- •1.Әлеуметтанудың ғылым және оқу пәні ретінде пайда болу және даму тарихы.
- •2.Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңдері
- •12) Тұлғаның әлеуметтануы.
- •13) Адам, индивид, тұлға түсінігі және олардың қатынасы.
- •14) Тұлғаны әлеуметтендеру түсінігі және оның сатылары.
- •15) Девиантты мінез-құлық және оның себептері
- •16)Тұ лға әлеуметтік категория ретінде.?????
- •17) Тұлғаның әлеуметтік статусы
- •18) Тұлғаны әлеуметтендерудің жастық сатылары
- •19) Әлеуметтік,,адаптация,мен,интериоризация?
- •22. Девиантты мінез-құлықтың позитивті және негативті сфералары
- •24.Әлеуметтік стратификация.
- •32.Билік және әлеуметтік құрылым.
- •43.Қоғамның әлеуметтік зерттеуінің топтық және стратификациялық жолы.
- •44.Қоғамның әлеуметтік құрылымы, әлеуметтік қауымдастықтардың басқа түрлері.
- •46.Этноұлттық қоғамдардың тарихи типтері. Туыс, тайпа, ұлт.
- •47.Урбанизацияның қазіргі үрдісі.
- •49. Қоғамдағы ұлттық және этникалық қауымдастықтар.
- •50. Ұлттық сұрақ және оның құрылымы.
- •51. Жанұя әлеуметтануы. Жанұяның даму кезеңдері.
- •53. Шектеулі проискуитет, топтық неке, жұптық неке.
- •54. Моногамды жанұяның пайда болуы.
- •56. Жанұя қоғамның әлеуметтік ұяшығы ретінде және қазіргі жанұяның негізгі қызметтері.
- •58. Әлемдік ғылымның қазіргі жағдайы.
- •61. Қазақстандағы жекеменшік жоо-ның пайда болу алғышарттары.
- •62. Білім беру сапасын реттеудегі мемлекеттің рөлі.
- •65. Мемлекеттің жастар саясаты.
- •66. Тмд елдеріндегі жастарды әлеуметтік және құқықтық қорғау
- •72 Әлеуметтік санкциялар. Бақылау әдістері.
- •80. Әлеуметтік зерттеулердің әдісі және техникасы.
- •82. Әлеуметтік зерттеуді жасау кезеңдері және процедуралары
- •83. Әлеуметтік зерттеулердің мақсаттары мен міндеттерін анықтау.
- •84. Азаматтық қоғам. Зерттеу мәселесін қалыптастыру.
- •85. Түсініктерді операционализациялау. Әлеуметтік зерттеулердің таңдауларын анықтау.
- •87. Әлеуметтік ақпаратты жинау әдістері.
- •89. Социометрия әдісі, құжаттарды талдау әдісі, бақылау әдісі, сұрау әдісі және оның негізгі түрлері.
- •90. Әлеуметтанудағы контент-анализ.
- •92. Экспериментті ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптар.
- •93.Әлеуметтік ақпараттарды талдау және талдау нәтижелерін басқару тәжірибесінде қолдану.
- •94. Әлеуметтік зерттеу қорытындыларын қолмен және машинамен өңдеу.
- •95. Көп көлемдегі ақпаратты өңдеудегі эвм-нің рөлі
- •96. Әлеуметтанудағы қарапайым бөлу түсінігі.
- •98. Зерттеу барысында алынған нәтижелерді басты жиынтықтар үшін, таңдаулы
- •99. Әлеуметтік есептерді құруға қойылатын әдістемелік талаптар.
- •100.Азаматтық қоғам түсінігі.
61. Қазақстандағы жекеменшік жоо-ның пайда болу алғышарттары.
Жоо-дағы тәрбие ісінің тұжырымдамасында тәрбиелеу білім берудегі бірінші дәрежелі басымдық ретінде айқындалады, ал азаматтық жауаптылықты, құқықтық сана-сезімді, руханилық пен
мәдениетті, бастамашылықты, дербестікті, тағаттылықты, қоғамдағы табысты түрде әлеуметтендіруге қабілеттілікті қалыптастыру маңызды міндеттер ретінде қаралады,Жоо шеңберінде тәрбиелеу жұмысының негізгі міндеті – тіршілік етудің негізгі: танымдық,
кәсіптік, отбасылық, рухани-мәдени, қоғамдық-саяси салаларда өзін-өзі жетілдіруге қабілетті, біліктілігі жоғары маманды даярлау;
ЖОО-ның тәрбие кеңістігінде студенттерді тікелей ынталандыру кезінде басқарушылық ықпалмен тәрбие жұмысының барынша жоғары нәтижесіне қол жеткізілетін осындай жүйені құру және қолдау.осыған байланысты білім алушылардың тұлғалық-кәсіптік қалыптасу проблемасы өзекті болып табылады. Бұл тұрғыда жүйелілік, практикалық-бағдарлық, ғылыми негізділік, болжамдық тәсіл қағидаттары негізінде әзірленетін тәрбиенің мазмұны мен ұйымдық нысандарын жаңарту аса мәнге ие боладыТәрбие процесін жүйелі көре білу және осы жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін қажетті факторлардың тұтастай кешенін бөліп көрсету Жоо-ның тәрбие ісін бағалаудағы қазіргі заманғы тәсілдердің ерекшелігі болып табылады.
Студентке жаһандану жағдайларында дүниетанымдық қауіпсіздік негіздерін қалыптастыру арқылы салауатты өмірлік бағдарды таңдауға белсенді көмек көрсету және оның мәні өзекті қажеттіліктер адамды белгілі бір іс-әрекетке жетелейтінін мойындаудан тұратын мінез-құлық тәсілі жоғары оқу орнындағы тәрбиенің негізін қалайды.Жоо-дағы тәрбие жұмысының негізгі қағидаттарының бірі студенттің өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруға және жастарды әлеуметтендіруге мүмкіндік беретін «құрдас-құрдасқа» немесе
«тең адам тең адамға» деген қағидат болып табылады. Студенттің жеке басының мүдделері мен қажеттіліктерін бақылау Жоо ның тәрбие процесінің негізін құрайды.Студенттің өзін-өзі басқару нысандарын дамыту Жоо-дағы тәрбие жұмысының жүйесін құрудың ба
сым міндеттерінің бірі болып табылады. Студенттің өзін-өзі басқару нысандарын дамыту Қазақстанның Болон процесіне қосылуымен байланысты өзекті сипат алады, ал студенттік өзін-өзі ұйымдастырудың осы түрінің болуы оның негізгі талаптарының бірі болып табылады.Қазақстандық қоғамға, жұмыс берушілерге бүгінгі таңда белсенді өмірлік ұстанымы, көшбасшылық қасиетті бар, икемді танымға ие, халықаралық ынтымақтастыққа дайын құзыретті, иманды, іскер жас адамдар қажет. осыған байланысты
62. Білім беру сапасын реттеудегі мемлекеттің рөлі.
Білім беру сапасы экономикалық, әлеуметтік, институционалды және басқа да құрамдас бөліктерді біріктіретін жүйелі мәселе. Бұл құрамдастар оқу процесін жетілдіру, материалды техникалық қамтамасыз ету құрылымын өзгерту, білім берудің
қаржылық әлеуетін жетілдіру, әлемдік білім беру кеңістігіне бірігудің жоғарғы деңгейіне жету
ді қажет етеді. Ал жоғарғыбілімнің сапасын төмендететін факторлардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: нормативті құқықтық базаның білім беру жүйесінің талаптарына сай келмеуі; жоғарғы оқу орындарында инновациялық әлеуеттің төмендігі; білім беру мекемелері құрылымының ескіруі; жоғарғы оқу орындарын қажетті дәрежеде қаржыландырмау; білім беру қызметтері экспортының ерекше төмен деңгейі; кадрларды дайындау құрылымы мен еңбек нарығының нақты талаптарының арасындағы үлкен алшақтықтың орын алуы.Білім берунарығының дамуы мемлекет
үшін стратегиялық тұрғыдан аса маңызды, сондықтан ол белгілі дәрежеде мемлекеттік реттеу, бақылау жәнебасқару объектісі болуы тиіс. Алайда, университеттік автономияны жүзеге асырумен білім беру қызметтерінің сапасы үшін жауапкершілікті арттыру жағдайында осы реттеудің шеңбері мен тереңдігін қайта қарастыру қажет.
Бүгінде білім беруді мемлекеттік реттеуге емес мемлекеттік басқаруға көбірек назар аудару қажет, сондықтан, жоғарғы білім беру саласында білім берудің жаңамемлекеттік саясатын дайындап, оны жүзеге асыру тиіс.Білім беру саясатының атқарым қызметін жоғарғы оқу орнының ағымдағы қызметін ұсақ реттеумен алмастыру, бір жағынан, білім беру мен ғылым саласындағы мемлекеттік саясат пәрмендігінің бостығына алып келеді, ал екіншіден, университеттерді бастама мен жаңашыл қызмет етуге деген ұмтылысынан айырады.Білім беру бағынышсатысының екінші деңгейіне жоғарғы білім берудің стандарттарын, аккредитация бағыттарын дайындау, қоғамның шынайы баға алуына мүмкіндік беретін білім беру және ғылыми қызметтің сапасын бағалаудың көрсеткіштері мен әдістерін дайындау секілді мәселелер қойылады.
63. Білім берудегі индивидтердің экономикалық қызығушылықтары.
Білім беру аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Қазіргі кездегі республикада қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың ұйымдастырушылық, экономикалық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасының саясаты – өткен жылдарда жинақталған алдыңғы қатарлы, оң тәжірибелерді сақтай отырып білім беру жүйесінің жаңа әлемдік стандарттар деңгейіндегі моделін жасау.
Білім беру ісіндегі жаңа процестің мән-мағынасын, сипатын, бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар:
– ҚР-ның тәуелсіз егеменді мемлекет болып қалыптасуы;
– экономиканың нарықтық моделін ұстанып, меншіктің түрлі пішімдерін дамыту;
– ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кіруі болып отыр.
Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі.
Қазіргі замандағы білім берудің мақсаты – әлеуметтік-құндылық іс-әрекеттерге кірісуі үшін қажетті тұлғаның өзіне, қоғамға қажетті қасиеттерін қалыптастыруЖаңа нарықтық қатынастардың өмірге келуіне байланысы оқушылардың танымдық әрекеттерін әлеуметтік маңызы бар өзекті мәселелерідің қатарына жатқызамыз. Себебі, қазіргі кезде қоғамда болып жатқан түбегейлі өзгерістер, жаңа әлеуметтік – экономикалық қатынастардың қалыптасуы біздің қоғамның әрбір мүшесі үшін маңызы зор құбылыс болып табылады.
64. Жастар түсінігі. Жастардың жастық стратификациясы.
Жастар – бұл объективті қоғамдық құбылыс, және ол әдетте жас категориясы ретінде ғана ауқымды орын алады. Жастар – қоғамның бөлшегі, жастар – қоғамның бөлшегі. Ресей философы И.М. Ильинский жастар табиғатының таным кілті тұтас пен бөлшектің диалектикасында деп санайды. «Жастар өмір сүріп отырған қоғамды түсінбейінше, жастардың өзін және оларға тән мәселелерді түсіну қиын. Осы қоғамның жастарын түсінбей, оның барлық, соның ішінде, жалпы қайшылықтары мен мәселелерін білмей қоғамның одан арғы болашағын болжап айту мүмкін емес. Қоғамдағы мәселелер бастауын жастардан алады, осы тұрғыда ол жастар мәселесі болып қаралады. Бұл дегеніміз жастарды қоғамнан тыс зерттеу абстрактылы, толық емес және мәнсіз болып табылады» дейді орыс философы Шындығында, жастар өзі өмір сүріп отырған жағдайдың әлеуметтік шындығы көрініс алатын айна болып табылады. Егер де жастар ортасында теріс әрекеттер көрініс алса, қиыншылықтар туындаса, ол ең алдымен әлеуметтік ортаның «күнәсі». Қоғам қалай тәрбие берсе, жастарымыз солай өседі. Жастарды жастық, рухани және әлеуметтік даму кезеңінің құндылығы ретінде жаңаша түсіну қажет. Жастық – ғасырлар бойы есептеліп келгендей, жастық дамудың қызметтік-дайындық фазасы емес, ол қазіргі таңда болып жатқан өзгерістердің қайнар көзі
