- •Мазмұны
- •1 Жоғары сынып оқушыларымен сыныптан тыс жұмыс жасаудың теориялық негізі
- •1.1 Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыруды теориялық-әдістемелік тұрғыда зерттеу
- •1.2 Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері
- •1.3 Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру ерекшеліктері
- •1.4 Жоғарғы сынып оқушыларымен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері
- •1.5 Жоғарғы сынып оқушыларымен өмір сүру қауіпсіздігі бойынша сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыру маңыздылығы
- •2 Өмір сүру қауіпсіздігі бойынша сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыру
- •2.1 Өмір сүру қауіпсіздігі бойынша глоссарий
- •2.2 Өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері
- •2.3 Төтенше жағдайлар және оның классификациясы
- •Адамның мекендеу ортасының қауіптіліктері
- •Халықты зақымдаушы факторлардан қорғау
- •2.6 Халықты қорғау құралдары
- •2.7 Жарақаттанған және зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету
- •Өмір сүру қауіпсіздігі бойынша сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыру
- •3.1 Жоғары сынып оқушыларына арналған «Өмір сүру қауіпсіздігі» бойынша тақырыптық жоспар
- •3.2 «Табиғи және техногенді сипаттағы тж халықтың іс әрекеті» тақырыбындағы сабақ жоспары
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиет тізімі
Мазмұны
|
Кіріспе |
5 |
1 |
Жоғары сынып оқушыларымен сыныптан тыс жұмыс жасаудың теориялық негізі |
7 |
1.1 |
Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыруды теориялық-әдістемелік тұрғыда зерттеу |
7 |
1.2 |
Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері |
11 |
1.3 |
Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру ерекшеліктері |
12 |
1.4 |
Жоғарғы сынып оқушыларымен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері |
14 |
1.5 |
Жоғарғы сынып оқушыларымен өмір сүру қауіпсіздігі бойынша сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыру маңыздылығы |
17 |
2 |
Өмір сүру қауіпсіздігінің теориялық негізі |
21 |
2.1 |
Өмір сүру қауіпсіздігі бойынша глоссарий |
21 |
2.2 |
Өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері |
24 |
2.3 |
Төтенше жағдайлар және оның классификациясы |
27 |
2.3.1 |
Төтенше жағдайлардың түрлері мен шығу себептері |
27 |
2.3.2 |
Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар |
30 |
2.4 |
Адамның мекендеу ортасының қауіптіліктері |
35 |
2.4.1 |
Табиғи және техногенді қауіптіліктер көздері |
35 |
2.4.2 |
Соғыс және бейбіт уақытындағы жаппай зақымдау құралдарының түрлері |
39 |
2.5 |
Халықты зақымдаушы факторлардан қорғау |
40 |
2.6 |
Халықты қорғау құралдары |
41 |
2.7 |
Жарақаттанған және зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету |
46 |
3 |
Өмір сүру қауіпсіздігі бойынша сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыру Өмір сүру қауіпсіздігі бойынша сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыру |
52 |
3.1 |
Жоғары сынып оқушыларына арналған «Өмір сүру қауіпсіздігі» бойынша тақырыптық жоспар |
52 |
3.2 |
«Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ халықтың іс әрекеті» тақырыбындағы сабақ жоспары |
54 |
|
Қорытынды |
57 |
|
Қолданылған әдебиет тізімі |
59 |
Кіріспе
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
Оқытудың жаңа техналогиясын еңгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетіледі, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болады. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.
Зерттеу көкейкестілігі.
Сыныптан тыс жұмыс – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады. Егер сыныптын тыс іс-шаралар өмір сүру қауіпсіздігінен ұйымдастырылса, келесідей нәтижелерге жетеміз:
оқушылардың бойына ізгі қасиеттерді дамытады;
балалардың қоғамдағы әлеуметтік-мәдени ортамен үйлесімді байланысын қалыптастырады;
балаларды мәдениетті адамдарға тән адамгершілік нормалар мен таныстырады;
жеке тұлға ретінде әр оқушының жеке ой-пікірімен санасып, шығармашылық іс-әрекетте арқылы өзін-өзі айқындауға басшылық жасайды;
табиғат байлықтарына жауапкершілік пен қарайтын тұлға қалыптастырады;
оқушылардың патриоттық қасиеттерін арттырып, Отанын, отбасын, достарын, мектебін сүюге тәрбиелейді;
адам өміріне төнетін қауіп-қатердің түрлерімен таныстырады;
балаларға экологиялық мәдениет, салауатты өмірді тәжірибеде бекіту және түсіндіру, қауіпті заттармен абай болу, көшеде өзін дұрыс ұстауды үйретеді;
төтенше жағдайда ескерту шараларынан кейін өздерінің әрекеттеріне сенімділікті арттыруды үйретеді;
«Өмір қауіпсіздігі негіздері» курсы бойынша оқыту үрдісінде алынған теориялық білімдері мен тәжірибелік әдістерін жүзеге асырады;
өмір жағдайларында бір-біріне қамқорлық және өзара көмек көрсетуді үйретеді;
жауапкершілікті арттырып, қайратты, тапқыр, сабырлы, жігерлі болуға шыңдауды үйретеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты: жоғарғы сынып оқушыларына өмір сүру қауіпсіздігі бойынша сыныптан тыс іс-шара әдістемесін өндеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері айқындау;
сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру ерекшеліктерін қарастыру;
жоғарғы сынып оқушыларымен жұмыс жүргізудің ерекшеліктерін қарастыру;
жоғарғы сынып оқушыларымен сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыруда өмір сүру қауіпсіздігің маңыздылығын ашу;
өмір сүру қауіпсіздігі бойынша сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыру.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: жоғарғы сынып оқушыларымен өмір сүру қауіпсіздігі бойынша сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыру, оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздық шығармашылық қызметінің дамуы, экология, өмір сүру қауіпсіздігі саласында білімдері қалыптасады.
Зерттеу жұмысының пәні: өмір сүру қауіпсіздігі бойынша сыныптан тыс іс-шараларын ұйымдастыру процесі.
Зерттеу жұмысының объектісі: жоғарғы сынып оқушылары.
Диплом жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы: сыныптан тыс жұмыстардың мақсат-міндетін, оны ұйымдастыруды теориялық-әдістемелік тұрғыда зерттеп, жоғарғы сынып оқушыларымен жұмыс жасау ерекшелігін анықтап, оқушылардың мектеп өміріне өмір сүру қауіпсіздігі сұрақтарын еңгізу арқылы өмірлік жағдайларды шешуде білімін арттыруға және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қызығушылығы мен қабілеттілік ерекшелігін арттыруға мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиет тізімінен тұрады.
