- •11.Аймақ ұлттық экономика ішкі жүйесі ретінде.
- •12.Аймақтың әлеуметтік-экономикалық кешенінің қалыптасуы мен әрекет етуі.
- •13.Аймақтық даму негіздерінің макроэкономикалық сипаттамасы.
- •14.Территориалды еңбек бөлінісінің түрлері мен деңгейлері.
- •15.Территориалды еңбек бөлінісін ұйымдастыру формалары.
- •16.Аймақтық ұдайы өндіріс процесінің түсінігі мен мәні.
- •17.Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы әлеуметтік-экономикалық дамуындағы аймақтық диспропорциялардың сипаты.
- •18.Аймақ әлеуетінің негізгі құраушылары: құрылымы, даму көрсеткіштері.
- •19.Жұмысбастылық аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының факторы ретінде.
14.Территориалды еңбек бөлінісінің түрлері мен деңгейлері.
Территориялық еңбек бөлінісі — бұл аймақтың кейіннен айырбастау мүмкіндігімен тауарлар мен қызметтердің белгілі түрлерін өндіруге мамандануы.
Мамандану салалары мынадай белгілермен сипатталады:
- ұлттық және аймақтық өндірісте бөлініп шығуы;
- аймақтық кешенді, оның неғұрлым тиімді де маңызды буындарын құрауы;
- аймақта өндірісті шоғырландырудың жоғарғы деңгейінің болуы (территорияда салыстырмалы тең орналастырылған жергілікті тағайындаудағы салалармен салыстырғанда);
- арзан немесе тапшылықты өнімнің үлкен ауқымда өндірілуі, өзге басқа салалардың даму деңгейіне ықпал етуі;
- аймақаралық айырбасқа қатысуы.
Қалыптасқан және тиімді мамандануды бөліп қарастыруға болады.
Аймақтың қалыптасқан мамандануы – аймақ территориясында өнімге деген тек өз қажеттіліктерін ғана емес, сонымен қатар өзге аймақтардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын нақты өндіріс түрлерін шоғырландыру.
Аймақтың тиімді мамандануы - аймақта ұлттық экономиканың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жергілікті ресурстық потенциалды тиімді пайдаланатын ірі ауқымды салалардың дамуы.
Аймақтық шаруашылық кешен негізінде қарапайым және айтарлықтай күрделі салалық кешендерді құру мүмкіндігі туындайды. Қарапайым кешен — бұл бір-бірімен өзара байланыспаған (мысалы, көмір және тамақ өнеркәсібі) оқшаулы мамандану салалары мен қызмет көсретуші салалардың үйлесуі. Бір аймақта орналастырылған түрлі шаруашылық салалары бір жерде орналауымен-ақ бір-біріне өзара ықпал етеді. Күрделі кешен осыдан басқа тікелей өндірістік байланыстардың болуын қарастырады. Бұл байланыстар бастапқы өнімнен дайын өнімге жылжитын тігінен (көмір өндіру – коксохимия, ауылшаруашылығы – тамақ өнеркәсібі), сондай-ақ вертикалды буындар арасындағы көлденеңінен (көмір өндіру – коксохимия – азотты тыңайтқыштар өндірісі – ауылшаруашылығы) жүруі мүмкін.
15.Территориалды еңбек бөлінісін ұйымдастыру формалары.
Аймақ мамандануын негіздеуге қатысты тәсілдемелер. Аймақ шаруашылығының құрылымын дұрыс негіздеу, олардың мамандануы мен кешенділігін дұрыс негіздеу үшін аймақтардағы салаларды дамыту мен орналастыру кезектілігінің ерекше сызбалары алдын-ала құрылады — аудандық-салалық қатарлар. Аймақтық кешен құрамын ілеспелі түрде жақсартудың аталмыш тәсілі аталмыш саланың технико-экономикалық көрсеткіштерін өзге аймақтардың ғана емес, сондай-ақ қарастырылып отырған аймақтағы өзге салалардың көрсеткіштерімен салыстыруды қарастырады.
Сомалық немесе толық емес шығындарды пайдалануға негізделетін аудандық-салалық қатарларды есептеу әдісі неғұрлым кең таралған. Ол аталмыш және баламалы аймақтағы бір жұмыскерге шаққандағы шығындардың айырмасы бойынша салаларды бөлуге негізделеді. Есептеу түрлі салалар көрсеткіштерінің салыстырмалылығын қамтамасыз етеді (осылайша салыстыру өнімнің 1 бірлігіне шаққандағы шығындарды салыстыру арқылы жүзеге асырылады). Сомалық шығындар көрсеткіштерін пайдалану барысында оған негізгі құраушы нормативтерден басқа негізгі өндірістік және көліктік, сондай-ақ қосымша (тұрғын үй-тұрмыстық құрылыс) шығындар да қосылады.
