- •2.Басқару ғылымының объектісі мен әдістері
- •3. Мемлекеттік басқарудың эволюциясы мен басқару мектептері
- •4. Жалпы мемлекеттік басқарудың және экономиканы мемлекеттік басқарудың теориялық негіздері
- •5. Басқару және оның қоғамдағы ролі
- •6.Басқарушылық ықпалдың мәні
- •7.Басқару үрдісінде ескерілетін табиғат пен қоғам заңдары
- •8.Басқарудағы дамудың әлеуметтік-экономикалық заңдары
- •9.Мемлекеттің пайда болуы, оның ұйымдастырылуы және оның негізгі нысандары
- •10.Мемлекеттің пайда болуы туралы теорияның негізгі бағыттары және оны басқару тәртібі, мемлекеттік құрылым және саяси режимі бойынша жіктеу
- •11. Басқару жүйесі қоғамдық-экономикалық даму институты ретінде
- •12.Мемлекеттің негізгі функциялары және мемлекеттік басқарудың әртүрлі жүйелерінің сипаттамалары
- •14. Президенттік және парламенттік басқару
- •15.Монархияның, аристократияның және демократияның мәні мен ерекшеліктер
- •22. Мемлекеттік басқарудағы тігінен және көлденеңінен байланыстар
- •27. Мемлекеттік басқару функциялары
- •31.Мемлекеттік басқару қағидаларының түсінігі және түрлері
- •32.Мемлекеттік басқару әдістерінің жіктелуі. Мемлекеттік басқарудың әкімшілік, моральды-этикалық және әлеуметтік-саяси әдістері
- •Басқарушылық қызмет стилінің түсінігі, элементтері
- •Мемлекеттік басқарудағы ұйымдастырушылық пен жауапкершілік дәрежесі – оның тиімділігінің көрсеткіші
- •Басқарушылық қызметтің мәні, жалпы белгілері мен қағидалары
- •Басқарушылық қызмет стилінің мемлекеттік басқарудағы жауапкершілікпен өзара байланысы және оны жетілдіру қажеттілігі
- •Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру механизмі. Оны жүзеге асыруға қатысатын басқару органдары
- •Мемлекеттік шешімдердің түрлері мен нысандары
- •Басқарушылық шешімдерді жасақтаудың әдістемелік негіздері
- •Мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту жолдары және бағытары, қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауынан
- •Басқарушылық қызмет стилінің түсінігі, элементтері
- •Мемлекеттік басқарудағы ұйымдастырушылық пен жауапкершілік дәрежесі – оның тиімділігінің көрсеткіші
- •Басқарушылық қызметтің мәні, жалпы белгілері мен қағидалары
- •Басқарушылық қызмет стилінің мемлекеттік басқарудағы жауапкершілікпен өзара байланысы және оны жетілдіру қажеттілігі
- •Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру механизмі. Оны жүзеге асыруға қатысатын басқару органдары
- •Мемлекеттік шешімдердің түрлері мен нысандары
- •Басқарушылық шешімдерді жасақтаудың әдістемелік негіздері
- •Мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту жолдары және бағытары, қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауынан
- •Экономикалық ғылымдар жүйесіндегі аймақтық экономика мен басқарудың орны.
- •Аймақтық экономиканың негізгі түсініктері.
- •«Аймақ» түсінігінің теориялық және тәжірибелік пайымдаулары. «Аймақ» түсінігінің «экономикалық кеңістік» түсінігімен ара-қатынасы.
Басқарушылық қызметтің мәні, жалпы белгілері мен қағидалары
Басқарушылық қызмет стилі түсінігі және оның өсіңкілігі. Басқарушылық қызмет стилі дегеніміз- билік органдарының, қызметкерлерінің күнделікті қызметінде қолданылатын әдіс- тәсілдер, құралдар жүйесі, бағынышты қызметкерлерге қатысты жүріс- тұрыс үлгісі. Оның қоғамның басқа салаларындағы қызмет стилінен ерекшеліктері мемлекеттік- биліктік өкілеттіктерге сүйеніп, оны қолданумен байланысты болатын, нақтылай және толықтай нормативтік реттеліп отыратын, басқару әсерін қалыптастыруды және іске асыруды мақсат тұтатын басқару қызметкерлерінің әлеуметтік белсенділігімен айқындалады.
Мемлекеттік басқару стилінің элементтері мен өзіне тән белгілері. Мемлекеттік басқару стилі келесі элементтерден тұрады: 1)Мемлекеттік билік органдарының мақсаттық, функционалдық және ұйымдық сипаттамалары; 2)Басқару органдары қызметтерінің заңды түрде бекітілген және жүзеге асырылатын әдістері, процедуралары, нысандары; 3)Қызметкерлердің жалпы мәдени, кәсіби және жеке қабілет деңгейі.
Басқарушылық қызмет белгілері, нысандары мен кезеңдері. Басқарушылық қызмет стилі саяси режимдерге байланысты және соған сәйкес қалыптасады. Осыған орай ғылыми әдебиеттерде бірнеше басқару стильдері қарастырылған, атап айтқанда, директивті (әкімшілік, автократиялық, авторитарлық), демократиялық (ұжымдық, кооперативтік) және либералдық. Директивті стильге биліктің шектен тыс орталықтандырылуы, көпшілікпен және бағыныштылармен санаспаушылық тән, мұнда нені қалай істеу керектігін басшы өзі шешеді. Демократиялық стильде- бағыныштыларға еркіндік беру арқылы, олардың белсенді түрде араласуы нәтижесінде шешімдер әзірленіп, қабылданады. Либералдық стиль- басшының бағыныштылардың іс- әрекеттеріне араласуымен сипатталады. Ол жауапкершіліктен қашқақтап, тіпті ұжым қызметінің ең күрделі мәселелерін шешуге де қатыспайды.
Басқарушылық қызмет стилінің мемлекеттік басқарудағы жауапкершілікпен өзара байланысы және оны жетілдіру қажеттілігі
Ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесінде басқарушының әр түрлі бағыныштылармен өзара қарым- қатынас орнату барысында бірнеше басқару стильдерін ұстанатындығы анықталған. Ал ол басқару ісіндегі бағыныштылардың жауапкершілігіне байланысты болады. Жауапкершілік өзара байланысты жақтардың мүдделері мен бостандықтарын қамтамасыз ететін қатынасты, адам бойындағы қасиетті білдіреді. Ол үш құрамдас бөліктердің өзара байланысының нәтижесінде қалыптасады: а) борыштық сезім; ә) іс- әрекетті бағалау; б) шектеу қою, жазалау шараларын қолдану. Жауапкершілік алғышарттардан, объектіден, мазмұн мен өлшемнен тұрады. Алғышарттар қоғамдық қатынастардың, адамдардың жүріс- тұрысының және қызметінің нақты деңгейін және сапасын қамтамасыз етуге деген қоғамның азаматтардың қажеттілігінен туындайды. Мұндай қажеттіліктер қоғамнның нормативтік жүйесінде көрініс тауып, бекітіледі. Жауапкершіліктің маңызды элементін оның объектісі құрайды, себебі үнемі бір нәрсеге жауап беруге тура келеді, мысалы, материалдық, моральдық, құқықтық, саяси, жеке, ұжымдық жауапкершілік болады. Жауапкершіліктің мазмұны міндетті және мақсаттық әлеуметтік байланыстарды қамтамасыз етуге бағытталған іс- әрекеттерде көрініс табады. Осыдан жауапкершіліктен барлық аспектісі тұрғысынан жүзеге асырмайынша азамат та, қоғам да, мемлекет те қанағаттана алмайтынын білдіретін оның кешенді сипаты туындайды. Жауапкершіліктің өлшемі субъектінің өз іс- әрекетінің әлеуметтік салдарларын немесе нәтижесін түсінумен байланысты. Ол қорғалатын қоғамдық қатынастардың әлеуметтік мәнділігіне, қоғамның адамға артатын сеніміне, тұлғаның даму деңгейіне, өзінің жасаған іс- әрекеттерінің әлеуметтік маңыздылығын сезінуімен анықталады. Басқару ісіндегі жауапкершілікті қамтамасыз ету үшін мәжбүр ету, шара қолдану, жазалау, ынталандыру шаралары қолданылып, басқару қызметкерлерінің жауапкершілігі басқару стилін айқындайды. Мемлекеттік басқару стилін жетілдіру көптеген мәселелерді талдап, шешуді көздейді. Бірақ осы мәселелерді жинақтай, зерделей келе ең алдымен, қызметтің дұрыс, тиімді ұйымдастырылуына басты мән берілуі қажет. Себебі басқару жүйесінің дұрыс ұйымдастырылуы мемлекеттік басқарудың ұтымдылығы мен тиімділігіне қол жеткізілуіне мүмкіндік береді. Бұл процес біріншіден, билік органдарындағы мемлекеттік лауазым мен жұмыс орнын ұйымдастырудан басталады. Лауазымның мемлекеттік орган құрылымындағы орны мен рөлі анықталып, ол атқаратын жұмыстың мазмұны (қызмет ауқымы, нысаны, әдістері, өкілеттігі, ынталандыру мен санкция және т.б.) көрсетіледі, басқа лауазымдармен сыртқы өзара байланысы (қарым- қатынас тәртібі, ақпараттық, техникалық және тағы басқа қызмет көрсету) ұйымдастырылады. Осыған қоса мемлекеттік органдағы әрбір лауазым траксеологиялық (кабинетпен, жұмыс орнына қажет құрал- жабдықпен, жарықпен жабдықтау және т.б.) және эргономикалық (байланыс құралдары, қол астындағылармен байланыс жүйесі, компьютер және т.б.) тұрғыдан жабдықтауды қажет етеді. Қазіргі таңда әрбір адамның өзін толықтай көрсете білуіне, қабілет мүмкіндігін қолдана алуына жағдай жасау арқылы лауазымдық қызметтің тиімділігін арттыруға көңіл бөлінуде.
