Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
REU.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40.23 Кб
Скачать

11.Аймақ ұлттық экономика ішкі жүйесі ретінде.

Аймақ — өзінің құрылымы, қызметтері, сыртқы ортамен байланыстары, тарихы, мәдениеті, халықтың өмір сүру жағдайлары бар тұтастай жүйе. Оны сипаттайтындар: көлемінің үлкендігі, локальды мақсаттары бар түрлі типті өзара байланысты ішкі жүйелердің үлкен көлемі, басқарудың көп контурлығы, құрылымының иерархиялылығы, элементтердің жоғары қарқынының болуымен координациялаушы әрекеттердің кешіктірілуі, элементтер жағдайының толық анық болмауы.

Ұлттық экономиканың ішкі жүйесі ретінде аймақ реттеуші жүйелермен (орталықпен), өзге аймақтармен және сыртқы әлеммен экономикалық байланыстарға ие болады

Аймақтар мен сыртқы әлем арасындағы қатынастар негізінен сауда-саттық сипатына ие болады (Т—А, А—Т), бірақ соңғы уақытта аймақтар несиелік ресурстар, құнды қағаздардың аймақаралық және халықаралық нарықтарының тікелей қатысушылары ретінде көзге түсуде. Егер тіпті тауарлардың сатушысы немесе сатып алушылары болып қандай да бір республикалық ұйым қарастырылса да, сәйкес сауда байланыстары аймақаралық ретінде (мысалы, әскери техниканы, азық-түлікті, стратегиялық шикізатты сатып алу және бөлу) қарастырылатынын айта кету керек. Орталық аймақтардың, ең бастысы, қаржылық саладағы байланыстарының тікелей қатысушысы ретінде қатысады: бюджетаралық трансферттер формасында, аймақтар территориясындағы республикалық бюджеттің тікелей шығындары, аймақтарға мақсатты несиелерді ұсыну, мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алу-сату және т.б. Осындай қаржылық өзара байланыстарды реттеу (әсіресе бюджетаралық) мемлекеттік аймақтық экономикалық саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады.

Аймақтық шаруашылық кешен. Кез-келген аймаққа аймақтың шаруашылық (өндірістік) кешені сияқты материалды-өндірістік негізі құрайтын ішкі шаруашылық бірлік тән. Елдің ұлттық кешенінің ішкі жүйесі, бөлігі бола отырып, аймақтық шаруашылық кешен тығыз ішкі байланыстармен біріктірілетін кәсіпорындар мен салалардың қарқынды және тұрақты аймақтық немесе локальдық қалыптасатын үйлесімін білдіреді.

Аймақтық шаруашылық кешеннің табысты қызмет етуі аймақтық факторлар мен ерекшеліктерді максималды ескеруден тәуелді болады. Аймақтық экономиканың қалыптасу және қызмет ету факторлары — бұл аймақ территориясындағы өндіргіш күштердің дамуы мен орналасуын анықтайтын нақты жағдайлар жиынтығы. Факторлардың келесідей негізгі топтары болады: табиғи, экономикалық, демографиялық. Табиғи факторлар — бұл табиғи ресурстардың болуы, олардың сандық және сапалық бағалануы; климаттық жағдайлар, экологиялық жағдайлар. Экономикалық факторлар — бұл аймақтың экономико-географиялық жағдайы (дамыған аудандарға, көлік жолдарына қатысты жағдайы). Демографиялық факторлар халық саныны, оның орналасуын, халықтың жасаралық құрылымын, еңбек ресурстарының санын, еңбек ресурстарының жасаралық құрылымын, еңбек ресурстарының біліктілігін қамтиды.

Осындай факторлар мен шарттардың болуы, аталмыш территориядағы олардың үйлесімділік сипаты аймақ экономикасының қалыптасуы мен дамуына тікелей ықпал етеді, аймақтың мамандануын, өндірісті басқарудың ерекшеліктерін, әлеуметтік процестерді басқару ерекшеліктерін анықтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]