- •1.Әлеуметтанудың ғылым және оқу пәні ретінде пайда болу және даму тарихы.
- •2.Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңдері
- •12) Тұлғаның әлеуметтануы.
- •13) Адам, индивид, тұлға түсінігі және олардың қатынасы.
- •14) Тұлғаны әлеуметтендеру түсінігі және оның сатылары.
- •15) Девиантты мінез-құлық және оның себептері
- •16)Тұ лға әлеуметтік категория ретінде.?????
- •17) Тұлғаның әлеуметтік статусы
- •18) Тұлғаны әлеуметтендерудің жастық сатылары
- •19) Әлеуметтік,,адаптация,мен,интериоризация?
- •22. Девиантты мінез-құлықтың позитивті және негативті сфералары
- •24.Әлеуметтік стратификация.
- •32.Билік және әлеуметтік құрылым.
- •43.Қоғамның әлеуметтік зерттеуінің топтық және стратификациялық жолы.
- •44.Қоғамның әлеуметтік құрылымы, әлеуметтік қауымдастықтардың басқа түрлері.
- •46.Этноұлттық қоғамдардың тарихи типтері. Туыс, тайпа, ұлт.
- •47.Урбанизацияның қазіргі үрдісі.
- •49. Қоғамдағы ұлттық және этникалық қауымдастықтар.
- •50. Ұлттық сұрақ және оның құрылымы.
- •51. Жанұя әлеуметтануы. Жанұяның даму кезеңдері.
- •53. Шектеулі проискуитет, топтық неке, жұптық неке.
- •54. Моногамды жанұяның пайда болуы.
- •56. Жанұя қоғамның әлеуметтік ұяшығы ретінде және қазіргі жанұяның негізгі қызметтері.
- •58. Әлемдік ғылымның қазіргі жағдайы.
- •61. Қазақстандағы жекеменшік жоо-ның пайда болу алғышарттары.
- •62. Білім беру сапасын реттеудегі мемлекеттің рөлі.
- •65. Мемлекеттің жастар саясаты.
- •66. Тмд елдеріндегі жастарды әлеуметтік және құқықтық қорғау
- •72 Әлеуметтік санкциялар. Бақылау әдістері.
- •80. Әлеуметтік зерттеулердің әдісі және техникасы.
- •82. Әлеуметтік зерттеуді жасау кезеңдері және процедуралары
- •83. Әлеуметтік зерттеулердің мақсаттары мен міндеттерін анықтау.
- •84. Азаматтық қоғам. Зерттеу мәселесін қалыптастыру.
- •85. Түсініктерді операционализациялау. Әлеуметтік зерттеулердің таңдауларын анықтау.
- •87. Әлеуметтік ақпаратты жинау әдістері.
- •89. Социометрия әдісі, құжаттарды талдау әдісі, бақылау әдісі, сұрау әдісі және оның негізгі түрлері.
- •90. Әлеуметтанудағы контент-анализ.
- •92. Экспериментті ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар.
- •93.Әлеуметтік ақпараттарды талдау және талдау нәтижелерін басқару тәжірибесінде қолдану.
- •94. Әлеуметтік зерттеу қорытындыларын қолмен және машинамен өңдеу.
- •95. Көп көлемдегі ақпаратты өңдеудегі эвм-нің рөлі
- •96. Әлеуметтанудағы қарапайым бөлу түсінігі.
- •98. Зерттеу барысында алынған нәтижелерді басты жиынтықтар үшін, таңдаулы
- •99. Әлеуметтік есептерді құруға қойылатын әдістемелік талаптар.
- •100.Азаматтық қоғам түсінігі.
65. Мемлекеттің жастар саясаты.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты - жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту. Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жастар саясатының мына бағыттарына басылымдық беруді көздейді
1. Жастар бойында патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі рухани дамуы.2. Еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастар¬дың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету.3. Жастардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге асыруына жағдай жасау.4. Жастардың денесін шынықтырып, интел- лектуалдық дамуына жағдай жасау.5. Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру.6. Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру проңестеріне тарту. Мемлекеттік билік органдары тарапынан жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыру мәселесінде біртүтас көзқарас қалыптастыру төмендегі басты қағидалар мүддесіне орай іске асырылуы қажет:жастар мәселесіндегі демократиялық, жас азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау;өркендеу мен жаңашылдық;тұрақты негіздегі мақсатты, нақты әрі тиімді іс-қимыл;жалпыға ортақтық - барлық жастарды жынысына, үлтына, әлеуметтік жағдайына және діни ұстанымынақара- мастан жаппай қамту;жас шамасы мен әлеуметтік әртектілік проблемалары ескерілетін сараланған көзқарас;жастардың әлеуметтік жағынан неғұрлым аз қорғалған бөлігін, соның ішінде, мүгедек балаларды, денсаулығы дімкәс балаларды, жетім балаларды, көп балалы, жағдайы нашар отбасыларындағы балаларды тікелей қорғау және қолдау. Жастар саясатын қалыптастырудағы осы басты қағидалар заңнамалық және атқарушы биліктің орталық және жергілікті органдары тарапынан ескеріліп, олардың қызметтерін бағалаудың бір өлшеміне айналуы тиіс
66. Тмд елдеріндегі жастарды әлеуметтік және құқықтық қорғау
Жастардың әлеуметтік құқықтары
Қазақстан Республикасында жастардың:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік медициналық мекемелерде тегiн медициналық қызмет көрсетiлуiне;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк оқу орындарында тегiн негізгі орта, жалпы орта білім алуға, сондай-ақ мемлекеттік бiлiм беру тапсырысы негiзiнде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары бiлiм алуға;
3) жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының шешiмi бойынша жеңiлдiкті жағдайларда мемлекеттiк спорттық-сауықтыру және мәдени-ағарту ұйымдарына баруға;
4) жергілiктi өкiлдi органдардың шешімi бойынша бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушiлер үшiн қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңiлдiкпен жүруге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, жастар арасынан орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізiнде оқитындар үшін қалааралық темiр жол және автомобиль көлiгiнде (таксиден басқа) қысқы және жазғы каникулдар кезеңiнде жеңiлдiкпен жүруге;
6) құқықтық, психологиялық, педагогикалық мәселелер, сондай-ақ отбасылық және жыныстық тәрбие мәселелерi бойынша консультациялар түрiнде әлеуметтiк қызмет көрсетулерді; мүгедектерді, әскери қызметтен босатылған әскери қызметшiлердi, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, арнаулы білім беру ұйымдарынан және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан оралған адамдарды, нашақорлық, уытқұмарлық, маскүнемдiк дертiнен емделуден өткен адамдарды, адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын адамдарды оңалту жөніндегі қызмет көрсетулердi тұтынуға;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмек алуға;
8) бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк бiлiм гранты бойынша оқитындар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде және тәртiппен ай сайынғы мемлекеттiк стипендия алуға;
9) оқитындардың жоғары оқу орындарында оқу кезеңiнде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кәсiби бiлiм ақысын төлеу үшін және тамаққа, тұруға және оқу әдебиетiн сатып алуға жұмсалатын шығындарды iшiнара өтеуге білім беру грантын алуға әлеуметтiк құқықтары бар;
10) ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша оқуға түскен кезде Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мөлшерде қабылдау квотасы көзделедi.
67) Дін әлеуметтануы. Дін әлеуметтік құбылыс. Дін түсінігі. Дін социологиясы адамдардың дінге негізделген әлеуметтік қатынастарын зерттейді. Сондықтан, дін әлеуметтік феномен ретінде социологтар үшін аса маңызды зерттеу объектісі ретінде қарастырылуда. Дін социологиясы діннің кейбір бағыттары бойынша адамдарды белгілі әлеуметтік әрекеттерге жетелейтін қоғам сегменттерін пайда болуын зерттейді. Мәселен, бір діннің яки сектаның (тариқаттың) мүшелері өздерінің діни наным-сенімі бойынша белгілі бір әлеуметтік іс-амалдарды жүзеге асырып жатса, белгілі бір формада киініп, белгілі қоғамдық қатынастарға түсіп жатса, бұл тікелей дін социологиясының зерттеу саласына кіреді.Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі.Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп,шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді. Осы сенім – оны жаман істерден тежеуші және дұрыстықтан, имандылықтан шықпауына себепші. Иманын жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып келеді. Діни тұрғыдан, дін – бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды болмысты, толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша дін қырық – елу мың жыл бұрынғы палеолит кезеңінде шыққан. Аталмыш кезеңнің мәдениет ескерткіштері жан-жануарлар культі мен аңшылыққа қолданған сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай-ақ діни наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де дәлелдеді. Діннің неғұрлым ертедегі көріністері – сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады. Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау қазіргі діндерден ислам, христиан, иудаизм діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Халықты қамтуы жөнінен діннің тайпалық-халықтық (мысалы, иудаизм) және ұлтаралық немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі. Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларға бөлінеді. Мысалы, ислам дінінің сүнниттік, шииттік ағымдары, христиан дінінің католиктік, православие және протестанттық конфессиялары бар. Дүние жүзі халқының дені, негізінен, әлемдік үш дінді (ислам, христиандық, будда) ұстанады. Сонымен қатар, маркстік атеизм және бүкіл дін атаулыны теріске шығаратын басқа да көзқарастар жүйесі ғылымда кейде шартты түрде теріс таңбалы діндер деп аталынады 68) Діннің адамдардың мінез- құлқына әсері. Ғибадат жасау адамдардың тыныштыққа қол жеткізуі үшін әсерлі жолдардың бірі болып табылады. Ғибадаттардың арасында қажылық пен қажылық қағидаларының орны ерекше. Қажылық қағидалары адамның психикалық және физикалық, сезімі мен ақылының қажеттіліктеріне көңіл бөлген. Бұл қажыны психикалық салауаттылыққа жеткізуде айтарлықтай әсер етеді.Өткен шақтарға қарағанда қазіргі кезде қай заманнан да гөре діннің адамныңтүрліпсихикасына, әсіресе сезіміне қаншалықты әсер ететіндігі мәлім болып отыр. Ойшылдардың көпшілігінің пайымдауынша, дін адам тұрмысының түрлі жағдайларымен қоса, психикалық және физикалық салауатына тікелей әсер етеді. Ғылыми зерттеулерге қарағанда, адамның діндарлық қасиеті қаншалықты күшті болса, бұл адам психикалық аурулардан соншалықты аман болады. Діндар адамдардың бойындағы рухани қабілеттер басқа адамдарға қарағанда күштірек болады. Өйткені олардың діндарлығы мен психикалық салауаты өзара тікелей байланысты. Швейцариялық ойшыл Карл Густав Юнг „Дін психологиясы“ атты кітапта: „Діни наным-сенімдер мен қағидалардың адамның психикалық салауатына айтарлықтай әсер ететіндігіне толық сенемін“,- деп жазды. Жаратушыға тәуекел ету, сабырлық, дұға мен зиярат секілді іс-амалдар мен сенімдер үміт пен жақсы көзқарас арқылы адамның бойында тыныштық сезімнің қалыптасуына септігін тигізеді.
69.И.Канттың дінді ғылыми ойлау тұрғысынан қарастыруы. Иммануил Кант (1724-1804) Қарапайым отбасының түлегі, әкесі теріден ер-тұрман, жүген, шідер жасайтын шаруа болған. Канттың гимназияға, кейін Кенигсберг университетіне түсіп, білім алуына Шульц деген пастор қол ұшын берген. Университетте Кант философия мен қатар жаратылыстану ғылымдарын (математиканы, физиканы, астрономияны, географияны және меднцинаны) тиянақты оқып, меңгереді. Белгілі грузин, кеңес философы М.К. Мамардашвилидің жазғанындай, біз үшін Канттың ілімімен, еңбектерімен бірге оның өзі, оның өмірі - сабақ аларлық. Бір қызық жәйт - Канттың өмірінде, дейді Мамардашвили, назар аударарлық ешқандай оқиғалар болмаған деуге болады. Өмір бойы бір қалада – Кенигсбергте тұрған. Шығыс Пруссия жерінен ешқайда шықпаған. Басқа жерлерден оны көруге, онымен сөйлесуге атақты адамдар оған келіп тұрған (Фихте, Карамзин т.б.), ал өзі ешқайда, ешкімге бармаған. Сөйткен адам, оқымысты кейін университетте өне бойы географиядан сабақ беріп, «Физикалық география» деген үш томдық еңбек жазған. Еш жерде болмаған адам калайша мұхиттар, теңіздер, кұрлықтар, таулар, жан - жануарлар жөнінде, әр түрлі халықтар, елдер, олардың салт-дәстүрлері, әдет - ғұрыптары, мәдениеті жөнінде мамандар күмән келтірмейтіндей мағлұматтар береді?! Ғажап емес пе? Канттың не нәрсені болса да көзімен көргендей, сол жерге, сол елге, өзі арнай барғандай көз алдына келтіре алатын, сол жерді, сол елді, сол нәрсені сонда тұрған адамдардай суреттей алатын ойлау қабілеті болған. Кант ойлау, киял қабілеті жөнінде кеп жазды, терең пікірлер айтты. Тектен тек емес екен. Канттың априорлық (латынша аргіогі-бұрынғыдан) ұғымдар, априорлық түсінік жөніндегі ілімі бар: адам санасында тәжірибеден тыс пайда болатын түсінік.
Кант өмір бойы үйленбеген, бала - шағасы болмаған. Бірақ бала оқыту, тәрбиелеу жөнінде аса құнды пікірлерге толы «Педагогика» деген еңбек жазған.Кант жасынан шалағай, әлсіз, әлжуаз болып, бала кезінде көп ауырған. Тума - туысқандары, көршілері «бұл бала көп тұрмайтын шығар» деген ойда болған. Жоқ, Кант творчестволық табысқа толы ұзақ ғұмыр кешкен; ержеткен соң еш те бір ауырмаған. Бұл күйге ол өзінің табандылығымен, еңбекқорлығымен, езін-өзі шынықтырып, жетілдіруімен, қатаң тәртіппен (режиммен) жеткен. Ұзақ жылдар бойы бір мезгілде жатып, бір мезгілде тұрып, бір мезгілде серуенге шығуды әдетке айналдырған. Қала тұрғындары Канттың аскан ұкыптылығын, дәлдігін ескеріп, ол серуенге шыққанда, айталық, кешкі сағат 5-те, сағаттарын түзей бастайтын болған. Кант жөнінде біз: «ол өзін өзі жасады» деп айта аламыз.Канттың өмірбаянын зерттеушілер оның асқан еңбекқорлығын атап көрсетеді. Күн сайын (Кант демалыс, мереке күндерін білмеген) 10-12 сағат студенттерге дәріс оку және ғылыммен айналысу Кант үшін үйреншікті әдет болған. Демалғанда шаршатқан бір пәнді (ғылымды), мысалы, математиканы қоя тұрып, баска пәнмен (логикамен), философиямен, физикамен т.т. мен айналысады екен.Кант - жан-жақты ғұлама. Ол университетте жыл сайын 5-6 паннен сабақ беріп, әртүрлі ғылым салаларынан күрделі еңбектер жазған. Өзінін ерен еңбекқорлығының, дарындылығының арқасында қарапайым отбасында дүниеге келген Кант әлем таныған философ, ғалым, ұстаз болды, үш академияның толық мүшесі болды.Әдебиетте Кант шығармашылығын екі кезеңге бөліп қарастыру дәстүрге айналды: 1770 жылдарға - сыни кезеңге дейінгі (докритический) және одан кейінгі сыни кезең (критический период). Алғашқы кезеңде Кант өз еңбектерінде жаратылыстанушы – ғалым ретінде танылады және объективтік дүние жөнінде материалистік тұжырымдар жасайды. Оның әйгілі бағдарламалық пікірі мынадай: «маған материяны беріндер, мен одан дүниені калай құру керек екендігін көрсетейін». Бізді қоршаған дүние, Канттың пікірінше, адамға тәуелсіз өз алдына объективтік реалдылық ретінде өмір сүреді. Бұл, - әрине, материалистік түсінік.
Кант өзінің аспан әлемінің механикалық заңдарға сай табиғи жолмен пайда болуы жөніндегі ғылыми тұжырымын «Аспанның жалпы табиғи тарихы және теориясы» (1755)
деген еңбегінде жария қылады. Аспандағы планеталар бір кезде табиғи жолмен заңды түрде пайда болған, бір кезде олар жоқ болуы мүмкін; Күн де мәңгі жанып тұрмайды, түбі сөнеді; табиғат құбылыстарына тарихи тұрғыдан қарау керек деген диалектикалық тұжырым жасайды. 1754 жылы Кант бір еңбегінде «Жер физикалық тұрғыдан картая ма?» - деген мәселе көтереді. Кант жаратылыстану саласындағы еңбектерімен, дейді Энгельс, метафизикалық көзқарасқа түңғыш соқкы берді. Ағылшын философы А.Н. Уайтхед Кант жөнінде: егерде Кант барлық күш-жігерін философияға жұмсамағанда, ол аты әлемге жайылған ұлы физик болар еді - деп жазды. (Қара: Уайтхед А. Избранные работы по философии. М.:Прогресс, 1990, с. 199)
Кант бірақ ғылымда жаратылыстану саласымен шектеліп калмады. Оны қызықтырған тағы бір ғылым саласы философия болды. Философтың өзінің айтқаны бар: «өмір бойы мені екі нәрсе таңдандырумен келеді: төбемдегі жүлдызды аспан мен бойымдағы моральдық заң» (Кант И. Соч. в 6-т. М., «Мысль» 1965 ч. 1. с.499)
1770 жылдан бастап Канттың шығармашылық өмірінің екінші -«сыни» кезеңі басталады. Кант философиясын әдебиетте сыни философия деп атайды. Әңгіме неміс ойшылының өзіне дейінгі болмаса өз заманындағы философтарды, философиялық көзқарасты сынауы жөнінде емес: Кант теориялық және практикалык зердені, таным теориясын, адам санасында орын алып келе жатқан түсініктерді, бәрін де танып білуге болады деген оптимистік көзқарасты талдап, сын елегінен өткізеді. Осы екінші кезеңде Кант өзінің философиялық жүйесін құраған атақты сыни кітаптарын жазады: «Таза зердеге сын» (1781), «Практикалық зердеге сын» (1788) және «Пікір кабілеттеріне сын» (1790).Кант ғылымда ғана емес, философия саласында да іргелі жаңалықтар ашты, өзі айтқандай, «коперниктік төңкеріс» жасады. Бұлай деп мәлімдеуге оның толық құқы болды.
Канттың философиядағы таным мәселесі
Кант таным мәселелерін жаңаша қойды және жаңаша шешті. Ең алдымен ол таным процесінін аумағын, шекарасын анықтады: бұл-субъект пен объектің ара - қатынасы, өзара әрекеті. Субъект және объект жөнінде Кантқа дейінгі таным теориясында әңгіме болмады: таным процесінде қайдағы бір абстракты адам кайдағы бір абстракты дүниені қалай болса солай тануға тырысады. Кантқа дейін тіпті философияда субъект жоғалып кетті. Субъекті философияға енгізген Кант және оның ізбасары И.Г. Фихте болды. Адам мен сыртқы дүниенің қарым-қатынасында бұрынғы түсінік бойынша, белсенді рөлді сыртқы дүниедегі құбылыстар атқарады деп есептелді. Адам санасы, адам («субъект») сыртқы дүниенің әсерін қабылдаушы ғана. Сыртқы дүниенің (Кант ілімінде «объектің») әсерімен адам ол жөнінде мағлұматтар ала алады. Объектпен қарым-қатынас жасап, объект субъектіге әсер еткенше адам санасында ешқандай мәлімет жоқ («таза тақта»). Кант осы түсінікті қатал сынады. Оның ойынша. объект субъектіге тәуелді: объекті анықтайтын, объект ретінде қарастыратын субъект. Субъект болмаса объект жоқ.
Таным процесі,- деп атап көрсетеді неміс философы, жай пайымдау, бейнелеу емес, белсенді әрекет. Сананың, ойлаудың, танымның, субъектің белсенділігі, жасампаздығы жөніндегі идея, сөйтіп, Канттаң бастау алады. Адам кез келген объектіні тани бермейді, өзіне қажет, өзін қызықтырған объектіні ғана таниды. Кант философияда алғаш рет практика жөнінде мәселе қойып, практиканы адамның іс - әрекетімен байланыстырып, танымның негізі практика болып табылатынын болжап білді.
Таным процесін жай бейнелеу деп тану жеткіліксіз екендігін ескерткенде Кант мына жәйтты естерімізге салып отыр: таным процесінде субъект объектіні сырттан жай бақылап қоймайды, оның ішкі құрылымын, байланыстарын ашады, объектіні өзгертеді.
Кант «таным субъекті» және «таным объекті» деген ұғымдарды жаңаша қарастырды. Таным субъекті - өзімен өзі өмір сүретін, дара адам, аралдағы Робинзон емес; Ол - басқа адамдармен әр алуан қарым-қатынаста болатын, әлеуметтік ортада тәрбиеленіп жетілген қоғам өкілі; таным субъекті — бүкіл қоғам. Субъект бүкіл адамзат игілігіне — мәдениетіне, ғылымына, біліміне, техникасына арқа сүйеді.
Таным процесінде, ғылымда, философияда қоғам алға тартқан мәселелер қойылып, шешімін табады. Таным объектін де Кант жаңаша түсінеді: бұл - бүкіл объективтік реалдылық емес, онымен субъект қарым-қатынас жасай алмайды. Объективтік дүние - шексіз. Таным объекті сол шексіз дүниенің бір жағы, бөлшегі (фрагменті) ғана. Сондықтан философиядағы дәстүрлі мәселе: «дүние таныла ма?» деген мәселе - абстракты қойылған мәселе. Ол жөніндегі әдеттегі түсінікте: «дүние танылады» деген тұжырым - абстракты. Дәұрысында - «дүние таныла ма?» - деген сұраққа: - «Жок, танылмайды» - деп жауап беру орынды. Әрине, Кант-ғалым дүниенің танылатынына күмән келтірмейді, бірақ дүние шексіз болғандықтан, ол ешкашан да бұратала танылмайды. Канттың кезінде де, одан кейінде де Кантты «агностик» деп айыптау Канттын ұстанымын түсінбеуден туған. Кант таным процесіне нақты, тарихи тұрғыдан карауды талап етеді. Формальды тұрғыдан «дүние танылмайды» деген пікір агностицизмді білдіреді. Бірақ Канттың пікірі таным процесінін күрделілігін, дүниенің шексіздігін, ал субъект пен объектің тарихи, нақты кұбылыстар екендігін түсінуден туған.
Кант объективтік реалдылық ретіндегі шексіз дүние мен белгілі бір кезеңде таным объектіне айналған нақты дүниені (құбылыстарды) ажыратады. Алғашқысын «өзіндік зат» деп атайды; ол жөнінде біздің санамызда нақты түсінік жоқ, біз онымен қарым-қатынасқа енген жоқпыз. Сондықтан ол дүние танылмайды. Ал объект - бұл «біздік зат», бізді қызықтырған, біз танығымыз келетін дүние. Объект, сөз жоқ, ерте ме, кеш пе танылады. «Өзіндік зат» та, дейді Ленин, бүгін танылмағанмен кейін бара-бара танылады, «біздік затқа» айналады. Болашақта қойылатын осындай сұрақтарға жауап ретінде Кант мынаны ескертеді: таным объектері үнемі өзгеріп, күрделеніп отырады, жаңа объектер пайда болады, бірақ қай кезде де әлі таным объектіне айналмаған, сондықтан танылмаған «өзіндік заттар» болады. 70) Құқық әлеуметтануы. Әлеуметтік бақылаудың негізгі элементтері. Нормалар. Санкциялар.
Құқық әлеуметтануы — құқықтың пайда болуының әлеуметтік себептерін; қалыптасу процесін; қоғамдық катынастар жүйесіндегі себеп-салдарлық байланыстардағы арнайы әлеуметтік институт есебіндегі орнын; оның қоғамдық басқа институттар мен жеке адамға тигізетін әсерін; құқықтық мемлекет орнатудағы көкейтесті мәселелерді шешудің шараларын зерттеп, негіздейтін жалпы әлеуметтану ғылымының арнайы саласы. Құқық әлеуметтануы мәселелерін зерттегенде ерекше көңіл бөлетін мәселелер: құқықтық қатынастар мен оған жатпайтын әлеуметтік қатынастардың ара байланыстары мен олардың бір-біріне өту процестерін зерттеу; адамдар арасындағы, адамдар мен мемлекеттік орыңдар арасындағы қатынастардағы теңдіктің сақталу мәселелерін анықтау; қоғамдық тәртіп мен құқықтық мінез-құлықты әлеуметтік мүмкіндіктерді орынды пайдалану жолдарын табу, соның ішінде әлеуметтік өзін-өзі басқару мен бақылаудың соңғы резервтерін ашу;соңғыларды күңделікті өмірдің беделді күшіне айналдыру; жалпы кұқықтық мемлекет орнату арқылы елімізді өркениетті өмір салты бар азаматтық қоғамға айналдырудың шараларын жүзеге асыру. Құқық әлеуметтануы теориялық негіздері әлеуметтік философиядан, кұқық философиясынан және жалпы әлеуметтану теориясынан бастау алады, ал оның нақтылы мәселелері мемлекет пен құқықтың жалпы теориясына, юриспруденцияның арнайы ғылыми салаларына терең байланысты түрде зерттеліп, жүзеге асады. Құқық әлеуметтануы өз ретінде қылмыстык әлеуметтану, заң әлеуметтануы, әлеуметтік қатынастар әлеуметтануы сияқты салалар мен сабақтас бағыттарға бөлінеді. Олар құқықтың жасалу, қабылдану, жүзеге асу кезендеріндегі әлеуметтік, танымдық, әлеуметтік-психологиялық, тағы басқа факторларды біртұтас байланыста қарастырып, олардың ішкі механизмдерін ашады; қабылданған жаңа құқықтық ғұрыптардың қоғамдық қатынастардағы атқаратын міңдеттерін, әсіресе олардың әлеуметтік ортаға, әлеуметтік қатынастарға жаңаша тигізетін әсерлерін анықтайды, сол процесте кеткен кемшіліктер мен қажетті шараларды ұсынадыӘлеуметтік бақылаудың негізгі элементтері-Әлеуметтік бақылаудың негізгі элементі стратегиялық назарды бұру болып табылады. Мақсаты – саяси және экономикалық элита шешетін, «тасқын» немесе «басу» технологиясы арқылы тоқсаусыз назар бұру және болмашы ақпарат көмегімен жұртшылықтың назарын маңызды сұрақтардан аудару. Стратегиялық назарды аудару азаматтарға ғылым, экономика, психология, нейробиология, кибернетика салысынан маңызды білімді алу мүмкіндігін болдырмау үшін маңызды болып табылады.
71.Нормалар қызметі. Әдеттер, әдептер, салт-дәстүрлер, нравы, заңдар, құндылықтар.
Әдептілік қағидалары — мінез-құлык нормасы болып табылады. Ал, мінез-құлық - адам бойына сүтпен кіріп, сүйекпен шығатын қасиет. Олай болса, адамды әдептілікке жастайынан баулу керек.Адам коғамы пайда болғаннан бастап оның мүшелері мінез-құлық, мүдде, тілек т.б. жағынан бір-бірімен санасуға тура келді. Үлы Ғабит Мүсірепов жазып кеткендей: "Мал баласын бауырында өсіреді, ағаш жапырағын ығына қарай төгеді, адам баласы болса, қоғамның шылауында өседі" емес пе?! Бұл қажеттілік әрі карай адамдардың қоғамдық парыз-міндеттерін орындаумен ұштасады. Адамдар арасындағы осынау күрделі өзара қарым-қатынастарды адамгершілік-имандылық тұрғысынан реттеудің шартты қағидалары болып әдеп-инабат нормалары қалыптастыӘдет — адамның қандай да бір қасиетті өзіне үйреншікті етіп алуы. Бүл егер жаман қасиет болса, онда оньң жазылуы қиын дертке шалдыққаны. Сондықтан бір нәрсені әдетке айналдырған кезде оның жақсы-жаман екеніне нақты көз жеткізген дүрыс.Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез-кұлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатадыСалт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптар мен ережелерді халық] бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтемеген, сақтамаған адамдарды сол заң негізінде жазалап та отырғанӘдетте құндылық деген сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Құнды заттар, құнды ақпарат, басқа адамның құнды қасиеттері. Әр нәрсенің өз құндылығын білгенмен, біз өз құндылықтарымызға назар аудара бермейміз - жан-дүниеміздің құндылықтарына.
Ойланып көріңізші, сіздің қандай құндылықтарыңыз бар? Сіз өзіңізді ақылды, инабатты, тәрбиелі, парасатты, адамгершілігі, түсінігі мол және т.б. керемет қасиеттерге ие адаммын деп ойлауыңыз мүмкін. Бұның бәрі құнды қасиеттерге жатады.
Сіз ата-анаңызды, туыстарыңызды, достарыңызды, туған жеріңізді, еліңізді, ұлтыңызды шексіз сүюіңіз мүмкін. Бұл да адамның ерекше жақсы көретін құндылықтары.
Сіздің үйіңіз, материалды жағдайыңыз, жұмысыңыз, айналысатын ісіңіз, хоббиіңіз, шығармашылығыңыз да құндылықтар қатарында.
Болмысыңыз бен пішініңіз, сұлулығыңыз, сымбаттылығыңыз - құндылықтың бір түрі.
