Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sotsiol_otvet.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
643.58 Кб
Скачать

43.Қоғамның әлеуметтік зерттеуінің топтық және стратификациялық жолы.

Әлеуметтік стратификация — қоғам мүшелерінің материалдық байлықты, табысты, артықшылықты, мәртебені, билікті, құқық пен міндеттерді иеленуінің бірдей болмауынан көптеген әлеуметтік топтарға, таптарға бөлінуі. Теңсіздіктер мен әлеуметтік стратификация проблемасы іс жүзінде әлеуметтік және философиялық теориялардың барлығының да басты назарында болады. Стратификация ұғымының қазіргі заманғы ғылыми ойлаудың санаттық аппаратындағы орнының маңызы зор.  Әлеуметтік қауымдастықтар теңсіздігі жүйесін сипаттау үшін әлеуметтануда “әлеуметтік стратификация” ұғымы пайдаланылады. “Стратификация” терминінің өзі әлеуметтануға геологиядан келген. Ағылшын тілінде “strata” немесе “stratum” сөзі алғашында геологиялық қабат деген, ал “stratіfісatіon” сөзі қабатталу, қатталу деген ұғымды білдірген. Әлеуметтанушылар әлеуметтік теңсіздікті белсенді түрде зерттей бастаған кезде осы терминді алған, сөйтіп ол жаңа мағынаға, қоғамды белгілі бір топтарға бөлу мағынасына ие болған. Қоғамда әртүрлі құрылым болатындықтан ондағы адамдар түрлі негіздер бойынша жіктеліп отыратын болған.

44.Қоғамның әлеуметтік құрылымы, әлеуметтік қауымдастықтардың басқа түрлері.

Әлеуметтену — жеке адамдарға қоғам мен оның құрылымдары тарапынан үнемі (жинақы, бақылаулы, шашыраңқы түрде) әсер ету процесі. Соның нәтижесінде адамдар белгілі бір білімдерді, құндылықтар мен нормаларды игеріп, нақты қоғамда, әлеуметтік топтар мен ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды әрі тұлғаға, сол қоғамның тең құқылы мүшесіне айналады. Әлеуметтену тура мәнінде, жарық дүниеге келген, адамзат мәдениетін игеруге бағдарланған саналы биологиялық организмді, яки адам баласын дамытып, өзінің тұлғалық-психологиялық ерекше қасиеттерін, сондай-ақ, қоғамдық өмірге араласуына мүмкіндік беретін әлеуметтік тұрпаттық, әлеуметтік маңызды қасиеттерді, білім мен білікті бойына жинақтаған тең құқылы жеке тұлғаға айналдыру жолы. Сондықтан, әлеуметтену дегеніміз жеке адамның әлеуметтік ортамен диалектикалық (өзара) әрекеттесу процесі, оның барысында, бір жағынан — адам бойындағы табиғи, психологиялық өскін жетіліп, өркендей түседі, екінші жағынан — қоғам жеке тұлғаны тәрбиелеу, білім беру, мәдениетке ұмтылдыру арқылы оған адами тұлғаға тән әлеуметтік мәні мол қасиеттерді сіңіреді. Әлеуметтік қауымдастық - қандай да бір ортақ белгілері, ортақ мүдделері, ортақ мақсаты, ортақ мінез-құлық түрі бар адамдар жиынтығы; бірқатар нақтылы әлеуметтік қауымдастықтардың жалпы атауы ретінде қолданылатын ұғым. Ұлттық, этникалық, таптық, діни, кәсіби, аумақтық, әлеуметтік-мәдени, дәрежелік, демократиялық және басқа да әлеуметтік қауымдастық түрлері белгілі. "Әлеуметтік қауымдастық" ұғымы саясаттануда кеңінен қолданылады. Егер олар өзінің ерекше мүддесін сезініп, оны жүзеге асыру мақсатымен ұйымдасатын болса, онда әлеуметтік қауымдастықтар саяси қатынастардың субъектісіне айналады 45.Ұлттық-этникалық қауымдастықтары. Этнос, этникалық қауымдастық - [грек, ethnos - тайпа, халық] - бір халықты екіншісінен ажыратуға мүмкіндік беретін ортақ белгілері бар қауымдастық. "Этнос" ұғымы әлі күнге бірыңғай түсіндірілмейді. Кең мағынада, "этнос" ұғымын көпшілік зерттеушілер барлық дәрежедегі этникалық жүйелер жиынтығы ретінде түсіндіру қалыптасқан (тайпа, халық, ұлт және т.б.). Этникалық Қауымдастық,этнос, бір-бірімен әлеуметтік-экономикалық байланыстағы, өзара түсінікті тілде сөйлейтін адамдар арасындағы белгілі бір аумақта қалыптасады. Олар өмір сүру жолында белгілі бір мәдени тұтастықты сақтайды және өздерін жеке дербес топ ретінде сезінеді. Этникалық көші-қонтайпа, халық және ұлт жатады. Оның қалыптасуында ең алдымен аумағы мен тілі маңызды рөл атқарады. Ұлттық қауымдастық –дегеніміз кез-келген бір ұлттықа немесс бір этносқа байланысты айтылады.Ұлттық қауымдастықтар Қазақстанда ондай қауымдастықтар көп себебі біздің ел көп ұлтты,130-дан астам ұлт өкілдері тұрғандықтанда бізде ондай ұйымдар кеңінен құрылады.Онда әр ұлттың салт-дәстүрі ,мәдениеті,тарихы барлығы толық қамтылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]