Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломная работа JNG.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.19 Кб
Скачать

«М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» АҚ

Ақтөбе көлік және коммуникациялар колледжі

Мамандығы:1108000 «Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық күту»

«Қорғауға жіберілсін»

Колледж директорының ОӨЖЖ

бойынша орынбасары

_________ Мусенова Г.Т.

« ___ » ___________ 201_ ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: 2ТЭ10М тепловоздардың тартым есептерін жүргізу

Орындаған: __________

Тобы Т-41

Дипломдық жоба жетекшісі:

Қарағұлова Д.Т. ______________

Н. бақылау:

Калибаева Г.С. _______________

Ақтөбе 2017 ж.

Актобе 2012 г.

Кіріспе

ТЭ10М (жандандырылған) — 1978 жылдан 1990 жыл аралығында Ворошиловград тепловоз құрастыру зауытында құрастырылған секциялық қуаты 3000 а.к болатын кеңестік магистральді жүк тепловозы болып саналады. 2ТЭ10В жандандырылған үлгісіның ерекшелігі көптеген бірліктердің жүйесі бойынша үш секцияға дейінгі құрамда жұмыс жасай алуында. Үш (3ТЭ10М) және екісекциялы (2ТЭ10М) нұсқаларында дайындалды. Сонымен қатар 1980 жж. ортасында салқын солтүстік климат жағдайларында жұмыс жасауға бейімделген төртсекциялы ТЭ10М сериялы 4ТЭ10С тепловоз партиялары шығарылды.

1970 жж. ортасында Кеңестік Одақта өнеркәсіптік өндіріс көлемі артты, сонымен қатар Байкал-Амур магистралінің құрылысы басталды. Мұның барлығы қуатты локомотивтерді қажет ететін пойыздар салмағының жоғарылауын қажет етті. Бірақ сол кезде шығарылған осындай жүктемедегі екісекциялы қуаты 2×3000 а.к.(2ТЭ10Л, 2ТЭ10В және 2ТЭ116) болатын тепловоздардың шамасы жетпеді. Секциядағы қуаты 4000 а.к болатын жүк тепловоздарының сериялық шығарылымы сол кезде көп ресурс көлемін қажет етті, сондықтан қуаты 3×3000 а.к болатын үшсекциялық тепловоздарды шығару туралы шешім қабылданды. 1978 жылы Ворошиловград зауыты 2ТЭ10В — 3ТЭ10В үшсекциялы тепловоз түрін шығарды. 3ТЭ10В сынағын жүргізгеннен кейін зауытта осы тепловоздың 3ТЭ10М-0001 жанданған түрі құрастырылды. Жаңа тепловоз кеңес темір жолына 1979 жылы берілді және бір, екі және үш секциялы құрамда жұмыс жасай алды. 1979 жылы 21 сәуірде ТЭ10М тепловозының техникалық жағдайлары қатынас жолдар

Министрлігімен келісілді, ал 1979 жылдың 23 мамырында ауыр, энергетикалық және көлік машинақұрастыру Министрлігімен бекітілді.

1979 жылы Ворошиловград тепловозқұрастыру зауыты жаңа техникалық жағдайларға (ТУ.24.4.491.79) сәйкес 3ТЭ10М-0002 және 3ТЭ10М-0003, содан кейін 3ТЭ10В атаулы үшсекциялы тепловоз шығарылды, үшеуі де Молдавия темір жолының Бендеры локомотив депосына берілді. Жаңа тепловоз үшінші аралық «В» индексімен (бастапқы секциялары «А» және «Б» деп белгіленді) белгіленген секциясымен ерекшеленді, бұл кезде электрлік сұлбаларнына үш секция құрамында жұмыс жасауға арналған өзгерістер енгізілді. Бустерлі секцияның машинист кабинасында өтпелі жолы орындалды, ал кабинаның өзі біршама кішірейді және тек қана маневр қозғалыстар мен реостаттық сынақтарды орындауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар «В» секциясында пойыздық тежегіштерді басқару краны мен қауіпсіздік құрылғылары болмайды, нәтижесінде пойыздық жұмыс кезінде бұл секция тек қана бастапқы секциялардың ағытпаларында жұмыс жасай алады. 2ТЮ10В және ТЭ10М секциялы тепловоздарының көптеген бірліктер жүйесі бойынша біріккен жұмысы қарастырылмаған. ТЭ10В - ТЭ10М салыстырғанда келесідей өзгерістер енгізілді:

  • бір пульттен тепловоздың үш секциясын басқару мүмкіндігі;

  • бір немесе екі секцияны бос жүріс режимінде дизельді 8-ші позицияға ауыстыру мүмкіндігі (ауаны компрессорлармен үрлеу немесе жүктемесіз суыту, себебі тоңазытқыш желдеткішінің айналымы дизель айналымдарына тікелей байланысты);

  • басқару пультінде аспаптар саны көбейді. Шеткі секциялардағы сигналдық лампалар жеке таблода орнатылған;

  • басқару тізбектерінде тізбектердің ағытылуы кезінде кернеудің шамадан тыс көтеріліп кетуін болдырмау мақсатында «диод-резистор»

  • (аппарат катушка құрылғыларын шунттаушы) тізбектер саны көбейді;

  • тежегіштерді жіберу арқылы электрлік басқару;

  • басты резервуарларға келіп түсетін сығылған ауаны адсорбциялы басқаратын басқару тізбектерінің орналасуы;

  • секцияаралық жалғағыштардың үш розеткалары;

  • кейбір секциялардың АКБ арасындағы штепсельді ағытпа құрылысының өзгерістері;

  • сұлбадағы ақауларды іздеуді жеңілдететін аппаратты камералар мен басқару пультіндегі минусты штепсельді ағытпалар;

  • секция кабиналарының арасында байланысу құралы.

1981 жылдан бастап зауыт 2ТЭ10В кезінде ауыстырылған 2ТЭ10М екісекциялы тепловоздарды шығара бастады. Артынша 3ТЭ10М тепловоздары атаулары кей кезде «2ТЭ10М» аатауымен ауысқан екі скецияның құрамында пайдаланыла бастады. Керісінше жағдайлар да болған, 2ТЭ10М сериясын үшінші секциямен толықтырған, нәтижесінде «3ТЭ10М» атауы берілген.

1990 жылы ТЭ10М орнына «Ворошиловградзауыты» ТЭ10У шығара бастады. Зауыттық мәліметтер бойынша 3ТЭ10М 1920 секция (соңғысы - 3ТЭ10М-1440) және 2ТЭ10М 4956 секция (соңғысы – 2ТЭ10М-3678), яғни барлығы ТЭ10МК қосқандағы ТЭ10М 6876 секциялы болып келеді.

1. Жалпы есептеу бөлімі

1.1. Есепті подъем бойынша құрам массасын анықтау.

Құрам массасы - темір жол жұмысының тиімділігіне әсер ететін маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылатындығы белгілі. Құрамдардың массасын шектелген шамаға көбейту - темір жол бағыттарының кіре ақы қабілеттерін көтеріп, тасымалдаудың үнемділігі мен өзіндік құнын төмендетеді, тартылыс күші мен локомотив қуатын қолдануды жақсартады, пойыз тартылысында электр энергиясы мен отын шығынын азайтады. Құрам массасының шамадан тыс артуы - локомотив құрал - жабдықтарының мезгілінен бұрын қолданудан қалуына жол береді.

Сондықтан да жүк құрамының массасын ең ауыр өрдегі қозғалыс кезіндегі локомотивтің тартылыс күшін толық пайдалану арқылы есептеп шығарады, содан соң қозғалу жағдайы бойынша бөлек бөлімдердегі бекеттерде пойыздардың қабылдау - жөнелту жолдары мен тартылыс электрқозғалтқыштары мен генераторларын қыздыру жолдарын тексереді.

Жолаушы пойыздары құрамының массасын пойыз санатына (жедел, жолаушы) қарай, сондай - ақ бірнеше темір жолдары бойынша қозғалатын жеделдеткіш жүк және жүк - жолаушы пойыздарына байланысты МПС -пен анықтайды.

Жүк пойызының құрам массасын есептеместен бұрын, участоктағы жол кескінін талдайды және өрде пойыз қозғалысы үшін анағұрлым ауырын таңдайды, оны есептік деп атайды, мұнда оған жататын жол бөлшектерінің бұрылысы мен ылди бұрылысы есепке алынады. Егер өр неғұрлым үлкен орын алатын болса және қозғалыс кезінде ондағы жылдамдық төмендеп, ПТР -

да анықталған төмен мәнге жетсе, онда мұндай өр де есептік деп қабылданады.

ПТР -дың өрдегі ең төменгі қозғалыс жылдамдығын есептік жылдамдық деп атаса, осы кезде локомотивте жүзеге асқан тартылыс күшін - есептік тартылыс күші деп атайды. Егер анағұрлым үлкен өр аз ғана созылыңқылықты қаласа, ал жүрісте оған орналасқан бөлшектер арқылы пойыз қуып жетіп, кинетикалық энергияның қорын қалыптастыра алса , онда ондағы жылдамдық төмендейді, бірақ анықталып үлгермейд. Ол кезде өрдің есептік таңдауы қиындап, пойыз массасын өзіндегі қорда сақталған кинетикалық энергияны қолдану арқылы анықтайды.

Есептік өрлерде түзу және қисық өрлердегі қозғалыстың қосымша қарсылықтары есептеледі, олар түзетілген бөлшек шегіндегі жалған өрлердің орнын басады. Егер анағұрлым ауыр өрлердің ұзындығы мен пойыз ұзындығы бір болса, немесе бірнеше қисық аз радиуста болса, онда түзетілген бөлшектер пойыз ұзындығымен сәйкес келетін ұзындыққа қосылады.

Есепті подъем дегеніміз – жол профиліне байланысты ең ауыр жол бөлігі.

Құрам массасы тоннамен есепті байланысты келесі формуламен анықталады:

Мұнда, - есепті тарту күші, Н (кесте 1.1)

- тарту режимі кезінде негізгі локоматив кедергісі, кгс/т

- вагондардың кедергісі, кгс/т

және -құрам және локоматив есепті массасы, т

-есепті подъем, %

g-бос түсудің жылдамдығы, 9,81м/

Түйінді жолдар үшін:

= 1,9 + 0,01v+ 0,0003

= 1,9 + 0,01 * 23,4 + 0,0003 * 547,56 =2,298 кгс/т

Түйіспесіз жолдар үшін:

=1,9 + 0,008 * v + 0,00025 *

ТГ16 тепловоздар үшін (1067 жол табан еңі)

= 1,05 + 0,056 * v + 0,000167 *

= +

Мұндағы, , –4 және 6 осьті вагондардың құрамындағы үлесі.

= 0,7 + = 1,019кгс/т

= 0,7 + = 1,232 кгc/т

= 0,8 * 1,019 + 0,2 *1,232 = 1,061 кгс/т

= = 4117 тонна