Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sotsiol_otvet.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
643.58 Кб
Скачать

82. Әлеуметтік зерттеуді жасау кезеңдері және процедуралары

Жалпы, социологиялық зерттеудің логикасы оның өткізілу кезеңдерімен анықталады. Социологиялық зерттеу кезеңдерінің көпшілік мақұлдаған жіктелімін келтірейік:

1 кезең. Социологиялық сұрауға дайындалу:

Бағдарлама жасау (мақсаттар мен міндеттер қою, негізгі және жұмыс болжамдарын ұсыну, ұғымдардың операциялануы, репрезентативтілікті есептеу);

Эмпирикалық ақпарат жинау үшін құралдар жиынтығын (сауалнама) жасау.

2 кезең. Эмпирикалық ақпарат жинау:сұрауды ұйымдастыру (сұхбат алушыларды іріктеп алу, сұрау учаскелерін бөлу, қаржы-техникалық мәселелерін шешу және т.б.);сұрау жүргізу (респонденттерді іздеу, байланысқа шығу,, сұхбат алу және т.б.).

3 кезең. Социологиялық мәліметтерді өңдеу және түсініктеме беру:алынған ақпаратты компьютерлік мәліметтер базасына енгізу (макет дайындау, сауалнамаларды енгізу);сызықтық есептер мен әлеуметтік-демографиялық салалар бойынша есептерді өңдеу және шығару;

4 кезең. Алынған мәліметтерді талдау:Алғашқы талдау жүргізу (сұрау нәтижесінде анықталған тәуелділіктерді тіркеу, кестелер, диаграммалар жасау және т.б.);Мәліметтерді қайта талдау (салыстырмалы талдау, қосымша ақпарат тарту, жаңа болжамдар ұсыну);

Зерттеудің соңғы есебін дайындау;

Талдамалық қысқа хаттар, әр түрлі материалдар, мақалалар және т.б. жазу;

Оқулықтың осы бөлімінде социологиялық зерттеу кезеңдерінің әрқайсысында жасалынатын социологтар қызметінің сипаттамасы берілген. Бұл тарауда кез келген социологиялық зерттеуді дайындаудың екі принциптік кезеңдері - оның бағдарламасын және зерттеудің іріктеу есебін жасау жөнінде айтылады.

83. Әлеуметтік зерттеулердің мақсаттары мен міндеттерін анықтау.

Әлеуметтік зерттеудің мақсаты

– анықталған мәселені шешу мақсатымен қолданылатын шараларды әзірлеу

үшін белгілі бір әлеуметтік объектіні зерделеу.

Мысал ретінде мақсат мынадай болуы мүмкін:

- Жамбыл облысындағы Х ауылының әлеуметтік мәселелерін шешу үшін

қажетті бірінші кезекті міндеттерді айқындау

- Жамбыл облысындағы фермер қожалықтары басшыларының өз

ауылдарындағы ауыл шаруашылығын дамыту мүмкіндіктері мен

қиыншылықтары жайында пікірлерін зерделеу

- мектепке дейінгі білім беру мекемелер қызметін тұтынушыларының сол

мекемелердің жұмыс нәтижесі және білім беру сапасы жайында пікірлерін

зерделеу

- Жамбыл облысының мәдениет орындарына барушылардың дәмелері

мен қалауларын зерделеу

Әлеуметтік зерттеудің міндеттері - белгілі бір әлеуметтік мәселені талдап,

оны шешуге бағытталған нақты әрекеттер жүйесі. Зерттеуді жүргізу

барысында қандай мәлімет жинастыру тиіс?

ҮМ 5. Зерттеудің мақсатын айқындау

ҮМ 5.1. Мақсатты белгілеу

84. Азаматтық қоғам. Зерттеу мәселесін қалыптастыру.

Азаматтық қоғам – саяси өкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы. Қандай да болмасын қоғамдық мәні бар идеяларды қабылдау қашанда сұхбатты, яғни сұхбаттасушы жақтардың түрлі көзқарастарын және маңызды тепе-теңдігін білдіреді. Ешкім ешкімге өз түсінігін мойындатуды да, ешкім ешкімді дәлме-дәл қайталауды да мақсат етпейді. Идеялар белгілі қоғамның, әлеуметтік дамудың талаптарына сәйкес келетіндіктен қабыл алынады. Сондай идеялардың қатарына азаматтық қоғам идеясы жатады. Азаматтық қоғам туралы әр түрлі көзқарастар, әр түрлі бағдарлар бар. Қазірде азаматтық қоғамның жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Дегенмен әлемдік әлеуметтік-философиялық ғылымда бұл феноменді зерттеудің екі түрлі бабы бар. Біріншісі азаматтық қоғамды әлеуметтік әмбебап категория ретінде қарастырады. Бұл ұғымға олар мемлекетке, өкімет құрылымдарына қарама-қарсы қойылған қоғамдық қарым-қатынастардың бүкіл жиынтығын сыйғызады. Екіншілері азаматтық қоғам ұғымының мағынасына шынайы батыстық феноменді жатқызады да, оны буржуазиялық (нарықтық- демократиялық) қарым-қатынастардың қалыптасуымен байланыстырады. Азаматтық қоғам деп адамның жеке тұлғасының және бейресми, мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың дамуына қолайлы жағдай туғызатын әлеуметтік тәртіп түрін айтады. Аталған мемлекеттік емес ұйымдардың іс-әрекеті арқылы ғана жеке адам социумның, әлеуметтің даму жолына әсерін тигізе алады. Сондықтан да азаматтық қоғамды коммуникацияның, қарым-қатынастың өзіндік ерекше формасы деп қарастырса да болғандай, себебі азаматтық қоғам арқылы мемлекет пен азамат арасындағы сұхбат жүзеге асады. Азаматтық қоғам өкімет, билік құрылымдарынан тысқары жатқан әлеуметтік байланысты танытады. Азаматтық қоғам аса дамыған экономикалық, мәдени, саяси, құқықтық қарым-қатынастар болуын талап етеді. Егер біз мемлекетті билік институты, бақылау және жазалау көзі ретінде қарастыратын болсақ, онда азаматтық қоғамды оған қарама-қарсы құрылым ретінде абсолютті еркіндік — анархия деп түсіну дұрыс емес. Шындығында әлеуметтік біртұтастықты қалыптастыратын осы екі бөлік бірін-бірі толықтыра отырып өмір сүреді. Мемлекетсіз азаматтық қоғам жоқ. Онсыз ретсіздік, төртіпсіздік, хаос, ұйымдаспағандық, ыдырау ғана мүмкін. Және де, керісінше, дамымаған азаматтық қоғамсыз демократиялық, құқықтық мемлекет те жоқ, тек зорлық-зомбылық, басыбайлық, тирания ғана бар. Азаматтық қоғамның пайда болуын іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі азаматтың пайда болуымен байланыстыратын көзқарастар да жоқ емес. Азамат белгілі құқықтар мен міндеттерге ие болған іс-әрекет субъектісі. Азаматтық қоғамды осы тұрғыдан түсіндірудің бастамасы антикалық полис феноменімен байланысты. Азаматтық қоғам - ол жеке тұлғаның негiзгi құқықтыры мен еркiндiктерi заң жүзiнде қамтамасыз етiлетiн және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесiмдi дaмығaн қoғaм. Оны iшкiмемлекеттiк қaтынacтapдың дамуына ықпал жасайтын адамдар топтарының ұйымдасқан әpeкeтi ретiнде де aнықтayғa болады. Қoғaм мүдделерiне бағытталған азаматтық бастама азаматтық қoғaмның маңызды белгiсi болып табылады. Дамыған демократиялық мемлекеттер, сонымен қатар өркендеген азаматтық қoғaмaдap да болып табылады. Сонымен бiрге азаматтық қoғaмның дамуына бағытталған түрлi әлеуметтiк топтардың немесе жеке азаматтардың бастамалары (азаматтық бастамалар аталынатын) мемлекет арқылы қабылданады және оны жетiлдiре түceai. Дамушы және «өтпелi экономика» мемлекеттерiне жататын елдерде жағдай бiршама басқаша. Coңғылары азаматтық бастамалар мемлекет құрылысының тiкелей мiндеттерi шектерiнен шығып кeтyiнe байланысты азаматтық бастамаларға күдікпен қарайды.[1]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]