Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ftiz_Zhauap_etalony_doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
360.96 Кб
Скачать

30 Баллдық емтихан сұрақ

(ТҮСІНЕДІ)

5. Сұрақ: Өкпенің туберкулемасы жіктемесі, клиникалық көрінісі, зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.

Жауап: Өкпе туберкулезінің клиникалық жіктемесі

Балалар мен жасөспірімдердегі туберкулезді уыттану

Тыныс алу мүшелерінің туберкулезі

Біріншілік туберкулезді жиынтық

Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі

Өкпенің шашыранды туберкулезі

Өкпенің милиарлы туберкулезі

Өкпенің ошақты туберкулезі

Өкпенің инфильтративті туберкулезі

Казеозды пневмония

Өкпе туберкулемасы

Өкпенің кавернозды туберкулезі

Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі

Өкпенің цирротикалық туберкулезі

Туберкулезді плеврит (соның ішінде эмпиема)

Бронх, трахея, жоғары тыныс жолдарының туберкулезі

Туберкулемада қан тамырлары болмағандықтан туберкулезге қарсы препараттар казеозға үлкен қиындықпен сіңеді яғни тек диффузия көмегімен. Өршіген туберкулемадағы казеоз ериді де, кеңірдек тамырының буынында қуыс түзіледі. Туберкулемамен ауыратын адамдарды тек флюорографияда өткенде ғана анықтауға болады, бұларда аурудың белгілері байқалмайды. Туберкулемамен ауыратын адамдардың дәрігерлерге қаралғанда негізгі айтатын шағымдары: кеуде тұсының ауырсынуы, құрғақ жөтел, қақырық тастау,тамаққа тәбеті төмендейді,тез әлсірейді,дене ыстығы 37.5-37.8С кейде қан түкіреді. Туберкулеманың ыдыраған фазасында осы берілген симптомдар байқалады. Рентгендиагностикасы: Туберкулеманы рентгенмен тексерген кезде көретініміз диаметрі 1см-ден үлкен шар тәріздес немесе формасы дұрыс емес және жақсы шектелген қарайған дақ. Туберкулемалар көтеген ауруларда өкпе қабығының астында, бөліктер арасында және көбінесе кесіндіде орналасады. Туберкулеманың көлеңкесі біркелкі емес, оның ішінен қарайған және оның шетінде әктенген ошақтарды көруге болады. Туберкулемадағы тесіктер оны ауамен қамтамасыз ететін кеңірдек тамыры жандарында және оның шетінде орналасады,кейде тесіктер бірнеше болады.

50 Баллдық емтихан сұрақ (қолданады)

5. Сұрақ: 34 жастағы ер адам, бұрын туберкулезбен ауырмаған, дем алғанда күшейетін кеудесінің оң жақ бөлігінің ауырсынуына, дене қызуы 380С көтерілуіне, әлсіздік, қақырықты жөтелге, ентігуге шағымданады. Екі апта бұрын суықтап ауырған. Қарағанда: жалпы жағдайы орта ауырлықта. Тері кілегей қабаттары таза, ылғалды. Беті қызарған. ТАЖ 24 рет мин. Тыныс алуда кеуденің оң жақ бөлігі қалыңқы, оң жақ жауырын асты аймақта дауыс дірілі күшейген. Перкуссияда перкуторлық дыбыс қысқарған. Аускультацияда везикалық тыныс оң жақ жауырын асты аймақта әлсіреген. Жалпы қан анализінде: эр. 4,8x1012 \л, Лей. 15,2х109 \л Т\ядро нейтрофил 27% сегмент ядролы 58%. Лимф. 10% Моноцит 5% ЭТЖ 37 мм\сағ. Қақырық анализінде: МБТ теріс. Рентгенде: өкпенің оң жақ төменгі- латериальды бөлігінде қиғаш орналасқан гомогенді көлеңке анықталды.

1. Синдромдарды анықтаңыз.

2. Диагнозды құрастырыңыз.

3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері.

4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу.

Жауап: Синдромдар: ауырсыну синдромы, плевра қабатында сұйықтық жиналу, интоксикация синдромы.

Диагноз: Оң өкпенің төменгі бөлігінің эксудативті плевриті.

Әдістері: Плевральды қуыстың ультра дыбыстық зерттеуі.

Плевральды пункция.

Плевральды сұйықтықты МБТ бактериоскопиялық және бактериологиялық зерттеу. Қақырықты МБТ микроскопиялық және бактериологиялық зерттеу. Кеуде қуысының рентген томограммасы.

Емі: Туберкулезге қарсы препараттар: Изониазид, Рифампицин, Пиразинамид, Этамбутол, препараттардың мөлшері дене салмағына қарай тағайындалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]