Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TGU_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
37.24 Кб
Скачать

11 Басқару жүйесі қоғамдық-экономикалық даму институты ретінде

Мемлекеттік басқару - бұл мемлекеттің қоғамдағы ұйымдастырушылық - реттеушілік және қызметтік функцияларын орындау мақсатындағы заңдық, атқарушылық, соттық және басқа да биліктік қызметтерін жүзеге асыруы болып табылады.

Мемлекеттік басқару теориясының мазмұны- қоғамды басқару институты ретіндегі мемлекеттің маңызды функцияларын, оларды жүзеге асырудың заңдылықтары мен қағидаларын оқып үйрену, басқарудың негізі ретіндегі мемлекеттік саясатты ғылыми негіздеу.

Мемлекеттік басқару теориясының пәні – қоғамды басқарудың саяси құқықтық институты ретіндегі мемлекеттік билік органдарының қызметін және қалыптасатын саяси құқықтық, әлеуметтік қарым-қатынастарды талдау болып табылады.

Мемлекеттік басқару түсінігіне көптеген ғылыми еңбектер арналған. Соның негізінде мемлекеттік басқару түсінігін кең мағынада және тар (кәсіби) мағынада түсіндіреді: кең мағынада мемлекеттік басқарудың бірнеше нұсқасы бар: 1. мемлекеттің ұйымдастырушылық қызметі (оның органдары арқылы) ретінде; 2. мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық орындаушы - бөлуші қызметі; 3. мемлекеттің қоғамдық жүйеге билік ету әсері. Осы аталған нұсқалардан мемлекеттік басқару теориясы пәніне мемлекеттің барлық қызметі жататынын байқауға болады.

Тар (кәсіби) мағынада мемлекеттік басқаруды – мемлекеттің орындаушы-бөлуші органдардың құқықты-биліктік қызметі деп түсінуге болады. Бұл жағдайда мемлекеттік басқару теориясы пәніне тек мемлекеттің орындаушы-бөлуші органдардың (мемлекеттік басқару органдары) қызметін айтамыз.

12 Мемлекеттің негізгі функциялары және мемлекеттік басқарудың әртүрлі жүйелерінің сипаттамалары

мемлекеттің функциялары – мемлекеттің қоғамдық істерді басқаруының мәні мен бағытын бейнелейтін қызметтерінің негізгі бағыттары болып табылады. Мемлекеттің функциялары белгілі бір даму кезеңіндегі мемлекет алдында тұратын негізгі міндеттерінен туындайды және де ол осы міндеттерді жүзеге асыру құралдарынан тұрады. Мемлекеттің ішкі өмірді немесе халықаралық аренадағы басқару мәселелеріне қарай, мемлекеттің басқару функцияларын ішкі және сыртқы деп бөледі. Мемлекеттің функциясын қамтамасыз ететін – мемлекеттік аппарат пен органдар. Әуелі функцияны орындау үшін тиісті мемлекеттік орган құрылады. Функцяның орындалу кезеңдері: функция – орган – аппарат – мемлекет.

Мемлекеттің ішкі функциялары – бұл мемлекеттің қоғамның ішкі өмірін басқарудағы қызметінің негізгі бағыттары:

экономикалық – мемлекеттің экономикалық саясатты өңдеуі мен бақылауы, яғни елдің экономикалық дамуының стратегиясы мен тактикасы және қоғамның экономикалық өмірінің ұйымдастырылуы. Экономиканың дамуын реттеудің төрт тәсілі болады: салық саясаты арқылы мемлекет бюджетінің дамуын реттеп-басқару; экономиканың тиісті, қажетті саласына жеңілдік беріп дамыту; ғылым мен техниканы дамытып экономиканы көтеру; мемлекеттік өндірісті дамыту;

саяси – азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар кластарының арасындағы олардың саяси мүдделерінің жүзеге асуымен байланысты қатынастарын реттеу;

әлеуметтік – мемлекеттің әлеуметтік саясатын өңдеу, қоғамның барлық мүшелеріне қалыпты жағдайды қамтамасыз ету, азаматтар мен әлеуметтік топтар арасында олардың қоғамдағы орнына байланысты қатынастарын реттеу;

құқық қорғау – тәртіпті қалыптастыру мен сақтау, барлық азаматтардың, ұйымдардың, бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың заңды нақты және толық орындалуын қамтамасыз ету қызметі;

экологиялық – бұл дүниежүзілік көлемдегі проблема болғандықтан жеке мемлекеттер де, жеке ұйымдар да, жеке адамдар да өздерінің үлесін қосуға міндетті, сондай-ақ қоршаған ортаны пайдалану саласындағы адамдар қызметін реттеу;

- мәдениет бағытындағы функция – адамдардың денсаулығы, рухани сана-сезімі, білімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, әдебиет, өнер, музыка, ғылым, тәрбие және т.б. мемлекеттің тұрақты бақылауында болып, оны тиісті дәрежеде дамытып отырады. Бұл күрделі функцияға жеке адамдар да, бірлестіктер де тиісті деңгейде үлес қосып отырады.

- қаржы реттеу функциясы – қоғамадағы барлық азаматтардың, бірлестіктердің, ұйымдардың, мемлекеттік бюджеттің шығысы мен кірісін реттеп-басқарып отыру. Бюджеттің дұрыс пайдаланылуын Қаржы министрлігі мен Парламент қатаң тексеріп, бақылап отырады. Жергілікті басқару аппараты өз бюджетінің дұрыс пайдалануын өзі бақылап, тексереді.

- ғылыми-техникалық прогресті дамыту – қазіргі заманда қоғамның жақсы даму бағыты: ғылым мен техниканы қарқынды түрде дамуына толық мүмкіншілік жасау.

Мемлекеттің сыртқы функциялары – бұл мемлекеттің халықаралық аренадағы қызметінің негізгі бағыттары:

қорғаныстық – мемлекеттің сыртқы қауіп-қатер мен әскери агрессиядан қорғануы; БҰҰ арқылы, соның шеңберінде реттеп, шешуді қарастыру және әр мемлекеттің өзінің бейбітшілік саясатын дамытып, нығаюы керек.

дипломатиялық – басқа мемлекеттермен, халықаралық құқық субъектілерімен, халықаралық аренадағы елдердің өкілдіктерімен қалыпты қатынасты ұстап тұру. Барлық мәселені бейбітшілік жолмен шешу. Бұл байланыс үш түрлі деңгейде жүргізіледі: парламентаралық, үкіметаралық және жергілікті басқару аппараттарының байланысы. Бұл тұрғыдан мысалға Еуропалық Одақты және тәуелсіз мемлекеттердің достастығын айтуға болады.

сыртқыэкономикалық – халықаралық аренадағы мемлекеттермен және мемлекеттер тобымен өзара пайдалы экономикалық ынтымақтастықтың дамуы, халықаралық еңбек бөлінісіне, жаңа технологиялар айырбасына, тауар айналымын бақылауға, несие-ақшалық қатынастар байланысының дамуына қатынасуы. Қазіргі заманда мемлекетаралық қатынасты қоғамның барлық саласын қамтуға, байланыстыруға болады: біріккен өндірістер, фирмалар, ұжымдар құру, бірігіп ғылыми-зерттеулер жүргізу, т.б.

сыртқы саяси – ғаламдық шиеленістерді болдырмау мақсатында халықаралық құқықтың жалпы нормаларын ұстап тұрумен байланысты функция;

мәдени-ақпараттық - өзара ақпараттық айырбас және мемлекеттер арасындағы мәдени ынтымақтастық. Ғылыми-техникалық мәдени жетістіктерді пайдалану, алмастыру және т.б. бұл жұмысқа мемлекеттік емес ұйымдар да кеңінен қатысып жүр. Мысалы, дүниежүзілік демократиялық әйелдер, жастар, студенттер, архитекторлар, суретшілер, сазгерлер одағы; халықаралық ғылым одақтарының кеңесі; БҰҰ Юнеско Комитеті.

ғаламдық ынтымақтастық – қазіргі заманғы ғаламдық проблемаларды шешудегі ынтымақтастық; мысалы, экологиялық, энергетикалық, демографиялық, адамдардың сауатсыздығын жою, дүниежүзі халықтарының денсаулығын, әлеуметтік жағдайын жақсарту және т.с.с.

Жалпы алғанда мемлекет қоғамның өмір сүру қызметін ұстап тұруда түрлі функциялар атқарады және де олардың барлығы басқарумен байланысты, басқару жүйесі мен аппараты арқылы жүзеге асырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]