- •Мазмұны
- •1 Жоғары сынып оқушыларымен сыныптан тыс жұмыс жасаудың теориялық негізі
- •1.1 Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыруды теориялық-әдістемелік тұрғыда зерттеу
- •1.2 Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері
- •1.3 Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру ерекшеліктері
- •1.4 Жоғарғы сынып оқушыларымен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері
- •1.5 Жоғарғы сынып оқушыларымен өмір сүру қауіпсіздігі бойынша сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыру маңыздылығы
- •2 Өмір сүру қауіпсіздігі бойынша сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыру
- •2.1 Өмір сүру қауіпсіздігі бойынша глоссарий
- •2.2 Өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері
- •2.3 Төтенше жағдайлар және оның классификациясы
- •Адамның мекендеу ортасының қауіптіліктері
- •Халықты зақымдаушы факторлардан қорғау
- •2.6 Халықты қорғау құралдары
- •2.7 Жарақаттанған және зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету
- •Өмір сүру қауіпсіздігі бойынша сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыру
- •3.1 Жоғары сынып оқушыларына арналған «Өмір сүру қауіпсіздігі» бойынша тақырыптық жоспар
- •3.2 «Табиғи және техногенді сипаттағы тж халықтың іс әрекеті» тақырыбындағы сабақ жоспары
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиет тізімі
3.2 «Табиғи және техногенді сипаттағы тж халықтың іс әрекеті» тақырыбындағы сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ халықтың іс әрекеті.
Сабақ уақыты: 45 минут.
Сабақтың мақсаты:
- білімділік: Табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру.Оқушыларды табиғи апаттан сақтануға баулу;
- дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін ,сөйлеу шеберлігі,төтенше жағдайлар жайлы білетіндерін дамыту. әр оқушының өмір қауіпсіздігіне дайындық қабілеттерін шыңдау;
- тәрбиелік: Төтенше жағдай кезінде өзіңді қалай ұстау керектігін үйрету, өзің мен өзгелерді әр түрлі бақытсыздықтан сақтау, ұқыптылыққа,шеберлікке,аңғарымпаздыққа, достық көмек көрсетуге дайын бола білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: білім мен іс-әрекетті меңгерту.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,ассоциация.
Көрнекілігі: плакат, кесте, суреттер, карта.
Пәнаралық байланыс: тарих, география, ұлттық дүниетаным.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
- кіріспе бөлімі:
1-жүргізуші:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кейінгі жылдары болған оқиғалар табиғи зілзалалар мен техногенді апаттардың алдын алу мен залал зардаптарын еңсеруде жан-жақты көмектесу мен келісілген іс-әрекеттерді жүзеге асырудың қажеттілігін паш етті.
2-жүргізуші:
«Осы салада тұрақта сенім жүйесір қалыптастыру үшін шұғыл ақпараттар алмасуды жолға қою айрықша маңызды. Кейде қажетті мәліметтердің болмай жататыны жүздеген мың адамдар үшін қайғы-қасіретке ұласатынын зерделеу ауыр» – деді Елбасы
1-жүргізуші:
Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің «Төтенше жағдайларды ескерту және іс-әрекеттер бойынша халық пен мамандарды оқыту жүйесін құру жөніндегі шаралар туралы» 1993 ж. 30 қыркүйек № 969 Қаулысында сейсмоқауіпті аймақта орналасқан барлық нысандарда тоқсан сайын сейсможаттығу өткізу белгіленген.
2-жүргізуші:
Осы мақсатта біздің ұсынып отырған сабағымыздың тақырыбы «Адам және табиғи апаттар» деп аталады.
Табиғатта болатын әр түрлі табиғи апаттар:
1-жүргізуші:
Осы орайда үш топқа бөлінген оқушылар өздерінің жинаған мәліметтерімен бөліседі.
б) Негізгі бөлім:
1 топ – Табиғи құбылыстар.
2 топ – Өрт қауіпсіздігі.
3 топ – Жер сілкінісі.
в) Ситуациялық жағдай:
1-жүргізуші:
Апат айтып келмейді. Табиғаттың тосын құбылысын болжай отырып алдын алу шараларын жүргіземіз.Оған сіздің де дайын болуыңыз шарт.Мен сөзімнің соңында табиғат апаты кезінде өзіңді де, өзгені де құтқар дегім келеді, -дей отырып ситуациялық жағдайдан шығу жолдарын қарастырайық.
Үш топтың алдына конверт беріледі.
1 топ:
1) Егерде сендер 2007 жылдың желтоқсан айында болған төтеншежағдайда қалған кездегі іс- әрекеттерің қандай болар еді.
2) Сендердің үйлерің өзен немесе көл жағасында орналасқан болса, онда көктемде су тасқыны болды делік, сендердің іс-әрекеттерің?
3) Тауға саяхатқа шыққанда шатыр,шелек , балта, ыдыс, тамақ, жылы киім алып шықтың. Сұрақ: нені тастап кеттім деп ойлайсың?
2 топ:
1) Сендер орманға демалуға барғанда орман ішінде өрт шықты, сендердің іс-әрекеттерің?
2) Көлікте кетіп бара жатқаныңда егістік алқабы өртеніп жатыр, сендердің іс-әрекеттерің?
3) Егер сен геологиялық экспедиция мүшесі болсаң. Экспедиция мүшелерінен адасып тауда қалдың, не істейсің ?
3 топ:
1) Кешкі жаңалықтардан таңғы сағат 4-те де жер сілкінісі 6 баллға болатынын хабарлады. Үйіңде өзіңнен ересек ешкім жоқ, 4 кішкентай бауырың бар, сендердің іс-әрекеттерің?
2) Ғимараттың ішінде отырғаныңда жер сілкінісін байқадың, сендердің іс-әрекеттерің?
3) Шөл далада қымбат көлікпен келе жатып адасып кеттіңдер, не істейсіңдер?
г) Тәжірибелік бөлім:
1-жүргізуші:
Бақытсыздық жағдайы аяқ астынан белең алуы мүмкін сондықтан да қандай жағдай болмасын алғашқы көмек көрсетуге әрбір азамат дайын болуы тиіс.
Осы орайда оқушылардың өздерінің тобына байланысты төтенше жағдайға ұшыраған кезде көрсететін алғашқы медициналық көмегіне кезек береміз:
Адамды үсік шалса немесе суға батып кеткен жағдайдағы көмек.
Өрт болған ғимараттың ішінен беті-қолы күйген, ес –түссіз адамды алып шыққан жағдайдағы көмек.
Зілзала болған ғимараттың ішінен аяқ-қолы сынған,басы жарылған адамды алып шыққан жағдайдағы алғашқы көмек.
е) Сергіту сәті:
Көрініс: «101–102–103 қызметкерлерін шақырудың ең тиімді жолы».
ж) Бекіту сұрақтары:
Төтенше жағдайлар министрі кім?
Қазақстанның аса қауіпті сейсмоаймағы қанша шаршы шақырымды алып жатыр? (450 мың шаршы шақырым).
Қай жылы Зайсан ойысы шегінде жер сілкінісі болды? (1990 14 маусым).
«Төтенше жағдайларды ескерту және іс-әрекеттер бойынша халық пен мамандарды оқыту жүйесін құру жөніндегі шаралар туралы» 1993 ж. 30 қырқүйектегі № 969 қаулысында не айтылған? (Сейсмоқауіпті аймақтарда орналасқан барлық нысандарда тоқсан сайын сейсможаттығу өткізу белгіленген).
ҚР ең алғаш төтенше жағдайлар министрі кім болған? (Заманбек Нұрқаділов).
Дүние жүзінде қанша сейсмологиялық белдеу бар? (2 тынық мұхиттық, жерорта теңіздік).
Қазақстан қай сейсмологиялық белдеуге жатады? (Жерорта теңіздік).
Табиғи апаттар нешеге бөлінеді? (2 эндогендік, экзогендік).
101–102–103–104–105 сымтетіктері қандай қызметтерді шақыруға арналған? (101 – өрт, 102 – ішкі істер, 103 – жедел жәрдем, 104 – газ, 105 – төтенше жағдай).
