С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
|
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
ASFENDIYAROV KAZAKH NATIONAL MEDICAL UNIVERSITY
|
Қорытынды мемлекеттік аттестация «ЖТД» мамандығы бойынша
7 курс интерндеріне арналған медициналық симуляция сценариі
(2 этап –клиникалық дағдыларды бағалау)
2016-2017 оқу жылы
Клиникалық жағдай: «ЖДТ қабылдауында 1типті ҚД науқасты диагностикалау және жүргізу тактикасы. Шұғыл ауруханаға жатқызуды рәсімдәу» (ұзақтығы 15 мин)
Ситуациялық жағдай: Жалпы тәжірибелі дәрігер қабылдауында 15 жасар науқас.
-Анамнез жинаңыз және науқасқа жалпы қарау жүргізіңіз
-Лабораторлы-аспаптық зерттеу мәліметтеріне интерпретация жүргізіңіз
-Диагноз қойыңыз
-Науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз
Қорытынды нәтиже (outcomes):
Ұйқы безі патологиясы бар науқасты сұрау жүргізу және физикальды тексеру
1 Типтегі қантты диабеттің клиникалық диагностикасы және оның асқынуы
Жоспарлы ем тағайындау.
Зертхана мәліметтерін талдау және жүргізу
1 типтегі қант диабеті бар науқасты жүргізу тактикасы, функционалды жағдай мониторингы
Бағалау парағы (check-list)
Стандартталған актерға (науқасқа) арналған сценарии тесті және оның ролі:
Шағымы: әлсіздік, шөлдеу, жиі көп мөлшерде зәр шығару, дене салмағын жоғалту.
Сұрақ мазмұны |
Актерға арналған сұрақтар |
Жауабы |
Аурудың басталған уақыты? |
Ауруыңыз қашан басталды, |
2 ай шамасында |
Немен байланыстырасыз? |
Сіз ауруды немен байланыстырасыз? |
Қатты эмоциональды қажу |
Бірінші симптоматика анықтау |
Ең алғаш пайда болған симптом? |
Ауыздың кебуі, шөлдеу, жиі зәр шығару. |
Әлсіздіктің орналасу сипаты |
Әлсіздік тұрақты н/е уақытша, дененің барлық бөлігінде н/е бір бөлігінде? |
Әлсіздік тұрақты барлық дене бойында. |
Шөлдеу және ауыздың кебу сипатын анықтау |
Сусын ішкеннен басылады ма? |
Жоқ, көп су ішсемде тағы ішкім келіп тұрады |
Сұйықтық көлемі |
Қандай мөлшерде сұйықтық тәулігінде ішесіз? |
3 литр және одан көп |
Дене салмағының төмендеуі немен байланысты |
Дене салмағының төмендеуін немен байланыстырасыз? |
Басымнан өткен стресстен кейін бірден арықтай бастадым, оған қарамастан тамақ көп жеймін |
Салмақ тастаудың сипаты |
Қанша килограмм, сіз тастадыңыз? |
10 кг 2 ай бұрын 52кг болатынмын |
Зәр шығару сипаты |
Зәр шығарғанда ауру болама? |
Жоқ, ауырмайды |
Түнде дәретке шығу үшін тұрасыз ба? |
Иә, тунде 2-3 рет |
|
Тұқым қуалаушылық |
Жанұяда біреу ҚД ауыра ма? |
Иә, апасы анам жағынан |
Ауруды немен бастыңыз? |
Ауруды басуға не қолдандыңыз? |
Ешнарсе қабылдамадым
|
Қабылдау кезінде |
Науқасқа түсіндіру:
диспансеризация не үшін керек (егер «Д» есепке тұратын болса) және денсаулық мектебіне бару |
|
Анамнезінде: Анасы жағынан апасында ҚД.
Обьективты: Жағдайы орташа ауырлықта, есі анық, белсенді жағдайы, дене бітімі дұрыс. Конституциясы астеникалық типте. Бойы 160 см және салмағы 42 кг (ДСИ- 16,4). Тамақтану төмендеген. Терісі қалыпты түсті, таза, қалыпты температура, ұстағанда құрғақ, тургор аздап төмендеген. Шырыш қабық таза, ылғал, күгін түсті. Тілі қақпен қапталған, құрғақ. Тамағы іспеген. Шашы мен тырнағы патологиясыз. Тынысы везикулярлы, ТАЖ минутына 20, сырыл жоқ. Жүрек тоны анық, ритмдік. ЖСЖ минутына 85 соққы. АҚ 90/60 мм рт. ст. Іші жұмсақ, ауырмайды. Пальпация кезінде оң қабырға астының ауырады, бауыр қабырға доғасынан 2 см шығыңқы. «ұрғылау» симптомы екі жақты теріс. Зәр шығару жиіленген. Нәжісі уақытылы.
Болжамды диагноз: I типты Қант диабеты, орта дәрежелі ауырлықта, алғаш пайда болған.
Зерттеу қорытындылары:
