Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sotsiol_otvet.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
643.58 Кб
Скачать

72 Әлеуметтік санкциялар. Бақылау әдістері.

Санкция-жағымсыз жағдайларды көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Әлеуметтік бақылау – (социальная контроль) әлеуметтік институттардың, мекемелердің, қоғамның сан алуан салаларының қызметіне, әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың әс - әрекетіне қоғамдық мүдделер мен әлеуметтік ғұрыптар тұрғысынан баға беру және тыйым салу механизмі.1. Бақылау әдісі- қоғамдық құбылысты қабылдаудан, жазып қоюдан және түсіндірме жазудан тұрады.Санкция, ықпалшара (лат. sanctіo – аса қатаң қаулы) — құқық,тық норманың бір бөлігі, шаруашылық және қаржы қызметін қалыпты жүргізу ережелерін, келісімді, шарттық немесе басқа да міндеттемелерді бұзушыларға қатысты мәжбүрлеу жолымен ықпал ету шаралары. Мынадай түрлерге бөлінеді: әкімш.-құқықтық Санкциялар (айыппұл‚ қамауға алу); тәртіптік-құқықтық Санкциялар (қызметін төмендету‚ жұмыстан босату); қылмыстық-құқықтық Санкциялар (ірі көлемдегі айыппұлдар‚ бас бостандығынан айыру); мүліктік Санкциялар (шығынның орнын толтыру‚ айыппұлдар‚ тұрақсыздық айыптары‚ мәміленің күшін жарамсыз деп тану‚ т.б.). Халықаралық Санкция — мемлекет өзінің халықар. міндеттемелерін немесе халықар. құқық нормаларын бұзғанда осы мемлекетке қолданылатын ықпал ету шаралары. Банктер тапсырыскерлеріне несие ережелерін бұзғаны үшін қолданылатын экон. және басқа ықпал ету шаралары несие Санкциясы деп аталады. Шаруашылық шарттардың (өнімді жеткізу, т.б.) бұзылғаны үшін қолданылатын ықпал ету шаралары (айыппұл, тұрақсыздық айыбы, өсімақы) тиісті ережелермен және жеткізілімнің ерекше шарттарымен, қағидалармен және жарғылармен айқындалады.

Санкция, ықпалшара (лат. sanctіo – аса қатаң қаулы) — құқық,тық норманың бір бөлігі, шаруашылық және қаржы қызметін қалыпты жүргізу ережелерін, келісімді, шарттық немесе басқа да міндеттемелерді бұзушыларға қатысты мәжбүрлеу жолымен ықпал ету шаралары. Мынадай түрлерге бөлінеді: әкімш.-құқықтық Санкциялар (айыппұл‚ қамауға алу); тәртіптік-құқықтық Санкциялар (қызметін төмендету‚ жұмыстан босату); қылмыстық-құқықтық Санкциялар (ірі көлемдегі айыппұлдар‚ бас бостандығынан айыру); мүліктік Санкциялар (шығынның орнын толтыру‚ айыппұлдар‚ тұрақсыздық айыптары‚ мәміленің күшін жарамсыз деп тану‚ т.б.). Халықаралық Санкция — мемлекет өзінің халықар. міндеттемелерін немесе халықар. құқық нормаларын бұзғанда осы мемлекетке қолданылатын ықпал ету шаралары. Банктер тапсырыскерлеріне несие ережелерін бұзғаны үшін қолданылатын экон. және басқа ықпал ету шаралары несие Санкциясы деп аталады. Шаруашылық шарттардың (өнімді жеткізу, т.б.) бұзылғаны үшін қолданылатын ықпал ету шаралары (айыппұл, тұрақсыздық айыбы, өсімақы) тиісті ережелермен және жеткізілімнің ерекше шарттарымен, қағидалармен және жарғылармен айқындалады.

73 Заң шығару типтері- конституциялық, азаматтық, қылмыстық. , « Қазақстан Республикасының Консти ту циялық Кеңесі туралы» Конституциялық заң қабылданып, соған сәйкес Негізгі Заңның ұлықтығын қамтамасыз ететін жаңа конституциялық бақылау органы – Қа зақстан Республикасының Конститу ция лық Кеңесі құрылғанына 2010 жылғы 29 желтоқсанда 15 жыл толады.

Мемлекет құрылысы тарихында конс ти туциялық бақылаудың пайда болуы конс титуциялардың өмірге келуімен, олардың іске асырылуын және қорғалуын қамта ма сыз ету қажеттігімен үздіксіз байланысты болып келеді. ХХ ғасырдың басына дейін ол Еуропа үшін бейтаныс болатын. Қазіргі дәуірде ол әмбебап сипатқа ие болды. Конституциялық бақылау – қазіргі түрінде би ліктің бөлінуі жүйесінде маңызды элемент болып табылады.

Азаматтық-құқықтық реттеу әдістері бұл – қабылдаудың, құралдардың, әдістердің жиынтығы, олардың қатынасымен құқық қоғамдық қатынастарға ықпал етеді, оларды реттейді, бірыңғайлайды және қорғайды.

Азаматтық-құқықтық әдісі жалпыға бірдей болады, оған әсер етудің императивті әдістері мен тәсілдері де, диспозитивті әдіс, тсәілдері де енеді, сонымен қатар мынадай ерекше қабілеттері болады:

1) заңды теңдік;

2) екі жақтың еркіндік автономиясы;

3) екі жақтың мүліктік дербестігі;.

4) азаматтық құқықты қорғау;

5) азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің мүліктік сипаты.

Қылмыстық-атқару құқығының түсінігі

Қылмыстық жаза дегеніміз қылмыс жасаған кінәлі адамға сот үкімімен тағайындалатын қылмыстық заңмен бекітілген мемлекеттік күштеудің ерекше шарасы.

Сот қылмыстық жаза тағайындағанда заңда көрсетілген қылмыстық жаза мақсатына жету жолдарын қарастырады. Қылмыстық жаза мақсаты ҚР Қылмыстық кодексінің 38-бабында, ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 2-бабында көрсетілген. Қылмыстық жазаның мақсаты болып саналатындар:

- әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;

- сотталғандарды түзеу;

- сотталғандардың жаңа қылмыстар жасауының алдын алу (арнайы алдын алу);

- өзге адамдардың жаңа қылмыстар жасауының алдын алу (жалпы алдын алу).

Сот тағайындаған қылмыстық жазаны орындаған кезде әр алуан қоғамдық қатынастар туындайды. Қылмыстық-атқару құқығы сол қоғамдық қатынастарды реттейді. 74) . Әлемдік әлеуметтік ойдағы жаһандық мәселелер.

Әлемдік  тәртіптер мен қатынастар үнемі  өзгерісте. Әрбір мемлекет осы жүйеден өз орнын алуға тырмысады. Адамзаттың жалпы дамуы барлық мемлекеттер еріксіз есептесетін ортақ заңдылықтарды және даму тенденцияларын тудырады. Әлемдік тәртіптерге жаһандық экологиялық өзгерістер, соғыстар қаупі, ядролық қауіпсіздік, азық-түлік тапшылығы, әлемдік ортақ ақпараттану, түрлі індет аурулары, индустриалдық-техникалық ортақтану, техногендік катастрофалар, халықаралық терроризм, наркотрафик, халықаралық заңсыз қару сату, халықаралық қылмыскерлік, адамдарды құлдыққа сату, діни экстримизм т.б. әлемдік қауіптер мен қайшылықтар үздіксіз өз ықпалдарын тигізіп отырды.Ашық, ақпараттық, технологиялық қоғамдар құру жағдайында аталған қауіптер әрбір халыққа, әрбір мемлекетке және олардың азаматтарына өздерінің әсерін тікелей, немесе жанама түрде тигізеді. Әлемдік қауіптердің шиеленісуі әлемдік экономикалық, қаржылық дағдарыстарға себеп болуда. Жаһандық дағдарыстардан әрбір мемлекет зардап шегеді. Сондықтан әрбір мемлекет әлемдік дамудың ортақ мәселелерін шешуге мүдделі. Бірақта, қандай қуатты болмасын жеке бір мемлекет әлемдік мәселелерді шешуге қауқарсыз. Жаһандық қауіптер мен қайшылықтарға қарсы барлық мемлекеттердің бірлескен әрекеттері мен ортақ шаралары қажет. Әлемдік саясат мәні осындай зәруліктен туындайды. Әлемдік саясат-халықаралық қатынастар субъектілерінің, саяси акторлардың әлемдік мәселелерді, қауіптерді және қайшылықтарды бірлесіп шешуін ұйымдастырудың жолдары, бағыттары және әдістері болып табылады. Әлемдік саясат жаһандық мазмұндағы саясат. Себебі ол барлық халықтар мен мемлекеттерге ортақ саяси шындыққа тікелей қатысты.Әлемдік саясат көпқабатты және көпжақты құбылыс. Себебі оның қызметі жаһандық өзгерістердің және жаңа құбылыстардың тууына байланысты. Мысалы, ғаламшардың жаһандық жылынуы әлем халықтарына түрлі табиғи апаттар әкелуде. Сондықтан өндірістің зиянды қалдықтарын азайтуға әрбір мемлекет мүдделі деп есептеледі. Алайда көпшілік мемлекетер өздерінің, капитал мүдделеріне әлі де болса басымдылық беруде. Өндіріс дамуда, зиянды қалдықтар өсе түсуде. Ал, әлемдік саясат адамзатты сақтау үшін әр ел өзінің эгоистік, ұлттық мүдделеріне тиым салу қажеттілігін талап етуде. 75) Адамзаттың жаһандық мәселелері, ядролық қарулану және адамзаттың өмір сүру мәселесі. Адамзаттың жаһандық мәселелері – ғаламшарымыздың барлық тұрғындарының өмірлік қызығушылығын қозғайтын және бұл мәселелерді әлемнің барлық мемлекеттері ортақтасып шешетін мәселелер. Адамзаттың жаһандық мәселелеріне жататындар: Оңтүстік-Солтүстік мәселесі; азық-түлік мәселесі; кедейлік мәселесі; энергетика мәселесі; экология мен тұрақты даму әселесі; әлемдік мұхитты меңгеру мәселесі; демография мәселесі; АИВ инфекциясы және т.б. Бұл тізім тұрақты емес. Сонымен қатар, өркениеттің дамуымен бірге жаңа жаһандық мәселелер туып отырады (ғарыштық енңістікті игеру, климатты қадағалау т.б.)

76. Азық-түлік, экология мәселелерін шешу. Қазіргі таңда азық-түлік қауіп сіздігі, халықты сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету өте күрделі және өзекті мәселе болып келеді. Бұл еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің бір бөлігі, себебі, бірде-бір мемлекет халықтың сапалы тамақ өнімдеріне деген сұранысын қанағаттандырмай, ұлттық, соның ішінде экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі мүмкін емес. Ха лық тың азық-түлік қауіпсіздігін қам тамасыз етпей тұрып, елдің эконо микалық, саяси немесе ұлттық қауіп сіздігін қамтамасыз ету туралы айту, әрине, оңайға соқпайды. Сондықтан да, мемлекетіміздегі азық-түлік қауіп сіздігін толыққанды қамтамасыз ету мәселесі, менің ойымша, еліміздің Ата Заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясынан бастау алуы қажет. Оның адам және азамат туралы та рауына адам мен азаматтың сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдеріне деген құқығын толыққанды бекіткен жөн. Азық-түлік қауіпсіздігін қамта масыз ету жүйесінің тұрақтылық көр сеткіші –тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, яғни, тамақ өнiмдерiнiң оларды әдеттегi жағдайда пайда ла ну кезiнде зиянды болып табыл майтындығы, қазiргi және келешек ұрпақтың денсаулығына қауiп туғыз байтындығына негiзделген се німділік пен сапаның болуы. Соңғы жылдары бұл мәселе өзінің маңыз дылығын көрсетуде. Себебі, тамақ өнім дерінің отандық нарығына тү се тін өнімдер сапасының төмендігі бай қалуда. Сақтау мерзімі өткен, адам ден саулығының қауіпсіздігіне жауап бермейтін, көп жағдайда, генетикалық түрлендірілген шикізат тардан жасалған импортты өнімдер саудаға түсуде. – «Тамақ өнімдерінің сапалылығына көңіл бөлуіміз керек» дегенді жиі ай тып жатамыз. Еліміз Кеден одағына мүше болғаннан бері бірталай та мақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапа сын, тасымалдануы мен өткізілуін рет тей тін техникалық регламенттер қабыл дағанын білеміз. Сонда сіздің айтып отырған сөзіңізге қарағанда, бұл аталған нор мативтік актілердің талап тары орын далмай отырғаны ғой?– Мәселен, нан және нан өнім де рінің сапасына қойылатын талаптар регламентіне сәйкес, аталған өнім дер химиялық зиянды заттардан бө лек сақталуы, тасымалдануы тиіс де лін ген. Алысқа ұзамай-ақ, небары 18 шаршы метрлік орынды дүкен етіп отыр ған кәсіпкерлердің тірлігіне көз жүгіртейікші. Бұл дүкенде нан да, бәліш те, тырнаққа арналған лак та, тіпті, оны кетіретін ацетон да қатар қойылып сатылып жатыр. Аядай тоңа зытқыштың ішінде сүт өнімдері мен ет өнімдері қатар қойылған. Ал, енді мұндай дү кен нен алынған тағамның сапасына қан ша лықты сенуге болады? Оны қалай денсаулығымызға зиянын тигізбейді деп айта аламыз? Бұл сұ рақтың шешімін табу үшін, менің пікі рімше, осындай шағын дүкендердің қызметіне жол бермей, олардың белгілі талаптарға сай болуын қамтамасыз етуіміз қажет.Тағы бір ескерте кетерлігі, тамақ өнім дерінің радиациялық қауіпсіздігі. Егер көңіл бөліп қарасаңыздар, қазіргі тамақ өнімдерінде радиациялық таза өнім белгісі қойылмаған. Бұл өнімнің бүгінгідей экологиялық дағдарыс жағ дайында, қаншалықты радиациялық таза екендігі немесе бақылаудан қа лай өткендігі, өнімнің буып-түю ыды сының радиациялық тазалығы нор мативке сай ма, жоқ па, ол жағы да көп теген сауалдарды туындатады. Осын дай сұрақтарға жауап беру үшін қол даныстағы бірқатар экологиялық, денсаулық, техникалық реттеу, ра диа циялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы заңнамаларға өз ге ріс тер енгізіліп, олар тамақ өнімдеріне радиациялық таза өнім белгісін беру тәртібі, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі сияқты нормалармен толықтырылуы қажет. Жоғарыда аталған осы шара лар жүзеге асырылған жағдайда ғана халықты сапалы және өмірі мен ден саулығына қауіпсіз тамақ өнім дерімен қамтамасыз етуге болар еді. 77. Әлеуметтік экологияның теориялық негіздері.

Қазіргі кезде экология ғылымы көптеген басқа да ғылымдармен тығыз байланыста дамып, жаңа ғылым салалары мен бағыттары пайда болуда. Мысалы, әлеуметтік экология, өнеркәсіптік экология, геоэкология, инженерлік экология, ауыл шаруашылығы экологиясы, ғаламдық экология және т.б. экология — табиғат пен қоғам арасындағы өзара карым-қатынас заңдылықтарын "табиғат + адам + қоғам" жүйесі негізінде зерттейді.Әлеуметтік экологиялық мәселелер – автомобильді жолдар, автомобильдер жолақтарының географиялық ортаны иемденетін қоғам, мемлекет арасындағы мәселелері. Бұл – жекеленген жерлерге қатты жабындығы бар автомобильді жолдарды дамыту мақсатында жүргізу, көп жолақты трассаларды жасау өндірістік, ауылшаруашылық, рекреациялық, стратегиялық аудандарды қосуға мүмкіншілік береді, сонымен қатар халықты орналастыру, инфрақұрылым жасау және басқару мәселелерін шешеді. Бұл әлеуметтік жүйе. 78. Экологияның технологиялық сұрақтары. Қазіргі уақыттағы экологиялық қозғалыстар. Адам әрекеті нәтижесінде табиғи кешендердің өзгеруі Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырак, өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматының өзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі – мелиорация. Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет. Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын есепке ала отырып Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады.Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады. Ұлттық экологиялық проблемалареа экологиялық апатты аймақтар; Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар.Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті.Қазақстандағы сансыз ядролық зерттеулердің салдарлары әлі де толық зерттелген жоқ. Белгілі ақын Олжас Сүлейменовтыңбасшылығымен Невада—Семей экологиялық қозғалысы Семей ядролық полигонында сынақтар өткізуге толық тыйым салды. Бұл қозғалысқа Қазақстанның көптеген халқы кеңінен қатысты. Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев республикада ядролық сынақтар өткізуге мораторий жариялады. (Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына 1991 жылы тамыздың 29-да қол қойылды.) Соңғы сынақтардан бері он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, Семей ядролық полигонының белдемі күні бүгінге дейін экологиялық кауіпті аудан болып есептеледі. Өйткені онда ұзақ сақталатын радиоактивті заттар жинақталған. Полигон аймағында күні бүгінге дейін топырақ және өсімдіктер ластанған. Қазақстан Үкіметі Семей ядролық полигонымен шектесіп жатқан аудандар аймағындағы экологиялық жағдайды жеңілдету жөнінде бірқатар шұғыл шаралар қабылдады. АҚШ пен Жапония үкіметтері Семей ядролық полигоны аймағында экологиялық зерттеулерді жүргізуге елеулі қаржылық көмек көрсетуде.[1] КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. 1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді. Басқа ядролық державалармен салыстырғанда, Қазақстан аумағында қиратқыш әлуеті жағынан орасан зор ядролық арсенал болды. Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін. Қазақстан стратегиялық қару-жарақ пен оны жеткізу құралдары орналастырылған жай ғана орын болған жоқ. Біздің елде жайласқан сұмдық әскери-техникалық әлует қуаты жағынан тұтас бір индустрия, өзіндік бір «мемлекет ішіндегі мемлекет» еді. КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Қазақстан толық әскери ядролық циклды: ядролық қаруды сынау, жаңғырту және өндіру циклын жүзеге асыру мүмкіндігі алды. Негізгі бөлімНевада-Семей полигонының инфрақұрылымыСол ядролық сынақ полигондарының бірі – Семей полигоны Кеңес Одағының аса маңызды стратегиялық объектісі болды. Осынау полигонның кемел инфрақұрылымы: Курчатов қаласын (Семей – 21), реакторлар кешенін, «Балапан», «Г» (Дегелеңдегі сейсмокешен), «Ш» («Тәжірибелік алаң» дейтін) сынақ алаңдарын, толып жатқан басқа да ұсақ тәжірибелік алаңдарды қамтиды. Семей ядролық полигонның осынау тәжірибелік алаңдарында 456 ядролық жарылыс жасалды. Осынау сынақтар атом қаруының қиратқыш қаруын айтарлықтай арттыруға ғана емес, оның жаңа түрлерін де жасауға мүмкіндік берді. 79. Қазақстан Республикасындағы экологиялық қозғалыстар мәселе

Қазіргі кезеңдегі саяси қозғалыстар. Қазіргі уаққыта мынадай саяси қозғалыстар бар:Консервативтік бағыттағы қозғалыстар: өткенді көксеу, дәріптеу, оны сынсыз қабылдау, сонымен қатарлы дәстүрлі саяси формалар мен институттарға ерекше сенім арту:

Реформистік бағыттағы қозғалыстар: олар капиталистік қоғамды бірте – бірте реформалауды мақсат етеді: Демократиялық қозғалыстар: өзекті мәселелерді демократиялық тұрғыда шешуге бағытталған әр түрлі либералдық, діни, бейбітшілік және т.б. ұйымдардың қызметі:

Неоконсервативтік қозғалыстар: мемлекеттік капитал мүддесіне бағыну, қызмет ету, жеке- дара белсенділікті, әлеуметтік- теңсіздікті қолдау, дәстурлі моралдық мұраттарды дамытуды көздейді:

Революциялық бағыттағы қозғалыстар: бұлар қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымында сапалы өзгерістер жасау арқылы дамудың прогрессифті жолына түсуді көздейтін жұмысшы және коммунистік қозғалыстар.

Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар баршылық. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады.

Экологиялық бағыттағы ұйымдар.Оларға жататындар «Невада-Семей» қозғалысы, «Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті, «Табиғат» комитеті, т.с.с.

Ұлт мәселесін шешуге тырысқан топтар. Оларға: Қазақстанның «Азат»азаматтық қозғалысы, славяндардың республикалық қоғамдық «Лад» қозғалысы, «Русская община», «Единство» қоғамдық бірлестігі, республикадағы казактар қозғалысы, неміс, ұйғыр, грек, кәріс және т.б. мәдениет орталықтары

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]