- •1.Әлеуметтанудың ғылым және оқу пәні ретінде пайда болу және даму тарихы.
- •2.Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңдері
- •12) Тұлғаның әлеуметтануы.
- •13) Адам, индивид, тұлға түсінігі және олардың қатынасы.
- •14) Тұлғаны әлеуметтендеру түсінігі және оның сатылары.
- •15) Девиантты мінез-құлық және оның себептері
- •16)Тұ лға әлеуметтік категория ретінде.?????
- •17) Тұлғаның әлеуметтік статусы
- •18) Тұлғаны әлеуметтендерудің жастық сатылары
- •19) Әлеуметтік,,адаптация,мен,интериоризация?
- •22. Девиантты мінез-құлықтың позитивті және негативті сфералары
- •24.Әлеуметтік стратификация.
- •32.Билік және әлеуметтік құрылым.
- •43.Қоғамның әлеуметтік зерттеуінің топтық және стратификациялық жолы.
- •44.Қоғамның әлеуметтік құрылымы, әлеуметтік қауымдастықтардың басқа түрлері.
- •46.Этноұлттық қоғамдардың тарихи типтері. Туыс, тайпа, ұлт.
- •47.Урбанизацияның қазіргі үрдісі.
- •49. Қоғамдағы ұлттық және этникалық қауымдастықтар.
- •50. Ұлттық сұрақ және оның құрылымы.
- •51. Жанұя әлеуметтануы. Жанұяның даму кезеңдері.
- •53. Шектеулі проискуитет, топтық неке, жұптық неке.
- •54. Моногамды жанұяның пайда болуы.
- •56. Жанұя қоғамның әлеуметтік ұяшығы ретінде және қазіргі жанұяның негізгі қызметтері.
- •58. Әлемдік ғылымның қазіргі жағдайы.
- •61. Қазақстандағы жекеменшік жоо-ның пайда болу алғышарттары.
- •62. Білім беру сапасын реттеудегі мемлекеттің рөлі.
- •65. Мемлекеттің жастар саясаты.
- •66. Тмд елдеріндегі жастарды әлеуметтік және құқықтық қорғау
- •72 Әлеуметтік санкциялар. Бақылау әдістері.
- •80. Әлеуметтік зерттеулердің әдісі және техникасы.
- •82. Әлеуметтік зерттеуді жасау кезеңдері және процедуралары
- •83. Әлеуметтік зерттеулердің мақсаттары мен міндеттерін анықтау.
- •84. Азаматтық қоғам. Зерттеу мәселесін қалыптастыру.
- •85. Түсініктерді операционализациялау. Әлеуметтік зерттеулердің таңдауларын анықтау.
- •87. Әлеуметтік ақпаратты жинау әдістері.
- •89. Социометрия әдісі, құжаттарды талдау әдісі, бақылау әдісі, сұрау әдісі және оның негізгі түрлері.
- •90. Әлеуметтанудағы контент-анализ.
- •92. Экспериментті ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар.
- •93.Әлеуметтік ақпараттарды талдау және талдау нәтижелерін басқару тәжірибесінде қолдану.
- •94. Әлеуметтік зерттеу қорытындыларын қолмен және машинамен өңдеу.
- •95. Көп көлемдегі ақпаратты өңдеудегі эвм-нің рөлі
- •96. Әлеуметтанудағы қарапайым бөлу түсінігі.
- •98. Зерттеу барысында алынған нәтижелерді басты жиынтықтар үшін, таңдаулы
- •99. Әлеуметтік есептерді құруға қойылатын әдістемелік талаптар.
- •100.Азаматтық қоғам түсінігі.
85. Түсініктерді операционализациялау. Әлеуметтік зерттеулердің таңдауларын анықтау.
Әлеуметтік зерттеу дегеніміз не?
Дәйекті фактілер мен мағлұматтарды алуды
ескеретін әдістемелік, методикалық,
ұйымдық-техникалық рәсімдердің
әлеуметтік басқару ісінде қолданылатын
бірізді логикалық жүйе болып табылады.
86. Әлеуметтік зерттеу бағдарламасындағы гипотезалар.
Гипотеза – зерттеу барысын ұйымдастырып, оның өзіне тән
ішкі логикалық құрылымына бағындыратын негізгі әдістемелік
құрал болып табылады.
Зерттеуді жүргізу барысында пайда болатын гипотезалар –
әлеуметтік объектілердің ішкі құрылымы, зерттелінетін
әлеуметтік құбылыстар арасындағы қарым-қатынастар мен
әлеуметтік мәселелерді шешу үшін қолдануға жарамды амал-
жолдарды ұсынатын жорамалдар болып табылады.
Гипотезалар өмірдегі нақты бір құбылыстарға бақылау жүргізу
мен ол құбылыстардың туғызатын жағдайлар мен себеп-
салдар жайындағы тұжырымдардан бастау алады.
Гипотеза мәселенің себеп-салдарын түсіндіруге бағытталған
жорамал болып табылады.
5 .Зерттеу гипотезаларын тұжырымдау
Зерттеудің жалпы бағыты тұжырымдалған гипотезалармен белгілену керек.
Гипотеза - бұл ғылыми ұсыныс, қандай да бір фактілерді, құбылыс пен үрдістерді түсіндіруге, оларды мойындау немесе жоққа шығарудан тұрады Ғылыми гипотеза, тек зерттеу объектісін алдын ала талдау нәтижесінде ғана тұжырымдалуы мүмкін болады.
Ғылыми негізделген гипотеза бірқатар талаптарға жауап беру керек:
1) әлеуметтік үрдістердің ғылыми танымының теоретико-әдістемелік негізі болатын, жалпы социологиялық қағида принциптеріне сай келу керек;
2)әлеуметтік фактілерді түсіндіретін гипотезалар, бірқатар салаларда ақиқаттылығы берілген салада дәлелденген қағидаларға қарама-қайшы келмеу керек. Бірақ жаңа қағидалар ескі қағидаларға қарама-қайшы келуі мүмкін.
Гипотезалардың дәйектігін өсіру үшін, келесі ережелерді жетекшілікке алу жөн: өзара байланысты гипотезалардың мүмкін біршама көп санын қоюға ұмтылу және әр гипотеза үшін мүмкін эмпирикалық көрсеткіштерді белгілеуге тырысу керек. Әлеуметтік объекті зерттеуде бейнелеу және түсіндірмелі гипотезаларды ажыратады.
87. Әлеуметтік ақпаратты жинау әдістері.
Социологиялық зерттеу - методологиялық, методикалық және ұйымдастырмалы – техникалық процедуралардың логикалық жалғастырмалы жүйесі, бір-бірімен ортақ мақсатпен байланысты: зерттеу құбылысы немесе үрдісі жөнінде мәлімет алу және оны әлеуметтік басқару тәжірибесінде қолдану.
Социологиялық зерттеу төрт өзара байланысқан кезеңнен тұрады:
- зерттеуге дайындық;
- бастапқы ақпаратты жинақтау;
- жиналған ақпаратты өңдеу және ЭВМда өңдеуге дайындау;
- өңделген ақпаратты талдау. Зерттеу нәтижелері бойынша, есеп дайындау, қорытындыларды және кепілдемені тұжырымдау.
Барлау зерттеу – социологиялық зертеулердің ең қарапайым түрі. Ол шағын зерттеу жиынтығын қамтиды және қарапайым бағдарлама мен көлемі қысылған инструментарийге негізделеді. Барлау зерттеу терең және көлемді зерттеудің алдын ала сатысы ретінде қолданылуы мүмкін (егер қиындық аз немесе мүлде зерттелмеген жағдайда). Бастапқы ақпарат жинаудың ең қарапайым әдісі қолданылады (әдейі әдебиеттің анализі, эксперттерді сұрау).
Суреттеу зерттеу. Мақсаты мен міндеті бойынша, ол зерттеу құбылысы және оның құрылымдық кезеңдері жөнінде біршама тұтас түсінік беретін эмпирикалық мағлұматтарды алуды көздейді. Толық өңделген бағдарлама бойынша жүргізіледі. Суреттеу зерттеу түрі талдау объектісі - үлкен адамдар қауымдастығы (қала, аудан, облыс, аумақ халқы) болған кезде қолданылады.
Аналитикалық зерттеу – зерттелетін құбылыстың құрылымдық элементтерін бейнелеуді ғана мақсат қоймайды, сондай–ақ тәжірибелік құндылығы жоғары болып келетін негізінің себептерін айқындауға бағытталған, социологиялық зерттеудің тереңдетілген түрі болып табылады. Аналитикалық зерттеу дайындығы біршама уақыт талап ететін, мұқият құрастырылған бағдарлама мен инстументарийды талап етеді. Зерттеу объекті жөнінде көрініс алу үшін, барлау және бейнелеу зерттеу түрлерін қолданады. Қолданылған әдістер негізінде бұл зерттеу жиынтық сипатқа ие болады. (зерттеудің әртүрлі әдістері қолданылады)Социологиялық зерттеу түрін таңдаудан кейін, социологиялық зерттеу бағдарламасын құрастыруға көшеді. Бұл құжаттың ғылыми негізделу дәрежесінен жүргізілген социологиялық зерттеудің сапалық деңгейі айқындалады.
88. Қолданбалы әлеуметтану әдістері ғылыми ақпарат алу және әлеуметтік үрдістерді талдау құралы ретінде.
Қолданбалы социология[1] – социология ғылымының бір саласы.
Ол ғылыми теорияға сүйене отырып, әр түрлі тарихи жағдайлардағы әлеуметтік заңдардың өмір сүру түрлері мен механизмдерін зерттейді. Мұнда нақтылы іс-тәжірибелік ұсыныстардың ерекше маңызы бар. Осыған байланысты қолданбалы социология әлеуметтік технология, әлеуметтік гигиена, әлеуметтік терапия секілдіғылым салаларымен ұштасады.
Қолданбалы социология мынадай әлеуметтік-тәжірибелік міндеттерді шешуге қатысады:
1) әлеуметтік-экономика және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырудың ықтимал нәтижелері мен кезеңдерін және шаруашылық механизмді, әлеуметтік қамтамасыз етуді жетілдірумен, мәдениеттің дамуымен, жалақы мен кірісті мемлекеттік реттеумен, еңбек қызметін ынталандырумен, т.б. байланысты әлеуметтік саясат саласындағы бағдарламалар мен шараларды дайындау, талдау және бағалау;
2) әлеуметтік-жоспарлау және жобалау үшін кешенді шаруашылық және әлеуметтік басымдылықтарды тұжырымдаудың өлшемі ретінде әлеуметтік көрсеткіштер жүйесін жасау және сол бойынша түрлі аймақтарда, шаруашылық салаларында және әлеуметтік қауымдастықтардағы даму бағыттарын талдау;
3) жекелеген аймақтарда, салаларда, ұйымдар мен ұжымдарда туындайтын тәжірибелік әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын зерттеу. Қолданбалы социологияда қандай да бір мәселені шешу кезінде әр түрлі әлеуметтік топтардың қызығушылығы мен белсенділігін анықтауға ерекше көңіл бөлінеді. Оның тиімділігі әлеуметтік тапсырыспен айқындалатын зерттеу нысанына байланысты.
Қолданбалы социологиялық зерттеулер әлеуметтік теориялардың тәжірибелік негізін құрайтын деректерді немесе тапсырысқа байланысты дербес, нақтылы-қолданбалы сипатқа ие болатын мәлімет жүйелерін алуға бағытталған. Қолданбалы социологияны дамытуда оның іргелі социология зерттеулермен байланысының тереңдеуі, әлеуметтік сынақ әдісін тиімді пайдалану, әлеуметтік ақпарат банкін құру, сондай-ақ арнаулы социолог мамандарды даярлаумен қамтамасыз етудің маңызы зор.
