- •1. Жалпы есептеу бөлімі
- •1.1. Есепті подъем бойынша құрам массасын анықтау.
- •Локомотивтің негізгі есепті мәліметтері
- •1.2. Пойыздың орнынан қозғалу кезіндегі құрам массасын тексеру.
- •1.3.Пойыз массасын қабылдау-жөнелту жолдарының ұзындығы бойынша тексеру
- •Вагондардың негізгі параметрлері
- •1.4. Пойыздың кинетикалық энергиясын есепке алып құрам массасын анықтау.
- •2Тэ10м тепловоздың тартып сипаттамалары
- •1.5. Жол профилін және жол жоспарын құру.
- •2. Жеке бөлім
- •2.1. 2Тэ10м локомотивінің техникалық сипаттамалары.
- •2.2. 2Тэ10м локомотивінің жалпы құрылымы.
- •2.2 Кесте
- •2.3. 2Тэ10м локомотивінің механикалық бөлігінің құрылыстық элементтері.
- •2.4. 2Тэ10м локомотивінің тежегіш және құм жүйесі.
2.4. 2Тэ10м локомотивінің тежегіш және құм жүйесі.
Тежегіш жүйе
ЗТЭ10М тепловозының шеткі секциялары пойыз тежеуішін басқаруға арналған автоматты пневматикалық тежегішпен, тепловоз тежеуішін басқаруға арналған тікелей қызмет атқаратын автоматты емес тежегішпен және қол механикалық тежегішімен жабдықталған. Тепловоздың ортаңғы секциясы автоматты тежегішті басқару үшін машинист кранымен жабдықталмайды, себебі аталған құрылғыда болмайды: тежегіштерді блоктау құрылғысы, тоқтау кранымен машинист кранының жұмысын синхрондаушы құрылғы, теңестіруші резервуар манометрі, автотоқтаудың электропневматикалық клапаны. Тепловоздың алдыңғы шеткі және ортаңғы секция тежегішінің ауаөткізгіш сұлбасы 160 суретте көрсетілген. Артқы шеткі секцияның ауаөткізгіш сұлбасы толықтай алдыңғы секциямен сәйкес келеді, сондықтан ол көрсетілмеген.
Тежегіш жүйесінің техникалық сипаттамасы
Басты резервуарлардағы және қорек магистраліндегі ауа қысым, МПа.....................0,75-0,9
Тежегіш магистраліндегі ауа қысым, МПа.......0,53-0,55
Тежелу кезіндегі тежегіш цилиндрлеріндегі ауа қысымы, МПа:
көмекші тежегіштің кранымен..........0,38-0,4
автоматты тежегішпен.............0,39-0,45
Тежегіш секцияның өздігінен ажырауы кезінде автоматты түрде тоқтатуды қамтамасыз етеді, тежеу магистралінің үзілу сигнализациясымен, тежегіштерді жіберу сигнализаторымен, жұпты пойыздардың автотежегіштерін басқаруды синхрондаушы жүйесімен, тартымның машинист кранының VI жағдайы кезіндегі құмды беруі арқылы және
жылдамдығы 10 км/сағ аз болғанда құмды беруді тоқтату арқылы компрессорлар жұмысын синхрондаушы жүйесімен жабдықталған.
Тежеу жүйесінің құрылғысы. Дизель-генератордан жіктеуші редуктор арқылы айналдыратын компрессор 21 сығылған ауаны басты резервуарға 25 жібереді және одан кейін майбөлгіш 22 арқылы қорек магистраліне жібереді. Үшінші және төртінші резервуарлар арасында ауа адсорбциялы құрғату жүйесі 26 арқылы өтеді. Қорек магистралінен ауа пойыздың тежеу жүйесінің қорегіне жұмсалады, сонымен қатар тепловоз жүйеелеріне: басқару және қызмет көрсету, құм және өрт сөндіру аспаптары.
Пойыздың тежегіш магистраліне ауа қорек магистралінен машинист краны 18, шеткі кран 4 және жалғастырушы 5 арқылы келіп түседі. Бірінші және екінші басты резервуарлар арасындағы құбырда 20 № ЗРД қысымды реттеуші істен шыққан жағдайда басты резервуарлардағы қысымның жоғарылап кетпесі үшін арналған екі сақтандырғыш клапан 23 орнатылған. Клапандар 23 1,0 МПа қысымы кезінде іске қосылуын реттеп отырады.
Тежегіштің және басқару жүйесі аппараттарының қалыпты жұмысына арналған ауа қоры тепловоздың әр секциясында орнатылған 25 төрт басты резервуарды 250 л қамтамасыз етеді. Қысылған ауаның суыған кезінде жіберу крандары 24 арқылы компрессордан алынатын конденсат пен май бөлінеді. Ауа ылғалдан үшінші және төртінші резервуарлар арасында құбырөткізгішке қосылған құрғату 26 жүйесінің адсорберлерінде тазартылады. Майдан ауа майбөлгіш 22 арқылы тазартылады. Оған қоса ауа көмекші тежегіштің кранының, автотоқтатудың электропневматикалық клапанының және ЗРД реттеушінің алдында № Э114 сүзгілермен 12 тазартылады. Пойыздың автоматты тежегіштерін басқару үшін № 395 машинист краны 18 қолданылады, оның келесідей жағдайлары болады: І – жіберу және зарядтау; ІІ – шамадан тыс пойыздық автоматты зарядтау; ІІІ – магистральді қоректендірусіз; ІV – тежегіш магистралін қоректендіру арқылы; Уа – тежегіш магистралін разрядтаусыз электрлі ауа жіктегіш арқылы тежеу (орнатылатын тепловоздарда); V – қызметтік тежеу; V – жедел тежеу.
Кранда пойыздық жағдайдағы машинист кранын ұстап тұратын винті арқылы тежегіш магистралінің зарядтық қысымын реттеп отыратын редуктор және шамадан тыс зарядтауды жою уақытын реттеуші стабилизатор. Кран жұмысы үшін көлемі 20 л болатын теңестіруші резервуар 19 орнатылады. Тепловозды тікелей қызмет ететін тежегішімен жіберуші, пойыздық және төрт тежегіш жағдайы бар №254 көмекші тежегіш кранын 13 басқарады.
Тежеудің әр деңгейі автоматты түрде қадағаланып тұрады. Автоматты тежеу үшін тепловозда камералы 2 ауажіктегіш 1 орнатылған. Ол жүк режимді ауыстырып-қосқышқа ие: П – бос, С – орташа және Г – тиелген, сонымен қатар жіберу режимдерін ауыстырып-қосқыш: Р – теңестіруші және Г – дөңесті. Ауажіктегіш кешеніне тежегіш магистраліне, клапанға 33 қосылған көлемі 20 л болатын қосымша резервуарға, тежегішті жіберуге арналған ауажіктегішке 38 жіберілетін басты және магистральді бөлім 1 және камера 2 кіреді. Тепловоз рамасына және арбаша рамасына бекітлегнтежегіш цилиндрлеріндегі құбырөткізгіштер арасында жылжымалы байланыс орнату үшін жалғағыштар 31 қолданылған. Магистральдердің тепловозаралық жалғануы, тепловоз бен вагондардың тежегіш магистралінің жалғануы жалғағыштар 5 арқылы жүзеге асады. Жалғағыштарды үкелуден қорғау үшін оларды сымнан жасалған торме қорғайды. Тежегіш, қоректендіргіш және көмекші магистралін қоршау үшін жалғағыштар алдында шекті крандар 4 (№190) орнатылады. Тежеу жүйесіндегі қысымды машинист кабинасында басқару пультінде орнатылған манометрлер бойынша бақылап отырады. Екібағытты манометр 14 қорек (қызыл бағыт) және тежеу магистраліндегі (қара бағыт) қысымды көрсетеді. Манометрдің қызыл бағыты тежегіш компрессор қосылатын және сөнетін қысымды бақылауға мүмкіндік береді. Пойыздың тежелу кезіндегі тежегіш магистралін разрядтау теңестіруші резервуардың манометрі 17 бойынша орнатылады. Тежегіш цилиндрлеріндегі қысым екібағытты манометр 15 бойынша анықталады, қара бағыт алдыңғы арбашаның тежеу цилиндрлеріндегі қысымды, ал қызыл бағыт – артқы арбашадағы қысымды көрсетеді. Автоматты локомотивті сигнализацияның тежеу жүйесімен байланысы автотоқтатудың 10 № ЭПК-150И электропневматикалық клапаны арқылы жүзеге асады. Егер жолдық сигналдың сәйкес көрсеткіші кезінде пойызды тежеудің қажетті жұмыстары орындалмаса, электрлі пневматикалық клапан тежегіш магистралін ауамен қосады және пойыздың жедел тоқтауы жүзеге асады. Тежеу магистраліндегі қысымның 0,27-0,32 МПа дейін төмендеуі кезінде тартым генераторынан іске қосылуды автоматты түрде ағыту үшін қысымның датчик-релесі 6 орнатылған. Ол 0,43-0,48 МПа дейін қысым жоғарылаған кезде іске қосылуды да қайта қалпына келтіреді.
160 сурет. Тепловоз тежегішінің ауаөткізгіш сұлбасы 1- ауажіктегіш, 2 – ауажіктегіш камерасы, 3 – пневмоэлектрлік датчик, 4 – автотоқтатудың электропневматикалық клапан краны, 11 – тежегіштерді блоктау құрылғысы, 12 – сүзгі, 13 – машинист краны, 19-теңестіруші резервуар, 20-қысымды реттеуші, 21-компрессор, 22-майбөлгіш, 27-жалғағыш шланг, 28-кері клапан, 29-қысым редукторы, 30-қоректі қысым, 36-резевуар, 38-ауажіктегіш, 39-электропневматикалық вентиль, А- К1, К1, К18, К19, К20, КЗО-көмекші тежегіш, КЗ, К4, К5, К7-К17, К21-К29-шеткі кран.
Пойыздың тежегіш магистралінің тығыздығы бұзылған жағдайда тартымды автоматты түрде ажырату және машинистке сигнал беру үшін ауажіктегіште камера мен басты бөлік арасында магистраль жағдайын бақылайтын пневмоэлектрлік датчик 3 № 418 орнатылады. Зарядталған тежегіштің магистральді құбырөткізгішінің тығыздығы бұзылған жағдайда датчик тізбекті тұйықтайды, бұл кезде кабинаның оң жақ бұрышының панелінде орналасқан «Тежегіш магистралінің үзілуі» сигналдық лампасы жанады. Бұл жағдай тежегішті іске қсоқанға дейін сақталады. Тепловоздың тежегіш цилиндрлерін толтыру барысында датчик сигналдық лампаны ажыратады, ал тартым тепловоз тежегіштерін толық жібергенше ажыратулы болады. Жұп жүк пойыздарына қызмет көрсету барысында машинист крандарының жұмысын синхрондау үшін жүйеге енгізілген: жалғағышты 5 шеткі кран 4, К4 және /С5 қосушы крандар.
Қысым релесінің датчиктері 9 машинистке тежегіш цилиндрлерінің қысымы және локомотив тежегіштерін жіберу туралы сигнал береді.
Тежегіштерді блоктаушы құрылғы 11 бір басқару кабинасынан екіншісіне ауысу кезінде машинист крандарының алдында крандарының бұрыс ажыратуды және қосудың алдын алады. Барлық крандар үш секцияны бір ағытпалы жалғағышпен басқаратын бір құрылғыда жинақталған. Блоктаушы құрылғыда жұмыстық емес кабинадан жедел тежеу үшін біріктірілген кран болады. Қысым редукторлары 29 қысым релесіне 35 келіп түсетін ауа қысымын төмендетеді. Реле 0,5-0,55 МПа қысымын көтере алады. Тұрақты қорек қысымы қысым релесінің 35 тиімді жұмыс жағдайын жақсартады және оның істен шығуы кезінде тежегіш цилиндрлеріндегі қысымды шектеу үшін қолданылады. Ауыстырып-қосқыш клапаны 33 № ЗПК көмекші крандарының жұмысы кезіндегі тежегіш цилиндрлерінің ауажіктегішін 1 ағыту және керісінше, ауажіктегіштің жұмысы барысында көмекші тежегіш кранын ажырауға арналған. Қысым релелері 35 оларға ауыстырып-қосқыш клапанынан 33 берілген қысым келіп түсетін кезде қысылған ауаны қорек резервуарынан 30 тежегіш цилиндрлеріне жіберу кезінде қайталағыш ретінде қолданылады. Ауажіктегіш 38 локомотив тежегішін жіберуге арналған. Ол тепловоздың құм жүйесінің ауажіктегішінен тек қосымша пружинаны орнатуыме ерекшеленеді.
5-жалғағыш; 6, 9-қысым реле-датчиктері; 7-қосушы кран; 8-жылдамдық өлшегіш; 10- көмекші тежегіш, 14, 15-екібағытты манометрлер; 16-тоқтатушы-кран; 17-манометр; 18- литель; 23-сақтандырушы клапан; 24-жіберу шегі; 25-ауа резервуары, 26-құрғату жүйесі; 31-жалғағыш; 32-тежегіш цилиндрі, 33-ауыстырып-қосқыш клапан; 34, 37-дроссельдер; 35-компрессорларды блоктаушы реле; Б-қоректендіруші магистраль; В-тежегіш магистралі, Г-магистраль
Үш секциямен жүру барысында көмекші тежегішті бір басқару постынан басқарады, ол үшін көмекші тежегіш магистралі Г жалғағыш 5 секцияларының арасында жалғанған. Пайдалану барысында ыңғайлы болу үшін жалғағыш бастары мен шеткі крандар әртүрлі түске боялады: қоректендіруші магистраль – ашық көк түсіне, тежегіш магистраль – қызыл түске, көмекші тежегіш магистралі – қоңыр түске, машинист крандарының жұмысын синхрондаушы құбырөткізгіштері – жасыл түске. Тежеу жүйесін жабдықтау. Компрессор тепловоздың тежеу жүйесі мен пневматикалық көмекші жүйелерін сығылған ауамен қамтамасыз етуге арналған. Локомотивте КТ7 үшцилиндрлі екідеңгейлі компрессор қолданылған.
Техническая характеристика компрессора
Ауаның жұмыстық қысымы, МПа.........0,9
Валдың айналу жиілігі, айн/мин..............850
Қарсықысымды 850 айн/мин жіберу 0,9 МПа, м3/мин . ... 5,3
Тұтынушы қуаты 850 айн/мин және қарсықысымы, 0,9 МПа, кВт.......................44
Жетек жағынан қарағандағы айналу бағыты... сағат тіліне қарсы
Компрессордың жұмыс режимі жүктемелі жұмыс уақытының ИЗ бос жүріс жұмыс уақытына қатысты қайталаушы-қысқа мерзімді болып келеді. Қысымды жұмыс уақыты 15 минуттан аспауы керек. Жұмыс режимі басты резервуарлардың бірінің жіберу крандарын 0,75 МПа дейін қорек магистраліндегі қысымды төмендету үшін ашу арқылы тексеріледі, бұл кезде компрессор ЗРД қысым реттеуші арқылы қосылады, ал 0,9 МПа дейін жеткенде бос жүріс режиміне ауысады.
Компрессорда (161 сурет) төмен (бірінші деңгейлі) қысымды бір цилиндр және жоғары (екінші деңгейлі) қысымды бір цилиндр болады. Цилиндрдің әр клапанды қорабында сорғыш және сіңдіргіш клапан болады,
с
онымен
қатар № ЗРД қысым реттеушіден сығылған
ауа келіп түскенде сорғыш клапанды ашық
жағдайда ұстап тұру үшін түсіру құрылғысы
болады. Сорғыш клапандарды ажырату
барысында сығылған ауа тоқтайды және
компрессор бос жүріске ауысады. Ауаны
компрессор капронды талшық немесе майға
араласқан сымды тор болып келетін
сүзгілейтін элементтердің бірінші
деңгейлі цилиндрлердің клапанды
қорапшаларында 7 орнатылған екі әуе
сүзгілері 8 арқылы сорғыланады.
Бірінші және екінші деңгейдегі ауаны суыту үшін мәжбүрлі әуелі суыту желдеткіші 28 бар мұздатқыш 9 орнатылған. Мұздатқышта 0,45 МПа қысымына реттелген сақтандырғыш клапан орнатылған. Компрессордың жақпа жүйесі біріктірілген. Қысым арқыл май насосынан 18 май иінді валдың 20 шатунды мойнына жіберіледі. Қалған бөлшектерге шашырату арқылы майланады. Желдеткіш подшипниктеріне 28 консистентті жақпа қолданылады. Тығынмен жабылған 14 құю тесігі арқылы компрессорға жазғы уақытта 19Т маркалы (ГОСТ 1861-73) 10-20л компрессор майы, ал қысқы уақытта 12М маркалы май құйылады. Картердегі май деңгейі майнұсқағыш 13 сызғышында көрінеді. Май жүйесінің жұмысы манометр 22 көрсеткіштері бойынша бақыланады.
М ЗРД қысым реттегіші компрессор жұмысын басқарады. Қорек магистралінде қысым 0,9 МПа дейін жоғарылаған жағдайда реттеуші ауаны компрессордың сорғыш клапандарының құрылғыларына жібереді және компрессор ауана баста резервуарға жіберуін тоқтатады. Ауа шығынының әсерінен қорек магистраліндегі қысым азаяды. Қысым 0,75 МПа жеткен кезде ауаның реттеуші арқылы қорек магистралінен компрессордың ажырату құрылғыларына жіберілуі тоқтайды, ажыратушы құрылғылардың камералары реттеуші арқылы ауамен қосылады және компрессор сығылған ауаны қорек магистраліне жібере бастайды. Реттеуші плитасына қорек магистралінен және компрессордың ажырату құралдарынан құбырлар жалғанған. Корпуста екі реттеуші клапан орнатылған: пружиналы ажыратушы және қосушы. Қосушы клапанда кері клапан орналасқан. Ажыратушы клапанның пружинасы 0,9 МПа қысымына реттеледі, ал қосушы клапанның пружинасы – 0,75 МПа қысымына. Реттеу жұмысы стерженьнің айналуы арқылы реттеледі, бұл кезде гайкалар клапан пружиналарын басуды өзгерту арқылы көтеріледі немесе түседі. Реттелгеннен кейін стерженьдер қарсыгайкаларме бекітіледі. Екі (немесе үш) секцияның тежегіш компрессорларын бір уақытта жұмыстың және бос жүріс режимдеріне ауыстыру үшін тек қана бір қысым реттеушісі қолданылады, яғни компрессорлардың ауаны жіберудің басы мен соңы бір уақытта орындалады.
Тежегіш
жүйесінің жұмысы. Жүйені зарядтау
келесідей орындалады (160 суретті қараңыз).
Ауа Б қорек магистралінен тежегіштерді
блоктау құрылғысы 11 мен машинист краны
18 (жағдайы І – жіберу және зарядтау
болған жағдайда) арқылы В тежегіш
магиттраліне келіп түседі және одан
әрі ауажіктегіш зарядына 1 және қосымша
резервуарға 36 келіп түседі. Одан басқа,
қорек магистралінен ауа 0,75-0,9 МПа қысыммен
кері клапан 28 арқылы қорек резервуарына
30 және қысым редукторларына 29 келіп
тсүеді, одан кейін ауа 0,5-0,55 МПа қысымымен
алдыңғы және артқы арбашаның қоректендіруші
қысым реле камераларына 35 келіп түседі.
Қорек резервуарларын кері клапанмен
көлемі 250 л толтыру барлық секциялардың
өздігінен ағытылу немесе секциялар
арасында ағытылу болған жағдайда қажетті
ауа қорын қамтамасыз етеді.
Машинист кранын тежеу оны V-жағдайын – қызметтік тежеуді ІІІ немесе ІV-жағдайға ауысуы кезінде орындалады. Қысымды төмендету барысында тежегіш магистралінде ауажіктегіш 1 іске қосылады және қосымша резервуардағы 36 ауа ауысып-қосқыш клапан 33 арқылы басқарушы қысым реле камераларына 35 келіп түседі. Келіп тсүкен ауаның қысымы тежегіш магистралыін разрядтауға байланысты болады. Бұл кезде қысым релесі 35 ауаны қорек реле камераларынан тежегіш цилиндрлеріне басқару камераларындағыдай қысымға жеткенінше жіберіп отырады. Кран машинистін жедел тежеген жағдайда автотоқтатудың электропневматикалық клапаны 10 іске қосылғанда, тежегіш магистралі ажырағанда, Кб тоқтату-кранының көмегімен синхрондаушы жүйе қосылған кезде тежеу орын алады, бірақ бұл кезде тежегіш цилиндрлерінде ауажіктегіш 1 қамтамасыз ететін қысым болады. Көмекші тежегіш кранымен 13 локомотивті тежеу оны тежеу жағдайына ауыстыру кезінде орындалады. Бұл кезде ауа қорек магистралінен кран арқылы көмекші тежегіш магистраліне келіп түседі, одан кейін дроссель арқылы ауыстырып-қосқыш клапанға 33, одан кейін (машинист кранын тежеу үрдісі) ауаны қорек резервуарынан 30 тежегіш цилиндрлеріне 32 өткізетін қысым релесіне 35 келіп түседі. Тежегіш цилиндрлеріне қысым пайда болатын кез-келген тежеу түрінде қысымның реле-датчиктері 9 іске қосылады және бұл кезде машинист кабинасында сигналдық лампалар панелінде «тежелді» сигналдық лампасы жанады.
Машинист кранымен тежегішті жіберу машинист кранын ІІ – пойыздық немесе І жағдайға ауыстыру кезінде орындалады. Тежегіш магистралі жұмыстық қысымға дейін зарядталады, ауажіктегіш 1 іске қосылады және ол арқылы қосымша резервуар зарядталады, ал қысымды басқарушы реле камерасынан 35 ауа ауаға кетеді.
Бұл кезде ауа тежегіш цилиндрлерінен ауаға қысым релесі 35 арқылы шығады. Одан басқа локомотивтің автоматты тежегіштерін жіберу басқару пультінен «Тежегіштерді жіберу» кнопкасын басу арқылы жүзеге асады. Бұл кезде электропневматикалық вентиль 39 іске қосылады және ол арқылы ауа ауажіктегіштен 1 және қысым релесін басару камераларынан 35 атмосфераға жіберілетін ауажіктегішке 1 келіп түседі. Бұл кезде тежегіш цилиндрлеріндегі ауа атмосфераға қысым релесі 35 арқылы жіберіледі. Барлық тежегіш цилиндрлерінде қысым болмаған жағдайда сигналды лампа панелінде «Тежелді» лампасы сөнеді. Көмекші тежегіш краны 13 арқылы кран бұрмасын І-жіберу жағдайына немесе ІІ-пойыздық жағдайға ауыстыру арқылы жібереді. Бұл кезде ауа атмосфераға қысым релесін басқару камераларынан 35 көмекші тежегіш краны арқылы, ал тежегіш цилиндрлерінен қысым релесі 35 арқылы шығады.
Құрамды тепловоздың жүрісі кезіндегі тежегіштердің қосылуы. Жүк пойызының қозғалсы кезінде № 395 машинист краны 0,53-0,55 МПа қысымында тежегіш магистралін ұстап тұрушы пойыздық жағдайға келтірілуі керек. № 483 ауажіктегіштері 1 бос және дөңесті режимдерге қосылады. Бос режим тепловозда тежегішті жоғарылатуды көмекші тежегіш кранының көмегімен жүзеге асыратындықтан орнатылады. Басты секцияда К1, К2, К4, К5, КП и К16 крандарынан басқа барлық крандар жабық болуы тиіс. Ортаңғы секцияда КП, К12, К13, К16, К26, К27, К28 крандары жабық болуы тиіс, ал қалғандары ашық болуы тиіс. Шеткі секцияда К2, К4, К5, К7, КП, К12, К13, К16 крандары жабық болуы керек, ал қалған крандар ашық болуы тиіс, яғни басты скциямен салыстырғанда №ЗРД қысым реттеушісіне К12 және К13 крандары мен К14 краны жабық болуы керек.
Ауаны құрғату жүйесінің 26 жұмысында К15 кранын жабады, ал К14 ашады. Оның ажыратылуы кезінде К15 краны ашылады, ал К14 жабылады.
Біреулік жүрісті локомотивтердің тежегіштерін қосу. Біреулік тепловозды жөнелту барысында автоматты тежегіш қосылады және оның тежегіш магистралі 0,53-0,55 МПа қысымына дейін зарядталуы тиіс, ал қорек магистралінде 0,75-0,9 МПа қысымы тұрақты болады. Бұл кезде ауажіктегіштер тиелген режимге ауысады және шеткі секцияның тежегіш магистралінің шеткі краны К1 ауысады; қалған крандардың жағдайы мен ауажіктегіштердің режимдері құрамды тепловоздың автотежегіштерінің жұмысы кезіндегідей болады. Тежеу және жіберу жұмыстары көмекші тежегіш краны арқылы жүзеге асады.
Салқын күйдегі тепловоз тежегіштерін қосу. ТЭ10М типті тепловоздар пойыздардағы жұмыстық емес жағдайда жіберілуі мүмкін. Бұндай жағдайда ауажіктегіштер ортаңғы және дөңестік режимдерге қосылады. Шеткі секцияларда К1, КП, К18, К19, К20, К21, К22, К23, К24, К25 крандары ашық болады, ал қалған крандар жабық болады. Ортаңғы секцияда К1, К2, КП, К18, К19, К20, К21, К22, К23, К24, К25, КЗО крандары ашық, ал қалған крандар жабық болады.
Жұмыстық емес жағдайдағы тепловозда тежелу және жіберу құрамды тепловоз қозғалысындағыдай орындалады. Айырмашылығы тежелу барысында сығылған ауа қорек резервуарына 30 қорек магистралінен емес, тежегіш магистралінен кері клапан арқылы келіп түседі.
Оқшауланған тежегіш магистральдері бар жұпты пойыздардың жүрісі кезіндегі тежегіштерді қосу. Бұл жағдайда жұпты пойыздың басты локомотивінің тежегіштерін басқаруды қамтамасыз ететін басты және екінші локомотивтердің машинист крандарының жұмысын синхрондау қажет болады. Басты локомотивте машинист крандарының жұмысын синхрондау барысында тежегіштер мен крандар құрамды тепловоз жүрісіндегідей қосылады.
Екінші пойыз локомотивінің басты секциясында келесідей жұмыстар орындалады: жасыл түске боялған шеткі кранның к2 синхрондаушы құбырөткізгішіне бірінші пойыдың тежегіш магистралі жалғанады, к4 краны ашылады, ал тежегіш магистралінің шеткі краны к1 ауысады; машинист кранында IV жағдайын ұстап тұрушы, бірақ қызметтік және жедел тежеу жұмыстарына кежергі келтірмейтін бекітпе орнатылады.
Құм жүйесі.
171 Сурет. Құм жүйесінің сұлбасы. 1-шланг, 2-құмсалғыш ауажіктегіші, З-құмсалғыш форсункалары, 4-алдыңғы құм бункері, 5-құмсалғыш педалі, 6-реверсор түйіспелері (ПР), 7-бірінші дөңгелек жұбына құм жіберу кнопкасы, 8 9-электропневматикалық вентильдер, 10-артқы құм бункері, 11-қосушы кран, А-автоматика ауаөткізгіші, В-қорек магистралі
Әр секцияда жалпы сыйымдылығы 1016 кг болатын төрт бункерден орнатылған. Екі бункер машинист кабинасының алдыңғы бөлігінде, ал екеуі – артқы бөлігінде – суыту камерасының қабырғасында орнатылған. Ортаңғы секцияда құм бункерлері шеткі бункерлердің типі бойынша екі жағынан орнатылған. КН педалі мен КПП құм жіберу кнопкасы болмайды. Әр бункерде торы мен қақпағы болатын тиеу қылтасы болады, ол бункерге ылғалдың түсуінен қорғау, сонымен қатар төменгі бөлікте екі форсунканың жалғану үшін арналған. Бір форсунка құмды тепловоз жүрісі кезінде «алға» жіберуге, ал екіншісі «артқа» жіберуге арналған. Құмды жіберуді шеткі секциядан басқарады.
Құмжіберушінің негізгі элементтерінің бірі болып құмсалғыш форсункасы (172 сурет) саналады. Оның жұмыс және реттеу сенімділігінен тартымды жоғарылатуға арналған құмды пайдаланудың тиімділігі байланысты болады. Құм форсунка корпусына бункерде өздігінен ағуы арқылы келіп түседі, ал ауа Г жазықтығына – құмсалғыш ауажіктегішінің штуцері арқылы келеді. Форсункаға келіп түскен ауа үш ағынға бөлінеді: бірінші, арна бойынша араластыру камерасына жібереді, екінші және үшінші, құмды дөңгелек астына жіберу үшін жіберіледі. Жіберілетін құмның көлемі гайкамен 4 тіркелетін винтпен 3 реттеледі. Форсунканы тазарту үшін қақпақпен 8 жабылған тесік қарастырылған.
Ауа форсункаларға қорек магистралінен корпусында манжеталы 3 шток 4, бағыттаушы 9 және тығыздаушы 7 клапан, пружина 12 орнатылған құмсалғыш ауажіктегіші (173 сурет) арқылы келіп түседі. Поршеньнің астыңғы бөлігі электропневматикалық вентильмен қосылады, ал клапан асты – қорек магистралімен қосылады. Педальдің сөндірілген жағдайында ауа электропневматикалық вентильден келмейді және клапан пружинаның әсерінен жабық болады.
Манжеталы 3 поршень аумағы штуцер 10 арқылы 0,55-0,6 МПа қысыммен электропневматикалық вентильден келіп түскен кезде поршень қорек магистралі мен пружинаның 12 ауа қысымына жеткен кезде 0,75-0,9 МПа қысымды қорек магистралінен ауа штуцер 10 арқылы осьтердің бір дөңгелек астына құм жіберетін екі форсункаға келетіндей есептелінген. Құм жүйесінің басқарушы бөлімі (171 суретті қараңыз) машинист аяғында басқару пультінде орналасқан педальден 5, реверсор түйіспелерінен 6, бірінші дөңгелек жұбының астына құм жіберу кнопкасынан 7, электропневматикалық вентильдерден 8 және 9 және жалғағыш сымдардан тұрады.
Құм жүйесінің жұмысы. Құм КН педалін басу арқылы жіберіледі (171 суретті қараңыз). Бұл кезде электрлік тізбек тұйықталады және кернеу ВП1 және ВП2 немесе Н31 және Н32 құмсалғыш электропневматикалық вентиль катушкаларына келіп түседі. Қорек алған электропневматикалық вентильдер сығылған ауаны автоматиканың ауаөткізгішінен өткізеді және ауа қорек магистралінен ауажіктегіштер арқылы форсункаларға 3 келіп тсүеді.
Машинист кабинасы еденінің астында орналасқан ауажіктегіштердің біреуі форсункаларға ауа жібереді, одан бірінші дөңгелек астына құм жібереді, ал суыту камерасында тұрған екіншісі – төртінші ось дөңгелегінің астына жібереді.
Артқа қозғалысы кезінде ауажіктегіштердің екінші жұбы ауаны үшінші және төртінші ось форсункаларына жібереді. Үшінші және төртінші ось дөңгелектеріне құм өткізетін және ұзын көлденең учаскелері бар құбырлар құмды шеткі шлангілер арқылы дөңгелектердің рельстермен түйісу орындарына итеру үшін қосымша үш ауа өткізгішпен жабдықталады.
Шеткі секциялардың бірінші дөңгелек жұбының астына қосымша құмды КЛП кнопкасын басу арқылы жеке жіберу қарастырылған. Жылдамдығы 10 км/сағ жоғары болатын локомотивті жедел тежеу кезінде №395.000-3 (VI жағдайда) машинист кранымен электропневматикалық вентиль катушкаларының тізбегі тұйықталады және дөңгелек жұптарының астына құм жіберіледі. Қозғалыс жылдамдығын 10 км/сағ дейін түсірген кезде вентильдерді қоректендіру тізбегі РУ21 релесінің түйіспесі арқылы ажыратылады және дөңгелек жұптарының астына құм жіберу тоқтайды.
