- •2.Басқару ғылымының объектісі мен әдістері
- •3. Мемлекеттік басқарудың эволюциясы мен басқару мектептері
- •4. Жалпы мемлекеттік басқарудың және экономиканы мемлекеттік басқарудың теориялық негіздері
- •5. Басқару және оның қоғамдағы ролі
- •6.Басқарушылық ықпалдың мәні
- •7.Басқару үрдісінде ескерілетін табиғат пен қоғам заңдары
- •8.Басқарудағы дамудың әлеуметтік-экономикалық заңдары
- •9.Мемлекеттің пайда болуы, оның ұйымдастырылуы және оның негізгі нысандары
- •10.Мемлекеттің пайда болуы туралы теорияның негізгі бағыттары және оны басқару тәртібі, мемлекеттік құрылым және саяси режимі бойынша жіктеу
- •11. Басқару жүйесі қоғамдық-экономикалық даму институты ретінде
- •12.Мемлекеттің негізгі функциялары және мемлекеттік басқарудың әртүрлі жүйелерінің сипаттамалары
- •14. Президенттік және парламенттік басқару
- •15.Монархияның, аристократияның және демократияның мәні мен ерекшеліктер
- •22. Мемлекеттік басқарудағы тігінен және көлденеңінен байланыстар
- •27. Мемлекеттік басқару функциялары
- •31.Мемлекеттік басқару қағидаларының түсінігі және түрлері
- •32.Мемлекеттік басқару әдістерінің жіктелуі. Мемлекеттік басқарудың әкімшілік, моральды-этикалық және әлеуметтік-саяси әдістері
- •Басқарушылық қызмет стилінің түсінігі, элементтері
- •Мемлекеттік басқарудағы ұйымдастырушылық пен жауапкершілік дәрежесі – оның тиімділігінің көрсеткіші
- •Басқарушылық қызметтің мәні, жалпы белгілері мен қағидалары
- •Басқарушылық қызмет стилінің мемлекеттік басқарудағы жауапкершілікпен өзара байланысы және оны жетілдіру қажеттілігі
- •Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру механизмі. Оны жүзеге асыруға қатысатын басқару органдары
- •Мемлекеттік шешімдердің түрлері мен нысандары
- •Басқарушылық шешімдерді жасақтаудың әдістемелік негіздері
- •Мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту жолдары және бағытары, қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауынан
- •Басқарушылық қызмет стилінің түсінігі, элементтері
- •Мемлекеттік басқарудағы ұйымдастырушылық пен жауапкершілік дәрежесі – оның тиімділігінің көрсеткіші
- •Басқарушылық қызметтің мәні, жалпы белгілері мен қағидалары
- •Басқарушылық қызмет стилінің мемлекеттік басқарудағы жауапкершілікпен өзара байланысы және оны жетілдіру қажеттілігі
- •Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру механизмі. Оны жүзеге асыруға қатысатын басқару органдары
- •Мемлекеттік шешімдердің түрлері мен нысандары
- •Басқарушылық шешімдерді жасақтаудың әдістемелік негіздері
- •Мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту жолдары және бағытары, қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауынан
- •Экономикалық ғылымдар жүйесіндегі аймақтық экономика мен басқарудың орны.
- •Аймақтық экономиканың негізгі түсініктері.
- •«Аймақ» түсінігінің теориялық және тәжірибелік пайымдаулары. «Аймақ» түсінігінің «экономикалық кеңістік» түсінігімен ара-қатынасы.
ТГУ
Басқару ғылымының анықтамасы, пәні
Басқару — ақпараттық байланыстар және қатынастар негізінде тиімді әрекет етуші жүйені қалыптастыру мақсатында басқару субъектісінің басқару объектісіне мақсатты, ұйымдасқан және реттеуші ықпалы
Мемлекеттік басқару ғылымы - мемлекеттік басқару дың жалпы құбылыстары мен заңдылықтары туралы тұтастай білім жүйесі
Мемлекеттік басқару ғылымының пәні болып мемлекет аппаратын құрайтын органдар құрылымы және олардың іс-әрекеті
“Мемлекеттік басқару теориясы« ғылымының пәні келесідей маңызды зерттеу салаларын қамтиды: Мемлекет бұқаралық-құқықтық институт ретінде;
Мемлекеттік басқару органдарының жүйесі;
Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ұйымдастыру;
Мемлекеттік қызмет;
әкімішілікреформа;
Өзге мәселелер
2.Басқару ғылымының объектісі мен әдістері
мемлекеттік басқарудың объектісі
жалпы қоғам немесе оның жекелеген топтары, қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени және өзге ұйымдар, мемлекеттік басқару органдары, олардың іс-әрекеті
Мемлекеттік басқару әдістері – бұл мемлекеттік басқару органдары немесе лауазымды тұлғалардың басқарылатын объектілерге ықпал ету тәсілдері мен құралдары
Басқарушылық процесс ретінде:
Императивтік әдіс – ол билік және бағынудың болуы;
Диспозитивтік әдіс – ол қоғамдық қатынастар қатысушыларының өз қалауы бойынша әрекет етуіне мүмкіндік береді (сирек кездеседі).
Ғылыми зерттеу барысында
жалпығылыми;
Жеке әдістер:
Байқау ;
салыстыру;
талдаужәне синтез;
эксперимент — қалаулы жағдайды модельдеу;
Анкеталау.
3. Мемлекеттік басқарудың эволюциясы мен басқару мектептері
Мемлекеттік басқару теориясының даму кезеңдері:
ХІХ ғасырдың 80-ші ж. – 1920 ж. . 1920 ж. – 1950 ж. . 1950 ж. – бүгінгі күнге дейін
Мемлекеттік басқару теориясының негізін қалаушылар: В.Вильсон, Ф.Гуднау, М.Вебер
В.Вильсон 1887 ж. «Мемлекеттік басқару ғылымы» еңбегінде мемлекеттік басқаруда бизнесті ұйымдастыру және басқару әдістерін пайдалануды ұсынатын «әкімшілік тиімділік» моделі өңделді.
Дж.Гуднаудың пікірінше саясаткерлер және әкімшіліктер арасындағы функциялар нақты бөлінуі тиіс, саясаткерлер әкімшіліктердің іс-әрекетін бақыласа, ал соңғылары саясаткерлердің шешіміне бағынады.
М.Вебердің 1921 ж. мемлекеттік басқарудағы бюрократияның орны мен роліне арналған «Шаруашылық және қоғам» атты классикалық еңбегігде бюрократия мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеуге қабілетті ұлттық мемлекеттің қалыптасу кезеңінде туындаған тарихи құбылыс ретінде қарастырылды
Мемлекеттік басқару теориясын зерттеудің ғылыми мектептері:
- американдық;
- британдық;
- немістік;
- француздық
Американдық мектептің ерекшеліктерін зерттеу және жалпылау американдық мемлекеттік басқару мектебіне тән бірқатар маңызды белгілерді бөліп қарастыруға мүмкіндік береді
мемлекеттік басқару саласын ғылыми пән ретінде қарастыру (Л.Уайт);
мемлекеттік басқару теориясының дамуына тек теоретиктердің ғана емес, сонымен қатар тәжірибе қызметкерлерінің де қатысуы (В.Вильсон);
мемлекеттік басқару процесінде орын алатын психологиялық және мотивациялық факторларды зерттеу (А.Маслоу);
ресурстарды минималды жұмсау барысында тиімділікті арттыруға негізделетін прагматикалық тәсілдеме (Ф.Тейлор);
жергілікті өзін-өзі басқарудың оңтайлы формаларын іздеу және орталықсыздандыру теориясын дамыту (Г.Кауфман);
мемлекеттік және жеке менеджменттің үйлесімділігі (Г.Эллисон).
Британдық мемлекеттік басқару мектебі басқару ғылымының теориялық негіздерін айтарлықтай байытты. Британдық мектептің ерекшеліктерін зерттеу және жалпылау британдық мемлекеттік басқару мектебіне тән бірқатар маңызды белгілерді бөліп қарастыруға мүмкіндік береді
институционалды тәсілдеме (И.Берлин);
билік пен қоғамның, үстемдік ету және бағыныштылық мәселелеріне айрықша назар аударуға негізделетін социологиялық тәсілдеме (Э.Берч);
мемлекеттік басқару шеңберінде биліктің легитимділігі мен беделдігі мәселелерін зерттеу (Р.Роуз);
қоғамдық пікір алдында мемлекеттік басқарудың және парламент алдында үкіметтің жауаптылығы (Э.Берч);
мемлекеттік басқаруды адамдардың оңтайлы іс-әрекетінің саласы ретінде қарастырудан тұратын экономикалық тәсілдеме; «ұтыс – ұтылыс» дихотомиясы (Б.Барри);
азаматтық және нысаналы мемлекеттік басқару тұжырымдамалары (М.Оукшотт);
танудың перманенттік процестері ретінде басқарушылық іс-әрекетті қарастыру (П.Чекланд);
мемлекеттік басқаруды қоршаған ортаның өзгерістеріне әрекет етуге қабілетті теңдестіруші жүйе ретінде қарастырудан тұратын кибернетикалық тәсілдеме (С.Биэр)
Мемлекеттік басқарудың неміс мектебі іргелі философиялық тұжырымдамаларды алға шығару арқылы мемлекеттік басқару теориясының дамуына айтарлықтай үлес қосты
мемлекеттік басқаруды еркіндікті жүзеге асыру саласы ретінде қарастыру (Э.Форстхофф);
мемлекеттік басқару теориясының басты мәселесі – адамзат табиғаты (Х.Кун);
мемлекеттік аппарат тәртіп пен ережелерді тұрақтандыру жолымен қалыптасты, мұнда нейтралды әкімшілік аппаратты саяси күштерден бөліп қарастыру қажеттілігін атап өту керек (А.Гелен);
идеалды мемлекеттік басқару сипатталады: қатаң бюрократиялық қағидалар, мемлекеттік қызметшілердің ақсүйектігі мен элитарлығы, сонымен қатар билікті демократиялық легитимдеу (М.Вебер);
мемлекеттік басқару, ең алдымен, экономиканы мемлекеттік реттеуге бағытталған, халықтың барлық топтары жалпы игілікке бағынады және әрекет етуші әлеуметтік құрылғыны қолдайды (Л.Эрхард);
шынайылықты жеңілдетудің көмегімен басқарушылық құрылымдардың нақты функцияларын тұрақты талдау ұсынысына негізделетін құрылымдық-функционалды тәсілдеме (Н.Луман).
Француздық мемлекеттік басқару мектебі институционалды бағыттың ықпалына алынды. Француздық мектептің ерекшеліктерін зерттеу және жалпылау француздық мемлекеттік басқару мектебіне тән бірқатар маңызды белгілерді бөліп қарастыруға мүмкіндік береді
мемлекет билік жүзеге асырылатын институт ретінде қарастырылады (М.Дюверже);
мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен орталықсыздандырудың дамуы арасында байланысты іздеу, оппозицияға мемлекеттік институттардың құл сұқпаушылық шартында белгілі құқықтар беру (П.Авриль);
аутсорсинг – мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында жекелеген спецификалық функциялар парламенттің «үшінші палатасындағы» неғұрлым білікті органдарға берілуі мүмкін (М.Понятковский);
басқаруды ұйымдастырудың ғылыми мектептерін өңдеу және енгізу (А.Файоль)
