- •11 Экономиканы реттеу және нарықтық қатынастардың кедергісіз дамуы үшін жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік шаралар жүйесі
- •12 Экономиканың әр түрлі секторларында бизнестің дамуын қамтамасыз ету жөніндегі орталық және жергілікті басқару органдарының функционалдық міндеттері
- •13 Меншік нысандары және олардың арақатынас мәселелері. Меншікті толықтай мемлекеттендіру мен экономиканы орталықтан басқару тәжірибесі
- •14 Меншік құқығын пайдалану тәжірибесі және проблемелеры
- •15 Жеке меншік жеке кәсіпкерлік пен бизнестің негізі
- •16 Экономиканың мемлекеттік секторы: оның тиімділігі және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы
- •17 Экономиканың жеке секторына шетелдік инвестициаларды тарту мен кәсіпкерлердің инвестициалық белсенділігін ынталандырудағы мемлекеттің рөлі
- •18 Үкімет-бизнес қатынасын жақсартудағы әкімшілік институттардың функционалдық міндеттері мен жауапкершіліктері
- •19 Үкімет пен бизнес арасындағы қатынастың Австрия, Белгия, Дания, Испания, Нидерланды, ақш, Германия, Франция, Жапония сияқты мемлекеттердегі қалыптасқан тәжірибесі
- •20 Мемлекеттің экономиканың өндірістік және инфрақұрылымдық салаларындағы шағын және орта бизнестің дамуы қажет жағдайларды қамтамасыз ету
14 Меншік құқығын пайдалану тәжірибесі және проблемелеры
Меншік Құқығы — субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.
Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа адамға беріледі. Меншік иесінің өз мүлкін иелену құқығы, пайдалану құқығы және оған билік ету құқығы болады. Меншік құқығының мерзімі шексіз. Мүлікке меншік құқығы Азаматтық кодексте көзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін.[1]
Мүлікті меншіктенуге қатысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жүйесі;
Заңнамалық тұрғыдан жан-жақты қамтамасыз етіліп, меншігіне бекітілген мүлікті меншіктенушінің өз қалауы мен мүддесіне орай иелену, пайдалану және оған билік ету мүмкіндігі, сондай-ақ өз шаруашылығының үстемдік аясына өзгелердің араласуына жол бермеу мүмкіндігі.
Бұл мүмкіндіктер заңға қайшы келмейтін және өзгелердің заңды құқықтары мен мүдделерін таптамайтын кез келген әрекет арқылы жүзеге асады. Бұл тұрғыда меншік құқығы үш түрлі бөліктен тұрады:
Иелену хақысы – меншіктенушінің мүлікке деген шаруашылық үстемдігі. Яғни мүліктің иесіне заң жүзінде бекітілуі;
Пайдалану хақысы – мүлікті іске асырып, пайдаға жарату;
Билік ету хақысы – құқықтық әрекеттер жасау арқылы мүліктің тағдырын белгілеу.
Мысалы, үйдің иесі оны сатса да, жалға берсе де немесе өзі тұрса да өзі біледі. Осы үшеуі Меншік құқығының құрамдас бөліктері болғанмен, барлық кезде бірге жүрмейді. Мысалы, жалға алған пәтерді пайдалану хақысы болғанымен, жалдаушының ол пәтерге деген иелену және билік ету хақысы жоқ. Көрсетілген үш мүмкіндіктің ішіндегі мүлікті меншіктендіретіні, яғни ең маңыздысы иелену хақысы. Қалған екеуі меншік иесінде болуы да, болмауы да оны меншік құқығынан айыра алмайды. Сондықтан мүліктің барлық ауыртпалығы, жауапкершілігі меншік иесінде.
15 Жеке меншік жеке кәсіпкерлік пен бизнестің негізі
Жеке меншік тауар айналысының кеңінен таралуына ықпал етеді. Яғни жеке меншік нарықтың дамуына, адамның жеке тұлға екендігін көрсетуіне мүмкіндік береді.
Жеке меншік шығынсыз болмайды. Жеке меншік мемлекетке де байланысты.
Жеке меншік түрлері: көлемдеріне қарай: орташа, ірі, шағын, монополистік емес, кәсіпорындық статусына қарай акционерлік, командиттік, индивидуалдық, басқа жеке монополистік және монополистік емес жеке меншік, толық және аралас түрлері болып бөлінеді.
Жеке меншік түрі қосымша бағасы мен белгілі бір айырмашылық жағдайына байланысты байқалады. Қазіргі жағдайда жеке меншік былайша бөлінеді: біріншіден, жекеше монополистік меншік, иерархияда шешуші рөл атқарушы меншік.
Екіншіден, монополистік емес меншік (индивидуалдық және ассоцияциялық) – бұл ірі, орта шағын меншік.
Жеке меншік түрлері бір-бірімен өзара байланысты, біртұтас жүйе бойынша жұмыс атқарады. Қоғамдық еңбек бөлісінде өндіріс, нарық, экоомиканы мемлекеттік реттеу бойынша.
Батыстық экономикалық және заңды ережесінде төмендегі құқық арқылы қалыптасады:
Заңды тұлға;
Иемдену құқығы;
Басқару құқығы;
Кіріске құқығы;
Жұмсауға, өзгеруге құқылы;
Сақтануға құқылы;
Мұра қалдыруға құқылы;
Қоршаған ортаға зиян келтіретін әрекеттерге тыйым салуға құқылы;
Қарызды іздестіру үшін құқылы;
Қазақстанда меншік иегеріне мүлкін иемдену, пайдалану жатады:
біріншіден, барлық иемдену құқығының заңдық күші бар; екіншіден, пайда табу құқығы; үшіншіден болашақта қолдану құқығына ие;
Жеке кәсіпкерлікті көбіне отбасылық кәсіпкерлікке айналдырады.
Қазіргі таңға дейін жеке кәсіперлік даму үрдісінің негізі болуда. Ол экономиканың дамуына үлкен үлесін қосуда.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап нарықтық экономикаға көшетін көптеген заңдар қабылданған. Соған қарамастан нарықтық экономика толығымен енген жоқ.
Жеке меншік жер участігі шаруашылықты өзі басқару көзін яғни жерге еңбегін сіңіріп, осыдан кіретін кірісті пайдалану болып табылады
Мемлекеттік құрылыс жер туралы заңның түбегейлі өзгеруіне әкеп соқты.
Жерді иемдену құқығы – бұл заңға сәйкес тіркеліп, жерді иемденуге берілген мүмкіндік.
Жерді пайдалану құқығы – жерден алынатын өнімді пайдаланып, өз пайдасына жаратуға берілетін мүкіндік.
Жерді басқару құқығы – бұл заңға сәйкес жерді басқаруға берілетін мүмкіндік. Яғни бұл заңға бағынышты белгілі бір нормаға байланысты болады.
Жеке меншіктік жер участкелерінен басқа жерлердің барлығы мемлекеттік меншік болып табылады. Жеке меншікке барлық мүлік түрлері кіреді.
Жеке меншіктегі мүліктің бағасы мен көлеміне шек қойылмайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің 191 бабында айтылған.
Қазақстанда кәсіпкерліктегі келесі жағдайлар:
Біріншіден, мемлекетте жеке меншіктің даму қарқыны жоғары емес;
Екіншіден, мемлекеттік басқару аппараттарындағы бюрократтық иерархияның белең алуы;
Үшіншіден, мемлекеттің барлық өндірушілерінің тұрақты кіріс көзінің болмауы;
Жеке меншік екі жолмен құрылады: кәсіпорынды жеке бас қаражатына құрылуы және мемлекеттік емес кәсіпорынның приватизация арқылы мемлекеттік кәсіпорын болып құрылуы;
Латын тілінен аударғанда «приватизация» сөзі «приватус» – меншік болып аударылады.
Приватизация – бұл мемемлекеттен жеке тұлғалар меншігіне өту. Қай елде болмасын приватизация процесі саяси, экономикалық сонымен қатар қаржылық және әлеуметтік жағдайда реттеледі.
Приватизацияға әсер етуші фактор екі топқа бөлінеді: бірінші топ – жекешелендіруді нақты жағдайға байланысты ынталандыру.
Жеке меншік бағдарламасын қабылдай отырып, әкімшілік өзінің қаржылық жақсаруынан үлкен үміт күтеді [kgl].
