінде мектеп пен балалар ұйымы қозғалысының өзара байланысының қалыптасуына, оку-тәрбие жұмыс формаларын талдауға арналған Р. Д. Иржанова мен Б. Ы. Мұқановалардың еңбектері бар. Еңбектерінде негізінен көтерілген басты мәселе балалар ұйымы қозғалысының Қазақстанда пайда болғанынан бастап (1922–1934 жж. Р. Д. Иржанова) сабақтасты түрде (1935–1915 жж. С. Ы. Мұқанова, тарихи кезеңдердегі оның мектептегі оқу-тәрбие жұмыстары мазмұны мен әдістерін түрлендірудегі орны болып табылады.
Балалар мен жасөспірімдеге жүргізілетін тәрбие түрлерінін жеке салалық қызметінін даму тарихы ондағы тәрбие факторларының (мектеп, пионер ұйымы, еңбек ұжымдары, әлеуметтік ұйымдар т. б.) өзара ықпалдасу, бірлесіп жұмыс жүргізу мәселелеріне арналған сыныптан тыс жұмыстар тарихына қатысы бар еңбектер де бар.
Олардың арасынан Н. И. Қойшыбаева, К. Ж. Қожахметова, И. А. Әділханов, Г. И. Мұхановалардың жұмыстарын атап өткен жөн. Әсіресе Н. И. Қойшыбаеваның Қазақстан оқушыларының әлеуметтік-азаматтық көзқарасының қалыптасуына (1935–1945 жж.) пионер ұйымдарының жасаған ықпалын көрсетуге арналған еңбегінің мәні бар. Өйткені автор балалар ұйымдары қызметінің балалардың өзін қоршаған ортаға, ондағы әлеуметтік-саяси құбылыстарға қатынасының белсенді формасынан олардың сана-сезімі мен сенімдерін қалыптастыратын алып құралы деңгейін дейін көтерілуінде сыныптан тыс жұмысының үлкен ролінің болғандығын атайды. Мұнда сыныптан тыс жұмыстар балалар тәрбиесін, оған жетекшілікті жүзеге асыруға жәрдем әсер жасаушы көптеген факторлардың бірі ретінде ғана сипатталған. Ғалым К. Ж. Қожахметова оқушыларды еңбекке тәрбиелеу оқыту жұмысындағы мектептің отбасы және еңбек ұжымдары мен бірлесіп жүргізген ұзақ жылдардағы (1931–1958 жж.)тәжірибелердің қалану мәселелерін талдайды. Еңбек тәрбиесі формалары мен әдістерін жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстардың бір профильді, яғни мамандандырылған жас натуралистер мен техниктер стансаларының балалардың шығармашылдық дамуына (өндіріс саласына, техникаға, ғылымға), қалыптасуына (техникалық шығармашылық ойлау), тәрбиелеуіне (еңбекке, екбек адамына деген құрмет) жасаған ықпалдық және көмек беру рөліне аз-кем тоқталып кетеді.
Алайда барлық жоғарыда аталған жұмыстарға тән кемшілік бұл еңбекте де қайталанады. Яғни сыныптан тыс жұмыстар балалар тәрбиесі мен оған жүргізілетін жетекшіліктің тиімділігін көтеруде оны жүзеге асырушы факторлардың қатарында көрсетілумен қалады. Мектеп оқушыларының жалпы орта білім беру оқу жүйесіне көшу жағдайында олардың еңбекке дайындығы мәселесі тарихи мәселесіне орындалған Г. И. Мұханованың еңбегі бар. Жұмыста қарастырылып отырған тарихи кезеңде пайда болған мектептен тыс мекемелерді типті «Жас табиғат достары еңбек және демалыс лагері» және оның республика бойынша саны және оған қала балаларының қамтылу шамасы бұл еңбекте көрсетілген. Алайда бұл лагерьдің өлкетанушылық функциясы мен оның жұмыстық формалары олардың еңбек тәрбиесіндегі педагогикалық мүмкіндіктері ашылмай қалған. Себебі лагерь жұмысы автордың жеке іздену нысаны емес.
Сол сияқты И. А. Әділханов оқушылар дружиналарының саяси-идеалық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибелерін талдауда оқушылар ұйымы мен үйлері, сарайы арасында байланыстардың болғандығын мәліметтеумен шектеледі.
Қазақстандағы сыныптан тыс тәрбие жұмыстары мәселесін тереңдете қарастыруда және оны қажетті деректермен байытуда Казақстандағы мәдени-ағарту жұмыстары мен мәдени құрылыстарына байланысты белгілі жекеленген тарихи кезеңдерге арналған тарихшылардың (С. Б. Баишев, Р. Б. Сүлейменов, X. Бисенов, М. Абдукадиров, В. Г. Макаров, Б. А. Амантаев, Е. Ш. Қуандықов, А. Ғ. Ибраева, Ш. Ж. Таукебаева, В. П. Гноевых, Т. П. Ибраев, Е. А. Касаткина, А. Н. Құдайбергенов, Л. Ш. Баширова, Ф. К. Қайырханова, А. В. Горелова, Б. Э. Қалдыбеков, Е. Ш. Қуандыкова, А. Б. Муритова, Т. З. Рысбеков, В. В. Назаров, М. Т. Арынова, А. Б. Әлмаханова, З. О. Дүкенбаева, Т. Я. Сатпаев, X. Табылдиев) еңбектерінің тигізетін пайдасы бар.
Бұл ғалымдардың еңбектерінде Қазақстандағы мәдени-ағарту мекемелерінің типтері, жұмыс формалары мен әдістері, мазмұндары, мәдениет, ғылым мекемелерінің пайда болуы, олардың басқару жүйесі құрылымы, өкілеттілігі, міндеттері, қалыптасу жолдары қаралады. Еңбектерде Қазақстан мәдениет құрылысы мен мәдени-ағарту жұмыстарының қалыптасып дамуына ерекше үлес қосып өзіндік тарихи із қалдырған белгілі мемлекет, қоғам қайраткерлері мен мәдени-ағарту ісінің алғашқы ұйымдастырушылары, қайраткерлері туралы мәліметгер мен құнды деректерде кездеседі. Еңбектің жалпы құндылық жағы Қазақстан ерекшелік жағдайыңда мәдени-ағарту қызмет түрлерінің шығу алғышарттар себебі мен мүддесінің тәрбиелік тарихи мәндерінің көрсетілуінде.
Ғалымдардың еңбектерінде мәдени-ағарту жұмыстарының мәні мен онын қоғамдық рухани-мәдениетті көтерудегі орны, мәдени-ағарту жұмыстары құралдары арқылы халық сұранымдарын қанағаттандыру амалдары оларды ұйымдастыру ерекшеліктері, мәдени қызметті ұйымдастырудың негізгі формалары қарастырылған.
Тәрбие теориясы мәселелеріне еңбек жазған Казақстандық ғалымдардың еңбектері де сыныптан тыс жұмыстары мәселелеріне теориялық-әдіснамалық тұрғыдан сүйеніш жасауға (С. А. Ұзақбаева, М. Х. Балтабаев, К. К. Жанпейсова, Л. Керимов, Б. Ы. Мұханова, Г. К. Нұрғалиева т. б.) үлкен септік жасайды.
Сыныптан тыс жұмыстардың ұрпақ тәрбиесіндегі тарихи педагогикалық орнын көрсетуде, бұл проблеманы ғылыми әдіснамалық дәлдікте шешуде Қазақстандағы мәдениет, өнер, шығармашылық одақтар, мәдениет және өнер кадрларын даярлау мәселелеріне арналған Қазақстандық ғалымдардың ғылыми еңбектері де үлкен роль атқарады.
