- •11 Экономиканы реттеу және нарықтық қатынастардың кедергісіз дамуы үшін жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік шаралар жүйесі
- •12 Экономиканың әр түрлі секторларында бизнестің дамуын қамтамасыз ету жөніндегі орталық және жергілікті басқару органдарының функционалдық міндеттері
- •13 Меншік нысандары және олардың арақатынас мәселелері. Меншікті толықтай мемлекеттендіру мен экономиканы орталықтан басқару тәжірибесі
- •14 Меншік құқығын пайдалану тәжірибесі және проблемелеры
- •15 Жеке меншік жеке кәсіпкерлік пен бизнестің негізі
- •16 Экономиканың мемлекеттік секторы: оның тиімділігі және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы
- •17 Экономиканың жеке секторына шетелдік инвестициаларды тарту мен кәсіпкерлердің инвестициалық белсенділігін ынталандырудағы мемлекеттің рөлі
- •18 Үкімет-бизнес қатынасын жақсартудағы әкімшілік институттардың функционалдық міндеттері мен жауапкершіліктері
- •19 Үкімет пен бизнес арасындағы қатынастың Австрия, Белгия, Дания, Испания, Нидерланды, ақш, Германия, Франция, Жапония сияқты мемлекеттердегі қалыптасқан тәжірибесі
- •20 Мемлекеттің экономиканың өндірістік және инфрақұрылымдық салаларындағы шағын және орта бизнестің дамуы қажет жағдайларды қамтамасыз ету
11 Экономиканы реттеу және нарықтық қатынастардың кедергісіз дамуы үшін жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік шаралар жүйесі
Мемлекет экономикаға белгілі құралдар арқылы ықпал етеді, бұл - үкіметтің және шаруашылық субъектілерінің өзіндік мақсаттарына жету үшін экономикалық реттеу шаралары және әдістерімен түсіндіріледі.
Қазіргі жағдайда мынадай құралдар елге ортақ болып табылады:
- бағаны реттеу;
- үкіметтік сатып алу;
- трансферттік төлемдер;
- мемлекеттік несиелер;
- дотациялар, субсидиялар, субвенциялар;
- федералды қаржылар (бюджетгік және бюджеттік емес қорлар, кірістер, шығындар);
- федерация субъектілерінің қаржылары;
- мемлекеттік бюджеттің жетіспеушілігі;
- мемлекеттік берешек (ішкі және сыртқы);
- жергілікті қаржылар;
- фискалдық саясат;
- мемлекеттік кәсіпкерлік;
- шаруашылық заңдылығы;
- меншік объектілерін мемлекетке меншіктеу және жекешелендіру.
Экономикалық әдістер, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, капиталды шоғырландыру дәрежесі, экономиканы және әлеуметтік шарттарды құрылымдау, экономикалық өсу факторларын пайдалануға әсер ету арқылы, нарықтың қатынастар сипатына ықпал етуді көздейді. Бұл мақсатта:
- бюджеттік және фискалдық саясат;
- ақша-несие саясаты;
- бағдарламалау;
- болжам мен жоспарлауды пайдаланады.
ЭМР-дің экономикалык әдістері болып мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері саналады. Олардың негізгі түрлері:
- тура мемлекеттік реттеу әдісі;
- жанама мемлекеттік реттеу әдісі.
Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері:
Әкімшілік әдістер – экономиканы мемлекеттік реттеудегі мемлекеттік биліктің беделі мен күшіне сүйенеді. Олар кәсіпорынның заңдық және шаруашылық беделін анықтап бекіту мақсатында, меншік түрлерін трансформациялауда, қаржылық сауықтыру мақсаттарында және нарықтың әртүрлі субъектілерін бақылау үшін қолданылады.
Экономикалық әдістер – қаржылық және ақша-несие механизмдерін құрап, макроэкономикалық тұрақтылыққа, тауар, ақша және валюта нарықтарындағы сұраныс пен ұсынысты реттеу үшін, мемлекеттік стратегия саласындағы шаруашылық субъектілерінің қызметін бақылау үшін қолданылады.
12 Экономиканың әр түрлі секторларында бизнестің дамуын қамтамасыз ету жөніндегі орталық және жергілікті басқару органдарының функционалдық міндеттері
Аймақтар басты болатын экономикалық қатынастар субъектілерінің жаңа жүйесі қалыптасуы жүзеге асуда. Аймақтар Қазақстанның экономикалық, саяси және мемлекеттік өмірінің субъектілері ретінде өзара теңдестікте.
Аймақтандыру бұл - бүтін экономика мен басқару жүйелерінің қалыптасуы болып табылады.
1996 ж қабылданған Аймақтық даму концепциясы мемлекеттік аумақтық саясаттың ережелерін өзіне кіріктірген.
Аймақтандырудың қызметтері:
Қазақстан экономикасын мемлекеттік реттеудің жаңа жүйесін қалыптастыру
Әкімшілік-экономикалық құрылымның қарама-қайшылықтарынан арылу, әлеуметік-экономикалық үрдістерге олардың кері әсерін әлсірету
Әр аймақтың бәсекеге қабілеттілік алғы шарттарын шығару
Мемлекет функциялары (жалпымемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, қорғау проблемалары, сыртқы экономикалық қатынастардан басқа)аймақтардың маңыздылық дәрежесі сақтала отырып аймақтар мен орталық құрылымдардың арасында таратылады.
Мемлекеттік басқару органдары қызметінің территориялық масштабы бойынша қызметі барлық республиканы қамтитын жоғары (Қазақстан Республикасының Министрлер кабинеті, орталық органдар); жергілікті (қызметі белгілі бер әкімшілік-территориялық аймақ (облыс, аудан, қала, ауыл) шекараларында жүзеге асырылады) деп бөлінеді.
Компетенция түрлеріне байланысты мемлекеттік басқару органдары жалпы компетентті (мұндай органдар өызметі барлық бағыныштылардың барлық сұрқтары бойынша тарайды), салалы компетентті (басқару нақты салалармен жүзеге асырылады (министрліктер), арнайы (қатаң белгіленген арнайы сұрақтармен қызметі шектелген) болады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 ж 9 шілде Жарлығымен мемлекеттік басқарудың орталық органдары тізбесі бекітілген.
2001 жылы 23-қаңтарда шыққан «Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жергілікті реттеу туралы» Заң мемлекеттік басқару саласында маңызды болып табылады. Бұл республикада жүйелі түрде нарықтық экономикаға қолайлы болатын басқару құрылымы шешілуде.
Кез келген қоғамдық, саяси, экономикалық жағдайда мемлекеттік басқарудың тиімділігі мелекеттік органдарды басқарудың жүйесі құрылымының дұрыстығына, олардың құқықтық мәртебесі мен өзара жауапкершілікті анықтауына, сонымен қатар олардың қарым-қатынастарына тәуелді болады.
Бүгінгі күнде атқарушы биліктің жергілікті, орталық және республикалық органдардың қарым-қатынастардың ең маңызды параметрлері үйлесті, құқтық нормалармен қатаң белгіленген және бекітілген. Осы арқылы атқарушы биліктің жергілікті органдары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүргізуге тиімді болатын ұйымдық-құқықтық дербестік, құзірет пен өкілеттік алды.
