Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sotsiol_otvet.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
643.58 Кб
Скачать

24.Әлеуметтік стратификация.

Әлеуметтік стратификация- иерарихиялық рангтегі адамдар жиынтығының (тұрғындардың) таптарға бөлінуі. Ол жоғарғы және төменгі жіктердің болуынан көрінеді. Оның негізі мен мәні- құқықтар мен артықшылықтарды, жауапкешілік пен міндеттерді тең бөлмеу, әлеуметтік құндылықтарды, биліктің болуы немесе болмауы. Әлеуметтік стратификацияның негізгі түрлері әртүрлі және көпқырлы. Қандай да бір қоғам мүшелерінің экономикалық мәртебесі бірдей емес, яғни олардың арасында ауқатты және кедейлер болса, онда бұл қоғам экономикалық жіктелумен сипатталады. Ешқандай жағдай кіріс, өмір сүру деңгейі, тұрғындардың бай және кедей жіктерінің болуы түрінде көрінетін экономикалық теңсіздікті өзгерте алмайды. Әлеуметтік стратификацияның нақты түрлері алуан түрлері. Бірақ оларды негізгі үш түрге топтастыруға болады: экономикалық, саяси және кәсіби стратификация. Олар өзара тығыз байланысты. Жоғарғы экономикалық жік өкілдері бір уақытта жоғарғы саяси және кәсіби жіктерге қатысты болады. Төменгі тап өкілдері азаматтық құқықтары шектелген және кәсіби иерархияның төменгі жігіне қатысты болады.  Еңбек бөлінісінің және әлеуметтік-экономикалық қатынастардың даму дәрежесіне байланысты әлеуметтік құрылымның тарихи тұрғыда әртүрлі түрлері қалыптасты: 1) құлиеленушілік қоғамның әлеуметтік құрылымы- құлдар және құлиеленушілер  табы, қолөнершілер, саудагерлер, жерөңдеушілер, еркін шаруалар, ғалымдар,  философтар, ақындар, мұғалімдер, дәрігерлер және басқалар; 2) феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымы- феодалдар, крепостной шаруалар,  сословиелер және интеллигенцияның әртүрлі топтары. Бұл қоғамның соңғы  кезеңінде буржуазия және пролетариат пайда болды. 3) капиталистік қоғамның әлеуметтік құрылымы- буржуазияның әртүрлі топтары:  орта тап және жұмысшылар, монополистік буржуазия, сонымен қатар ірі  өнеркәсіпшілер, бизнесмендер, банкирлер; 4) социалистік қоғамның әлеуметтік құрылымы- жұмысшы табы, кооперативтік шаруашылық, интеллигенция, жекеменшік кәсіпкерлер жігі, кәсіби және демографиялық топтар, ұлттық қауымдастықтар.

Әлеуметтік мобилдік- адамдардың әртүрлі объективті және субъективті факторлардың әсерінен бір әлеуметтік жіктен басқасына ауысуы. Әлеуметтік мобилдік горизонталды және вертикалды болады.  Горизонталды мобилдік- адамдардың қоғамның әлеуметтік құрылымының бір деңгейінде тұрған бір әлеуметтік топтан басқасына ауысуы.  Вертикалыд мобилдік- адамдардың иерархиялық тәртіпте әлеуметтік орнын ауыстыруы.

Қазақстанда элитаның қалыптасу үрдісі. Саяси элиталарды, олардың қоғамдағы рөлін зерттеуге отандық саясаттанушылардың қызығушылық білдіруі заңды да табиғи құбылыс. Жоғары мемлекеттік билік басындағылар хақында жауырды жаба тоқыған ондаған жылдар бойғы үнсіздіктің, хабар-ошарсыз меңіреуліктің орнына қалыптасқан саяси болмысты мейлінше объективті түйсіну, мәртебелі әлеуметтік жік – саяси элитаның ортақ іске қосар үлесін салиқалы бағалау кезеңі келеді. Қазіргі тарихи кезеңнің өзіндік ерекшеліктеріне, елдегі жағдайды сауықтырып, өркендету жолдарын іздестіруге байланысты қазақстандық қоғам өміріндегі саяси элитаның рөлін негіздеу бұл күндері айрықша зәрулікке айналып отыр.Біздіңше, ең алдымен қазақстандық саяси элитаның қалыптасуы бастауларына үңілу орынды болып табылар еді. Саяси элитаның табиғатын байыптай қарастыру үшін олардың халықтың саяси өміріндегі рөлі, ұлттың “Бұл өмірдің мәні неде?”, “Біз кімбіз?”, “Қайда бара жатырмыз?” деген сауалдарға жауап іздестіруі мен мәнділігі үрдістерін қалыптастырудағы орны басты өлшемдер бола алады. Ұлтты топтастыру өзін-өзі сол замандағы саяси мұраттар талабына сәйкестендіру рөлін XX ғасыр басындағы қазақтың ұлттық интеллигенциясы мінсіз орындады: өтіп жатқан саяси процестердің мән-маңызын бұқараға түсіндіру, оқу-ағарту жұмыстарын жүргізу, халықты жаңа мемлекет құруға жұмылдыру олардың басты міндеттеріне айналды.Бұқаралық саяси ұйым арқылы халықтың саяси мүдделерін білдіруге болатындығын жіті сезініп, “Алаш” қозғалысының ұйытқы тобын құрды, оның құрамына Бөкейханов, Дулатов, Байтұрсынов, Қыдырбаев, Тұрмұхаметов, Жизанов енді.

Қалыптасқан саяси жағдайлар ғана емес, сонымен қатар қазақтың ұлттық интеллигенциясының өз идеяларын рәсімдеуге ұмтылысының өзі соны саяси ұйымның пайда болуына қажетті алғышарттар жасады. Бүкіл ресейлік саяси өмірге Бөкейхановтың, Шоқаевтың, Қаратаевтың, Досмұхамедовтердің, Төгісовтың, Байтұрсыновтың белсене араласуы жаңа дәуірдің саяси элитасын қалыптастыруға негіз қалады. Бірінші және екінші мемлекеттік Думаға Қазақстаннан Әлихан Бөкейханов, Ахмет Бірімжанов, Бақыткерей Құлманов, Бақытжан Қаратаев, Мұхаметжан Тынышпаев және т.б. белгілі тұлғалар депутат болдетініңыӨмір сүрудің әрбір кезеңі өзара толықтырып тұратын екі процесс: деәлеуметтену(десоциализация) мен реәлеуметтену(ресоциализация) қоса жүреді Деәлеуметтену(десоциализация) – бұл ескі құндылық, норма, роль мен мінез тәртібінен арылу процесі

Реәлеуметтену(ресоциализация) – бұл жаңа құндылық, норма, рольдер мен ескінің орнына мінездің жаңа ережелерін үйрену процесі.

27.Қазақстанда элитаның қалыптасу үрдісі.

Саяси элиталарды, олардың қоғамдағы рөлін зерттеуге отандық саясаттанушылардың қызығушылық білдіруі заңды да табиғи құбылыс. Жоғары мемлекеттік билік басындағылар хақында жауырды жаба тоқыған ондаған жылдар бойғы үнсіздіктің, хабар-ошарсыз меңіреуліктің орнына қалыптасқан саяси болмысты мейлінше объективті түйсіну, мәртебелі әлеуметтік жік – саяси элитаның ортақ іске қосар үлесін салиқалы бағалау кезеңі келеді. Қазіргі тарихи кезеңнің өзіндік ерекшеліктеріне, елдегі жағдайды сауықтырып, өркендету жолдарын іздестіруге байланысты қазақстандық қоғам өміріндегі саяси элитаның рөлін негіздеу бұл күндері айрықша зәрулікке айналып отыр.

Біздіңше, ең алдымен қазақстандық саяси элитаның қалыптасуы бастауларына үңілу орынды болып табылар еді. Саяси элитаның табиғатын байыптай қарастыру үшін олардың халықтың саяси өміріндегі рөлі, ұлттың “Бұл өмірдің мәні неде?”, “Біз кімбіз?”, “Қайда бара жатырмыз?” деген сауалдарға жауап іздестіруі мен мәнділігі үрдістерін қалыптастырудағы орны басты өлшемдер бола алады. Ұлтты топтастыру өзін-өзі сол замандағы саяси мұраттар талабына сәйкестендіру рөлін XX ғасыр басындағы қазақтың ұлттық интеллигенциясы мінсіз орындады: өтіп жатқан саяси процестердің мән-маңызын бұқараға түсіндіру, оқу-ағарту жұмыстарын жүргізу, халықты жаңа мемлекет құруға жұмылдыру олардың басты міндеттеріне айналды.Бұқаралық саяси ұйым арқылы халықтың саяси мүдделерін білдіруге болатындығын жіті сезініп, “Алаш” қозғалысының ұйытқы тобын құрды, оның құрамына Бөкейханов, Дулатов, Байтұрсынов, Қыдырбаев, Тұрмұхаметов, Жизанов енді.

Қалыптасқан саяси жағдайлар ғана емес, сонымен қатар қазақтың ұлттық интеллигенциясының өз идеяларын рәсімдеуге ұмтылысының өзі соны саяси ұйымның пайда болуына қажетті алғышарттар жасады. Бүкіл ресейлік саяси өмірге Бөкейхановтың, Шоқаевтың, Қаратаевтың, Досмұхамедовтердің, Төгісовтың, Байтұрсыновтың белсене араласуы жаңа дәуірдің саяси элитасын қалыптастыруға негіз қалады. Бірінші және екінші мемлекеттік Думаға Қазақстаннан Әлихан Бөкейханов, Ахмет Бірімжанов, Бақыткерей Құлманов, Бақытжан Қаратаев, Мұхаметжан Тынышпаев және т.б. белгілі тұлғалар депутат болдетініңыӨмір сүрудің әрбір кезеңі өзара толықтырып тұратын екі процесс: деәлеуметтену(десоциализация) мен реәлеуметтену(ресоциализация) қоса жүреді Деәлеуметтену(десоциализация) – бұл ескі құндылық, норма, роль мен мінез тәртібінен арылу процесі

Реәлеуметтену(ресоциализация) – бұл жаңа құндылық, норма, рольдер мен ескінің орнына мінездің жаңа ережелерін үйрену процесі

29.П.Сорокиннің қоғамның бөліну теориясы.

Бұл кездегі әлеуметтік стратификация теориясының көрнекті өкілдерінің бірі – П.А. Соркин болды. Ол қоғамдағы адамдардың иерархиялық жоғары және төменгі топтарға жіктелуіне әсер ететін факторлар ретінде құқық пен артықшылықтардың, жауаркершілік пен міндеттердің, байлық пен жоқшылықтың, билік пен ықпалдың тең бөлінбеуінен болады деп түсіндіреді.  Автор сонымен қатар бұл аталған өлшемдер өмірде бір-бірімен сабақтас екендігін ескертеді. Қолдарында үлкен байлығы бар жоғары экономикалық топтардың өкілдері сонымен қатар жоғары саяси және кәсіби топтарға да жатады дейді. Яғни, байлығы бар адамның билікке, жоғары кәсіби топтарға енуіне мүмкіндігі мол немесе керісінше билігі бар адамның жоғары кәсіби даындығы да бар, байлығы да бар деген сөз.

31.Ғылыми-техникалық революция – ғылымды өндірістік дамудың жетекші факторына айналдыру арқылы өндіргіш күштерді түбегейлі өзгертіп, сапалық жағынан түлету. 20 ғ-дың 40-жылдарынан басталған ғылыми-техникалық революция барысында ғылымның өндіргіш күшке айналу үрдісі қарқын алып, елеулі нәтижелерге қол жетті: ең бастысы, еңбектің жай-ахуалы, сипаты мен мазмұны, өндіргіш күштердің, еңбек бөлінісінің құрылымы өзгеріске ұшырап, еңбек өнімділігі күрт өсті, сол арқылы қоғам өмірінің өзге салалары, әсіресе, адамдардың мәдениеті, тұрмысы, психологиясы жетіліп, табиғатпен қарым-қатынасы айқындала түсті.Ғылыми-техникалық революцияның – екі негізгі алғышартты: ғылыми-техникалық және әлеум. сипаттағы алғышарттары болды. Оның пісіп-жетілуінде 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басындағы жаратылыстанудағы жетістіктер шешуші рөл атқарды. «Жаратылыстанудағы революциялар» дүмпуі электронның, радийдің, химиялық элементтер түзілуінің ашылуына, салыстырмалылық теориясы мен кванттық ілімнің негізделуіне орай жүзеге асып, ғылымның микроәлем мен үлкен жылдамдықтар саласына дендей енуімен ерекшеленді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]