- •Мазмұны
- •1 Жоғары сынып оқушыларымен сыныптан тыс жұмыс жасаудың теориялық негізі
- •1.1 Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыруды теориялық-әдістемелік тұрғыда зерттеу
- •1.2 Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері
- •1.3 Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру ерекшеліктері
- •1.4 Жоғарғы сынып оқушыларымен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері
- •1.5 Жоғарғы сынып оқушыларымен өмір сүру қауіпсіздігі бойынша сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыру маңыздылығы
- •2 Өмір сүру қауіпсіздігі бойынша сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыру
- •2.1 Өмір сүру қауіпсіздігі бойынша глоссарий
- •2.2 Өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері
- •2.3 Төтенше жағдайлар және оның классификациясы
- •Адамның мекендеу ортасының қауіптіліктері
- •Халықты зақымдаушы факторлардан қорғау
- •2.6 Халықты қорғау құралдары
- •2.7 Жарақаттанған және зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету
- •Өмір сүру қауіпсіздігі бойынша сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыру
- •3.1 Жоғары сынып оқушыларына арналған «Өмір сүру қауіпсіздігі» бойынша тақырыптық жоспар
- •3.2 «Табиғи және техногенді сипаттағы тж халықтың іс әрекеті» тақырыбындағы сабақ жоспары
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиет тізімі
Қорытынды
Қазіргі таңда білім жүйесіне қойылып отырған қоғамдық-әлеуеттік сұраныс талабы да жоғары. Елбасы Жолдауында айтылғандай, бәсекелестікке қабілетті қоғамдағы бәсекелестікке қабілетті адамның басты белгісі, оның білімділігі, жасына лайық өз ой пікірін анық та, ашық, түсінікті жеткізе білетін құзыреттілікке қол жеткізу болып отыр. Оқушыға білім мен қатар тәрбие үздіксіз беріліп отырады.
Қорытындылай келетін болсақ. сыныптан тыс іс-әрекет – бұл педагогтың сабақтан тыс уақытта бала тұлғасының әлеуметтенуі үшін қажетті жағдайды қамтамасыз ететін оқушылардың әртүрлі іс-әрекет түрлерін ұйымдастыруы.
Жоғарыда қарастырылып кеткендей, сыныптан тыс іс-шара – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын, мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған, сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін, тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.
а) Оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
б) Сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
в) Сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді;
г) Сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының түрлері тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді.
е) Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын тандауда ерікті болады. Бұл, бір жағдайда оған өзінің көзқарасы және сенімі тұрғысында әрекет етуде мүмкіндік берсе, екінші жағдайда, оның жауапкершілігін арттырады. Бұған қосымша, оған шығармашылық белсенділікті талап етеді.
ж) Сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады.
Осыған орай, дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты жоғарғы сынып оқушыларына өмір сүру қауіпсіздігі бойынша сыныптан тыс іс-шара әдістемесін өндеу болғандықтан келесі жұмыстар атқарылды:
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде жоғары сынып оқушыларымен сыныптан тыс жұмыс жасаудың теориялық негізі ашылып, келесі сұрақтар қарастырылды: сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыруды теориялық-әдістемелік тұрғыда зерттеу сұрақтары ашылып, сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері және ерекшеліктері айқындалды. Жоғарғы сынып оқушыларымен өмір сүру қауіпсіздігі бойынша сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыру маңыздылығы негізделді.
Екінші бөлімінде өмір сүру қауіпсіздігінің теориялық негізі, яғни осы салаға байланысты негізгі сұрақтар қарастырылды:
Өмір сүру қауіпсіздігі бойынша глоссарий берілді.
Өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері ашылды.
Төтенше жағдайлар және оның классификациясы жіктелді.
Адамның мекендеу ортасының қауіптіліктері айқындалды.
Халықты зақымдаушы факторлардан қорғау және халықты қорғау құралдары жіктелді.
Жарақаттанған және зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету шаралары берілді.
Үшінші бөлім өмір сүру қауіпсіздігі бойынша сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыруға арналды.
Бұл бөлімде Жоғары сынып оқушыларына арналған «Өмір сүру қауіпсіздігі» бойынша тақырыптық жоспары дайындалып, «Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ халықтың іс әрекеті» тақырыбындағы сабақ жоспары өнделді.
Алға қойылған мақсатқа жеттік деген ойдамыз.
