Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sotsiol_otvet.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
643.58 Кб
Скачать

2.Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңдері

Қоғамдық өмірде әлеуметтік мәселелерді талдау талпыныстары ерте кезден басталса да, әлеуметтану жеке ғылыми пән негізінде 19 ғасырдың 30-шы жылдары ғана қалыптасты. Осыған қарамастан, қоғам жөнінде белгілі көріністер көптеген ғасырлар тоғысында дамып келді.

Әлеуметтанудың алғышарттары қоғамның өзіндік әлеуметтік үрдістері жөнінде объективті ғылыми білім алу сұранысынан белгіленеді. Әлеуметтанудың түп-тамыры жалпы өркениеттің табиғатын айқындайды. Бұл әлемдік нарықтың біртіндеп қалыптасуы, ұқсас саяси құрылымның пайда болуы мен әр түрлі мәдениет өзара байланысының қалыптасу үрдісі белгіленеді. Білім мен тұтас әлеуметтік әлемді біліп, тану қоғам жөнінде ерекше ғылымды талап етті. Әлеуметтану тарихын бірқатар кезеңдерге бөледі.

Бірінші кезең Ежелгі әлем қоғамы жөнінде әлеуметтік білімдердің қалыптасуын мен дамуын қамтиды. (миф пен эпос: шындықтың айқын көрінісі ретінде; Ежелгі Греция мен Ежелгі Римдегі әлеуметтік және саяси оқытулар).

Екінші кезең ортағасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік білімнің дамуын қамтиды (Таным формасы мен дүниетаным жүйесінің өзгерісі. Августин Блаженный Теософиясы. Қайта өрлеу дәуіріндегі қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер мен ойлар. Н.Макиавелли, Ж.Боден, Т.Гоббс және т.б. әлеуметтік ойларының қалыптасуы).

Үшінші кезең 17-18 ғасырдағы адам мен қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер. Жаратылыстану құқығы мен қоғамдық келісім концепциясы. Ш.Монтескье, Ж-Ж. Руссо және т.б. әлеуметтік концепциялары. Консерватизм мен либерализм ұғымдары.

Әлеуметтік тарихтың төртінші кезеңі 19 -20 ғасырды қамтиды. Адам жөнінде ғылым. Огюст Конт әлеуметтануы. Эмпирикалық социологиялық зерттеулердің қарқынды дамуы. Әлеуметтану позитивизмінде методологиялық бағыттың басымдылығы. Конт заманынан бастап, қоғам жөнінде білімнің жеке саласы ретінде академикалық әлеуметтану кезеңі басталады. Түрлі ғылыми мектептер қалыптасады: натурализм, эволюционизм, органицизм, социал-дарвинизм және т.б. 19 ғ. аяғы мен 20 г. басы әлеуметтануда натурализмның терең дағдарысымен байланысты, бұл қызығушылықтың әлеуметтік әрекет пен өзара әрекет мәселелеріне ауысуын, түсінуші әлеуметтану әдістері мен тұлға әлеуметтану концепциясының құрастыруымен байланысты болды (М.Вебер, Э.Дюркгейм және т.б.). 20 ғасырдың 20-80 жылдар аралығында әлеуметтануда қазіргі негізгі бағыттардың қалыптасуы, қарқынды салалық жіктеліс пен зерттеу әдістерінің жетілу үрдісі жүрді. 80-шы жылдардан бастап әлеуметтану дамуында жаңа қазіргі кезең басталады.

3.Ежелгі дүниедегі әлеуметтік ойдың тарихы (Платон, Аристотель, Сократ, Гераклит, Герадот, Анаксимандр, Анаксимен, Лао-Цзы,, Мо-Цзы, Конфуций)Ежелгі Грекияның саяси ой-пікірлері. Грекияда мемлекет (полистер) — жеке қала-мемлекеттер б.з.д. 1-мыңыншы жылдары пайда болды. Онда саяси ой-пікірлердің қалыптасуы 3 дәуірге бөлінеді: ерте дәуір (IХ-YI ғасырлар). Бұл Гомердің, Гесиодтың және атақты «7 данышпанның» шығармалары дүниеге келген заман. Кейінірек бұл дәуірге Пифогор мен пифогорлықтар, Гераклит енеді. 2-дәуір б.з.д. Y-IY ғасырдың бірінші жартысы. Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель заманы. 3-дәуір IY-ғасырдың екінші жартысы – II ғасыр. Үшінші дәуір эллинизм дәуірі деп аталады. Бұл дәуірдің аяғы Македонияның және Римнің ықпалына енуімен ерекшеленеді.

4.Ортағасырлық Шығыс әлеуметтік ой (әл-Фараби, Ганджеви, Низами, Алишер Навои).

Әбу Насыр Әл-Фараби (араб.: أبو نصر محمد الفارابي ) Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «... философияға, даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді» (Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейі. Инв. №172, 17-6.), - деп айтылған пікірі Абайдың Фараби еңбектерімен таныс болғандығын анықтай түседі. Абай өз шығармаларында нәр татқан рухани бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта: «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім..,» - деп ескертуінде мәні терең сыр жатыр. Фараби мен Абай шығармаларындағы пікір сабақтастығын, ақын шығармашылығы нәр алған рухани көздерінің түп-төркінін қарастырғанда, алдымен екі ұлы ойшылға ортақ «жан қуаты» немесе Абайдың өз сөзімен айтқанда «өзін танымақтық» жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару қажет.Адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында «өзін танымақтың» немесе «жан қуаты» туралы ойлардың қалыптасу жолдарын танып білу күрделі мәселеге айналып, бастан-аяқ қарама-қарсы көзқарастардың өріс алуына түрткі болды. Адамның өзін танымақтық жөніндегі ілімнің алғашқы қадамы көне дүние философтарынан басталса да, оны өз заманында ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған Фараби еңбегі ерекше көзге түседі. Жалпы «жан қуаты» немесе «өзін танымақтық» жайлы күрделі ой сарасына қазақ топырағында арғы заманда Фараби, соңғы дәуірде Абайға терең барлап барған. Абай өлеңдері мен қарасөздеріндегі жан қуаты жайлы ой толғануында «жан құмары», «жанның жибили қуаты», «жан қуаты», «жанның азығы» т. б. осы іспеттес филос. сарындағы ойларын таратқанда: «Жан қуаты деген қуат-бек көп нәрсе, бәрін мұнда жазарға уақыт сиғызбайды» - деп, айрықша ескертуінің өзіндік себептері бар. Бұл тұжырымынан ақынның «өзін танымақтығы» жөніндегі ілімнің тарихымен толық таныстығы анық байқалып, өз тарапынан ойларын кең түрде тыңдаушыларына молынан жеткізе алмаған өкініші де сезіледі. Жан қуаты жөнінде Фараби қолданған филос. терминдер Абайдың өлеңдері мен жетінші, Он жетінші, Жиырма жетінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші қарасөздеріңде сол түпнұсқадағы қапыңа немесе қазақы ұғымға сай балама сөздермен беріледі. Ақынның Он төртінші, Он жетінші қарасөзі мен «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек...», «Көзінен басқа ойы жоқ...», «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа...», «Алла деген сөз жеңіл...», «Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі асыл тас... «өлеңдерінде арнайы сөз болып, талқыланатын ақыл, қайрат, жүрек жайлы филос. мағынадағы ойларының бастау алар көзі Фараби еңбектеріңде жатыр. Низами Гәнжауи, Ілияс ибн Жүсіп Низами (17.8.1141, Гәнжа қ. – 1209, сонда) – Әзірбайжан ақыны. Негізгі шығармалары парсы тілінде жазылған. “Гәнжауи” – оның лақап аты. Әкесі Иранда, кейін Гәнжа шаһарында тұрған, ұлын түркі халқының дәстүрінде тәрбиелеген. Низами 11 – 12 ғасырлардағы Тұран, Иран, Кавказ билеушілерінің тақ таласын батыл сынап, ел тұрмысын жырлады. Оның басты шығармасы – “Хамса” (“Бес кітап”), оған “Құпиялар қазынасы” (1173 – 80), “Хұсрау – Шырын” (1181), “Ләйлі – Мәжнүн” (1188), “Жеті сұлу” (1197) және “Ескендірнама” (1203) атты бес дастаны кірген. Лирик. өлеңдер жинағының жеке бөлімдері, 6 қасида, 116 ғазел, 2 қыта, 30 рубаи, тағы басқа туындылары сақталған. Низами дастандары композициялық құрылымы, сюжет тартымдылығы, тіл көркемдігі және биік адамгершілік идеясымен ерекшеленді. “Құпиялар қазынасы” – 20 тараудан тұратын діни философиялық поэма, ақын мұнда ел билеушілерін әділдікке, халқына қамқор болуға шақырады. “Ләйлі–Мәжнүн” көне араб аңызының сюжеті негізінде жазылса, “Жеті сұлу” Баһрам Гур шаһ жөніндегі аңызға негізделген. Поэма Баһрам Гурдің жеті әйелінің әңгімесі арқылы мазмұндалып, патшаның әділдік жағында болуы мен зұлымдыққа қарсы күресі суреттелген. Ақын “Ескендірнама” немесе “Даңқ” кітабында Ескендірді данышпан, әділетті патша ретінде бейнелеген. Низами шығармалары көптеген шығыс ақындарына әсер етті, 13 ғасырдан оның поэмаларына еліктеп жазылған туындылар пайда болды. Мысалы, Әмір Хұсрау Дехлеуи, Ә.Науаи, Ә.Жәми, тағы басқа ақындардың дастандары. “Хұсрау – Шырынды” 1383 ж. Сарай Беркедегі қыпшақ Құтып жырға қосса, “Жеті сұлу” дастанының “Турандот ханшасы” атты бөлімін неміс ақыны Гете жырлаған. Низами дастандары ерте кезден-ақ қазақ арасына тараған. Низами дастаны негізінде Абай “Ескендір” поэмасын жазса, Шәкерім де шығармасында Низами сюжеттерін пайдаланған. Науаи Әлішер (Низамеддин Мір Әлішер) (парсыша: علیشیر نوایی) (1441 ақпанның 9, Ғират — 1501 қаңтардың 3, сонда) — Түркі халықтарына ортақ ұлы ақын, ойшыл, мемлекет қайраткер. Әкесі қайтыс болғаннан кейін 12 жасар Науаиды Бабыр өз тәрбиесіне алған. Науаи 15 жасында түркі және парсы тілдерінде бірдей жазатын белгілі ақын ретінде танылды. Ғиратта, Мешхедте, Самарқанда оқып, логика, пәлсапа, математика пәндерінен мағлұмат алды. Өзінен бұрынғы Фирдауси, Низами, Дехлави, Хорезми, Сайф Сараи, замандастары Атаи, Сак каки, Лутфи, Жәми шығармашылығымен танысты.Ол өнер жұмыспен айна лысып, «Хамса» тобына енетін «Жақсылардың таңдануы» (1483), «Фархад пен Шырын», «Ләйлі мен Мәжнүн», «Жеті әлем» (1484), «Ескен дір дуалы» (1485) атты шығармаларын жазды. Науаи шығармалары 15 ғ. өзінде Мауараннахр мен Хорасанды ғана емес, Иран, Әзірбайжан, Шығыс Түркістан, Үндістан, Мысыр, түркі елдеріне, кейіннен Еуропа мен Америка кітапханаларына да тарады. Ақын шығармалары 19 ғ. орта шенінен шығыстанушы ғалымдардың назарын аудара бастады.Шығармалары көптеген тілдерге аударылған. Таңдамалы өлеңдері қазақ тілінде екі рет (1948, 1968) кітап болып басылды. Айбектің «Науаи» романы қазақша жарық көрді (1950). Науаи өнерін зерттеуге қазақ ғалымдары да үлес қосуда (М. Әуезов, Е. Ысмайылов, Р. Бердібаев, К. Сейдеханов). Ұлы шайырдың юбилейі Кеңес Одағы көлемінде аталып өтті (1948, 1968). Әлішер Науаи, Әлішер Низамаддин Мир Науаи – түркі халқының ұлы ақыны, ойшылы, мемлекет қайраткері. 1441 ж. ақпан айының тоғызында Герат қаласында туған. Әкесі өлгеннен кейін 12 жасар Әлішер Науаиды Әбілқасым Бабыр өз тәрбиесіне алған. Оның есімі 15 жасынан түркі және парсы тілдерінде бірдей жазатын ақын ретінде танылды. Гератта, Мешхедте, Самарқанда оқып, Фирдауси, Низами, Хорезми, Сайф Сараи, Жәми шығармашылығымен танысты. Мектептес досы Хұсайын Байқара Хорасанның әмірі болған кезде, оның мөр сақтаушысы (мұхрад) қызметін атқарды. 1472 ж. уәзір болып тағайындалды. Әлішер Науаи осы қызметтерде жүріп, ғалымдарға, суретшілерге, музыканттарға, ақындарға, хуснихатшыларға (каллиграфтарға) қамқорлық жасады. Өз қаржысына жолдар, көпірлер, каналдар, керуен сарайлар, мектептер, шеберханалар салдырды. Әлішер Науаидың халық арасында абырой-беделінің артуын қызғанған басқа уәзірлер оны Байқарамен араздастырып, 1476 ж. уәзірліктен босатылуына себепші болды. Ол шығармашылық жұмыспен айналысып, түркі-шағатай тілінде «хәмсә» жырлар тобына енетін «Жақсылардың таңдануы» (1483), «Фархад пен Шырын», «Ләйлі мен Мәжнүн», «Жеті әлем» (1484), «Ескендір дуалы» (1485) атты шығармаларын жазды. 1488 – 1501 ж. ол тарихи-өмірбаяндық («Әджәм патшаларының тарихы», «Саид Хасан Ардашердің өмірі», Пәһлован Мұхаммедтің өмірі»), дидактикалық-философиялық («Құстар тілі», «Көңілдердің сүйгені»), әдеби-теориялық («Өлең өлшемі»), лингвистикалық («Екі тілдің таласы»), әлеуметтік-экономикалық («Вақфия»), діни-ғұрыптық («Пайғамбарлар мен хакімдердің тарихы», «Мұсылмандық нұры», «Гауһарлар шоғыры») туындыларын жазды. Парсы тілінде 12 мың жол өлеңін «Диуан-фани» деген атпен дербес жинақ етіп құрастырды. «Бес қайрат» («Хәмсәт ул-мутахаирин») кітабын ұстазы Абдрахман Жәмиге (1414 – 92) арнады. 15 ғасырда өмір сүрген 400 шайырдың шығармашылығынан мәлімет беретін «Ғажайып мәжілістер» («Маджолис ун-нафоис») кітабын жазды. Ақын 1501 жылдың үшінші қаңтарында туған қаласында қайтыс болған. Әлішер Науаи шығармалары 15 ғасырдың өзінде Мауераннахр мен Хорасанда ғана емес, Иран, Әзірбайжан, Шығыс Түркістан, Үндістан, Мысыр, түркі елдеріне, кейіннен Еуропа мен Америка кітапханаларына тарады. Ақын шығармашалығы 19 ғасырдың орта шенінен шығыстанушы ғалымдардың назарын аудара бастады. Әлішер Науаидың ақындық дарынына ұлы Абай да тәнті болып, оның шығармашылық дәстүрін жалғастырған. Әлішер Науаи шығармашылығын зерттеуге қазақ ғалымдары да (Мұхтар Әуезов, Есмағамбет Ысмайылов, Рахманқұл Бердібаев, т.б.) елеулі үлес қосты. Ақын Несіпбек Айтов Әлішер Науаидың ғазалдарын қазақ тіліне тәржімалап, жеке кітап етіп шығарған.

5.Ортағасырлық әлеуметтік ойдың негізгі сипаты (А.Августин, Т.Компанелла, Ф.Аквинский, Н.Макиавелли, М. Лютер, Т.Мюнцер, Х.Кальвин).

Табиғат пен қоғамның заңдары — мақсатқа жетудің ережелері — Ф.Аквинский ХШ ғ.

Мемлекеттің діни мәнінің тұжырымдамасы: әлемдік тәртіпті құдай жаратқан

Бұл кезде христиан дініне зор еңбек сіңірген Аврелий Августин (354-430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарасы «Құдай қаласы туралы» деген еңбегінде баяндалған.Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқұқтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің, нәтижесі деп санады.Христиан дінінің саяси теориясын негіздеп, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) болды. Оның «Билеушілердің басқаруы туралы», «Психологияның жиынтығы» деген еңбектері бар. Оның ойынша жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. «Қайта өрлеу» дәуірінің негізін салушы Николло Макиавелли (1469-1527) болды. Оның «Патша», «Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жайлы ойлар», «Флоренцияның тарихы», т.с.с. еңбектері болған.Макиавелли дінге қарсы болды. Тұңғыш рет мемлекет ұғымын енгізді. Макиавеллидің ойынша мемлекет басқарушы мен бағынушының қарым-қатынасы.

6.Жаңа заманның әлеуметтану ілімі .(Т.Джефферсон, Ш.Л.Монтескье, Дж.Локк, Т.Гоббс, Ж.Ж.Руссо).ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде – жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын – капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек – дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды.

5.Англиямен қоса, бүкілевропалық антисхоластикалық, буржуазиялық философияға серпін берілді. Т. Гоббс философиясы

Негізгі еңбектері: Дж.Локк (1632-1704) – Бэкон мен Гоббстың философиялық идеяларын дамытып, Жаңа Замандағы ағылшын философиясының эмпиристік және материалистік дәстүрін жалғастырды.

Негізгі еңбегі: «Адамның ақыл – ойы туралы тәжірибе».

Дж. Локк философиясының негізгі қағидалары:

1.дүние материалды;

2.таным негізінде тек қана тәжірибе жатады («сезімде болмаған нәрсе адам ойында (ақылында) болмайды»);

3.адамға «туа біткен идеялардың» болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжірибе арқылы пайда болады;

4.сана – әр адам өз өміріндегі тәжірибемен толтыратын бос бөлме (empty cabinet) тәжірибе жазылатын «таза атқат» (tabula rasa);

5.тәжірибе көзі – сыртқы дүние;

6.философия мақсаты – адамның өз әрекетінде табысқа жетуіне көмектесу;

7.адам идеалы – сабырлы, занды тындайтын және заңды сыйлайтын, адамшершілікті ұстанатын, өзін жан-жақты жетілдіріп, өз саласында жақсы жетістіктерге жеткен джентельмен;

8.мемлекет идеялы – биліктің заң шығарушы, орындаушы және федеративті (сыртқы саяси) болып жіктелген негізде құралған мемлекет.

Мемлекеттегі билік бөлінісі туралы бірінші айтқан Локк болды

«Азамат туралы бастапқы негіздеме»

«Левиафан – материя, форма, мемлекеттік, діни және азаматтық билік».

Т. Гоббс (1588-1679) – Бэконның философиялық дәстүрін жалғастырушы шәкірті:

1. теологиялық схоластикалық философияға қарсы шықты;

2. философия мақсаты – ғылыми-техникалық прогреске жол ашу, адам әрекетінің практикалық нәтижелеріне қол жеткізу деп түсінді;

3. эмпиризмді жақтады. Декарттың рационалистік флилософиясын сынады;

4. нағыз материалист болды;

5. қоғам мен мемлекет мәселесін маңызды философиялық мәселе деп санады;

6. мемлекет теориясын жасады;

7. мемлекет пайда болуының негізінде қоғамдық келісім жатыр деген идеяны алғаш ұсынды.

Гоббстың философиялық зерттеу пәні – гносеология және мемлекет мәселесі.

Гоббс адам танымы негізінен сезімдік қабылдау арқылы өтеді деп санады. Сезімдік қабылдау – сезім мүшелерінің (көз, құлақ, т.б.) қоршаған дүниеден сигналдарды қабылдап, өңдеуі. Ол сипаттарды Т. Гоббс «белгілер» деп атап, былайша жіктейді:

1.Дыбыстар – жануарлардың өз әрекетін немесе ниетін (білдіретін сигналдар (құстар «әні», жыртқыштардың ырылы, т.б.);

2.Ен салу – қатынас барысында адам ойлап тапқан белгілер;

3.Табиғи белгілер – табиғат «сигналдары» (найзағай, бұлт, т.б.);

4.Еркін коммуникативті белгілер – тілдегі сөздер;

5.Белгілер рөліндегі белгілер – азшылыққа ғана түсінікті, арнайы шифрланған сөз (ғылыми тіл, діни тіл, жаргон, т.б.);

6.Белгілердің белгісі – атаулардың атауы – универсалиерлер (жалшы ұғымдар).

Таным әдістері ретінде Т. Гоббс индукция мен дедукцияны қатар қолдануды жақтады. Философтың мақсаты адамға оның өз әрекеттерінде практикалық жетістікке жетуге көмектесу болғандықтан, ал адам қоғамда, нақты мемлекетте тіршілік ететіндіктен өоғам мен мемлекет мәселесі философиядағы басты сұрақтар.Т. Гоббс өзінің әйгілі кітабы «Левиафанда» қоғам және мемлекет теориясын негіздеді. «Левиафан» («Құбыжық») – Кромвельдің диктатурасы кезінде 1651 жылы жарық көрді. Ол теорияның мәні мынадай:

1.Адам табиғатынан залым;

2.Адам әрекеттерінің қозғаушы күштері – жеке пайда мен өзімшілдік, әрікімнің өз қажеттіліктері, аффектілері;

3.Аталған қасиеттер әрбір адамның өзінің барлық нәрсеге құқылығын сезінуге жетелейді;

4.Әрбір адамның бәріне құқылығы басқаның мүддесін аяқасты етуіне, адамдардың бірлескен дұрыс өімірі мен экономикалық прогреске мүмкіндік бермейтін және жеңімпазы болуы мүмкін емес «бәрінің бәріне соғысына» әкелді;

5.Аман қалу үшін адамдар өзара «қоғамдық келісім» жасап, «бәрінің бәріне құқығын» және иеленуге ұмтылысын шектеді;

6.«бәрінің бәріне соғысын» болдырмау, шектен шыққан өзімшілдікті тоқтату үшін қоғамдық өмірді жүйелеудің қоғамдық механизмі (институты) – мемлекет пайда болды;

7.міндеттерін нәтижелі орындау үшін мемлекет аса болуы қажет;

8.мемлекет дегеніміз – «Левиафан» - өз жолындағының бәрін жеп, жойып отыратын, қарсы тұру еш мүмкін емес, бірақ қоғам тіршілігі және ондағы тәртіп пен әділеттілік үшін өте қажет, мызғымайтын, көп бейнелі, аса күшті құбыжық.

7.Утопиялық социалистердің әлеуметтік ойы Т.Морр. ХХғ. Шетелдің әлеуметтік ой (В.Парето, Г. Моска, Р.Михельс, М.Вебер, Т.Парсонс, Д.Истон, Т.Алмонд, М. Дюверже.).

Мор Томас[1] (ағылш. Sir Thomas More,тағы ағылш. Saint Thomas More; 7 ақпан 1478, Лондон — 6 шілде 1535, Лондон)) – ағылшын гуманисі, утопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі. 1529 – 1532 жылы Англияда мемлекеттік жоғары қызметте болды. Папаны жақтап, корольге қарсы болғаны үшін Мор корольдің бұйрығы бойынша дарға асылды. Мор көптеген моральдық-философиялық трактаттар қалдырған. Өзінің “Утопия” (1516) деген негізгі шығармасында жеке меншікке негізделген қоғамды, өз тұсындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды сынға алып, қоғамдық меншікке негізделген қоғамдық құрылысты суреттеді. Қоғамдағы кемшіліктердің негізі жеке меншікте, ал оның өмір сүру негізі – адамдардың теріс әрекеті, менмендік, мансапқорлық дейді. Ол алғаш рет өндірісті қоғамдастыру идеясын дәйекті түрде баяндап, оны еңбекті ұйымдастыру және бөлісу идеяларымен байланыстырды. Бостандыққа негізделген қиялдағы “Утопия” мемлекетінің негізгі шаруашылық ұясы – отбасы қолөнер өндірісіне негізделген. Ондағы адамдар демократиялық басқару, еңбектің теңдігі жағдайында өмір сүреді. Адамдар күніне 6 сағат жұмыс істеп, қалған уақытында ғылым, өнермен шұғылданады. Адамның жан-жақты дамуына, оқуды еңбекпен ұштастыруға үлкен мән берілген. Мор жаңа қоғамға өтуді бейбіт жолмен іске асыруды армандады. Оның “Утопиядағы” қиялдары утопия социализмнің бастамасы болды. Мордың “Утопиясы” кейінгі реформаторларға, Фурье, Сен-Симон секілді басқа да утопия социализмнің өкілдеріне зор әсер етті.

8.О. Конттың позитивті әлеуметтануы және оның Г.Спенсер теориясында дамуы.

Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Жоғарыда көрсетілгендей, оның негізін салушы француз оқымысытысы Огюст Конт (1798-1857 ж.ж.) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр. Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуальды ақыл-ойының, санасының бір ізділікпен дәйекті дамуының үш кезеңі, яғни теологиялық метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.

Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандай да бір құбылыс, процесс, зат болмасы3н, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысты жоқ ғажайып, абстарктілі ұғымдарды қолданды.

Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты, ендігі жерде құбылыстарды, процесс, олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты. Бұл кезеңнің басты қызметі – ол қандай да бір затты, құбылысты, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады.

Ал, үшінші, яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс, процесттердің, заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады. Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырды.

О.Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақтылы фактілерді оқып, үйрену қажет. Нақтылы фактілер –бұл әлеуметтік құбылыстар мен процесттер. О. Конттың «позитивтік» әлеуметтануы одан әрі  әлеуметтанудағы эволюционизмнің классигі Герберт Спенсердің (1820—1903 ж.ж.) ілімінде дамыды. Бұған Ч. Дарвиннің биологиялық түрлердің пайда болу теориясы ғылыми негіз болды. Осыны басшылыққа ала отырып, Г.Спенсер,  біріншіден,  қоғамды биологиялық организм ретіңде қарастырды, екіншіден, эволюция заңын әлеуметтік даму үдерісіне пайдаланды.  Ағылшын әлеуметтанушысының ойынша, қоғам тірі организм, соңдықтан оған биологиялық заңдар тән бола алады. Осыны негізге алу арқылы ол өзінің барлық әлеуметтанулық ой-тұжырымдарына қоғамның эволюциясын және оның әлеуметтік құрылымын тануды мақсат етті. Ол эволюция мәнін қарапайым нәрседен күрделіге, бір тектіден әр тектіге өзгеру,  үдемелі қозғалыс ретінде қарастырды.  Бұл қоғам дамуының әр кезеңін зерттеуге мүмкіндік берді.Адам қоғамы тірі организмге ұқсас, сондықтан оған биолгиялық заңдар тән Ч.Дарвиннің биологиялық заңына сәйкес табиғаттағы жыртқыш жануарлардың тіршілік үшін күрес заңына қоғамдағы таптардың күресі ұқсас. Г.Спенсер тірі организмдердің жүйке жүйесін мемелекеттік басқару мекемелерінің қызметімен теңестіреді. Г.Спенсер қоғам мен организм арасында кейбір ерекшеліктер туралы,ой-пікір қозғады. Мысалы, қоғамдағы адам (индивид) қоғамнан біршама тәуелсіз тұрады, ал, организмнің бөліктер мен элементтері оның тұтастығын құрайды, оған тәуелді. Қоғамда, керісінше, тұтастық өзінің бөліктерінің, игілігі үшін өмір сүреді. Г.Спенсердің бұл ойлары қоғамды бір жүйе деп қарауға мүмкіндік беретіндей жол ашты. Г.Спенсердің қоғамды организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес салаға бөлуге әкеледі. Олар: 1) қолдаушы, 2) материалдық игілікті өндіру көзіне (экономикаға), 3) қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастарды анықтау, қоғамдағы еңбектің бөлінуін реттеп тұрушы және жеке бөліктердің тұтасқа бағынуын реттеу (мемлекеттік өкімет) болды. Г.Спенсер қоғамның әлеуметтік ұрылымын талдай келе, әлеуметтік институттардың 6 тұрпатын атап көрсеткен. Оларға туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік тұрпаттар жатады. Өзінің еңбектерінде (Социология как предмет изучения. СПБ, 1986; Основные начала, СПБ,1897, Основание социологии, СПБ, 1906г.) әлеуметтік институттардың эволюциясын зерттеген. Г.Спенсер әлеуметтаншулардың ішінен бірінші болып, осы ғылымға жаңа ұғым, терминдерді қосты. Олар: әлеуметтік жүйе, әлеуметтік институт, әлеуметтік бақылау, құрылым және функция, т.б. Бірақ, ол бұларды өзінше түсінді. О.Конт пен Г.Спенсердің кезінде әлеуметтану ғылымында өзінше ерекше ой-пікір айтып әлеуметтанудың айырықша тұжырымдамасын жасаған Карл Маркс (1818-1883 ж.ж.) болды.

9.Э. Дюркгейм, К. Маркс, М. Вебер, Парето, П. Сорокин, Парсонс, Мертон, Дарендорф, Лазерсфельдтің әлеуметтік теориялары.

Э. Дюркгейм Әлеуметтік шындық теориясы және ғылыми әдіс: эмпирикалық, теориялық, фундаментальдық, қолданбалы зерттеулерді біріктірді.Әлеуметтік фактілердің табиғатына үңіліп салыстырмалы түрде қарастыру қажет. Өзіне-өзі қол жұмсау.

Макс вебер: Түсінуші (verstehen) әлеуметтану теориясы: түсіну үшін өзіңді оның орнына қою, сезіну.Идеалды түр түсінігі:зерттеушінің басында эталон ретінде қалыптасады.

К.Маркс: әлеуметтік теория (материализм)

В.Белинский: терістеу менің құдайым.

А.И.Герцен: орыс социализмі

Чернышевский: нағыз еркіндік үшін күрес

М.Бакунин: тұлғаның бостандық идеялары

М.Ковалевский: плюралистік әлеуметтану

П.Сорокин: әлеуметтік неопозитивизм

10.Қазақстанның әлеуметтік ойының тарихы. Ш. Уәлиханов )1835-1868) әлеуметтік идеялары.

Шоқан Уэлиханов (1835-1868). Шоқан - қазақ тарихы мен эдебиетін, фольклоры мен этнографиясын зерттеуші, ағартушы ұлы ғалым. Ол - публицист жазушы. Шоқанның ағартушылық, демократтық көзқарастарындағы философиялық-материалистік дүниетаным сипаттары. Шоқанның фольклор, эдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы зерттеу еңбекткрі. Шоқанның қазақ ақындары өнері, Абылайхан жэне қазақ батырларына арналған тарихи жырлар туралы жазғандары. Шоқанның қырғыз тарихына жэне фольклорына байланысты жазғандары, зерттеулері. Ғылыми очерктері мен күнделіктеріндегі жазушылық- публицистік, суреткерлік шеберлік белгілері. Шоқанның хаттары, ондағы демократиялық, ағартушылық көзқарастары.

11.Әлеуметтік-экономикалық, саяси реформа қажеттілігі. Ы.Алтынсариннің (1841-1889) қазақ даласында мектеп ашуы. А. Құнанбаев )1845-1904) «Ерік, ақыл, білім» негізінде бола алатын қазақ қоғамының прогресі.

Саясатқа ат салысқан тұңғыш ұстаз - Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) халықты дүниеге "дұрыс көзқараспен" қарауға тәрбиелеуді өзінің негізгі мақсаты етіп қойған.

Тек білім, ағартушылық қана бұқара халықты билеп-төстеушілердің қысым қыспағынан құтқара алады деп, барлық күш-жігерін олардың білімін көтеруге арнаған. 1887ж. Ырғызда 20 адамдық интернат және қазақ қыздарына арнайы мектеп ашқан.

Қазақ даласының ғұлама ойшылы - Абай Құнанбаев (1845-1904). Ол қазақ халқының мүддесі үшін күресте достық, татулық, бірлік- керектігіне назар аударды. Ол адамның "ақыл, ғылым, қайрат" арқылы жоғары дәрежеге көтеріліп, асқақтайтындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]